Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 08 Мамыр 2018

БІРЫҢҒАЙ ОҚУ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.05.2018 09:34

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне «Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында бірыңғай оқу сағатын өткізді.

- Бүгінгі таңда жүйелі реформалардың нәтижесінде меритократия, тиімділік пен қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінінің бірегей моделі құрылды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде кадрларды тағайындау, даярлау және ілгерілету жүйесі жетілдірілді. Персоналды басқарудың қазіргі заманғы құралдары енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы арттырылды,- деді Б.Байхожаев

Сондай-ақ ол студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіріп, тараптардан қойылған сауалдарға жауап берді.

Департаменттің баспасөз қызметі

 


ҰЛЫ ЖЕҢІС – МӘҢГІЛІК ХАЛЫҚ ЕСІНДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.05.2018 09:29

Кеше Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Ақай ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмырза Жармановты, Жосалы кентінің тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Бисенбаевты және Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисеновтің шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың және өзінің құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыс етті. Жеңіс күні халқымыздың қажымас қайратының, ерлігі мен еңбегінің арқасында келді. Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті төнген шақта майдангерлеріміз ел үшін кеуделерін оққа тосып, қан шайқасқа аттанды. Майдандағы батылдық пен тылдағы табанды еңбектің нәтижесінде жеңісті жаудың қолынан жұлып алып, бейбіт өмірге бет бұрдық. Отан үшін жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетіп, оқ пен оттың арасына түскен ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге. Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктеп бейбіт өмір сүру – осынау мерекенің жемісі. Майдангерлеріміз бен тыл ардагерлеріміздің сіңірген еңбектерін біз әрдайым жоғары бағалаймыз.

Айбол Қозыбақов,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


ҚАЛА ӘКІМІ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.05.2018 16:06

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында майдангер және тыл ардагерлерін салтанатты түрде құттықтады.

100-ден астам Жеңіс авторлары қатысқан салтанатты шара барысында ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарламалар ұсынылып, мерекелік дастарқан жайылды

Жыл санап қатары сиреген батыр әкелеріміздің саны осыдан 3 жыл бұрын Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесінде 41 ардагер болса, бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 17 ардагері ғана ортамызда жүр. Мұнан бөлек, қаламызда 1 мың 800-ге жуық тыл ардагері бар. Олардың ішінде 35-і – тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар.

«Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен жеңiс сағатын жанқиярлық iстерiмен жақындата түскен тылдағы еңбектері ешқашан да ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті, бағасы артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдеп, даралана түседі. Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жеңімпаз жандарға әрдайым қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз», - деді қала әкімі.

Мерекелік қабылдауға қатысқан барлық ардагерлерге қала әкімі арнайы естелік сыйлықтар табыстады.

Жалпы, биылғы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдауға жергілікті және облыстық бюджеттерден бір жолғы көмек ретінде барлығы 152 млн 620 мың теңге бөлінген.

Оның ішінде, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 192 мың 400 теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға – 120 мың 250 теңгеден және Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен адамдарға 72 мың 150 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан ардагерлерге арналған түрлі қайырымдылық шаралар мен басқа да қажетті қолдаулар жасалуда.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 


Беделі биіктей түсті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.05.2018 14:43

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ марапат биігінен көрінді. ҚЕҚОҚ департаменті жыл сайын республиканың жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша республикалық «Сенім» конкурсын ұйымдастырып келеді. Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі: «Еңбекті қорғау үздіктері» (І, ІІ, ІІІ орын), «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер» (І, ІІ, ІІІ орын), «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік қоғамдық инспектор» (І, ІІ, ІІІ орын). Бұл – кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі бойынша жұмысын көрсетуге таптырмас мүмкіндік. Конкурс кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік аурулардың алдын алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ, қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырған. Еселі еңбектің нәтижесінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі» номинациясында жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады. Мұндай керемет жаңалық туралы сүйіншілеген кәсіпорынның қауіпсіздік және еңбекті қорғау тобының жетекшісі Ербол Бекжанов: «Сенім» конкурсына қатысу «ПҚҚР» АҚ үшін – бұл іскерлік мәртебені растау, қызметкерлер мен тұтынушыларға құзыреттілік пен әлеуметтік жуапкершілікті көрсету» дейді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ әуел бастан конкурсқа белсенді қатысқан болатын. Айталық, былтырдың өзінде «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік қоғамдық инспектор» номинациясында екінші орынды еншілеген. Жеңімпаз – Ысқақ Бейбіт. Ол қабат қысымын сақтау жөніндегі 4-разрядты оператор. 2010 жылдан бастап техникалық еңбек инспекторы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Осылайша 28 сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқаудан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ биыл да олжалы оралды. Жеңімпаз тұғырынан көрінген кәсіпорын ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

Ж.Қойшыбекова

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары