Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 31 Мамыр 2018

Додагер драматург PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2018 11:55

Бәрі де “Бөлтіріктен” басталды. Иә, ең алғаш Қалтай Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” пьесасын академиялық драма театры спектакль етіп қойды. Бұл 1959 жыл еді. Ол кездегі идеология мұндай спектакльге дүрбімен қарайтын. “Мүлде жат дүние”, “Қоғамға қарсы”, “Мемлекеттік жүйеге қарсы”, “Заманды мазақ қылады” тағысын тағы толып жатқан лайықсыз сылтаулар. Есесіне көрермен мәз. Мұндай шыншыл, мұндай қызық, мұндай күлкі көптен бері көрінбей кеткен. Көрермен тілегі таусылар емес. Театрда аншлаг...

Бұл жолы да “Бөлтіріктен” басталды. Иә, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, драматург, аудармашы Қалтай Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған “Қаламы қарымды Қалтай” атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауы да “Бөлтірік бөрік астында” атты комедиямен басталды. Театрда аншлаг емес...

Қ.Мұхамеджановтың шығармашылығын насихаттау, тақырыптық спектакьлдердің заманауи сахналау ерекшеліктерін саралау, өнер ұжымдарының шығармашылық байланысын арттыру және өзара тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан шара 2 күнге созылды. Байқауға қатысқан облыс көлеміндегі 11 халық театры және 1 драма ұжымы додагер драматургтың шығармаларын сахналап, халықтың қошеметіне ие болды. Байқауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері, сценарист, режиссер Оңталап Нұрмаханов бастаған бірқатар өнер майталмандары қазылық етті.

Сонымен, Сырдария аудандық мәдениет үйінің халық театры байқауды “Бөлтірік бөрік астында” комедиясымен ашып берді. Әрине, бірінші болып бастау оңай емес. Дей тұрғанымен, аудандық ұжым қойылымды жоғары деңгейде алып шыққандай көрінді. Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіндегі санаулы адамның сыртқы кейіпіне қарап түйгеніміз сол болды. Қойылымның мазмұнына, өткірлігіне ертеректе де, қазір де ешқандай сын жоқ. Қазіргі таңда оның сахналануына да ешқандай кедергі, тосқауыл жоқ. Бұл да болса замана көшінің түзелгені, өнерге, мәдениетке жасалған жанашырлық шығар. Ал, дәл осы бір спектакльге осыдан 60 жыл бұрын қалай қарсы болғанын айтсаңызшы...

“Қалтайдың басына қара бұлт үйіріле бастады. Оның жазығы – ыс басқан қара күйе, тынысы тар үйдің төбесін тесіп, көкпеңбек ашық аспанның қисығын көрсеткені еді. Оның айыбы – қаңсыған қапырықта тау самалын қаламының ұшымен жетектеп әкеліп, көрерменнің тынысын кеңейтпек болғаны еді” деп жазады жазушы Шерхан Мұртаза “Тау басындағы Тасжарған” атты Қалтай Мұхемеджанов туралы жазған өз естелігінде.

Газеттердегі пікірлер бір-біріне кереғар. Біреуі жаңа леп, тың дүние, қадамы құтты болсын десе, біреулер бұл барып тұрған жүгенсіздік, жала, бәлеқор деп байбалам салады. Әлбетте, билеуші жүйе соңғы пікірді қолдай кетті. Иә, идеология оны кешірмейді. Осы орайда, “Қалағаңды кім қорғады?, Оны бұл тығырықтан кім алып шықты?” деген сауалдарға жауап бере кеткен де жөн шығар. Бірде жазушы Мұхтар Әуезов театрға барады. Жалғыз емес, сол кездегі Компартия Орталық Комитетінің екінші хатшысы Фазыл Кәріпжановты қасына ерткен. Қойылымды рақаттана күліп тамашалаған хатшы жасын сүртіп тұрып, Қалтайға:

- Бұл өзі жастар туралы екен. Енді біз сияқты шалдар туралы да жазсаңшы, - депті.

Мұхтар Әуезовке де керегі сол еді. Көп ұзамай “Бұл күлкіге дән ризамыз” атты мақаласын жариялады. Айтса – аузы дуалы айтсын. Осыдан соң ақсақал-көксақал әдебиетші, драматург, сыншылардың өзі де айылдарын жиып, ауыздарын бағып сөйлейтін болыпты. Сол уақытта Қалтай Мұхамеджановты жазушы Ғабит Мүсірепов та қатты қолдаған екен.

Ал, Қалтай Мұхамеджанов пьесаларының ішіндегі бояу-реңкі өзгешесі – Шыңғыс Айтматовпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” атты шығармасы. Оны шетелдіктер “Фудзияма басында” деп аударды. Бұл шығарма алыс-жақын шетелдің көпшілігінде сахналанды. Тіпті, мұхиттың арғы жағындағы елдер де өз тілдеріне аударып, театрларында төбе көрсетіпті. Бірақ, байқауға қатысқан облыстық мәдени ұжымдар бұл шығарманы қойғанды жөн деп таппапты. Есесіне, “Біз періште емеспіз”, “Осылай да кездесу болады”, “Менің дертім” драмаларын, “Өзіме де сол керек”, “Құдағи келіпті”, “Қуырдақ дайын” секілді комедиялық жанрдағы шығармаларын көрермен назарына ұсынды.

Осылайша, “Өркениетті елдерде адамның басы мен ісіне қарайды, Біздің елде адамның шашы мен тісіне қарайды” деп заман шындығын әзіл-әжуамен кестелеген қалжың сөздің шебері Қалағаңның 90 жылдығына арналған тағы бір іс-шара өз мәресіне жетті. Мен де араға күн салмастан дәстүрден жаңылмай Арбат көшесінің бойындағы “Жазушылар композициясына” ат басын бұрдым. Мұнда жазушы, ақын Зейнолла Шүкіров, ақын Әбділдә Тәжібаев және жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың ескерткіштері орнатылған. Қазақтың үш алыбына сәлем бере барып, Қалағаңның ризашылығын алып қайтқандаймын...

 

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – Арал ауданы, Аманөткел ауылдық мәдениет үйінің халық театры (300 мың теңге);

ІІ орын – Арал ауданы, Қызылжар ауылдық мәдениет үйінің халық театры (150 мың теңге);

ІІІ орын – Сырдария аудандық мәдениет үйінің халық театры (70 мың теңге);

ІІІ орын – Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің халық театры (70 мың теңге);

ІІІ орын – Арал аудандық мәдениет үйінің халық театры (70 мың теңге).

Арнайы номинациялар бойынша:

“Үздік режиссерлік шешім” – Ролан Бақтыбаев (Жаңақорған ауданы);

“Үздік сценографиялық шешім” – Бақыт Шманов (Арал ауданы, Аманөткел ауылы);

“Үздік әйел бейнесі” – Рахия Әбдікәрімова (Сырдария ауданы);

“Үздік ер бейнесі” – Тоқтар Әжмұрат (Жаңақорған ауданы);

“Үздік эпизодтық роль” – Рыскүл Ұлықпанова (Жаңақорған ауданы, Арман кенттік мәдениет үйі);

“Үздік музыкамен көркемдеуші” – Мағжан Темалашов (Арал ауданы, Қызылжар ауылы);

“Үздік костюм дизайнері” – Дана Жоламанова (Арал аудандық мәдениет үйі).

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Қызылордада менингококты инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2018 09:50

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында менингококты инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Аталмыш басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, 1991 жылы туылған ер азамат 31 мамырда аудандық ауруханаға жатқызылған. Аталған жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан штаб құрылып, жұмысын бастады. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жəне қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Жаңақорған ауданында жұмыс жүргізуде. Ошақтағы эпидемияға қарсы жəне алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 11 азамат анықталып, бақылауға алынды. Аудандық аурухана қызметкерлері тарапынан үй аралау арқылы аталған сырқатқа күдіктілерді анықтау жəне ақпараттандыру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы бұйрығымен менингококты инфекцияның алдын алу жəне ерте анықтау шаралары облыс көлемінде ұйымдастырылуда.

Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа жəне тамшы арқылы таралады. Сондықтан, жеке бас гигиенасын сақтау, халық көп шоғырланған ортадан сақтану, бетперде қолдану өте маңызды. Сақтанудың тиімді жолдарының бірі - вакцинация. Алдағы уақытта N6 қалалық емханада егу жұмысы ұйымдастырылады.

 


ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ТҮРКИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2018 09:44

Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары Түркия мемлекетінде түркі тілдес халықтарының өнер фестиваліне қатысады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен шара 1-10 маусым аралығында Кастамону, Анкара, Ақсарай, Болу қалаларында өтеді.

Тұрмағанбет атындағы оркестрдің концерттік бағдарламасы көрермендерге түрлі жанрдағы шығармаларды ұсынады. Оркестр музыканттары қазақ халқының әндері, Әлшекей, Құрманғазы, Қорқыттың күйлері және әлемдік, қазақстандық композиторлардың шығармалары мен Сыр термелерін орындайды.

Сонымен қатар, оркестрмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өнерпаздары да өнер көрсетеді.

«Алыс және жақын шетелдердің сахнасында өнер көрсету арқылы Сыр елінің орындаушылары ұлттық өнердің дамуына және насихатталуына өз үлесін қосып келеді», - деп атап өтті облыстық филормония жетекшісі Талғат Мақашов.

Айта кету керек, Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрі Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында 2007 жылы Қызылорда облыстық филармониясы жанынан құрылды.

Бүгінде оркестр құрамында 45 музыкант бар. Ұжыммен тәжірибелі 2 дирижер, оркестрдің жетешісі Кеулімжай Ботабаев және Күлдары Избанова жұмыс істейді. Көркемдік жетекшісі – Самат Абылаев.

Оркестр репертуарында 300-ге жуық қазақ ұлттық әндері, күйлері, Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Досжан Төлеген, Қазақстан және жергілікті композиторлардың шығармалары қамтылған.

Ұжым орындауында классикалық музыка, сондай-ақ, орыс, кәріс, ұйғыр, әзербайжан және тәжік әуендері бар.

Оркестр өзінің ерекше орындаушылығы арқасында үлкен қошеметке ие болған. Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов және т.б. концерттері оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Солақай саясат кесірінен жапа шеккен жандарды еске алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2018 09:34

Кеше 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиын «Халқымен қайта қауышқан есімдер» ескерткіш басына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою, құран бағыштау рәсімінен басталды. Жиын барысында жиылған қауым озбыр, солақай саясаттың кесірінен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыз жапа шегіп, аштық көрген ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

- Түрлі зобалаңды басынан кешірген қазақ елі үшін 31 мамыр – ең ауыр ұлттық қайғы күні ...Мына алдарыңыздағы құлпытасқа есімдері жазылған адал да абзал азаматтар сол бір солақай саясаттың құрбаны болғандар. Біз ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды деп өскен ұрпақпыз. Жазықсыз жазаланған ата-ағалар есімі мәңгі жасайды, - деді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу жиынының алғашқы сөзінде.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, сұрапыл жылдарда жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, өзге ұлт өкілдері де сөз алып, қасіретті жылдардың қайталанбай, әлемде баянды бейбітшілік орнап, еліміздің босағасының берік болуына тілектестіктерін білдірді.

Шара соңы аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі «Реквием сағатына» ұласты.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ІСКЕР ӘЙЕЛ–КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2018 09:27

Қазақстандағы шағын бизнес кәсіпорындарының 60 пайыздан астамын әйелдер басқарады. Ал Қызылорда облысында жыл басынан бері Өңірлік инвестициялық орталық арқылы қаржыландырылған 258 жобаның 112-сі кәсіпкер қыз-келіншектердің бастамасымен қолға алынған болатын. Ол туралы облыстық іскер әйел–кәсіпкерлер форумында облыс әкімі Қ.Көшербаев хабарлады.

Форум жұмысына өңірлік қаржы институттары мен мемлкеттік орган басшылары, сондай-ақ, 40-қа жуық кәсіпкер қыз-келіншектер қатысып, аймақтық іскер ханымдарының бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев форумға қатысушыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі және Сыр өңіріндегі шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы баяндап берді.

«Қазіргі таңда рсепублика бойынша кәсіпкер қыз-келіншектердің үлесі 50 пайыздан астам. Мұндай жоғары көрсеткіштер әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы әлеуетінің тағы бір дәлелі. Шағын бизнес кәсіпорындарының 60 пайыздан астамын әйелдер басқарып отыр. Оның ішінде басым көпшілігі қызмет көрсету саласы: ателье, сулулық салондары, дүкендер, денсаулық сақтау, азық-түлік және туризм салалары. Жыл басынан бері облысымызда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы микронесие беру мақсатында 1 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 258 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Оның 112 пайызы іскер әйел – кәсіпкерлерге тиесілі», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, форумда Сыр өңірінде танымал іскер қыз-келіншектер: «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС бас директоры Рая Удербаева, «Мой доктор» клиникасының басшысы Ләззат Өмірзақова, «Қолөнер» этномәдени орталығының құрылтайшысы Аида Керімқұлова және т.б. баяндама жасады,

Іс-шара барысында белсенді кәсіпкер қыз-келіншектер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, «Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында Сыр өңірінде шағын несиелендіруге республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қарастырылған, оның 1,8 млрд. теңгесі ауылдық жерлерде, 89,49 млн. теңге – облыс орталығында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында. Қаражат «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ орналастырылды.

Одан бөлек, 263,253 млн. теңге микронесиелерді субсидияландыру үшін бөлінді. Облыстық бюджеттен осы бағдарлама аясында 1 млрд. теңге бөлініп, қаржы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығында орналастырылды.

Сондай-ақ, облыста «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 1600 адамды оқыту жоспарланған. Сәуір айында алғашқы 327 адам оқуын бастап кетті. Одан бөлек 800-ге жуығы «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында курсты бітіріп, бүгінгі күні 333 адам білім алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2018 17:44

2018 жылғы 28 мамыр күні Қызылорда қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе жинаған тұлғалар мен ғалым-оқытушылар, мемлекеттік органдардың басшылары мен заңгер мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, азаматтық қоғам, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов конференция жұмысын ашық деп жариялап, Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттар мен міндеттерді айқындаған заңнамалардың тарихына тоқталып өтті.

Конференцияның алғы сөзінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жетекші партияның рөлі ерекше екендігін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов «Рухани жаңғыру аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында хабарлама жасады.

Медицина саласының ардагері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Маханов конференцияның тақырыбына сәйкес пікірін білдірсе, «Болашақ» университетінің оқытушысы Ы.Дулатов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» кафедрасының аға оқытушысы А.Муйденова «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жетілдірілуі» тақырыбында баяндамалар жасалды.

Конференция соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.

Департаменттің баспасөз қызметі

 


«Жаңа заң кәсіпкерліктің дамуына жол ашары сөзсіз» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2018 17:38

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Ғалым Едігеев айтты.

Ғалым Едігеев Мемлекет басшысы қол қойған кәсіпкерлік қызметке қатысты Заң кәсіпкерлерге көрсетілген өлшеусіз қолдау екендігін жеткізді.

«Жаңа қабылданған Заң кәсіпкерлер үшін тексерулер мен айыппұлдардың орнына профилактикалық бақылау енгізуімен де құнды. Осы кезге дейін бизнес өкілдерін тексеру, айыппұлдар салу шаралары бизнес өкілдеріне қиындықтар тудырып келді. Әрине, заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайды. Дегенмен, жаңа Заңда көрсетілген профилактикалық бақылау мәселені шешудің оңтайлы жолы деп санаймын. Кәсіпкер әкімшілік жазалауға тартылмай, анықталған кемшіліктер бойынша берілген нұсқама арқылы дер кезінде шара қабылдай алады», - дейді директордың орынбасары.

Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі жаңа Заңдағы және бір артықшылық ретінде кәсіпкерлерге келетін жоспардан тыс тексеру мерзімінің қысқартылғандығын айтты. Нәтижесінде кәсіпкерлер бизнесін жүргізуде уақыт жоғалтпайтын болады.

Айта кету керек, 24 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария түрде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңға қол қою барысында Елбасы: «Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізіліп отыр. Осы өзгерістердің бәрінің діттеген мақсаты бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келіп отыр. Қазіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту және жұртшылықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану аса маңызды», - деп құжаттың маңыздылығын атап көрсетті.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


«Азаматтарға арналған үкімет» құрылымының басты трендтері –цифрландыру, бизнес үдерістерді оңтайландыру және трансформация PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2018 17:14

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев осылай деді.

Онда филиал директоры жыл басынан қосылған жаңа қызметтер мен пилоттық жобалар, азаматтарды биометрикалық мәліметтеріне қарап анықтау, жеке мәліметтерді қорғау, әлеуметтік төлемдер саласындағы жаңа реформалар, сонымен қатар «Цифрлық сауаттылық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан іс шаралар барысымен таныстырды.

Қазіргі таңда 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткізілген. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2018 жылдың 4 айы ішінде мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы 446 890 мемлекеттік қызмет көрсетіп отыр. Оның 58,2 пайызы электронды түрде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қайта ұйымдастыруды (реорганизация) сәтті аяқтады. Мемлекеттік корпорацияның миссиясы – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Қайта ұйымдастырудың күрделілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ешқандай іркіліссіз жұмыс істеуіне, қызмет сапасын арттыруға нақты іс-шаралар атқарылуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» ары қарай дамудың басты трендтері – бұл цифрландыру, бизнес үдерістерді оңтайландыру және трансформация», - деп атап өтті Айдын Бөкенбайұлы.

Филиал директорының айтуынша, Қызылорда облысы бойынша 71 470 зейнет жасындағы азаматтар бар. Қазіргі таңда қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде, енді осы азаматтарға 1 шілдеден бастап көбейтілген базалық зейнетақы төленеді. Мысалы, еңбек өтілі 10 жылға дейін болса, 15274 теңге, 20 жыл болса,- 20931 теңге қосылады, яғни зейнетақысына 5657 теңге, ал жұмыс өтілі 33 жыл болса - 28284 теңге, қазіргі алып жүрген зейнетақысына 13010 теңге қосылады.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап 18 жастан асқан бала кезден 1 топ мүгедектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарына немесе қамқоршыларына 29699 теңге жәрдемақы төленетін болады.

«Жәрдемақы облыс бойынша 574 алушыға төленетін болады. Айта кету керек, бұған дейін бұл жәрдемақыны тек 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-ана алып келген болатын. Мемлекет тарапынан әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жан-жақты жағдай жасалуда. Бұл жаңашылдық та халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған игі шара екені сөзсіз», - деді А.Қайруллаев.

Сонымен қатар, енді автокөлігін тіркеуге келген азамат мамандандарылыған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез келген нөмірді, нақтырақ айтқанда, саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды. Аталмыш қызметтің бағасы небәрі 6734 теңгені құрайды. Ал, «вип» нөмерлерге мұндай жеңілдік жоқ. Жыл басынан бері жалпы құны 5 897 060 теңгеге 34 ВИП нөмір сатылған.

«Аймақта халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту шаралары жалғасуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленді. Биыл маусым-тамыз аралығында біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып облыс бойынша жалпы 50 мың адамды қысқа мерзімді курстармен қамту жоспарланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 20 мың қызылордалықтың цифрлық сауаттылығын арттыру көзделген.

Қазіргі таңда мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал мамандарының қатысуымен қысқа мерзімді курстар адам көп шоғырланатын орындарда өтіп жатыр. Осы күнге дейін 11 мың қызылордалық цифрлық білімін жетілдіріп, тиісті мағлұматтар алды», - деді Айдын Бөкенбайұлы.

Айта кетейік, бүгінде 87 қызметті оңтайландыру және түрлі мемлекеттік органдардағы 531 қызметті жеңілдету шешімі қабылданды. 200-ден аса қызмет электронды түрде электронды үкімет порталында көрсетілсе, 33 қызмет 14 композиттік қызметке бірігіп, ал 12-сі проактивті форматқа көшетін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2018 17:05

Қала әкімінің өкімімен 2018 жылдың 30 мамырынан бастап қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне Қарабаев Ғалымжан Мырзахметұлы тағайындалды.

Ғалымжан Мырзахметұлы 1980 жылдың 7 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

Еңбек жолын 2005 жылы қалалық жер кадастрлық филиалының технигі қызметінен бастаған;

2006 - 2007 жылдары «Жер ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық меншіктегі кәсіпорны Қызылорда филиалының ІІ-санаттағы инженері, «Қызылорда жер» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының кадастрлық іс-жасақтау бөлімінің жетекшісі;

2007 - 2009 жылдары «Қызылордажер-2» ЖШС директоры;

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

 


Қала бойынша суға шомылуға қауіпті орындар ТІЗІМІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.05.2018 16:16

Суға шомылуға қауіпті орындар

Қарасты кент және ауылдық округ әкімдіктері

Қызылорда қаласының шығыс жақ «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының Сырдария өзеніндегі көпір тұсында

Тасбөгет кенті

КОПЭС саяжайы маңындағы Сырдария өзені жағалауында

Тасбөгет кенті

«Шіркейлі» көпірі тұсында

Ақсуат а/о

«Наурыз» саяжайының Шіркейлі каналының қауіпті учаскелерінде

Ақсуат а/о

«Сабалақ» саяжайындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолындағы 1-ші көпір тұсына

Тасбөгет кенті

«Сабалақ» саяжайындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолындағы 2-ші көпір тұсына

Тасбөгет кенті

«Ягодка» саяжайында Сырдария өзенінің жағалауында 3-ші насос тұсына

Талсуат а/о

«Ягодка» саяжайында Сырдария өзенінің жағалауында 1-ші насос стансасы тұсында

Талсуат а/о

Өкпе аурулар ауруханасы тұсына, Сырдария өзенінің жағалауында

Қала

«Күрішмаш» мөлтек ауданы тұсына, Сырдария өзенінің жағалауында

Қала

«Мерей» мөлтек ауданы тұсына, Сырдария өзенінің жағалауында

Қала

Су тазалау стансасы (водозабор) тұсына

Қала

Мичурина көшесі тұсына

Қала

Набережная №1 үйінің тұсына

Қала

Бокс федерациясының кешені маңына

Қала

Халыққа қызмет көрсету оталығы тұсына

Қала

«Арай» мөлтек ауданы Сырдария өзенінің жағалауында

Қала

Жаңа көпір маңына

Қала

Тасбөгет кенті тұсына, Сырдария өзенінің жағалауында

Тасбөгет кенті

ПМК-29 саяжайлары тұсына, Сырдария өзенінің жағалауында

Қала

Сталин каналының бойында

Қала

«Астана» мөлтек ауданы тұсында

Қала

Оңтүстік жылу орталығы маңында

Қала

Белкөл мөлтек ауданы көне көпір тұсында

Белкөл кенті

«Шымкент-Самара» тасжолындағы көпір тұсында

Қала

Р1 каналының шлюздері маңында

Қала

«Байқадам» көпірінің тұсында

Қала

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары