Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Жұма, 11 Мамыр 2018

Рухани қазынамызды жерге көмбеуіміз керек PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.05.2018 17:10

Ел президенті өткізген әр жиында жаңа тапсырмалар мен тың жобаларды ортаға салып, олардың жүзеге асырылуына бағыт көрсетіп береді. Қай мәселенің болмасын «қоршауынан» асып түсіп, оның ішкі қырлары мен сыртқы факторларына дейін «жіліктеп» беретінін жақсы білеміз. Дәл осындай отырыс өткен жылдың күзінде нұротандықтардың қатысуымен өткен. Партия қызметін жаңғырту жұмыстары бағытында бірқатар нақты стратегиялық жобаларды іске асыру тетіктері қарастырылды. Олардың қатарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Жалпы, халық тарапынан келіп түскен ұсыныстардың нәтижесінде 20-дан астам партиялық жоба дайындалды. Оның ішінде жұмысы қайта жанданған «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» атты екі бұрынғы жоба бар. Ал осы аптада тұсауы кесілген «Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа өлкетану жобасы ұлттық тарихымызды көпшілікке танытып, төл мәдениетіміз бен әлемнің барлық құрлықтарына жол салуға ықпалын тигізуі керек. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқы таразысына түсті.

- «Нұр Отан» партиясы мен «Рухани жаңғыру» орталығының бірлесуімен жүзеге асырылғалы жатқан «Тарлан тарих тағылымы» жобасы тарихи құндылықтардың шежіресін тарқатып, оның ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне қолайлы жағдай жасау, ұлтымыздың тарихи мұраларын дәріптеуге бағытталған іс-шараларға көненің көзін көрген, дала академиясының мақсатты аудиторияларда дәрістерін ұйымдастыру, аймақтардағы «Рухани жаңғыру» аясында ашылған орталықтармен бірлесе жұмыстар атқарып, жастардың санасында ұлттық рухты қалыптастыру міндеттерін алдына қоюда. Басты мақсат – көп жасаған, естігені одан да мол қазыналы қарияларымыздың басы жерге тимей тұрғанда естіген, білген шежірелерін ұрпаққа аманаттау үшін тарихқа түсіріп алу. Біз соны келер ұрпақтың жадына сіңіріп, ұлттық рухты насихаттап, өткен-кеткенімізді саралауымыз керек, - деді «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес.

Жобаның мақсатты екінші бөлігінде тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерді, қасиетті орындарды дәріптеу тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары өкілетті мемлекеттік органдармен және «Рухани жаңғырудың» аймақтағы орталықтарымен бірлесіп, тарихшы, мәдениеттанушы, саясаттанушы, этнографтар, археологтар, жергілікті жоғары оқу орындары ғалымдарының қатысуымен іс-шаралар өткізіледі. Қызылорда облысында Қарт Қаратаудан бастап Аралдағы Бегім ана мұнарасына дейінгі қаншама тарихи құндылықтарымыз, мұраларымыз, жәдігерлеріміз бар. Әдетте Сырдың бойы қазаққа төрт астана сыйлаған жер деп жатамыз. Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ – барлығы өткен күннен сыр шертетін ұлы мұраларымыздың бірі. Осындай мұраларды зерттеп, зерделеп, сол жерлерге экспедиция ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа таныстыру қолға алынады. Үшіншіден, ішкі мәдени туризмді дамыту мәселесі зор сұранысқа ие. Осы ретте журналистер тарапынан «мұны дамытудың не қажеті бар, оған жағдай жасалмаған?» деген де сауалдар қойылды.

-     Жағдай жасалмаған деп отыра берудің қажеті жоқ. Әрекет бар жерде берекет бар. Аралда тұрып Барсакелмеске бармаған, аймақта тұрып Қорқыт ата ескерткішіне барып, тәу етпегендер, Байқоңырдан зымыранның ұшқанын көрмеген қаншама жандар бар. Бірақ, солар Түркияға барған, Дубайда демалған, Гавайда тыныққандар. Сол үшін еліміздің әрбір өңірінде жергілікті тұрғындар үшін Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Бекет ата, Қорқыт ата, Қобыланды батыр кесенесі секілді киелі орындарға ішкі туризм сапарларын ұйымдастыру көзделуде, - деді Е.Айтөреұлы.

Сонымен қатар, «Балаларға арналған ІТ-сыныптар», «ІТ-мамандарды даярлау», «Геоақпараттандырылған онлайн сервис», «Тілдердің үштұғырлылығына өту», «Қазақстанның кітапханалары» партиялық жобалары да сөз болды.

-     Цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Оның ішінде ең бірінші балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар партиялық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – балалар үшін қазіргі заманғы ІТ-технологияларды қолданумен білім алудың қолжетімділігі. Бүгінде облыстық білім басқармасымен қажетті компьютерлер сатып алынды. Сондай-ақ, өткен жылы қабылданған 79 жобаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде толық жүзеге асуына бюджеттен 460 млн теңге, меценаттардан 6 млрд теңге қаржы тартылды. Биыл талап одан да күшейіп, 2018 жылға бюджеттен 600 млн теңге қаражат бөлініп, меценаттардан 22 млрд теңге қаржы тарту көзделіп отыр. Бұл қаржыға 81 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде, - деді «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжасов.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына орай жүзеге асырылып жатқан жобалардың өміршеңдігін осындай игі бастамалар арқылы сақтап қала аламыз. Бұған дейінгі өмірдің кермек дәмін татып, көпті санасына сіңіріп, қазынасын жүрегіне сақтап жүрген қаншама көнекөз қарияларымыз бар. Олардың білген тарихын, естіген шежіресін рухани құндылық ретінде қағазға түсіріп алу – біздің міндет. Ел естімеген, көзін күн шалмаған мәліметтерден хабарыңыз болса, сіздің де үлес қосуыңызға мархабат.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


Қызылордада мемлекеттік қызметкерлерді кәсіпкерлікке оқыту басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.05.2018 14:13

Қызылордада облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметкерлерге арналған бірлескен «Мемлекеттік сектордағы менеджмент» тақырыбындағы білім беру жобасын бастады. Аталмыш жобаға облыс әкімдігінен 35 млн теңге бөлініп отыр.

- Өздеріңізге белгілі, кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ең әуелі адами ресурстардың даму деңгейіне байланысты. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын көтеру үшін алдымен адами капиталдың дамуына көңіл бөліп, аталмыш саладағы өзекті мәселелердің шешімін іздеу қажет. Қазіргі жылдам өзгерістер жағдайында заманауи басшыдан стратегиялық ойлау және стандартты емес шешімдер қабылдау талап етіледі. Бүгінде мұндай талаптар үлкен қалалардың басшыларына ғана емес, шалғай, ауылдық жерлердегі басшыларға да қолданылуда. Осындай басшы болу үшін базалық университеттік білім мен практикалық тәжірибе жеткіліксіз. Бүгінгі басшыға басқару технологияларын білумен қатар, әртүрлі экономикалық жағдайларды моделдеу және бизнес-процестерді тиімді басқаруда жаңа идеяларды табу, жүзеге асыру қабілеттері қажет. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күннің барлық деңгейдегі басшыларға басқарушылық бизнес-білім қажет. Бұл мәселені шешу үшін біз өткен жылы облыс әкіміне кәсіпкерлік саласына қатысты басшылық қызметтегі мемлекеттік қызметкерлерді оқыту туралы ұсыныспен шыққан болатынбыз. Ұсынысымыз қолдау тауып, міне, бүгін алғашқы оқу күнін бастап жатырмыз, - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Ұйымдастырушылардың мұндай жобаны жүзеге асырудағы мақсаты – өңірде кәсіпкерлікті дамыту барысында билік пен бизнестің әріптестік негізде, бір толқында жұмыс жүргізуіне жағдай жасау.

- Кәсіп бастаймын деген азамат алдына келгенде мемлекеттік қызметкер кәсіпкерге не керек екенін, мемлекеттік бағдарламалар аясында қандай қолдаулар көрсетуге болатынын біліп, көмек көрсете алатын деңгейде болуы керек. Яғни бүгінгі мемлекеттік қызметкер бизнестің тілінде сөйлей білуі қажет,- дейді ұйымдастырушылар.

Бүгін ауылдық округ әкімдері оқуларын бастап кетті. Мамыр айынан басталған оқу қыркүйек айына дейін жалғасады. Осы аралықта 200-ден астам мемлекеттік қызметкерді және 30-дан астам кәсіпкерді оқыту жоспарлануда. Мемлекеттік қызметкерлер арасынан негізгі басымдық ауылдық округ әкімдеріне берілді.

Курсқа қатысушыларды елімізге белгілі бизнес-тренерлер Қазыбек Шайх, Меруерт Жүнісбек, Анна Пацюк, Ахметбек Нұрсила, Сұлтанбек Тұлтабаев, Озат Байсеркеев оқытатын болады.

Айта кету керек, биылғы жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып жарияланды. Осы мақсатпен өңірде арнайы Жол картасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.05.2018 12:27

Республика бойынша бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бұқарбай батыр ауылдық округінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында игі шара өтті. Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан өртке қарсы күрес бөлімінің қызметкері Арман Төлеубаевтың атындағы көшеге бірге оқыған сыныптастары ескерткіш тақта орнатып, ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа облыстық және аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, төтенше жағдайлар ардагерлері, ауыл ардагерлері және тұрғындар қатысты.

Шараны ауыл әкімі С.Байділдаев ашып, ерлікпен қаза тапқан азаматтың өмір дерегіне қысқаша тоқталып өтті. Шарада сондай-ақ, ауданның құрметті азаматы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нұрмағанбетов, ауданның құрметті азаматы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Р.Кәрімов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Р.Қайрақбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев, ұстазы Г.Нұрбаева, бірге оқыған сыныптастары атынан Ә.Нұрмахановтар естелік сөз сөйледі.

Шара соңында А.Төлеубаевтың әкесі Қуанышбай Төлеубаев сөз алып, ауқымды шараны ұйымдастырған ауыл әкімдігіне, ескерткіш тақтаны орнатып қолдау білдірген 1971 жылы туылған азаматтарға зор алғысын білдірді. Игі бастама сап түзеген өртке қарсы күрес қызметкерлерінің ескерткіш тақтаға гүл шоғын қоюымен аяқталды.

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары