Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 11 Маусым 2018

Жылы жүзді жүздесулер PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.06.2018 09:54

Қазалы ауданында ерекше жүздесу өткізілді. Бұл жолы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының клиенттермен жұмыс жасау бөлімі бастығының орынбасары Асқар Асанов пен аталмыш банктің Қазалы ауданының өкілі - кеңес берушісі Салима Болатқызы тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында банк өкілдері халыққа тиімді Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген көпқабатты үйлер бойынша Қызылорда өңірлік «Орда» бағдарламасы, «Өз үйім», т.б. бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат берді. Сондай-ақ аталмыш банкте жеке есепшоты жоқ тұтынушыға есепшот ашып, үй алуға қаржы жинау, отбасылық пакет, интернет банкинг туралы да түсіндірме жасалды. Кездесуде тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берілді.

Мұндай кездесу аудандық аурухана, өрт сөндіру бөлімі, Қазалы локомотив зауыты, білім ордалары, өзге де бірқатар жерде өткізілген еді. Банк өкілдерінің жанында білім бөлімінің есепшісі Әлихан Балмырзаев бірге болса, кент тұрғыны Нұргүл Жәлімбетова мұндай жүздесудің халыққа тиімді екенін айтып, өз ризашылығын білдірді.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысушыларға онлайн-дауыс беруге болады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.06.2018 09:49

«Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастыруымен өткізілетін Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары - 2018» көрме-конкурсына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен конкурсқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетуге арналған семинарға арнайы келген «Атамекен» ҰКП конкурсты ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор Салтанат Әбдікәрімова: «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының биылғы ерекшелігі республикалық конкурсқа қатысушыларға онлайн-дауыс беру кезеңі қосылды. Бұл – жеңімпазды анықтаудың бір тәсілі. Жалпы, қызылордалықтардың тауар өндірудегі әлеуеті жоғары. Сыр өңірінің тауарлары республика көлемінде жоғары бағалануда. Сондықтан да биылғы жылы да дайындықтарыңыз жоғары болса, үздіктер қатарынан көріне аласыздар», - деді.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін ең алдымен өңірлік кезеңнен өту қажет. Осы орайда, облыстық кезеңге қатысуға қойылатын талаптармен таныстырып өтпекпіз.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына кімдер қатыса алады?

Конкурстарға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурстың негізгі мақсаттары:

1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;

2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;

3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;

4) сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

5) халық арасында сапа идеясын насихаттау болып табылады.

Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";

2) "Халыққа арналған үздік тауарлар";

3) "Үздік азық-түлік тауарлары".

Облыстық кезеңде жеңімпаздар дәрежесіне қарай бөлінбейді. Үш аталымда теңдей үш жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар республикалық көрме-байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28 мекенжайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада Конкурсқа қатысушылардың материалдарын рәсiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы қажет.

Облыста конкурсқа жауапта маман – Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова. Байланыс құралы: 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4311/, электронды адресі Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .

Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.06.2018 16:20

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғалимен кездесіп, жас шахматшы мен оның бапкері Василий Шимелковқа алдағы сайыстарда жеңіс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 20-29 сәуір күндері Албанияның Дуррес қаласында өткен оқушылар арасында Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Әлем чемпионы атанды.

Албанияда оқушылар арасындағы әлем чемпионатына 40 елден 420 спортшы жүлделерді сарапқа салды. Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.

- Бұл – менің халықаралық байқаудағы алғашқы алтын медалім, одан бұрын биыл Таиландта өткен Азия чемпионатында және 2017 жылы Румыниядағы әлем чемпионатында күміс медальдарды жеңіп алған едім. Облыс басшылығына спортшыларды үнемі қолдап, аймағымызда шахмат ойынын дамытып жатқаны үшін алғыс білдіремін, - деді Назерке Нұрғали.

Тамыз айында Назерке Моңғолияда Азия чемпионатына, ал қыркүйекте Түркияда Әлем чемпионатына 20 жасқа дейінгі қыздар арасында қатысады және қазан айында Грекиядағы әлем біріншілігінде 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары