Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 07 Маусым 2018

«Алтын сападан» кейін өнімімізге сұраныс артты» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2018 11:47

Бұл туралы «Абзал және К» ТС-нің директоры Мағжан Ералиев Кәсіпкерлер палатасының алаңында болған семинарда айтты.

«Абзал және К» ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанып, компания басшысы Мағжан Ералиев Мемлекет басшысының қолынан үздік сапа белгісін алған болатын.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысу талаптарын түсіндіруге арналған семинарда жас кәсіпкер табыс сырымен бөлісіп, үздік сапа белгісін алуға қалай қол жеткізгенін айтып берді.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға біз тыңғылықты дайындалдық. Қойылған талап жоғары. Сондықтан да үздік екенімізді дәлелдеу барысында конкурстың сарапшыларына зауыттың жұмысынан бастап шығарып отырған өніміміздің сапасына дейін көрсеттік. Конкурс сарапшылары зауыттың тазалығынан бастап, мамандардың біліктілігі, оларға компания тарапынан жасалып отырған жағдай, техникалық қауіпсіздігі, тауарды қалай жолдаймыз, экспедиторлық қызмет қалай жолға қойылған, міне, осының барлығына қарады. Біз өндірген өнімдеріміздің 55 пайызын экспортқа шығарамыз. Атап айтқанда, ақталған күріш пен жарманы Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей, Украинаға экспорттаудамыз. Өнімімізде «Алтын сапа» таңбасының болуы - біз үшін үлкен мәртебе, - дейді Мағжан Ералиев.

Компания жақында Индияда күріш қабының жаңа дизайнын жасатқызыпты. Қап сапасы өнімнің де сапасына әсер етеді екен. Жаңадан әзірленген қап біріншіден, өздігінен құламайды, екіншіден, қаптың аузын ашып, қайта жауып қоюға да болады. Бұдан күріштің сапасы төмендемейді. Жаңа қаппен күріштің сапасы да артқан, яғни қап ішіндегі күріштің сынуы азайған.

«Қазір бізде маркетинг өте жақсы жұмыс істеуде. Жаңа өнімімізге сұраныс артты. Тауарды эскпорттау барысында алушы компаниялар «Алтын сапа» таңбасын көріп, біз туралы, жеңісіміз туралы ақпарат құралдарынан көріп, оқып, қуаныштарын жеткізуде. Бүгінде біздің компаниямызға шетелдік әріптестеріміздің қызығушылығы артуда. Шетелден қосылған тұтынушыларымыздың қатары артты», - дейді «Алтын сапа» иегері.

Айта кету керек, «Абзал және К» ТС-гі күрішті өздері өсіреді, ол үшін арнайы егіндік жерлері де бар, өздері өңдеп, экспортқа шығарады. Мұнан өзге, компания Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылына қамқорлықтарына алып, инвестиция құйды. Жаңадан әлеуметтік нысандар салып, ауылды абаттандырды. Нәтижесінде бүгінде ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарында.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Арал ауданында спорт кешені ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2018 11:34

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сексеуіл кентінде болып, спорттық кешеннің ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар кенттегі «Қарақат» сауда үйі жаңа ғимаратының жұмысымен танысты. Бұл туралы «Қызылорда ньюс» интернет газеті хабарлады.

Аймақ басшысы бұған қоса, Шижаға ауылындағы қайта жаңғыртылған сумен қамтуға арналған су желілерін пайдалануға беру рәсіміне қатысады.

Ал түстен кейін аудан орталығынданда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өтеді.

 


Түлектер тартуы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2018 11:09

«Туған жерге туыңды тік». Осынау ұстаным кез келген адамның зердесінде жүретіні анық. Әрі төл перзенті ретінде туып-өскен еліне қызмет етуге ұмтылады десек артық емес. Жуырда Жанқожа батыр атындағы ауылда дәл осындай игілікті іс жүзеге асты. Бұл күні елді мекендегі №94 мектепті 1978 жылы бітірген түлектер бас қосып, ауылдастарына керемет тарту жасады.

Ауылдағы алғашқы шараларын дүниеден озған достары мен ұстаздарының аруақтарына құран бағыштатудан бастаған мектептің мұнан 40 жыл бұрынғы түлектер «Сарқұл қожа» мешітіне қаржылай демеушілік жасады. Келесі кезекте ауыл жастары зор қуанышқа кенелді. Мәдениет үйіне озық үлгідегі музыкалық аспаптар (элекро гитаралар) сыйға тартқан аға-апаларына өнер сүйер жастар шынайы ризашылығын білдірді. Айта кетерлігі, мұндай музыкалық аспаптар мәдениет ошағына соңғы рет сонау 80-жылдары берілген еді. Араға көптеген жылдар салып қолға тиген осынау аспаптар тұрғындарды шаттыққа бөледі. Мұнан соң «Жауқазын» балабақшасының бүлдіршіндері де сыйлықтан қалыс қалмады.

Алайда ең үлкен сый №94 мектепке жасалды. Өздері білім алған білім ордасына әскери кедергілер алаңын жасақтауға қаржылай демеушілік жасаған бұрынғы түлектер осы шараның ашылу рәсіміне қатысты. Рәсім барысында Арықбалық ауылдық округінің әкімі Сапарбек Қуатов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Шайқұл, кештің құрметті қонағы Алматы облысы, Балқаш аудандық мәслихат депутаты, Бақанас обаға қарсы күрес бөлімінің басшысы Айдар Әліпбаев, ардагер ұстаз Жолмырза Құлымбетов өздерінің ақ ниеттерін білдірді.

- Бұл шараның маңызы өте ауқымды. Қасиетті батыр атамыз Жанқожа бабамыздың есімін иеленген ауылда ерлік пен адалдық үстем тұруға тиісті. Осынау әскери кедергілер алаңы жастарымызды отансүйгіштікке, батылдыққа, адалдыққа баулитыны хақ. Біздің шәкірттеріміз әскери жаттығуларға еркін төселетін болады. Осындай игі қадам жасаған мектептің 1978 жылғы түлектеріне алғысымыз шексіз, - дейді №94мектептің директоры, танымал спортшы Алик Тілеумбетов.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙМЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2018 10:35

Жер заңнамасын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 4 мамырында ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Ондағы басты бағыттардың бірі – бұл жерді пайдалануда мемлекеттік бақылауды күшейту. Осы орайда, кеше Жер кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық әкімдігінде семинар өтті.

Жиынға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу саласы мамандары, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар бизнес, шаруашылықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.

Алқалы кеңесте аймаққа жер заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келген ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гулжахан Бимендина, комитеттің жер қатынастарын және жерге орналластыруды дамыту басқармасы басшысы Жанар Каржанова тақырыптық баяндамалар оқыды.

«Жиында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу және басқа да өзекті мәселелер айтылды. Айта кету керек, аймақ басшысының бастамасымен биылғы жыл кәсіпкерлікті қолдау жылы болып белгіленді. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорация мен кәсіпкерлік палатасы арасындағы меморандум аясында бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтерді алу барысында барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Мысалы, кәсіпкерлердің шығынын, уақытын барынша үнемдеу мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 30 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ақылбек Мұқаддас.

Спикердің айтуынша, алдағы уақытта аймақтарда құрамында қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдар мен әкімдіктердің өкілдері бар комиссиясы құрылмақ. Комиссия құзыретіне ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану бойынша үздіксіз мониторинг жүргізу жұмыстары кіретін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2018 10:07

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин мен Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Кездесу барысында әріптестік мәселелері талқыланды.

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесіп, жаңа қызметімен құттықтады әрі облыстың инвестициялық әлеуетін таныстырды.

«Өңірлік сауда-экономикалық әріптестікті дамыту жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Ортақ жұмыстың арқасында 2018 жылдың 1-тоқсанында Қызылорда облысы мен Ресей Федерациясының өзара сауда жасау көлемі 14 437,6 мың АҚШ долларды құрап, 2017 жылы осы кезеңмен салыстырғанда 16,7 пайызға артты», - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы Қазақстандағы Германияның Бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Йорн Розенберг аймақтың әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ракета ұшырылымын тамашалады.

Кездесу барысында Қазақстанда өкілдіктері бар неміс компанияларының Қызылорда облысындағы түрлі жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Өз кезегінде, дипломатиялық миссия өкілдері аймақпен әріптестік орнатуға қызығушылық танытты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЭКОЛОГТАРҒА ЖАҢА АРНАЙЫ ТЕХНИКА СЫЙҒА БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2018 09:50

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыстық эколог мамандарын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады.

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі көптеген жылдар бойы Арал теңізі суының тұздану мәселесі алаңдатқан Сыр өңірі үшін бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті.

«Ал, «Арал дағдарысы» - Арал бассейнінде өмір сүретін 35 млн. адамға әсерін тигізіп отырған, адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптардың бірі. 6 млн. гектардан асатын аймақ тұзды шөлге айналып, атмосферасындағы тұзды тозаң көзі болды. Осындай қиын жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаев Арал теңізін қалпына келтіру туралы тарихи шешім қабылдап, «ғасыр жобасы» - «САРАТС» қолға алынды, аймақтың балық шаруашылығы қайта жанданды. Бүгінгі күні САРАТС жобасының екінші кезеңі басталып кетті. Енді теңіз Арал қаласына жетеді деген сенім мол», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі өзге де өзекті мәселе – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымырантасығыштарын ұшыру мәселесі шешім тапқанын жеткізді. «Протон» зымырандарын ұшыру қысқартылып, 2026 жылы оларды мүлдем ұшырмау туралы шешім қабылданды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымдардың үздік қызметкерлеріне марапаттар мен арнайы автотехникаға сертификат табыстады.

Сондай-ақ, әріптестерін сала ардагері Қуанышқали Шапшаңов құттықтады.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында Экологтар күні 5 маусым күні тойланады. Бұл мереке ресми түрде 2011 жылы Қазастан Республикасының «ҚР мерекелер туралы» Заңымен бекітілді және БҰҰ Бас Ассамблеясы белгілеген Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мерекесімен тұспа-тұс келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ОАЗИСТІК СУАРУ БОЙЫНША ИННОВАЦИЯЛЫҚ «ЖАСЫЛ» ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.06.2018 17:47

Бұл жоба су және энергиямен қамту шығындарын 29 млн. теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету» пилоттық жобасын таныстыру және іске қосу ресми салтанаты өтті. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі / БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура мырза, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдің Сенімді өкілі Золтан Салаи мырза және Германияның Қазақстандағы Елшілігінің Сенімді өкілі Джонатан Вайнберг мырза қатысты.

Бұл жоба ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК «Жасыл экономика моделіне өту үшін Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жобасы шеңберінде іске асырылады. Еуропалық Одақ тарапынан  толық қаржыландырылатын, құны 7,1 миллион еуроны құрайтын бұл жоба заманауи жасыл технологияларды қолдану сортаңданған жерлерді ауылшаруашылық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. 9 озық «жасыл» технологияны қолдану «Манақ баба» фермерлік қожалығын таза су мен электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы уақытта жаһанды күтіп тұрған 5 сын-тегеуріндердің базалық ресурстардың, оның ішінде ауыз су мен суармалы судың тапшылығына баса назар аударғанын атап өтті.

«Су ресурстарын пайдалануда біз су тапшылығының алдын алу үшін облыста бірқатар жұмыстарды атқарудамыз. Мысалы соңғы үш жылда Сырдария өзенінде екі үрлемелі су тоспасы салынды. Нәтижесінде су аз жылдардың өзінде, жалпы аумағы  60 мың. гектардан асатын Жаңақорған және Шиелі аудандарының егіс алқабын тұрақты суландыруға және 1,5 млрд. текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік алдық. Бұдан бөлек 2018 жылдан бастап 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймаларын салуды жоспарлап отырмыз. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту арқасында суды 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік алатын боламыз. Ал оазистік суару технологиясын енгізу мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытып, жаңа кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде, Норимаса Шимомура жаңа технологияларды және тәсілдерді енгізу әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің әлеуетін арттырудың көрнекі мысалы болып табылатынын  атап өтті.

«Біз Қазақстанды болашақ дамуда өте маңызды стратегиялық серіктес деп санаймыз және соны мойындаймыз. Өңірлердегі жұмыс біздің стратегиямыздың басты элементі болып табылады. Біздің жоспарымыз  - өңірлермен, соның ішінде Қызылорда облысымен әртүрлі даму банктері арқылы жаңа форматта жұмыс істеу. ЕО қаржылық қолдауымен іске асырылған бұл жоба жасыл экономика саласындағы жұмыстарды іске асырудың табысты мысалы болып табылады», - деді Золтан Салаи.

Жоба шеңберінде күн сәулелік және жел электрстанциясынан тұратын, күн сәулесін және жел массаларының қозғалысын электр энергиясына түрлендліретін гибридті құрылғы орнатылды. Бұдан кейін алынған энергия тұрмыстық тұтынуға және фермерлік қажеттіліктерге пайдаланылады. Арнайы сорғыш шаруа қожалығының аумағында орналасқан ұңғымадан суды үлкен көлемді ыдысқа, тәуліктік реттеу бассейніне тартады.Бассейннен су тармақтың көмегімен шаруа қожалығы бойынша су құбырларымен біркелкі үлестіріледі. Осмотикалық құрылғымен қайта тазартылатын су ауыз сумен қамтамасыз ету, малға су беру, сондай-ақ плантацияларды суару үшін пайдаланылады.

Жобаның нәтижесінде шамамен 5 га сортаңданған жер қалпына келтірілді, оның ішінде 3 га – алма бағы, ал қалған бөлігі көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Бизнестің осындай түрінің табыстылығы 7% құрайды, бұл кезекте,  өтелімділік мерзімі 5 жылды құрайды. Осындай шағын ауыл шаруашылық бизнесті Сыр өңірінде жасыл технологияларды пайдаланумен дамыту су және энергия тұтынуға жұмсалатын шығыстарды 29 млн. теңгеге дейін үнемдеуді қамтамасыз ете алады.Жобаның арқасында қаражатты үнемдеумен қатар, ауаға шығарылатын СО2 зиянды заттарды төмендету жылына 300 тоннаға дейін жетеді. Жалпы алғанда, 37 мыңға жуық адам жобадан пайда алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЛАГЕРЬГЕ БАРАТЫН БАЛАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУДАН ӨТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.06.2018 16:17

Жазғы тыныгу лагерьлеріне баратын балалар толықтай медициналық бақылаудан өтеді. Дене қызуы өлшеніп, ауру белгілеріне шағымдарын тыңдайды. Ал, сырттан келетін жолаушыларға ақпараттық түсіндірмелер жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.

"Әрбір адам ауырмаудың басты жолын табуы керек. Яғни, тазалықты сүйіп, гигиена сақтауы қажет. Егер сәл ауру белгілері білінсе, дереу медициналық бетперде киеді. Ең алдымен, жан-жағындағы адамға инфекция жұқтырмауды ойлауы тиіс", - деді Ұ.Аханаева.

Сонымен қатар, облыс бойынша күнделікті жедел жәрдем дәрігерлерін шақыртушылар саны мыңнан асты. Бұл шақыртулар әдеттегіден 25 пайызға артқан. Ал, жұқпалы аурулар ауруханасына күнде 80-85 адам түрлі ауру белгілерімен шағымданып, дәрігерлерден кеңес алуда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған болатын. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаеваның айтуынша, науқаспен қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау әлі жүргізілуде. Байланыста болған 65 азаматтың 50-не жүргізілген профилактикалық ем шаралары аяқталды. Қалған 15 азамат дәрі-дәрмекпен емделуде. Ал, 10 күннен кейін аурудың ошақ орны жабылады.

Айта кету керек, облыста менингитке қарсы екпе егу жұмыстары басталды.

Өңірімізге 50 доза екпе Бельгия мемлекетінен жеткізілді. Сонымен қатар, вакцинациялау №6 қалалық емханада жүргізілуде. Бүгінде 2 адам екпе ектірді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕСІН ӨЗГЕ АЙМАҚТАРДА ЕНГІЗЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.06.2018 15:33

Мониторинг қорытындысымен республикалық инспекциялық топ Қызылорда облысының мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесін таратуды ұсынды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен Мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша Республикалық комиссия отырысында өңірде атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Облыста мемлекеттік мекеме, аумақтық департамент және инспекцияларда мемлекеттік рәміздердің жағдайы мен стандарттарға сәйкестігін жүйелі түрде тексеріп тұратын инспекциялық топ тұрақты түрде жұмыс істейді. Ай сайын рейд ұйымдастырылып, анықталған кемшіліктер мен оларды түзету туралы ақпарат БАҚ құралдарында жарияланады.

2015 жылдың шілде айынан бастап облыс бойынша мемлекеттік мекемелерге рәміздерді сатып алу бір орталықтандырылған жүйеге енгізілді. Облыстағы Мемлекеттік рәміздер туралы база қалыптастырылды. Онда өңіріміздегі Мемлекеттік рәміздердің қаржыландырылуы, саны мен жауапты адамдар жайлы мәлімет қамтылған. Өңірде мониторинг жүргізген республикалық инспекциялық топ жоғарыда аталған Мемлекеттік рәміздердің базасын қалыптастыру бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарымызды басқа өңірлерге оң тәжірибе ретінде таратуды ұсынатындығын жеткізді.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, саладағы проблемалық мәселелерді атап өтті.

«Дегенмен, проблема да жоқ емес. Мемлекеттік рәміздерді дайындайтын лицензиялары мен сертификаттары бар жеке серіктестік мекемелер мемлекеттік рәміздер туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді пайдалануға беруде. Бұл жағдайлар қарағандылық «Ақ бастау KZ» және астаналық орналасқан «ZOOM» жарнама агенттігі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде кездесті. Бұл жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне ұсыныс берілді», - деп хабарлады Қызылорда облысының әкімі.

Атап өтейік, облыс орталығында Мемлекеттік рәміздер аллеясы салынып, онда биіктігі 60 метр Қазақстан Туы орнатылған. Бүгінгі күні аллея мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ант қабылдауы, әскер қатарына шақырылған жас азаматтарды шығарып салу сияқты патриоттық іс-шаралар өткізетін дәстүрлі орынға айналды. Сондай-ақ, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Арал қаласында Мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды. Болашақта ондай аллеялар барлық аудан орталықтары мен тіректі елді мекенде салынбақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ЕҚДБ ПРЕЗИДЕНТІ СУМА ЧАКРАБАРТИМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.06.2018 15:26

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесіп, банкпен алдағы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

ЕҚДБ президентімен кездесу аясында ағымдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері мен бірқатар жаңа жоба талқыланды. Мәселен, «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысын салу мәселесі пысықталды.

Атап өтейік, аймақта ЕҚДБ-мен бірлесе энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы пен көлік инфрақұрылымы саласында жалпы құны 103 млн. доллардан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр, аймақтың инвестициялық портфелінде бірқатар жаңа инфрақұрылымдық жобалар мен шағын және орта бизнес пен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша ұсыныстар да бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары