Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 28 Мамыр 2018

КЕНЕНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҚОРАҢЫЗДЫ ТЕГІН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАҢЫЗ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2018 09:59

Биыл өңірімізде 139 елді мекен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қолайсыз деп танылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Соңғы жылдары конго-қырым геморрагиялық қызбасының энзоотиялық ошақтарының таралу аймағының өзгеруі байқалуда. Бұрын Шиелі, Жаңақорғанда тіркелсе, соңғы 2 жылда Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарында кенелердің жұқпалылық деңгейінің артуы байқалады», - деді Әлия Мүтәліпқызы.

Сонымен қатар, өткен жылы кене шағу жағдайымен 565 адам медициналық көмекке жүгінсе, биыл 428 тұрғынға көмек көрсетілген. Яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,2 пайызға төмендеген.

Баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, бүгінде елді мекендердегі тұрғындар арасында кенеден сақтану, аурудың алдын алу мақсатындағы санитарлық тазалау жұмыстары пәрменді жүргізілуде. Санитарлық тазалау қызметі барлық ауылдарды аралап жүр. Сол қызмет түрін тұрғындар қорықпай пайдаланып, мал қора мен тауық кепелеріне дезинфекция жасатып алуы керек. Ең бастысы бұл қызмет тегін көрсетіледі. Бұған тұрғындардың өздері де ынталы болуы қажет деді.

Айта кету керек, аудандардағы санитарлық тазалау жұмыстары 25 маусымға дейін жүргізіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


ЖАЛАҒАШТА 100 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙЛЕРІН ОРЫНДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2018 09:29

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кеше Жалағаш кентінде «Домбыра – думан» атты домбырашылар шеруі өтті. Ол әуез мектебі мұғалімдері, оқушылары, этно топ домбырашылары, «Мұрагер» домбырашылар ансамблінен құралған 100 күйшінің қатысуымен өткізілді. Өңірдің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығы мен тарихи ізгі қадамдарын жұртшылыққа насихаттау бағытындағы айтулы шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дамыту, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі бұл шараның маңызы зор екендігіне тоқталды. Шара барысында домбырашылар «Ерке сылқым», «Көрұғлы», «Күрішшілер биі», «Машботой», «Әлқисса», «Сал күрең», «Нар ағаш» туындыларын жекелей орындаса, Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 100 домбырашы бір мезетте орындап, домбыраның күмбірлеген үні көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


277 шиелілік азамат «Бизнес-кеңесші» курсын оқып, 148-і кәсібін ашты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.05.2018 09:14

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиал директоры Рысбай Нысанханов айтты.

«2017 жылы 223 шиелілік азамат «Бизнес-кеңесші» курсы бойынша білімін жетілдірді. Нәтижесінде 131 азаматтың жобасына барлығы 187 млн. 700 мың теңге несие берілді. 2018 жылы ауданда «Бизнес-кеңесшіні» оқығандардың саны - 208 азамат. Оның ішінде 154-і - облыстық әкімдік тарапынан жарияланған инновациялық жобаларға арналған конкурстарға қатысушылар. Қалған 54 азаматтың 17-сі жобалары үшін мемлекеттен 74,5 млн. теңге несие алып, кәсібін жүргізуде», - дейді филиал директоры.

«Бизнес-кеңесшіні» оқып, кәсібін ашқан азаматтардың бірі - шиелілік жас кәсіпкер Әзиз Әбек. Әзиз - небары 22 жаста. Ол өз кәсібін осыдан 2 жыл бұрын бастады. Жастайынан еңбекке баулыған әке тәрбиесі зая кетпеді. Колледжді бітірген соң өз кәсібін қолға алуды ойластырған Әзиз бірден еуропалық үлгідегі темір-бетон өнімдерін шығарумен айналысуды бастап кетеді. Бірте-бірте өнімнің түрлерін көбейтіп, брусчатка, шлакоблок және өзге де аулаларды безендіруге арналған сәнді тас бұйымдарын шығарады.

Ойы ұшқыр жас жігіт енді ертегі кейіпкерлерін құйып шығарып, сол арқылы балабақшадағы бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйлағысы келеді. Осылайша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барып кеңес алады, екі күндік «Бизнес-кеңесші» курсын оқиды. Өзінің кәсіпкерлік саласындағы білімін жетілдіріп, 2 млн. теңге несие алуға қол жеткізеді.

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 2 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, темір-бетон бұйымдарын өндіріп жатырмын. Болашақта көгалдандырумен айналысқым келеді», - дейді жас кәсіпкер Әзиз Әбек.

Бүгінде кәсіпкер бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның еуропалық үлгіде дайындаған темір-бетон өнімдеріне сұраныс жоғары. Кәсіпкер көбіне тапсырыспен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта түрлі ертегі кейіпкерлерін арнайы қалыпқа салып, гипстен құйып шығаруды бастап та кетті. Одан бөлек, гүл егетін вазаларды да құйып шығарады. Әзиздің басты арманы - өзі тұратын Шиелі кентін гүлдендіру.

«Ауылға қонақтар келгенде кіреберіс жап-жасыл болып, түрлі көз қызығар мүсіндер тұрса», - дейді Әзиз. Сондықтан жас кәсіпкердің ендігі мақсаты - мүсін дайындаумен айналысу.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары