Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Қорқыт атаға қатысты әртүрлі деректерде­гі көптеген шығармалар мен ғылыми еңбектердің жарық көргенін білеміз. Арасында мәліметтері бойынша қарама-қайшылықты, өзара үйлеспейтіндері де аз емес. Ғылым үшін олардың­  дұрысы мақұлданып, бұрыстары терістеліп, тек ақиқат шындықтың айқындалғаны ләзім. Әсіресе, абыз атаның­ ғұмыр кешкен дәуірі, өскен ортас­ы жайлы тұшымды пікір, дәлелді тұжырым жоқ. Сон...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 09 Мамыр 2018

СЫРДАРИЯДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 73 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.05.2018 14:13

Бүгін Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі серпінді Сырдария ауданында кең көлемде тойланды.

Мерекелік іс-шара соғыс және еңбек ардагерлерінің, тұрғындардың қатысуымен өткен "Жасампаз жасақ" шеруімен басталды. Шеруге қатысушылар екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына қатысушы ата-әкелерінің суреттері ілінген тақтайшаларды қолдарына ұстап, кенттің А.Иманов, Д.Қонаев көшелерімен "Тағзым" алаңына дейін жүріп өтті.

"Тағзым" алаңында "Мәңгілік алауға" гүл шоқтары қойылып, соғыста шейіт болып кеткен майдангерлердің рухтарына Құран бағышталды.

Сонымен бірге, соғыс және еңбек ардагерлері орталық алаң аумағындағы арнайы шатырда дайындалған дәмнен соғыс уақытында қолданылған ыдыс-аяқтарды пайдалану арқылы ауыз тиді.

Мерекелік шара орталық алаңда жалғасып, аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жиналғандарды Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады және соғыс және еңбек ардагерлеріне Құттықтау хат, мерекелік сыйлық табыс етті.

Мерекелік іс-шара барысында әскери парад ұйымдастырылды, аудан өнерпаздары әуелете ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекеге орай "Темірқазық" мейрамханасында аудан әкімінің соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік қабылдауы ұйымдастырылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


Ерлік ел жадында мәңгі сақталады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.05.2018 13:55

Бүгінде қан майданда ұрпақ болашағы үшін жанын аямай, ерен ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің арқасында Жеңіс күнін тойлап жатқанымызға 73 жыл. Сондықтан ел басына күн туған сәтте жанқиярлықпен соғысқан жаужүрек қаһармандарымыздың ерліктері ұрпақ жадында сақталуы тиіс. Ал майдан даласында қаза тауып, елге оралмаған боздақтарымызды ел мәңгі есінде сақтауы тиіс. Осыны мақсат тұтқан «Жасампаз жасақ» Жеңіс күні сұм соғыс кезінде ерлікпен қаза болып, хабар-ошарсыз кеткен батыр бабаларының суреттерін алып жүріп, ерлігіне бас иді. Орталық алаңнан бастау алып, Тағзым алаңына дейін жалғасқан жасақ осымен 6 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Ал Тағзым алаңына жиналған жұртшылықты облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтап, ҰОС, тыл ардагерлерінің ерліктеріне арнап ізгі лебізін білдірді.

Сіздер ел басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен сұрапыл жылдарда қарсы келген жауға қасқая қарсы тұра білдіңіздер. Майдан даласында қасық қаны қалғанша шайқасқан қаншама боздақ қалды. Тылда белі бүгіле қарттар мен әйел, аналар, тіпті белі қатаймаған жасөспірімдер, бәрі де жеңіс үшін деп қажырлы еңбек етті. Сыр елінің 21 азаматы жанқияр ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының батыры атанды. 20 мыңнан астам қызылордалық жауынгер орден, медальдармен наградталды. Ата-ананы баласынан, баланы әкесінен, әйелді сүйікті жарынан айырған сұрқия соғыстың үні басылып, қауіп-қатерсіз өмір сүріп жатқанымызға биыл 73 жыл! Ел президентінің жолдауында көрсетілгендей, ардагерлерге қамқорлық жасау – біздің қызметіміздің басты бағыты. Сіздер жасаған қасиетті ерлікті ел жадында мәңгі сақтаудың айшықты нышанына айналған Жеңіс мерекесі құтты болсын, құрметті ардагерлер! Арамызда аман-есен жүріңіздер! Еліміз, Елбасымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Жеңіс күні жасасын!- деді.

Шара соңынан ҰОС, тыл ардагерлері мен алаңға жиналған барша жұрт Тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

 


Қазалыдағы тартысты өткен турнир PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.05.2018 12:17

2008 жыл. Астана қаласының тұрғыны, қазыналы Қазалының перзенті Бауыржан Ахантай саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Достар» қорын құрған болатын. Игілікті істі өзге өңірлерде тұратын басқа да жерлестер қызу құптады. Осылайша Қазалы түлектерінен арнайы спорт командасы жасақталып, бәсі биік бәсекелерде бақтарын сынаған. Сонан бері қас қағымда 10 жыл өтті. Осы аралықта Қазалы түлектері Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Қызылордада спартакиада ұйымдастырып, көрермендер ілтипатына бөленді. Атағы көпке мәлім «Қайрат» футбол командасымен, Ресей, Қырғыз елінің аяқдопшылармен жолдастық кездесу өткізді. Спорт бәсекесіне арнайы шақырылған қазалылық спорт ардагерлері үнемі белсенділіктерімен ерекшеленіп жүрді. Қазалыдан жасақталған ардагер спортшылар командасының көшбастары ретінде танымал азамат Толыбай Жүсіповтің есімін атап кеткен жөн.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын». Мәнісі зор спорт шараларына бастамашы болып жүрген ел азаматтарының қатарында кезінде аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарған саңлақ спортшы, бүгінде беделді де лауазымды қызмет атқарып жүрген тұлғалардың бары көңілге қуаныш ұялатады. Бір қызығы, осы азаматардың балалары да Астана, Алматы, Қызылорда мен Қазалыда командалар жасақтап, игі жолды жалғастырып келеді.

Мереке қарсаңында Қазалы ауданының ардагерлері кіші футболдан жарыс өткізді. Бұған дейін Астана, Қостанай, Алматы, Қызылордада өткен жарыс ағымдағы жылы  туған жерде жалғасын тапты.

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев саламатты өмір салтын қалыптастырып, үнемі спортты жанына серік еткен азаматтардың бұл үрдісі келешек ұрпаққа үлгі-өнеге екендігіне тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Мұнан соң танымал балуан, грек-рим күресінен ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Астана қаласынан келген Жаңабек Бейбітов аудан басшыларына ризашылығын білдіріп, аудан әкмі Мұрат Ергешбаев пен ардагер спортшы Толыбай Жүсіповке естелік сыйлық, №216, 234, 70 мектеп, №266 мектеп-лицей оқушыларына футбол формаларын тапсырды.

Аса тартысты өткен жарыста «Астана» командасы жеңімпаз атанды. Ал қалған орындарды «Қазалы-1», «Қазалы-2», «Замандастар» командасы еншіледі. Айта кетерлігі, осы жолғы жолдастық кездесуге Астана, Алматы, Тараз, Ақтау, Қызылорда қаласы мен Мәскеуден де ойыншылар келіп қатысты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары