Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018

«Алпамыстағы» тағылымды сайыс PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 10:33

«Өмірге деген таным балабақшадан қалыптасады» деген бар. Осы тұрғыда Қазалы ауданында көптеген шаралар атқарылуда. Соның бір айғағы №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында осы ұжымның педагог-ұйымдастырушысы Мерует Тәңірбергенованың мұрындық болуымен өткен балабақшаішілік «Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі» атты сайыс десек жарасымды. Осынау шараның шымылдығын құттықтау тілегімен ашқан балабақша меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызы сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Әке мен бала» мультфильмінен бастау алып, төрт бөлімнен тұрған аталмыш сайыста кішкентай тәрбиеленушілер анасы, әжесімен бірге өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында «Балапан» ортаңғы тобының өнерлі бүлдіршіні Ботабай Ілияс «Анашым, әкем» атты әнді орындап, ән шашуын жолдады.

Сайыс қорытындысында ең жоғары ұпай жинаған «Алпамыс» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіні Бауыржан Ақбаян және әжесі Маржан апа Бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ І-ІІ орынды «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Дабылов Әлихан мен анасы Ләйла, «Тілашар» ортаңғы тобының кішкентай өнерпазы Алдияр Тақтаболат пен анасы Ардақ жеңіп алды.

Сайысқа қатысушыларға «Алғыс хат», бағалы сыйлықтар табыс етілді

Жұмабек  Табынбаев

 


Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 09:56

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев:

- Кез келген елдің, қоғамның даму деңгейін оның мәдениеті мен өнерінің дамуынан байқауға болады. «Мәдениеті өскен ел - өркениетке көшкен ел» - деп Елбасымыз айтқандай, қоғам дамуы сол елдің мәдениетінің дамуымен өлшенеді, - дей келе аудан мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды облыс, аудан әкімінің алғысымен марапаттады. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Бимановаға құрметті зейнет демалысына шығуына орай аудан әкімінің құттықтауын және сый-сыяпат көрсетті.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Ж.Аққұлов, Қ.Бекіш сынды Жалағаш топырағынан туып-өсіп, аудан мерейін ел көлемінде асқақтатып жүрген азаматтар өздерінің ізгі лебіздерін бейнеролик арқылы жолдады.

Шарада аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, қонақтар, мектеп оқушылары жиылған жұртшылыққа биден шашу шашып, күмбірлете күй төгіп, әуелете ән шырқады.

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі

 


«Мектебіме тағзым» акциясы аясында кездесті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 09:52

Кеше аудан әкімдігінің және аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «IS» (Informational support) форматында Жалағаш ауданында шара өткізілді. Шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған «Мектебіме тағзым» акциясы аясында өткізілген шаралар барысы пысықталды.

Сапар барысында Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет, Шәменов, Қаракеткен ауылдарындағы мектептерде болып, кенттегі №201 мектеп-лицей базасында мектеп түлектерімен кездесу өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, әр жылдардағы түлектер және жастар қатысты. Шараның алғы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов «Мектебіме тағзым» акциясының аудан мектептерінде кең көлемде өткізіліп келе жатқандығын атап өтті. Кездесуде «Мектебіме тағзым» акциясы аясында туған жеріне, ауылына, мектебіне қол ұшын созып, көмек көрсетіп жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі

 


МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 09:45

Кеше Қармақшыда Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі С.Мақашов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мәдениет пен өнер саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ сала мамандарына алғыс хаттар табыстады. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.

Аудан мәдениетін көтеруде, елге рухани-мәдени тәрбие беруде өнер майталмандарының жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз. Халықаралық, республикалық өнер байқауларында аудан, облысымыздың ғана емес, исі қазақ халқының өнерін паш етіп жүрген Алдамжарова Малика, Бақытова Тоғжан, Оңғарқызы Арай, Бибімариям Серік, Айдынұлы Ақсұңқар сынды жас талаттар танытса, өнер иелерінің тәрбиесін көріп, бүгінде үлкен сахналарда жүрген айтыскер ақын Әділбеков Сырым, белгілі жас әншілер Әлтаев Азамат, Руслан Ризманов, жақында ғана өткен Кеңес Дүйсекеев атындағы республикалық әншілер конкурсының ІІ орын иегері Арайлым Мұхамбетжанова сынды таланттармен мақтануға болады.

Салтанатты шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Наурызбаева сала мамандарына жылы лебізін жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Айбол Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 09:43

Кеше аудан әкімі С.Мақашов Азия чемпионатының және Әлемдік Гран-При жеңімпаздарын қабылдады. Аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 3 – алтын, 5 – күміс, 13 қола медальды жеңіп алса, Салтанат Сұлтанбекова сәуір айында Алматы қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында (48 кг) ІІІ орын, Ғалымжан Абдрахманов наурыз айында Мәскеу қаласында (Ресей) өткен А.Харлампиевтің жүлдесіне арналған самбо күресінен Әлем Кубогында күміс жүлде, мамыр айында Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өткен Азия чемпионатында чемпион атанды, осы Азия біріншілігінде жерлестеріміз Д.Қодарова (72 кг), Д.Тілеумұратова, Д.Тұрғанов (48 кг) жеңімпаз атанса, Д.Абдеков (62 кг) күміс жүлдеге ие болды. Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Пекин қаласында (Қытайда) өтіп жатқан Халықаралық гран-при турнирінде 1500 метр және 800 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды. Шара соңында аудан әкімінің алғыс хаттары табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

Айбол Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


ҚАРМАҚШЫДА МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 09:35

Кеше аудан әкімі С.Мақашов мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты қабылдау өткізді. Аудан әкімі қабылдауында сала ардагерлері мен қызметкерлері болды. Сонымен бірге мәдениет майталмандарына мерейлі мерекеге байланысты жылы лебізін жеткізіп, құттықтау хаттар табыстап, сый-сияпат жасады.

Күллі Түркі жұртының абызы Қорқыт бабамыздан бастау алып, жүз жырауын жүзіктеген қасиетті Қармақшы елінде де мәдениет пен өнер саласында атқарылған игі істер жетерлік. Бүгінгі күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйі, К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйі, 18 кітапхана, тарихи-өлкетану музейі және кент, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 3 мәдениет үйі мен 11 клуб, барлығы 35 мекеме 109 адам халыққа қызмет көрсетеді.

Айбол Қозыбақов,

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 


Осы жазда 136 мыңдай бала лагерьде тынығады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 09:30

Аймақта жазғы демалыс қала, аудан сыртындағы 9 лагерьде 7 ауысымнан ұйымдастырылады, оның 6-ауы – жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлер. Осы жылы облыс бойынша 1-10-сынып аралығындағы 140 500 баланың 136 200-і (2017 жылы - 128 966) жазғы тынығумен қамтылады деп күтілуде. Ол барлық оқушылардың 96,9%-ын құрайды. Өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 95,0% болған. Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берген облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Аталған жазғы лагерьлер мен мектеп жанындағы лагерьлер де өз қызметін ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастайды. Биылғы жылға облыс көлемінде балаларды дамыту, сауықтыру, білім беру, психотерапевтік, комуникативтік қызмет көрсететін 485 мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Жазғы тынығу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы тынықтыру лагерьлерінің басшылары, білім бөлімдеріндегі жауапты қызметкерлер сәуір айында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында, жазғы кезеңдегі балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша 20 қызметкер біліктіліктерін арттырды. Бұдан бөлек, 2018 жылғы 24-27 сәуір аралығында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандарымен бірге қала сыртындағы барлық лагерьлердің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментімен лагерь басшылары мен орынбасарларына мамыр айында «Қауіпсіз жаз – 2018» түсіндірме сабақтары өткізілді.

Сонымен қатар, облыстан тыс аймақтардағы орналасқан лагерьлерде мұнай компанияларының қолдауымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасының балалары тынығатын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Қызылордалық жасотандықтар ІТ саласының жас мамандарын дайындауды қолға алады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.05.2018 17:47

Наурыз айының 28-29-ы күндері Астана қаласында 1500 жастың қатысуымен «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өтті. Онда «Жас Отан» Жастар қанатының 2021 жылға дейінгі «Жаңа әлемге жол саламыз» атты тұжырымдамасы қабылданды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілесов баяндады.

Съезд ізімен мамыр айының 11-жұлдызында Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты облыстық жастар форумы өтті. Жастар форумы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев және «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен өткен гала-форумымен ашылды.

Аталмыш форумда 7 аудан, Байқоңыр мен Қызылорда қаласынан бойында күш-қуаты тасыған, ел ертеңіне бейжай қарай алмайтын 200 делегат бас қосып, ауқымды мәселелер талқыланып, өз саласында жетістікке жеткен жастар сөз алып, ел жастарына ерінбей еңбек етуге үндеді.

Форум барысында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан «Креативті идеялар фабрикасы» және «Жас журналистер клубы» құрылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Жас журналистер клубы» жобасы аясында «Sarap time»бағдарламасы ашылады. Қызылордалық жасотандықтар ІТ саласының жас мамандарын дайындауды қолға алады. Форум барысында облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Гранд Мастер» бағдарламалау мектебі арасында меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта аталмыш мектеппен бірлесе отырып «Start up nation»жобасы жүзеге асырылатын болады.

- Мұнымен қоса бірер ақпаратпен бөліскім келеді. Облыстық «Жас Отан» ЖҚ коворкинг орталығын ашу жоспарлануда. Бұл жастардың бас қосар, қызықты алаңына айналады. Қазіргі таңда «Жас Отан» Байқоңыр жастарымен тығыз жұмыстар жүргізуде. Байқоңырдағы «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөлімшесі тұрақты жұмысын бастады. Алдағы уақытта «Байқоңыр Сonf» жастар конференциясын өткізу жоспарымызда бар. Келесі тоқсанда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ресми интернет-сайты іске қосылады, - деді Т.Оспанұлы.

Форум аясында қатысушы делегаттар 5 бағыт бойынша сессия жұмыстарына қатысты. Атап айтатын болсақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Білім.Инновация.Цифрлы Қазақстан», «Агро инновация», «Саламатты ұрпақ», «Made in Qyzylorda» сессиялары. Барлық сессиялар еркін форматта «Open talks» форматында өткізілді. Бұл форумның ерекшелігі әрбір сессияға өз саласының жас мамандары бас қосқан болатын. Сессия барысында қатысушылар топтарға бөлініп, жобалар жасады. Шара соңында қатысушылар өз жобаларын қорғап, сайыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сессия жұмыстарының қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының 2021 жылға дейінгі жол картасы қабылданады. Жол картасы әзірлену үстінде. Маусым айында облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы облыстық кеңесінің отырысында қабылдануы көзделуде.

Форум соңында Студенттер сарайында арнайы облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының кубогіне «Жайдарман» сайысы өткізілді. Сайысқа облыстық жоғарғы лигадағы 9 команда бақ сынасты. Сайыс қорытындысымен «Қызылорда құрамасы» кубок иегері атанды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Тіректі ауылдағы толымды тірлік PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.05.2018 17:16

Аудан орталығы Әйтеке би кентінен бастап сүт пісірім уақыт жол жүрсеңіз, тіректі ауыл саналатын Жанқожа батыр елді мекеніне жетесіз. "Әркімнің туған жері – өзіне жұмақ". Бұл енді түсінікті жайт. Десе де, баба ауылының көрікті ажары сүйсінуге тұрады. Сенбесеңіз, маған еріңіз, ауылды таныстырып шығайын.

Биік төбенің баурайында айнадай жарқырап жатқан бұл көл Ащыкөл деп аталады. Неге Ащыкөл аталған дейсіз бе?! Суынан дәм татып көріңіз. Ой, ұрттаған суыңызды неге төгіп тастадыңыз?! Кермек деймісіз?! Дәл солай. Міне, енді сіз көлдің неге Ащыкөл деп аталғанын білдіңіз. Ауыл тұрғындары үшін Ащыкөлдің орны ерекше.

Ілгері аяңдайық. Бұл – Жанқожа бабамыздың бейнесі салынған зәулім стелла. Батыр бабамыздың ауылына келгеніңізді білдіреді. Бабамыздың аруағына дұға жасап, бет сипап, түп-түзу асфальт көшемен алға басайық. Мына тұрған кос қабатты, әдемі де еңселі ғимаратта "Жауқазын" балабақшасының ұжымы орналасқан. Мұндай келбетті ғимарат ауыл тұрмақ, аудан орталығына да көрік беретіні сөзсіз.

Ауылдағы жапырағы жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, әсем де хош иісті гүлдерден көз сүрінеді. Оқтай түзу асфальт көшелер, самаладай жарқыраған түнгі келбеті жан жадыратады. Кәсіпкерлік саласы да жақсы дамыған. Жолаушылар тасымалы жолға қойылған. Елді мекенде мал шаруашылығы, басқа да бағыттағы шаруа қожалықтары шаруасын дөңгелетіп отыр.

Қалың тоғай арасындағы орманшының үйіндей жасыл желек жайқалған бұл аула Жаңабай Жақсылықовтың үйі екен. Ұзақ жылдар ауылда прораб болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан ағамыздың ауласында төрт мыңға тарта саялы тал, самалмен тербелген гүлдің неше түрі, жеміс ағаштары өсіп тұр. Кімді де болса ұялмай әкелуге болады.

Ал Жанқожа баба мен Ақтан батырдың бейнесі ілінген жердегі су жүретін арықтың бойында гүлі жайқалған өрік ағаштары, ардагерлер аллеясы алыстан көзіңе шалынады. Айта кетерлігі, шалғайдағы ауылда ірілі-ұсақты бірнеше бақ бар. Мына нысан – жаңадан салынып жатқан зәулім құрылыс спорт кешені. Жуырда пайдалануға берілмекші. Ал спорт кешенімен іргелес саябақ орналасқан. Желкілдеген жас шыбықтар енді көтеріліп келеді. Айтпақшы, жақында саябаққа гүлдер отырғызылатын болады. Субұрқақ іске қосылып, түнгі жарық шамдар жанғанда өзіңізді шалғай ауылда емес, ірі шаһарда жүргендей сезінесіз.

Алик Тілеумбетов басшылық жасайтын №94 мектептің жеткен жетістігі бір төбе. Аудан, облыс көлемінде өткізілетін білім, өнер, спорт сайысында жүлдесіз қалған кездері некен-саяқ. Мектеп басшысы жаңашылдыққа жаны құштар болса, ұстаздар қауымы өңшең білікті де парасатты мұғалімдерден жасақталған. Өткен оқу жылының қорытындысымен мектеп түлектері жоғары нәтиже көрсетті.

Сапарбек Қуатов басқаратын әкімдік ғимаратының іші-сырты мұнтаздай. Бұл жердегі де жапырағы желмен тербелген көлеңкелі талдар, жарқыраған бручатка төселген аула іші шаруақор, тазалықты қастерлейтін егесі бар екенін білдіртеді. Әкімнің айтуынша, аяқсу кестеге сай беріледі. Ауыл ішінде көптеген суағар (колонка) бар. Алдағы уақытта ауылдағы үйлер сервистік желіге қосылады деп күтілуде. Бала кезімізде қыста каналдың, арықтың мұзын ойып әкеліп, жазда сонау ауыл шетіндегі тас құдықтан сарсылып кезек күтіп, шелектеп иінағашпен су тасыған кезең артта қалғандай.

Айшығы күн нұрына шағылысқан "Сарқұл қожа" бабаның есімін иеленген мешітте Мұратбек Бәлкеев көпшілікті Алла жолына насихаттауда. Ауласында жасыл желек жайқалған Мәдениет үйіне Марат Жақсылықов есімді азамат басшылық жасайды. Мәдениет үйінің жанында аудан елді мекендерінің ішіндегі бірден-бір халық театры атағы бар ұжым жұмыс істейді. Мараттың қоршаған ортаны таза ұстауға, көгалдандыруға деген құштарлығы мақтауға лайықты. Сондай-ақ, ауыл емханасы да талапқа сай, озық үлгіде салынған.

Көкейде "сонда бұл ауылда ешқандай түйткіл жоқ па?!" деген сауал қалуы, әбден мүмкін. Неге болмасын?! Бір танысым "проблема тек тым-тырыс, қалың ұйқыда жатқан жерде ғана болмайды" деген еді. Ауылдың да өзіне тән түйткілі бар. Бірақ ол түйіндер де кезең-кезеңімен шешілеріне сенім кәміл.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары