Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 18 Маусым 2018

АРАЛДА Т.ЖҰМАШЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.06.2018 09:46

Кеше Арал ауданының төл перзенті, облыстық мәслихаттың депутаты, меценат Т.Жұмашевты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир мәресіне жетті.

Биыл бесінші мәрте туын желбіреткен турнир ағымдағы жылдың 16 маусымы күні бастау алған болатын. Бокстан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен тартысты бәсекеде еліміздің түпкір-түпкірінен келген спортшылар 14 салмақ дәрежеде бақ сынасып, жүлделі орындарды өзара бөлісіп қайтты.

Атап айтқанда: 32 келі салмақта I-орын – Б.Мұратұлы, Арал ауданы;

34 келі салмақта  I-орын – Кеден Ерболат, Қазалы ауданы;

36 келі салмақта I-орын – М.Керейтбаев, Шаған ауылы;

38 келі салмақта I-орын – Б.Айтымов, Арал ауданы;

40 келі салмақта I-орын – Айсұлтан Нұрмұхаммед, Арал ауданы;

42 келі салмақта I-орын – Бақберген Данир, Арал ауданы;

44 келі салмақта I-орын – Р.Азизов, Арал ауданы;

46 келі салмақта I-орын – Орынбасар Ақтілек, Қазалы ауданы;

48 келі салмақта I-орын – Қызыр Ілияс, Қазалы ауданы;

50 келі салмақта I-орын – Қожабай Нуриман, Шаған ауылы;

52 келі салмақта I-орын – Қуаныш Әлішер, Арал ауданы;

57 келі салмақта I-орын – Бозғұл Ербол, Арал ауданы;

60 келі салмақта I-орын – Е.Тастыбаев, Арал ауданының спортшысына бұйырды.

Сонымен қатар, турнир аясында Бекарыс Мұратұлы – «Үздік техникасы үшін», Сералы Азамат – «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталса, Қаныбетов Мұрат – «Үздік бапкер» номинациясын еншілеп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс қорытындысымен жүлделі орынға ие болған спортшыларға аудан әкімінің мадақтамасы және  «Тоғыс – АРАЛОТЫН» ЖШС-нің арнайы кубоктары мен медальдары табысталды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


АРДАГЕР ТҰРҒАНБЕК АЛТЫНБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.06.2018 09:26

Өткен аптаның соңында Қызылорда қаласындағы мұз айдынының волейбол алаңында ұлағатты ұстаз, спорт ардагері, волейболшы  Тұрғанбек Алтынбеков атындағы ашық турнир өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық волейбол федарациясының президенті Олжас Әкімов құттықтау сөз сөйлеп ашып, өткізіліп отырған турнирдің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, спорт ардагері Жақсылық Егізбаев,  Оңтүстік Қазақстаннан келген волейболдан жоғарғы ұлттық дәрежелі төреші Марат Божбанбаев, туыстары атынан інісі Жаңабек Алтынбековтер лебіздерін білдірді.

Топтық ойындарда да тартысты өткен бәсеке өз топтарының арасынан шыққан жеңімпаздар сайысында тіптен қызықты бола түсті. Алаңғы ширығып шыққанжаңақорғандықтар «Қызылорда ардагер»  командасына әуелгі партияда 23:25 есебімен есе жібергенімен, келесі екі партияда үстемдік жасап, жалпы есепте 2:1 етіп таразы басын өздеріне бұрды. (25:16 және 15:5) Ал Байқоңыр қаласының құрамасы шиеліктерден 2:0 есебімен басым түсті. Сонымен үшінші орын үшін айқас «Қызылорла-ардагер» мен Шиелі ауданының командасы арасында өтті. Мұнда Шиелі ауданының белді ойыншылары Өтеп Әбдіраманов, Елтай Серікбаев, Батыр Пазылбеков, Ғалым Әбдіқалықов және басқалары командалық ширақ ойын көрсетіп, 2:1 есебімен үстемдік танытты. Осылай ашық турнирдің үшінші жүлдесін қанжығасына байлады. Ал финалдық сайыста Қуаныш Рақатов сынды белгілі волейболшысы бар Байқоңыр командасы алғашқы ойында қарсыластарына 25:22 есебімен дес бермегенімен, кейінгі екі партияда жаңақорғандықтар жеңіске жетті. Сонымен жалпы есеп 2:1. Соңғы жылдары жеңіс төрінен жиі көрініп жүрген  Жаңақорған ауданының командасы осылай ашық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпаздар қатарындағы команда ойыншылары Әбдібек Әбілсейітов, Жұмахан Нұртазаев, Самат Сопбеков, Шәдібек Накиповтар жас кездеріндегідей жігерлі және ұйымшыл ойын өрнегін тамашалатып, жанкүйерлер қолдауына ие болды. Сондай-ақ, қызылордалық ардагерлер Сабыр Жаңбыров, Бағдат Сардаров, Абай Дауытовтардың қимылы сүйсінтті.

Иә, волейбол - сұлу да сырбаз ойын. Міне, облысымызда осы спорт түрінің негізін қалап, республикада топ жарған ардагер атындағы турнир өзі өмірден өткеннен кейін алғаш рет ұйымдастырылып, мәресіне жетті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен қатар Тұрғанбек Алтынбеков туралы жинақталған «Дауылпаз Динамо» естелік кітабының тұсауы кесіліп, жарысты тамашалауға келген көрермендер мен спортшыларға таратылды. Соңынан ас беріліп, дұға бағышталды.

Нұрмахан ЕЛТАЙ,

Шиелі ауданы

 


Қармақшылық есепшілер «есептен жаңылысыпты» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2018 15:27

Сыр өңірінің білім саласында тағы бір «былық» әшкере болды. Бұл жолы Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінің есепшілері «есебін» еселеп жіберіпті. Естеріңізде болса, оларға биылғы 14 сәуірде 19 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген дерекпен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Жандарбековтың мәліметінше, қазіргі күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталған. Енді істі сотқа жіберу үшін прокуратураға зерттеуге жолданып отыр.

- Қармақшы аграрлық-техникалық колледжі есепшілері Шахиева мен Қалиевада колледж директорының ЭЦҚ электронды кілті болған. Сол арқылы әр қызметкердің айлық жалақысы есебінен үнемделген қаржыларды өз жеке есепшоттарына аударып келген. Осылайша 2016-2018 жылдар аралығында 19 миллион теңгені жымқырған, - деді Б.Жандарбеков.

Осы ретте ол басшыларға есеп жүргізу кезінде ЭЦҚ-ны қандай жағдай болмасын, есепшіге беріп, өздері шетте қалмау қажеттігін ескертті. Жауапкершілік жүгін басшылар көтеретін болғандықтан, аталмыш құжатқа ары кетсе, орынбасарлары иелік етуі керек.

Тақырып турасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев пікір білдірді.

- Білім саласының негізгі міндеті білім беру болғандықтан, жемқорлықтан ада болуы керек. Бірақ өкінішке қарай, өткен жылы да, биыл да бұл салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кездесіп жатыр. Қазіргі қоғамның кейбір мүшелері заңсыз жолмен материалдық пайда табуды ойлайды. Олар бюджет қаржысын өз қалтасымен шатастырмаса екен, - деді Б.Байхожаев.

Жиын барысында облыстағы білім саласы басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында баяндамалар оқылып, тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

Жазира БАҒЛАН

 


«ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.06.2018 15:23

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Рапиль Жошыбаев әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

Қызылорда облысына «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕ АҚ делегациясы іссапармен келді. Сапар барысында делегация мүшелері Сыр өңірінде «жасыл» технологияларды енгізу жөнінде мәжіліс пен Қызылорда облысында инновациялық технологияларды енгізу бойынша әріптестік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысып, аймақтың бірқатар нысанын аралады.

Мәжілісті ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде «жасыл» экономикаға көшу және инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

- «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес облысымызда 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстық бюджеттен Қазалы және Қармақшы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға қажетті қаражат бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының Жолдауынан туындаған басты міндеттерінің бірі – инвестицияларды тарту. Осы мақсатта облысымызда барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін бірыңғай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2018 жылдың 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 15,4 процентке өсіп, 65,9 млрд теңгені құрады, - деді аймақ басшысы.

Атап өтейік, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы толықтай автоматтандырылған, сондықтан техникалық шарттарды ұсыну мерзімі 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Мәселен, 7 бағыт шеңберінде электр қуатын үнемдеу саласында қызу шамдарын қуат үнемдейтін шамдарға ауыстыру жұмыстары белсенді жүргізіліп, нәтижесінде көше жарықтандыру шығындары 120%-ке азайды. Қалдықтарды басқару саласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өндейтін компаниялар пайдаланылған автокөлік дөңгелектерін қайта өндеп, тротуар плиталары мен черепица шығарып, резеңке ұнтағы мен тамшылатып суару үшін пайдаланылатын жерасты құбырларының өндірісін қолға алды және т.б.

«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде таныстырылған жобалар аясында облыста осы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, атом (уран) өнеркәсібі саласында – 4 технология («Қызылқұм» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС), экология саласында – 2 технология («Барсакелмес» қорығы, орман шаруашылығы), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 1 жоба (КЭТК). Атап айтқанда, «КЭТК» АҚ (электр жүйелері компаниясы) мен «Siemens» компаниясы арасында «Смарт грид» қуатты үнемдеу технологиясын енгізу туралы келісімге қол қойылды.

Өз кезегінде, Рапиль Жошыбаев Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының «жасыл» және жаңартылмалы қуат көздері, қуат тиімділігі мен қуатты үнемдеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өтті.

- Техникалық және әкімшілік қолдау, сондай-ақ, жасыл инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында орталық Қазақстан аймақтарында «бірыңғай терезе» қағидасымен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жасыл технологиялар реестрін қалыптастыру және жүргізу, ал жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекет ету аясында өңірлік «жасыл жобалар картасын» әзірлеу жоспарлануда. Бұл жұмыс ҚР аймақтарында әлеуетті төмен көміртекті жобаларды анықтап, жасыл жобаларды іріктеу әрі жүзеге асыру мақсатында бизнес үшін тұғырнама жасақтауға жол ашады, - деді Рапиль Жошыбаев.

Жиын қорытындысымен Қызылорда облысында «жасыл технологияларды» енгізу және инвестицияларды, оның ішінде халықаралық инвестицияларды тарту жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандум тұрақты даму, экология, «жасыл» энергетика мен жаңартылмалы қуат көздері, қуатты үнемдеу және тиімді пайдалану, цифрландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды өндеу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы саласында жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етуді көздейді.

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында делегация мүшелері Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қала нысандарын, автокөлік шиналарын өндеумен айналысатын «Смарт Раббер» ЖШС және облыс орталығының бірқатар өндірістік, әлеуметтік, мәдени нысандарын аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары