Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 29 Мамыр 2018

Қандай мамандықтарға сұраныс бар? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.05.2018 09:36

29 мамырда Астана қаласының Оқушылар сарайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев цифрландыру кезеңінде маңызды, әрі сұранысқа ие мамандықтарды таңдау мәселесін 9-11 сынып оқушыларына, олардың ата-аналарына және ұстаздарға түсіндіріп берді. Кездесуге спикер ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Н.Оспанова және Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұрова қатысты.

Вице-министр Н.Әлтаев оқушылар мен түлектердің назарын еңбек нарығына әсер ететін негізгі әлемдік трендтерге аударды: цифрландыру және жаңа технологияны енгізу, демографияның және бизнес орталықтың өзгеруі.

Ендігі кезекте, жаңа технология болашақта мамандарды және маманға қойылатын талапты түбегейлі өзгертеді. Бағалау бойынша, өндірістік үдерістің шамамен үштен бір бөлігі 2035 жылы автоматтандырылатын болады. Сондай-ақ, 2035 жылға дейін туризм, білім, көтерме, бөлшектелген сауда, көлік және логистика және тағы басқа салаларда 932 мың жаңа жұмыс орындары құрылады.

Сонымен бірге, өңдеу және тау-кен өндірісі, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 441 мың жұмыс күші босап қалуы күтілуде.

Ауыл шаруашылығындағы автоматтандыру және жаңа технологиялар осы саладағы жұмыс күшін азайтуға әсерін тигізеді.

Вице-министрдің айтуынша, жұмыспен қамту саласының басым бөлігі цифрландырылады. Олар өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, құрылыс салалары болады.

Осыған орай, Министрлік жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бағалауы бойынша 2022 жылға дейін экономикада ақпаратты дайындау жөніндегі қызметшілер, құжаттарды рәсімдеу, тіркеу, қызмет көрсету саласы аса қажеттілік танытады.

Олардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 11%-дан аса артпақ.

Сондай-ақ, орташа деңгейдегі мамандар да талап етілетін болады, оның ішінде мәселен, мынадай мамандар: дәнекерлеуші, ветеринарлар, краншы, мамандар-жөндеушілер, осы мамандықтар 2022 жылы 9,4%-ға арттырылады, сонымен қатар, сандық үлесі 8,1%-ға арттырылатын жоғары деңгейдегі мамандар. Маркетологтар, өткізу бойынша, қызмет көрсету, инженерлер және техника саласындағы кез келген маман иелері талап етілетін болады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылар күші аз талап етілетін болады. Автоматтандыру және жаңа технология осы саладағы жұмыс күшіне деген талапты азайтады.

Кездесу соңында вице-министр дербес оқудың маңыздылығын атап өтті: «Жаңа әлемде бұл - негізгі таптырмас қасиет. Оқу мен ізденіске талпынған әрбір адам қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерді тез игере алады. Бұрынғы уақытта бұл қасиеттер тек кәсіпкерлер, бизнесмендердің бойынан табылатын еді.  Ал, қазіргі таңда еңбек нарығында әрбір адам бизнесмен ретінде өз стратегиясын ойлай алуы қажет. Жаңа уақыт- жаңа талапты, ынтаны қажет етеді».

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары