Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 22 Мамыр 2018

Жыл басынан 181 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.05.2018 10:53

Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласында заңдылықты арттыру мақсатында Қызылорда ОІІД-нің Күзет қызметін бақылау бөлімімен ағымдағы жылдың 4 ай көлемінде бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Қазіргі таңда Күзет қызметін бақылау бөлімінің есебінде 182 жеке күзет ұйымы бар. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының 1 филиалы қызмет атқарады.

Күзет қызметімен айналысу құқығына жыл басынан 3 мемлекеттік лицензия берілді.

Сонымен қатар, ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндег  2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жеке күзет ұйымдары күзететін азаматтардың пәтерлері санын ұлғайтуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Қабылданған шаралармен азаматтардың 1146 үй-жайлары,  оның ішінде 715-жеке күзетпен, 431-і орталықтандырылған бақылау торабымен күзетке алынды.

Есеп беру кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауға 88 күзет қызметі субъектісі және олардың филиалынан 115 күзетші тартылды, оның ішінде 70 полицияның қоғамдық көмекшілері бар.

Ішкі істер органдарының мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасуы нәтижесінде жыл басынан 181 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, күзетілетін объектілерде 4 ұрлық пен құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

Қазақстан Республикасының 28.12.2017 жылы №127-VI Заңымен ӘҚБтК-нің 470-бабына өзгеріс енгізілді, яғни  ҚР ӘҚБтК-нің 470-бабының 1-1 бөлігінде: Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыру, сол сияқты Ішкі істер органдарын хабардар етпеуі жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 

 


Қызылордада алаяқтық әрекеттер азайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.05.2018 09:51

Қоғамдағы алаяқтық фактілерін азайту мақсатында Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы қала әкімдігімен, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, кең ауқымды іс-шаралар өткізіліп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшыларымен өтікізіліп жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасында алаяқтыққа қатысты деректер саны 31%-ға төмендеген. Дегенмен де, жеңілдің үстімен, ауырдың үстімен пайда табушылар баршылық. Мәселен, облыс орталығында 39 жастағы әйел жәбірленушіге кезектен тыс мемлекеттік бағдарламамен арзан бағаға пәтер алып беремін деп, ірі мөлшерде, яғни 3 млн теңге ақшасын иемденіп алған болатын. Алаяқ фактісі дәлелденіп, сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл әйел секілді алаяқтардың құрбаны – көбіне мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж адамдар. Ал алаяқтыққа баратындар – көбіне еш жерде жұмыс істемейтін адамдар, көпшілігі әйелдер. Алаяқтар азаматтардың сенгіштігін немесе қиын жағдайға тап болуын пайдалана отырып, қаражат мәселесін оңай шешуге байланысты ыңғайлы шарттармен адамдардың қызығушылығын оятады, сонымен қатар несие алуға қатысты оң шешім шығару үшін алдын ала төлем жасауға көндіре бастайды. Басқа жағдайда күдік тудыратын жобаларды инвестициялау арқылы аз уақыт ішінде пайда табуға уәде береді. Алаяқтық қылмыстарының жасалу тәсілдерін айтар болсақ, «кезектен тыс арзан бағаға пәтер алып беремін», «банктен несие алып беремін», «қылмыстық жауаптылықтан босатып беремін», «жұмысқа орналыстырып беремін», «жер алып беремін», «жүргізуші куәлігін алып беремін» деген орындалмайтын уәделер.

Алаяқтық жазасының ауырлығына қарамастан, оңай олжаға кенелгісі келетіндер баршылық. Осы орайда, тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды ескертеді.

Қызылорда ҚІІБ  баспасөз қызметі

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Махаббат аралы» атты драмасы қойылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.05.2018 09:46

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында байлық пен жоқшылық, махаббат пен сатқындық, адалдық пен арамдық бейнелейтін «Махаббат аралы» атты драмасы қойылды. Өмірдегі осы егіз ұғымдардың толассыз тартысын аталмыш қойылымнан көруге болады. Отандық драматург Әділбек Тауасаровтың пьесасы бойынша сахналанған шығарма Сыр көрермендеріне ой салды.

Қойылымды мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, өзге де бюджеттік сала қызметкерлері, студенттер және қала тұрғындары тамашалады.

Бұл спектакльде бар-жоғы үш актер ойнайды. Ерекшелігі сол, үшеуі де - басты кейіпкер. Орманшы, атақты дәрігер және оның жұбайы. Үшеуінің басынан кешкендері  бүгінгі қоғамның кескін-келбетін жасырмай, шынайы көрсетіледі. Оқиға желісі, атақты дәрігер-депутаттың жұбайымен бірге орманға саяхаттап келуінен басталады. Бұл жұп ашық аспан, таудан аққан бұлақ, көркем табиғаттың аясында таза ауамен тыныстап, демалысын мәнді өткізгісі келеді. Алайда оқыстан омыртқасы ауырған дәрігер тұрып жүруден қалады. Айдала ну орманда ас-сусыз, аш күйінде түнеп шығудың өзі мұңға айналады. Дәл осындай қиын шақта қол ұшын беруге тиісті орманшының оспадар қылығы екеуін де қатты таңғалдырады. Орманда жалғыз қалған жұбайларға қамқорлық танытпай, қайта бар байлығын сыпырып алған орманшы ем-домына дейін ақша сұрап ерлі-зайыптыларды әуре-сарсаңға салады. Ақырында, соңғы дәріге әйелін айырбастауды талап етеді. Ал, науқас дәрігер шыбын жаны үшін жан жарын сатуға да келіседі.

Орманшы – опасыз емес екен. Бұл дәрігердің өзінің ұмыт қалған жауыздығына алған жазасы болып шықты. Атақты дәрігер бұрын орманшының өлім аузындағы әйелін аман алып қалам деп алдарқатып, қырауар қаржы сұраған екен. Орманшы барынан айырылса да, даңқты дәрігердің дәл осы ашкөздігін кешіре алмаған.

А.Сәлімжан,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы

бойынша департаментінің

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы

басқармасының бас маманы

 


МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.05.2018 09:09

Кеше А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау шарасы өткізілді.

3 кезеңнен тұратын Ұлттық конкурстың бірінші қалалық кезеңіне қатысуға биылғы жылы белгіленген уақыт аралығында 18 отбасы өтінім білдірді. Құжаттарын ұсынған отбасыларды іріктеу бойынша құрылған қалалық комиссия құрамымен 2018 жылғы 2 мамыр күні комиссия отырысы өткізіліп, 18 отбасының ішінен 5 отбасы іріктеліп, комиссия мүшелері аталған отбасылардың үй-ішімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 2 отбасы номинациямен марапатталды.

1) І дәрежелі дипломмен Көмекбаевтар отбасы;

2) ІІ дәрежелі дипломмен Назаровтар отбасы;

3) ІІІ дәрежелі дипломмен Байдәулетовтер отбасы;

4) «Салауатты отбасы» номинациясымен Тұрабаевтар отбасы;

5) «Өнегелі отбасы» номинациясымен Досмахановтар отбасы марапатталды.

Биылғы жылдың ерекшелігі конкурсқа қатысуға өтінім беріп, белсенділік танытқан әрбір отбасыға қала әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі

 


АРАЛДА АРА ӨСІРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 16:44

Ара балының мың сан ауруға ем болатын қасиеті бар екені көпшілікке таныс. Тіпті, бала күнімізде ара шағып алса, аталарымыз «шаққанының өзі шипа, енді қыста ауырмайсың» деп жұбататын. Табиғатынан ерекше жаратылған араның қызыққан жанды өзіне баурап әкетер қасиеті өз алдына бір ғылым дерсің. Ал, оны өсіріп-баптап, балын алсаң, толағай табысқа кенелерің анық.

Хош делік... Құмбазар ауылының тұрғыны Серік Якудаев – ара өсіруді қолға алған омарташы. Ол 42 жыл ветеринария саласында абыройлы қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан. Елге қызмет жасап, тынымсыз тірлік еткен жанға зейнет жасында бос жату ауыр, әрине. Бертін келе, кейіпкеріміз ара өсіру ісін қолға алуды ойлап, отбасымен, достарымен кеңеседі. Сөйтіп, Қызылорда қаласына барып, омарташылардан сабақ алып, 15 күндей арнайы курстарда оқып қайтады. Ә дегеннен ара шаруашылығы Серік ағаны өзіне баурап алады. Әбден ізденіп, жан-жақты саралаған соң, бар білім-білігін салып, бизнес жоспар дайындайды. Жоспарын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына ұсынады. Көп өтпей-ақ, жобасы үздік деп танылып, кәсіпкерге «Даму» қоры қайтарымсыз грант тағайындайды.

– «Даму» қоры арқылы 1 млн 275 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алған соң, аталған қаржыға 20 ұя «карпат» тұқымды ара мен бал өндіруге қажетті құрал-жабдықтарымды сатып алдым. Қасыма көмекші ретінде бір жұмысшы бекіттім. Бастапқыда жергілікті ауа райының құбылмалдылығы аралардың үйренісуіне қиындық туғызды. Сондықтан, оларды 20 күндей қолдан шәрбат дайындап бақтым. Артынша, дарияның жиегіне апарып орналастырдым. Мұнда оларға азық боларлық жыңғыл, алма, өрік, шие гүлдеп жатыр. Аралар бал жинауды бастап кетті, - дейді омарташы.

Расымен де, аралар – айрықша тіршілік иелері. Олар бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз аталық және 100 мыңнан астам жұмысшы аралар жанұя болып өмір сүреді. Бұдан бөлек, араның ауыз қуысы кішігірім цехқа баланады. Себебі, гүлден алған шырынды ұясынан жеткен ауыз қуысында балға айналдырады. Басты жауы көгершін, тышқан мен құмырсқа көрінеді. Аралар да өздерінің бірнеше ауру түрлерімен ауырады. Біздің жердегі аралар көбіне іш ауруымен ауырады деседі. Тағы бір ерекшелігі, олар темекі мен ішімдіктің, әтірдің иісін жақтырмайды. Жанына жақындаған адамда осы аталған иіс болса ашуланып, тарпа бас салады. Үнемі қозғалыста болады. Содан да болар, оның ұясының ішінде қысы-жазы 30-35 градус температура сақталады. Міне, жоғарыдағы біз білмейтін тың мәліметтің бәрін кәсіпке ден қойған Серік аға құлшыныспен әңгімелеп берді.

– Араның тағы бір ерекшелігі – тазалықты жақсы көреді және асқан шебер. Тазалықты жақсы көретінін ұяның ішінен бір араның өлексесін, болмаса басқадай қоқыстарды кездестірмейсің. Ал, шеберлігі – біз рамкасын жасап, бетіне арнайы жабыстырғыш дәкесін бекітіп қоямыз. Соның үстіне аралар алты бұрышты етіп бал жинайтын ұяшықтарын өздері өріп шығады. Бұл жұмыстары адам қолымен жасаса да, мұндай мінсіз шықпас еді, - деген омарташы, аралардың осындай ерекше қабілетін де тілге тиек етті.

Көз алдымызда аралар осы мезгілден бастап бал жинау үстінде. Мамыр айының ортасынан бастап тамыз айына дейін жиналған балды алуға мүмкіндік бар. Бір ұядан аптасына 6-7 келі бал алынса, бір маусымда 100-200 келіге дейін бал қолға тиеді. Есептей беріңіз!

Өз шаруашылығын бар жан-тәнімен жақсы көретін омарташы бұған дейін де ауыл шаруашылығы саласынан алыс болмаған. Яғни, 1998 жылы мал шаруашылығымен айналысатын «Қоғам» шаруа қожалығын құрып, ет бағытында жылқы мен сиыр өсіріп келген. Осы еңбегі үшін 2012 жылы ІІІ дәрежелі, 2013 жылы ІІ дәрежелі, 2015 жылы І дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған. Тірліктің көзін тауып, тынымсыз тіршілік етіп жүрген Серік Якудаев ара шаруашылығын одан әрі дамытуды мақсат етіп, бар білгенін баласына үйретіп жүр.

– Мен бұл кәсіпті қолға алғанда толағай табысқа кенелсем деген жоқпын. Құдайға шүкір, балаларымның бәрін үйлі-жайлы қылдым. Өзім де заманымда еңбегіммен халқыма абыройлы болдым. Енді осы кәсібім жанданып кетіп жатса, жетім-жесірлерге, мүгедек жандарға, мешітке, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетсем деймін. Бұлай жасауға міндеттімін де. Өйткені, Құрандағы ара сүресінде: «Арадан түскен пайданың он пайызын мұқтаж жандарға, он пайызын  туысқандарға көмек ретінде бер» делінген. Және базарға бара қалсаң, түрлі қоспамен жасалып келген сырттың өнімдерін аламыз. Осыны да ескеріп, аудан халқын табиғи таза өніммен қамтамасыз етсем, - дейді Серік аға.

Тыңнан басталған шаруашылық түріне қызығушылық танытушылар көп көрінеді. Омарташы үйренемін деушілерге де үйретуге дайын екендігін айтты.

Иә, қызығы мен шыжығы көп ара шаруашылығы дамып, нарықта Аралдың балы саудаға салынып жатса, шынымен де, керемет болғалы тұр. Бұл кәсіпті бастаған омарташының еңбегі табысты боларына сеніміміз мол.

Назерке МАРАТҚЫЗЫ,

Арал қаласы

 


Ішкі саясат басқармасын басқарған Қайруллаев жаңа қызметке тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 14:47

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры болып Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов бейне конференция арқылы Айдын Бөкенбайұлына жаңа қызметімен құттықтап, ақ жол тілеп, жұмыста абырой мен қызметте тек сәттіліктермен, жақсы нәтижелермен көрінуіне тілектестік білдірді.

Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Қорқыт ата универрситетін 2002 жылы журналист, 2008 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын облыстық телеарнада редактор болып бастаған.

2001-2002 жылдары «Сета» радиосының бас редакторы болды. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармаларының бастығы болды. 2015 жылдың шілде айынан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысы қызметінде болған.

Айдын Бөкенбайұлының ішкі саясат саласында тәжірибесінің молдығын, тәжірибелі маман және басшы ретінде көрсете білген.

 


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалуы оң нәтижесін беруде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 14:24

Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалуы туралы баспасөз конференциясы өтті.

2017 жылы бағдарлама аясында Сыр өңірінде 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 79 жоба жүзеге асырылды.

Бүгінде Қызылорда қаласының сол жағалауы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Жаңа қалада 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайта беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық атқару комитетінің бұрынғы ғимараты архивтегі сызбалар бойынша қайта салынды. Онда Рухани жаңғыру орталығы орналасады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» кафедрасы ашылып, «Мәңгілік Ел және ұлттық дәстүр» және «Өркениеттің негіздері» атты арнайы пәндер енгізілді.

Бұдан бөлек, орта арнаулы білім беру ұйымдарына арналған қазақ тіліндегі «Өлкетану» оқулығы әзірленуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 25 млн. теңге қаржы бөлінді. Оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, баспаға жіберілді.

«Дарын» қосымша білім беру орталығының жанынан дарияның сол жағалауындағы жаңа қаладан физика-математика мектеп-интернатын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда қажетті қаражаты мен құрылысына байланысты ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Облыста киелі жерлердің тізімі бекітілді. «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облысынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12, өңірлік киелі нысандар тізіміне 35 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілді. Интерактивті карта республикалық және жергілікті маңызы бар 150  ескерткішті қамтитын болады.

Сондай-ақ, олардың ішінде Қазақ хандығының алғашқы астанасы – Сығанақ қаласы мен өңірдегі 6 киелі орын - Жанкент, Сортөбе, Жент, Шірік-Рабат қалашықтары, Кердері кесенесі. Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің 3 D-картасы 2018 жылдың 1 қарашасына дейін жасақталады.

Бірінші кезекте ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі және республикалық, жергілікті маңызы бар 9 ескерткіш еңгізілетін болады. Олар: Қорқыт Ата кешені, Ортағасырлық Жент қалашығы, Ежелгі Шірік-Рабат қалашығы, Ортағасырлық Сығанақ қалашығы, Кескенкүйік қалашығы, Жетіасар мәдениеті ескерткіштері, Бәбіш Молла қалашығы, Ортағасырлық Жанкент қалашығы, Сауысқандық петроглифтері.

Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата мемориалдық кешені мен өткен жылы кешен жанынан ашылған  этноауыл отандық және шетелдік туристерді ерекше қызықтыратын нысан. Естеріңізге сала кетейік, түркі әлемінің абызына арналған бұл кешен 1980 жылдары бой көтерген. Елбасының тапсырмасына сәйкес 2014 жылы нысан қайта жаңғыртудан өткізіліп, жанынан зиярат ету орталығы ашылды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомагистрелінің бойында орналасқан кешенге келуші туристер қатары көп, әсіресе «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде кесенені көруге ниеттілер саны артты.

Аймақта халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу дәстүрге айналды. 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2017 жылы фестивальге Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Тува, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Англия, Түркия, Қытай және Қазақстанның зерттеуші ғалымдар, өнерпаздар қатысты.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында  «Қасиетті Қазақстан және археология» залы ашылып, аймақтағы 12 музейдің экспозициялары жаңаланды.

Сондай-ақ, биыл Қызылордада аймақтың тарихы, мәдениеті және экономикалық жетістіктерінен сыр шертетін фотоальбом түріндегі кітап жарық көреді. Жинаққа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған фотодеректер  енгізілмек.

Жыраулар мектебін заманауи деңгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта «Қазақ дәстүрлі өнер академиясын» ашуды жоспарлануда.

Ал, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Респбуликасындағы Елшілігі биылғы жылдың 25 мамыры мен 3 маусымы аралығында Қызылордада «Шахнама» атты ирандық көрмені өткізбек.

Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып, рухани жаңғыру аясында қоғамда даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту мақсатында «Сотсыз татуласу орталығын» Қызылордада құру туралы пилоттық жоба іске асырылуда.

Айта кету керек, аймақта «Туған жерге тағзым» жобасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Өткен жылы кәсіпорындар мен жергілікті әкімдік арасында өзара әріптестік туралы меморандумдар жасалды.

Нәтижесінде 2017 жылы меценаттар есебінен өңірімізде білім, мәдениет ұйымдарының ғимараттарын қайта жаңғыртуға, балаларға ойын алаңдарын салып, аллеялар мен скверлер ашуға 6 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН БІРЕГЕЙ ФОТОДЕРЕКТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 14:24

Сыр даласының терең тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістігі қамтылатын фотоальбомды кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын жарияланбаған фотодеректер енгізілмек. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Альбом үш тілде шығарылады - қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

«Осы жылы өңіріміздің терең тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістігі қамтылатын фотоальбом негізінде жасақталған кітап жарық көреді. Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған фотодеректер енгізілмек»,- деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің телеатласы және аймақ тарихының электрондық оқулығы жарық көреді. Осында өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлардың ерлігі туралы аңыз-әңгімелер мен жыраулардың қанатты сөздері туралы бейнематериалдар әзірленеді.

Сондай-ақ, еңбек адамының шынайы бейнесі көрсетілетін «Сырым менің сырласым» және ғарыш саласының дамуы туралы «Байқоңыр және космос» кітабын әзірлеу жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СОТТАН ТЫС ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 14:22

Соттан тыс татуласу орталығын құру үшін Сыр өңірі пилоттық аймақ ретінде таңдалып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда Қызылорда облысының тәжірибесі бүкіл республикада еңгізілмек.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынып отыр және оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленді. Жақсы тәжірибеміз де аз емес. Соның бірі Н.Ілиясов ауылы қоғамдық кеңесінің құрамындағы ардагер ақсақалдары қолға алған қызметті атап айтуға болады. Мұндай тәжірибені кеңінен қолдану қажет», - деді аймақ басшысы.

Орталықта медиатор, психолог, дау-жанжалдарды шешетін мамандар және өзге де қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Мұнда тараптар өз қалауымен келісімге келе алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА 1925 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ҒИМАРАТЫ ҚАЙТА САЛЫНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.05.2018 14:22

Сырдарияның сол жағалауында бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша құрылысы қайта салынды, бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Ғимарат ішінде Рухани жаңғыру орталығы мен мұражай орналасатын болады. Нысанның құрылысы толық аяқталды, жақын күнде орталық пайдалануға берілетін болады.

«Сырдарияның сол жағалауында бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша рухани жаңғыру орталығының құрылысы қайта салынды. Онда 1925 жылы этносты «Қазақтар» деп атау туралы тарихи шешім қабылданған болатын. Жаңа ғимаратта рухани жаңғыру орталығы мен мұражай орналастырылады», - деді аймақ басшысы.

Одан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында Жастар ресурстық орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап өтейік, бүгінде облыста ауылдық жердегі жастармен жұмыс істейтін 9 жастар ресурстық орталық жұмыс істейді. Мәселен, орталықтарда шет тілдері мен шешендік шеберлік курстары ұйымдастырылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары