Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 12 Маусым 2018

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.06.2018 10:00

«Мен қазақпын» мега жобасына аудандар мен Қызылорда қаласынан 18-40 жас аралығындағы 120-ға жуық талапкер қатысып, оның 25-і облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.

Атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобаның облыстық іріктеу кезеңі 11-27 мамыр аралығында өтті.

«Сыр елі – қаймағы бұзылмаған өңір, төл өнердің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Облыстық кезеңге өту үшін талапкерлер жақсы дайындықпен келген. Ал облыстық іріктеудің ақтық сайысы 17 маусым күні Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді»,- деді телеарна директоры.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мира Әбуованың айтуынша, телевизиялық мега жобаға былтыр біршама өнерпаздар қатысып жақсы нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай өнер додасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Былтырғы сайыскерлер жырды көмей арқылы айтып, ерекше талант, дарындарын көрсеткендерін атап өтті. Бұл жоба Сыр өңірінің өнерпаздары үшін республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларға бастар баспалдақ іспетті.

Осы жылы телевизиялық Мега жобасында тың жаңалықтар өте көп. Соның бірі, жүлделі орындардан бөлек, өнерпаздардың арасынан «Көрермен көзайымы 2018» анықталатын болады. Бұл номинацияны халық онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


«Сиқырлы кілт» бала болмысын ашады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.06.2018 17:29

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қазақта керемет сөз бар емес пе? Мағынасы терең бұл даналықты қазіргіше айтқанда, «Ел боламын десең, экраныңды түзе» дегенге сай келеді. Ұрпақ тәрбиелеуде трендке айналған теледидарды телміре қарайтындар қатары түрліше болып жатады. Бізде сыйлы, құрметті адамдарға төрден орын беретін тамаша қасиет бар. Сол қасиет қалпынан жаңылмай келеді. Бірақ, төрімізде – теледидар. Оны қарамайтын адам жоқтың қасы. Әрине, жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін өмірде телеарналардың бәрі бірдей сапалы, ұлт тәрбиесіне ұтымды деуден аулақпыз. Көбіне осы теледидар алдында тынышы кетіп телміретін – бүлдіршіндер. Қызылды-жасылды бояулар, көркем өрнектелген суреттеулер, әуезді ән, жағымды дауыс, қызықтырар оқиға бала көңілін бірден аулайды. Айтып отырғаным – анимациялық фильмдер. Мультфильмдер барлық елдерде бала тәрбие ісінде қолданылады. Бізде де солай. Бірақ кенжелеп келеді. Арналардың басым көпшілігі (тіпті толықтай) сырттан келген мультфильмдерге мұқтаж. «Әннің де естісі бар, есері бар» деген секілді сол сырттан келген дүниелердің де жал-құйрығы таралғаны мен ақсаңдап тұратыны көрермен қауымға бөліске түспей, қатар жол тартуда. Осы тұста бір сауал көкейге орала кететіні бар. Отандық мультфильмдер қайда? Әрине, отандық мультфильмдер бар. Дегенмен, бірінің графикалық сапасы, бірінің құрылымынан шашау шығып жатады, тағысын тағы. Ал, толық метражды анимациялық фильмдер саусақпен санарлық. Соның өзінде отандық мультфильмдер жарық көрді десе қызыға, әрі сынай қарайтынымыз рас. Даму жолындағы елде бұл сала да даму үстінде. Оған дәлел жетерлік. Қазіргі айтпағым дәлелге қарағанда сүйіншіге әлдеқайда жақынырақ.

Көк сандыққа «Сиқырлы кілт» жол тартты. Бұл анимациялық фильм Сыр өңірінің тарихынан сыр шертіп, өлкетану бағытында білім береді, бала болмысын ашады. Ұлттық құндылықты ұлықтай отырып, шытырман оқиғаға негізделе түсірілген осы мультфильм балаларға түсінікті тілмен және түрлі-түсті бояулармен дайындалған. Хронометражы бір жарым сағатты құрайтын «Сиқырлы кілт» өлкемізден шыққан тұлғаларды дәріптей отырып, бала санасына сол тұлғаларға еліктеу әсерін сыйлайды. Телеарналарда, балабақшалар мен лагерьлерде көрсетуге таптырмас мультфильмді интернет арқылы да тамашалау мүмкіндігі бар. Анимациялық туындыны таңдаулылар ғана жасаса керек. Таңдаулы деп отырғанымыз – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, педагог-психолог, аудармашы Сымбат Әбдірахманова. Осыған дейін баланың ақыл-ойын, танымдық әрекетін дамытуға арналған мультфильмдер дайындаумен айналысқан Сымбат Нұртазақызы «Сиқырлы кілт» мультфильмінің тұсаукесеріне байланысты баспасөз брифингінде:

– Бұл анимациялық фильмді шығаруға алты ай уақыт жұмсадық. Тікелей педагогтер мен тарихшылардың араласуымен дайындалды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан мультфильм ұрпағымызды отансүйгіштікке, елімізге құрметпен қарауға, қоршаған ортамызды таза ұстауға шақыратын қызықты оқиғалар желісіне негізделген,- деді.

Ал, жарты жылға жуық уақыт бойы жасалған жұмыстың қаржыландыруын қамтамасыз еткен «Bilim Foundation» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сағила Манасипова жұмысқа бөлінген қаржыдан гөрі оған жұмсалған қажырлы еңбектің қиындығын айтқанды жөн көрді.

Кешегі күн мен бүгінгіні шебер байланыстырған туындыны «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазының жасап шығаруы – таңдаудың тура болғанының бірден-бір белгісі. Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған анимациялық фильм көк сандыққа дөп келер сиқырлы кілт болсын. Еліміздің ертеңіне жол салатын осы тектес туындылар әлі де керек-ақ.

Қонысбек МӘЛІК,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың 2-курс студенгті

 


ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЕКІ АЗАМАТ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.06.2018 14:46

11 маусым күні 1992 және 2000 жылдары туылған 2 азамат аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына ЖРВИ диагнозымен жатқызылды. Нақты қорытынды толық зерттеулерден соң шығарылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конфенциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау денартаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.

Сонымен қатар, брифингке облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова да қатысты.

Ұлбосын Аханаеваның айтуынша, бүгінде науқастардың жағдайы бірқалыпты.

«Жаңақорған ауданында арнайы штаб жұмыс істеуде, профилактикалық шара жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер үй аралау арқылы күдіктілерді анықтау жəне минингитке байланысты ақпараттандыру шаралары кезінде, бас ауырған, дене қызуы көтерілген 2 азаматты жедел респираторлы вирусты инфекция деген диагнозбен аудандық ауруханаға жатқызды. Бүгінде науқастардың жағдайы тұрақты, өзгеріссіз", - деді Ұлбосын Аханаева.

Өз кезегінде, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова тұрғындардың ауруханаға келіп, шағымданулары азайған дейді.

"Өткен аптада ауа райының қолайсыздығына байланысты дәрігерлер қызметіне жүгінушілер саны 75-85 адам болса, оның 45-і ауруханаға жатса, бүгінгі ақпарат бойынша 56 адам шағымданды, оның 23-і ауруханаға қабылданды. Ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жатқызылғандар жоқ", - деді Айна Мұхамбетова.

Сонымен қатар, барлық емханалар сенбі, жексенбі күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтінін ескертті.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, бүгінде облыстағы барлық емханалар демалыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, емхана жанында тәулік бойы жедел жәрдем және алғашқы көмек қызмет көрсетеді. Медицина қызметкерлері науқастардан күдікті деген белгілерді байқаса, жедел түрде стационарға жеткізеді", - Айна Мұхамбетова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары