Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 04 Маусым 2018

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2018 11:17

4-маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай аудан тұрғындарының арасында велошеру өтті. Шараның мақсаты мемлекеттік рәміздерімізді жастар мен жасөспірімде арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Велошеру Жосалы кенті орталығындағы «Қобыз» ескерткішінен бастау алып, Е.Көшербаев  және Қорқыт ата көшелерінің бойымен орталық алаңда қорытындыланды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2018 10:45

Кеше Жосалы кентінің орталық алаңында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай кең көлемді шара өтті. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев аудан тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» табыстады.

- Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз, - деді аудан әкімінің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде.

Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Боханов құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы белсенді партия мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік шарада аудандағы жас мемлекеттік қызметшілердің Отан алдында абыройлы да адал болуға, бар күш-жігерін салып халыққа қызмететуге ант беру рәсімі өтті. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты аудан көлемінде мерекелік шаралар сурет көрмелері мен конференциялармен жалғасын тапты.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өткізіліп, аудан өнерпаздарының  әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АМАНӨТКЕЛДІКТЕР АУЫЗСУ ЖЕЛІСІМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2018 09:14

Кеше Арал ауданына қарасты Аманөткел елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының аяқталып, іске қосылуына орай салтанатты шара өтті.

Аманөткелдік ағайынның қуанышын бөлісуге арнайы қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындарды бүгінгі қос қуанышпен құттықтап, мерейлі мереке аясында аудан орталығынан жаңа «Рәміздер алаңы» ашылғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, мұндай іргелі істер алдыңғы жылдары жалғасатындығын да жеткізді. Өз кезегінде сөз кезегін алған ауыл ақсақалдары да жұртшылық үшін аса маңызды мәселенің шешімін тауып, ел игілігі жолындағы жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, ақ тілектерін жолдады.

Иә, халық денсаулығының мықты болуы ең алдымен таза ауызсудың сапасына байланысты. Осы орайда, жұртшылықтың да талап-тілегі біреу, ол – ауызсудың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауызсу мәселесі Арал ауданында оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Айта кету керек, өткен жылы бастау алған жұмыстарды мердігер мекеме «РЗА» акционерлік қоғамы абыройлы атқарып, елді мекеннің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарын мереке қарсаңында толық аяқтаған. Жұмыс барысында жалпы елді мекен бойынша барлығы 33 шақырым магистральді желі жүргізіліп, су сорғы станциясы күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар, елді мекен бойынша 330 дана су есептегіш қондырғылары орнатылған. Мұндағы су мұнарасының сыйымдылығы 50 м3 құрайды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ТҮРКИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ АНШЛАГПЕН ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2018 17:42

Түркияның Кастамону қаласындағы түркі тілдес халықтарының өнер фестивалінде Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің концерті аншлагпен өтті. Концерттік бағдарламаны тамашалаған көпшілік қошеметін білдірді.

Концертте қазақ халқының әндері, Әлшекей, Құрманғазы, Қорқыттың күйлері және әлемдік, қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.

Сонымен қатар, оркестрмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өнерпаздары да өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен шара 1-10 маусым аралығында Түркия мемлекетінде өтуде. Фестиваль аясында оркестр ұжымы Анкара, Ақсарай және Болу қалаларында өнер көрсетеді.

Атап өту керек, Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрі Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында 2007 жылы Қызылорда облыстық филармониясы жанынан құрылды.

Бүгінде оркестр құрамында 45 музыкант бар. Ұжыммен тәжірибелі 2 дирижер, оркестрдің жетешісі Кеулімжай Ботабаев және Күлдары Избанова жұмыс жасайды. Көркемдік жетекшісі – Самат Абылаев.

Оркестр репертуарында 300-ге жуық қазақ ұлттық әндері, күйлері, Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Досжан Төлеген, Қазақстан және жергелікті композиторларының шығармалары қамтылған.

Ұжым орындауында классикалық музыка, сондай-ақ, орыс, кәріс, ұйғыр, әзербайжан және тәжік әуендері бар.

Оркестр өзінің ерекше орындаушылығы арқасында үлкен қошеметке ие болған. Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов және т.б. концерттері оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


АРАЛДА ЖАҢА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2018 14:37

Бүгінгі мерейлі мерекеде аралдықтар Тәуелсіздігіміздің басты нышаны саналатын Рәміздер алаңының ашылу салтанатына куә болды. Жалпы құны 174,670 млн теңгені құрайтын жоба арнайы 4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күні аясында пайдалануға берілді.

Жалпы аумағы 8000 м2 құрайтын «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн және биіктігі 20 метрлік қасиетті Мемлекеттік Ту орналастырылған. Жаңа нысанда көпшіліктің демалысы үшін бар жағдай жасалған.

Жаңа «Рәміздер алаңының» ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов және бірқатар қадірлі қонақтар арнайы қатысып, Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау шарасына куә болды.

Салтанатты шарада сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов «Өткен жылы Арал қаласынан «Рәміздер алаңын» салу және абаттандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілген болса, бүгінде өз мәресіне жетті. Мұнда, өздеріңіз байқап тұрғандай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан. Атап өту керек, биіктігі 20 метр болатын көк байрақ арнайы Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Осы орайда, Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының Елбасының тікелей назарында тұрған Арал ауданынан бой тіктеуі рухани жаңғырудың жарқын қадамдары деуге болады» деп, аудан жұртшылығына құттықтау лебізін жеткізді.

Одан әрі Рәміздер алаңындағы көк байрағымыз көкке көтеріліп, ел Әнұраны орындалды. Мұнан соң аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынып, тұрғындар қуанышын еселей түсті.

Шараға келген тұрғындар мен қала қонақтары рәміздердің көркіне ерекше ықыластарын білдіріп, әсем орнатылғандығына ризашылықтарын жеткізді. Әрі жастардың патриоттық тұрғыда тәрбиеленіп, отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруіне негіз болар дүние жасалғандығына, бой сергітіп, демалар орындар қатары көбейгендігіне қуанды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Бөгендегі берекелі бастама PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2018 13:59

Басына бақ қонып, береке дарыған Арал өңірі жыл санап көркейіп, кемелденіп келеді.

«Ел ішінде ғасыр кереметіне баланған САРАТС-1 жобасы аясында Сырдария өзені арқылы жететін су мөлшерінің көлемін тұрақты ұстап тұру үшін «Ақлақ» су тоспасы тұрғызылды. Жоба арқасында арнасы кепкен көлдерді суландыруға жол ашылды. Соның бірі ретінде ұзақ жылдар бойы кеуіп жатқан «Сарытерең» көлінің ұлтаны суға толғанын айта кету ләзім» деген Бөген ауылы азаматтарының жүрекжарды лебізі мұндағы жалпақ жұрттың  пікірімен үндескендей.

Бүгінгі әңгімемізге арқау болған оқиға теңіз перзенттерінің көңіліне шынайы қуаныш ұялатты. Жалпы, ел игілігіне жараған істің ірі-уағы болмайтыны тағы рас. Бөген ауылдық округі – Арал аудандағы балық шаруашылығын өркендеткен ауылдардың бірі. Мұндағы ынтымағы жарасқан ағайын теңіз тереңінен су маржанын сүзіп, балықтан нәпақасын ажыратуда.

Ауыл аумағында «Сарытерең» аталатын су айдыны орналасқан. Кезінде көлдің батыс биігіндегі кеме қатынайтын өзекке ұзындығы 4 шақырым, биіктігі 4,5 метр болатын дамбы соғылып, су айдыны қолдан жасалған деседі. Ескеретін нәрсе, Сырдария өзенінен құйылатын судың мөлшеріне қарай «Сарытерең» көлінің көлемі өзгеріп отырады. Ғасыр тоғысында айдын көлдің көлемі 1400 гектарға дейін ұлғайып, тұрғындардың балық аулауына жол ашылған болатын. Алайда кейін «Тұщы» көлі толмай тұрғандықтан, «Сарытерең» тартылып, көлдің ұлтаны тұзды сорға айналды. Соның кесірінен экологиялық ахуал төмендеп, соққан желмен ауаға ақ шаңдақ көтерілетін. Бұл елім, жерім дейтін азаматтардың орынды алаңдаушылығын туындатты. Осынау түйткілді түйінді шешу жөніндегі ауыл тұрғындарының ұсыныстары ел ағаларының назарынан қалыс қалмады. Міне, көптен күткен сәт жетті.

Мәселенің өзектілігі ескеріліп, "Тұщы" көлдеріне мелиорациялық жұмыстар жүргізу Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасына енгізілген болатын. Ағымдағы жылы осы жұмыстарға қаржы қаралып, тендер жеңімпаздары белгілі болды. Нәтижесінде "Тұщы-1" көліне, оған "Сырдария" өзенінен су алатын "Балғабай", "Стан" және "Бекетай" каналдарын күрделі жөндеу жұмысын "МФК-ТУРАН" ЖШС, "Тұщы-2" көліне "Сыр маржаны және К" ЖШС мелиорациялық жұмыстарды бастап жүргізуде. Бұл жұмыстар аяқталғанда, "Тұщы" көлдері өз мәнінде суландырылады. Су көлдер арқылы Бөген ауылының кіреберісіндегі шлюз арқылы "Сарытерең" көліне құяды. Бұл шаралар балық шаруашылығын дамытуға зор ықпал етумен қатар, ауылдың экологиялық ахуалы да жақсара түсетіні анық.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 


Туған жерін түлеткендер PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2018 12:22

«Әркімнің туған жері – өзіне жұмақ». Ауылдан түлеп ұшқан азаматтардың осынау қағиданы ту көтергенін көргенде, бойыңды мақтаныш сезімі кернейді. Тебірене түсіп, жомарт жүректі жайсаң жандардың ел үшін жасап жатқан игі істеріне ризашылық танытарың анық. Қашанда тарыққанға демеу, қиналғанға сүйеу болған теңіз төскейінде қайырымы мол шараға атсалысып жүрген абзал адамдар аз емес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ұстаныммен осынау азаматтардың атқарған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынсақ.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал қаласынан типтік жобадағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу, аудандағы шалғай орналасқан елді мекендерге арнайы техникалық автокөліктер алып беру, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу және Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 218 млн теңгеге ауданнан шыққан кәсіпкерлермен төрт бірдей меморандумға қол қойылғанын атап кетсек.

Сондай-ақ аталмыш бағдарламалық мақаланы ілгерілету мақсатында аудан көлеміндегі барлық білім беру мекемелерінде іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. «Туған жерге тағзым» атты акция аясында «Туған жерге тағзым – мектебіме тағзым» акциясының қарқынды жүргізілуі – соның нақты көрінісі. Акция барысында білім беру ұйымдарында түлектер базасын, демеушілік көрсетушілер стендісін дайындау, акцияға белсенді қатысушыларды марапаттау шаралары өткізілді. Мектеп түлектері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан акцияда мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен аз қамтылған балаларға қаржылай және басқа да көмектер жасап, жомарттық танытты.

Солардың кейбіріне тоқтала кетсек. Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейдің түлектері мектеп ғимаратының кіреберісіне қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізіп, проектор құрылғысын алып берді. Ал Қарақұм елді мекеніндегі №59 мектепке облыстық мәслихат депутаты А.Жұқашев 800 мың теңгеге музыкалық аппаратура алуға демеушілік жасады. Бөгендегі №20 мектептің түлектері мектеп атауын көркемдеп жаздыруға, сахналық киімдер алуға 51 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Олардан өзге азаматтар да қалыспады. Қамыстыбас елді мекеніндегі №21 мектепке түлектері ноутбук, Арал қаласындағы №220 мектепке Санира және Нұргүл Жанназаровалар, Р.Жанаев компьютер жабдығын сыйға тартып, Сазды елді мекеніндегі №60 мектепке облыстық мәслихат депутаты М.Жұмашев мектеп залын безендіруге демеушілік жасапты. Аманөткелдегі №73 мектеп түлектері Ж.Сарсенбаев, Т.Дәрменов кітапханаға кітаптар және мектеп түлектері бірлесіп кондицинер алып берсе, №177 мектептің бір кабинетін жөндеу жұмыстарына, №19 мектепке Т.Базарбаев мұражай бөлмесін жабдықтауға көмек жасаған.

- «Мектебіме тағзым» акциясы аясында білім ошақтарына басқа да түрлі демеушілік көмектер жасалды. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, - дейді ел азаматтары.

Іске сәт, қайырымды жандар!

Жұмабек  Табынбаев,

Арал  ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «КӨКНӘР-2018» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2018 12:18

Қызылорда облысында «Дельта-Сырдария» арнайы бөлінісі мен республикадағы үздік мамандар және озық арнайы техникалардың тартылуымен «Көкнәр-2018» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізілмек.

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыс әкімі Қ.Көшербаев ағымдағы жылдың 4 айында облысымызда есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 43 пайызға азайғанын (2017 жылдың 4 айында – 162, 2018 ж. – 93 оқиға) атап өтті. «Дегенмен, өңіріміздегі есірткі қылмысының таралу тенденциясы алаңдаушылық туғызады»,- деді аймақ басшысы.

«Есірткі айналымы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолдауынсыз мүмкін емес. Кейбір құқық қорғау органдардың қызметкерлері қылмыспен күресудің орнына өздері қылмыс жасап, есірткі заттарын тұтынуы ешкімге құпия емес. Мәселен, өткен жылы бірқатар құқық қорғау органдарының қызметкері қамауға алынды, бұдан әрі ондай «погон таққан құбыжықтар» аймағымыздың құқық қорғау органдарында болмау керек», - деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы ІІД бастығы Қайрат Мұхитов «Көкнәр-2018» іс-шарасына дайындық барысы туралы баяндап берді. Естеріңізге сала кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара ағымдағы жылдың маусым-қазан айларында республика бойынша «Дельта-Сырдария» арнайы бөлінісі мен есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының 2 жедел-іздестіру тобы, «Бүркіт» арнайы жасағы, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы, көші-қон полициясы және т.б. қызметкерлерінің қатысуымен өткізілмек. Әр ауданда және облыс орталығында жедел-іздестіру топтары құрылып, жылжымалы мобильді бекет, автотехника, тікұшақтар, ішкі істер органдарының байланыс телефондары көрсетілген жадынамалар мен бірлескен жұмыс жоспары әзірленді, қажетті түсіндірме және оқыту жұмыстары мен өзге де дайындық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысымен облыс әкімі Қ.Көшербаев іздестіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізіп, жауапты орган басшыларына іс-шараны өткізуге ықпалдастық етуге, ал аудан әкімдеріне 28 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай тақырыптық іс-шараларды өткізуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Мемлекеттік қызметшілер отбасыларымен бірге сайысқа түсті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.06.2018 12:15

Қызылордалық 8 мемлекеттік қызметшінің отбасы өзара тартысқа түсіп, мықтыларын анықтады.

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Мұз айдыны» спорт кешенінде өткізілген «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» атты отбасылық спартакиадаға қала әкімі аппаратының, әділет, қазынашылық, кірістер департаменттері мен экономика, ауыл шаруашылығы, білім басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің отбасылары қатысты.

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет істері органдарының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығын ұлықтау аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Отбасылық спартакиада да - сол шаралардың бірі.

Отбасылық жарысты өткізудің басты мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, «денсаулық - зор байлық» деген сөзді қоғамда кеңінен насихаттау, жемқорлыққа қарсы күресте отбасының рөлін арттыру.

5 эстафеталық ойын түрінен қызық та тартысты өткізілген спорттық сайыста білім басқармасынан қатысқан Әбдірамановтар отбасы жеңімпаз атанса, әділет департаментінен Абдреевтер отбасы жүлделі екінші орынды және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан Мухитдиновтар отбасы үшінші орынды иеленді.

Жеңіске жеткен отбасылар арнайы кубокпен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Спартакиадаға қатысқан барлық отбасыларға алғыс хат табысталып, балаларға сыйлықтар берілді.

Б.Әбдіқадыров

 


Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары