Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 05 Маусым 2018

МЕНИНГИТ БОЙЫНША ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2018 12:41

Менингококты инфекция жұқтырған жаңа деректер тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Департамент басшысының айтуынша, ауру ошағы болған Жаңақорған ауданында менингококты инфекция анықталған жоқ.

- Бүгінгі таңда науқаспен қарым қатынаста 65 адам болғаны анықталды. Олардың барлығынан анализдер алынып, зертханалық тексерулер жүргізілді. Олардың нәтижесі бірер күнде қолымызға тиеді. Қазіргі кезде 15 адамның зерттеулері қолымызда бар, оның 4-еуі - отбасы мүшелері, 11-і - науқаспен қарым-қатынаста болған бірге жұмыс істеген әріптестері. Анализ қорытындылары теріс. Менингококты инфекция анықталған жоқ. Қарым-қатынаста болғандардың барлығын 10 күн бойы бақылауда ұстаймыз, - деп атап өтті Ұлбосын Аханаева.

Сондай-ақ, бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы штаб өз жұмысын жалғастыруда.

- Қазіргі кезде эпидемиологияға қарсы және профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда. Аудандық аурухана қызметкерлері үй аралау арқылы аталған сырқатқа күдіктілерді анықтау жəне ақпараттандыру шараларын жүргізуде, - деді Ұ.Аханаева.

Айта кету керек, облыста менингитке қарсы екпе егу жұмыстары басталды.

Департамент басшысының айтуынша, өңірімізге екпелер Бельгия мемлекетінен жеткізілді. Алайда менингитке қарсы егу Қазақстанның Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілмегендіктен, ол ақылы. Екпе 23 мың теңге тұрады. Сонымен қатар, вакцинациялау №6 қалалық емханада жүргізіледі. Бүгінде 2 адам екпе ектірген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары