Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 14 Мамыр 2018

Мейірбикелер – мейірімді жандар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.05.2018 09:50

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Қызылорда қалалық ауруханасында «Мейірбикелер – мейірімді жандар» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы мен бас дәрігердің медициналық көмектің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Гүлнар Ибрайқызы құттықтау сөз сөйледі. Өз жұмысын асқан жауапкершілікпен атқарған қызметкерлер аурухананың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

 


ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.05.2018 09:45

Кеше Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, Рамазан айы!» тақырыбында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Шарға облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Абуов қатысып, жиналған жұртшылықты ораза айының басталуымен құттықтап, айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айына ерекше тоқталып өтті. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов сөз алып, Рамазан айындағы ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестігін білдірді.

Қазіргі таңда аудан орталығында «Қармақшы Ата» және «Алдашбай Ахун» атында мешіт халыққа қызмет көрсетіп, жұмыс істеп келеді. Шара барысында мешіт қызметкерлері имандылыққа және адами құндылықтарды жоғары бағалауға, адамгершілік пен ізгі қасиеттерге жетелейтін тақырыптарда көріністер көрсетті. Сонымен бірге шара аудан өнерпаздарының имандылыққа бағытталған концерттік бағдарламасына ұласты.

А.Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.05.2018 09:35

Кеше Қызылорда облысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Абуов Қармақшы ауданына келді.

Алдымен аудан әкімі Сұлтан Мақашов бас имам Болатбек қажы Ұласханұлын қабылдап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы сұхбаттасып, жоспарлармен бөлісіті. Сонымен бірге Қармақшы ауданы «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Асхат Батырханұлы, аудан әкімінің орынбасары Мажит Самитов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаровтың қабылдауында болып, аудандағы діни тұрақтылық пен діни ұстаздармен кездесудің маңыздылығы жайлы сұхбатасты. Алдағы Рамазан айының басталуымен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында аудан жұртшылығымен, жастармен, кент тұрғындарымен , мешіт жамағатымен кездесулер жоспарланған.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2018 18:03

Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы тағайындалды.

М.Мелдебекова 1971 жылы туған.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы №8 мектеп-гимназиясының мұғалімі ретінде бастаған.

2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары.

2017 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

 


Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту айтылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2018 15:47

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан қалалық білім бөлімі мен басшылық құрамдағы педагог және білім саласындағы мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлердің қатысуымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің бас маманы А.Сәлімжан бүгінгі күні заңсыз сыйақы мен пара туралы барынша толық мәлімет берді. Атап айтқанда, сыйақы мен параның әкелер зардабы мен оның көзделген жауапкершілігі айтылды. Сондай-ақ, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту мәселелеріне тоқталды. Бұған қоса, жиналған қауымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдарда басты міндеттердің бірі болып табылатыны және әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері үшін жазаны бұлтартпау туралы есте сақтауға борышты екені жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Агенттіктің бастамасымен қолға алынып жатқан жаңашыл «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы және оның негізгі мақсаты туралы түсіндірме берілді.

Қорыта келе, Департамент қызметкері кездесуге қатысушыларды өз құқықтарын қорғап, өз елінің жанашыры болып, саналы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жеткіншектерді тәрбиелеу жұмыстарын одан әрі қарқынды жүргізуге шақырды.

Департаменттің баспасөз қызметі

 


САРАТС-2 серпін береді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.05.2018 13:46

Жақында ғана Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Ғасыр жобасының» екінші кезеңін іске асыруға байланысты «бұл мәселені не ары, не бері шығаруымыз қажет» деп ашық айтқан-ды. Бұл САРАТС-2-нің екінші фазасы 8 компоненттен тұрады. Алғашқысы – 6 компонент, ал екіншісінде – 2. Бұл бойынша тиісті жұмыстар басталып кетті. Осы мәселелер төңірегіне өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндады.

Жалпы, аталмыш жобаны Дүниежүзілік банктен қаржыландырылуы тым ұзаққа созылуы себепті Қызылорда облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша Үкімет САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруды республикалық бюджет есебінен бастау жөнінде шешім қабылдады.

Қызылорда су торабын кешенді жөндеуге ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық ұсыныс әзірледі, Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық қорытындысы алынды. Қаржы министрлігіне жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 198,0 млн теңге бөлу жөнінде бюджеттік өтінім тапсырылды. Биыл республикалық бюджетті нақтылау барысында қаражат бөлу жоспарланып отыр. Ол 2019 жылдан бастап жөнделеді. Сондай-ақ, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету және Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту компонентері бойынша облыстық бюджет есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленді. 2018 жылғы 28 наурыздағы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар,- деді облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы.

Бұл жобалар «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылмақ. Ал Қазалы ауданының Бірлік ауылы маңында автомобиль көпірін салу компоненті бойынша облыстық бюджеттен жобаның ТЭН-ін әзірлеуге 20,9 млн теңге қаржы қаралған. Тиісті құжаттар әзірленгеннен кейін республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін аталған компонент Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылады.

Қамыстыбас пен Ақшатау көлдер жүйелерін қалпына келтіру үшін облыс әкімдігі осы жылы көлдер жүйесін құжаттандырып, Су ресурстары комитетінің бөлімшесінің теңгеріміне бермек. Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің «Тастақ» учаскесіндегі балық өсіру тоғандарының қазіргі жай-күйі аса мәнтті емес. Оны қалыпқа келтіріп, өзгерістер енгізу Балық шаруашылығы Комитетінің ұсынысы негізінде жүзеге аспақ. Соның аясында аталмыш питомниг қайта жаңғыртылады. Бұл шаруалар балық шаруашылығы Комитетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары шеңберінде іске асырылады. Бірінші кезең ел бюджеті есебінен жүргізіледі. Ол Көкарал бөгеті мен су жіберу құрылысын нығайтуды және Сырдария өзенінің "Қарашалаң" және "Тұщыбас" көлдері арқылы өтетін арналарын қалпына келтіруді көздейді.

Екінші кезең Дүниежүзілік банк есебінен іске асады. Негізгі мақсат – Арал өңірін одан әрі дамыту және экологиясын жақсарту.

Коллекторлық-дренаждық суларды Арал теңізіне бұру мүмкіндіктерін қарастыру, "Суармалы жерлердің ирригациялық-дренаждық жүйелерін жетілдіру", суармалы жерлердегі су шығынын азайтып, Аралға судың түсуін арттыру көзделген. Бұл өз кезегінде сулы-батпақты алқаптарды қалыптастырады. Арал өңірінің экологиясы жақсарып, теңіздің шығыс жағалауы бойында жасыл белдеудің құрылуы жағалаудағы елді мекендерді құм көшкінінен сақтауға мүмкіндік береді,- деді Серік Қожаниязов

Сонымен қатар екінші кезең шеңберінде Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған су есептегіш жүйені құру жоспарланған.

Халық-хабар

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары