Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 20 Маусым 2018

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ АРАЛ мен АДАМ ТАҒДЫРЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 11:56

Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романы. Баяны үш кітапқа ұзаған бұл шығарманы «бітімі бөлек дүние» деуімізге бірнеше себеп бар. Біріншіден, кітаптың көтерген жүгінің ауырлығы мен ауқымдылығы. Көркем шығармаларымыздың кейде шектеулі бір кеңістік проблемасынан аса алмай, онда да тайыз қалқып «өте шығатын» бір әдеттері бар.

Әрине, мәселе оқиғаның физикалық кеңістігі немесе қамтылған тұлғалар қарамында емес... Әсте де олай емес... Бізде, көбіне-көп, тарихи шығармаларға қатысты ғана «көтерген жүгі салмақты екен» деген баға айтылып жатады. Шындығында, сабақты пікір сол дүниенің әдеби үдерістегі орнына, әлемдік, адамзаттық мәселелерді көркем кестелеуі жайына қатысты айтылса жөн ғой. С.Жұбатырұлының «Абыржы» романы – Арал теңізі мәселесінің, Арал қасіретінің тек қазақ үшін ғана емес, бүкіл тіршілік үшін тілмен айтып жет­кізу қиын, қатпарлы мәселелер қатарынан екенін ащы шындықты қазбалай айтып, діттеген ой биігінде жеткізген туынды, А.Байтұрсыновша айтсақ, ұлы әңгіме.

Басынан сан зұлматты өтке­ріп, мың өліп, мың тірілген қазақ елі Қызыл өкіметтің қитұрқы сая­сатын да, қудалау-қуғындауын да, аштығы мен соғысын да көрудей көрген. Мұның барлығынан Арал халқы, Арал теңізі шетқақпай қалған жоқ. Әрі-берідесін, Қызыл империяның құшыры осы өлкеге ерек түскен бе деп қалуға да болар еді. Өткен ғасырдың 30-жылдары теңіз аралдарында кеңестік түрмелер болғанын, 1948-ден бері «Возраждение» аралы тажал қарудың сынақ алаңына айналғанын қазір  біреу  білсе, біреу білмес. «Абыржы» Арал теңізіндегі осындай саясаттың сұмдық салдарын бірде ашық, бірде мәтін астарында көркемдік ұқсатуда аша береді. Арал мәселесі шешілмей, адамзат өмірінде «абыржы кезең» бітпейтінін аңдатады. Бір ғана типтік  мәнді  үзінді:

«– ... Арал қалай? - депті осында келген бір қонақ.

– Сәтімен өлуін жалғастыруда!

– Қалай сонда?!

– Сол психология... Тек ұрандар ғана сәл  өзгерген,..

– ...Оу, азат Орталық Азияның оянған азат дүниетанымы не болды?!  - деп,  «пар­теец» Әлқуатқа шұқ­шияды. – Адамдар мен Құдай алдындағы биік уәделер қайда? Аралға деген отыз миллиард уәделі сол су қайда?

– Өзім де түсіне алар емеспін, - деп ақталады Әлқуат, бәріне бір өзі кінәлі адамның кейпімен. – Осы күні оңды-солды өтірікке  ешкімнің жүзі жанбайтын болды ғой. Жауапсыздық па? Екіжүзділік пе?.. Соны енді бүгін мен еске алуға да ұяламын... Ал байғұс теңізде, қай кездегідей, тіл жоқ...» (1-к, 241-242 б.б.).

Екіншіден, романда әдеттегідей ашық тартыс жоқ, қақтығыс-қарсылық – мәтін астарында. Бас кейіпкер Медет Мөңкеұлы басын­да бірнеше ішкі желіге сай, қат-қабат тартыс бар, бірақ көбісі «мен мұндалап» көзге ұрып тұрған жоқ. Бұл бас кейіпкердің үлкен қалада қалған отбасымен, Бөкен ауылының тұрғындарымен, туыс­тарымен, ұстазы ретінде аталатын бұрынғы басшысымен (Идеямен)  және т.с. арасындағы қатынастың күрделі сәттерінде жүр. Шегініс­тер мен ішкі ой ұштасуы шығарманы психологиялық деңгейге көтереді.

«Өмір мерекелер мен кере­меттер  күтуден  тұрады!»  деп бас­талатын  алғашқы беттен, он алты жастағы ару көңілі мен жұтаң тұрмыс арасындағы қатқыл контраст – ерек баян есігін ашқаныңды аңғартады. «...Осы біртүрлі адамның жасы қаншада: отыз, қырық, мүмкін одан да кәрі... Осындай көңілсіз күндері немесе күңгірт кештерде ол кейде кәудіреген шал сияқты ілбіп келе жатады,­ кейде жап-жас жігіт, кейде бала сияқты қызық әсер қалдырады. Сондайда, әнебір таяқ­ты жай әшейін, ойын үшін немесе әлдебір жұмбақ сәнге бола ұстап жүр ме дейсің. Әсіресе, ол анау ақ құмның басына көтерілгенінде, мектеп терезесі тұсында «сұрақ белгісі және леп белгісі» аралығындағы түсініксіз бір белгі теңселіп тұрады...» (5-б). Осы бір қысқа ғана мәтін талай жайтты айтып тұр, жалпы адам баласының өмірін таңбаға көшірсек – сұрақ белгісі мен леп белгісінен тұратыны анық, ал Медеттің тағдыры  болса осы белгілер аралығы, яғни  қарама-қайшылықтар әлемі екенін  автор шығарманың басында-ақ осылайша, мәтін астарында­ жеткізеді. Ал, біз тірек нүктесі атап отырған Ақшағыл басындағы Медеттің халі «екі белгінің арасындағы» күй. Иә, Медеттің туған­ жер, атамекенге деген махаббаты­ мен теңізге қасірет әкелген адал сенімі туралы естеліктер, әке мен теңіз алдындағы қарыз бен парыз сезімі, дәрменсіздік пен келер күнге деген үміт және т.с.с. ақ құм басындағы кейіпкер жан дүниесінде сырты бүтін, іші әлемет дауыл­  түрінде  өтіп жатыр...

Үшіншіден, психологиялық бейнелеудің тура  түрі – бұл кейіп­кердің жан дүниесін көркемдік таным тұрғысынан танып-білу, яғни ішкі сөз, өзді-өзі қағытпа, өзін-өзі бақылау (самоанализ), ойша елестету, ішкі монолог, еске алу және елестету, т.б. арқылы психологиялық талдау жасау екені, ішкі монологтың (іштей ойлау, кейіпкердің өзін-өзі саналауы, ой ағысы) қызметі адам психологиясының ішкі иірімдерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана-сезім арпалыс­та­рын ашу екені белгілі. Иә, ішкі монологтың көркемдік қызметі – адам жанының сырт көзге бай­қа­ла бермейтін ішкі «қоймаларын», құпия-қалтарыстарын, жұмбақ сырларын шынайы да сенімді бейнелей білуде. Л.Толс­той шығармаш­ылығында мол кездесетін ішкі монологтың көркемдік жұрнақтары болып табылатын көпүнділік, екіұдайлық, екі дауыс­ты сөз, ішкі диалог, адам ішіндегі адам және т.б. дегендерді С.Жұбатырұлы өз кестесіне салады.­ Сөйтеді де Сайтан Сұрақ, Татты Қанжар, Қара Шеңгел, Виадос және т.с.с. эфемерлі, бірақ жан, діл үшін жегі күштерді сонау тағдыр шындығының көр­кем­дікте ашылуына кілт етеді. (Роман преамбуласындағы «алақұйын ексімдер, апаттай күрт, алаңжарлы күй» – ойлы пенде үшін соның халі). Медеттің ойы мен тірлігінде ширыққан жайттар сол елес-естел­іктерді дербес кейіп­кер деңгейіне көтереді. Мысалға жүгіне­лік: «Ауыл алдындағы сор ұлтанда­, тәңірі де ұмытып кеткен секілді үш кеме-қаңқа сорайып, көкке бой созады. Осы суреттің бірі дәл өзінің терезесінің алдында үнемі көзге ұрып тұрар еді. «Қасірет декора­циясы!» Қыңыр қисын қиюластырып  келтірген, кәдімгі  тағдыр  тәлкегі.

«Өлме, Сайтан Сұрақ! Сен бекер­ айтпайсың!..» (1-к, 15-б) Немесе: «Кеше Арал екі жүйе шарпысқан ұлы майданға «аталған бозқасқа» еді (бұл ақиқат мұның жүрегінде!), енді бүгін пайда, шен-шекпен жолында көрінген тақым басқан құлаторы. («Сорлы, Арал! – деген Сайтан Сұрақ кенет бас көтеріп, – Сенің қай күнің артық еді: кешегі қасиет­ті құрбандық миссияң ба, әлде мына, көрінген жайдақ мінген мәстек халің  бе  енді?»). (1-к, 85-б.). Кей оқырманның шығарма сюжетінде «адасу» сезімі де осынау елес-естеліктер ойыны, азапты ой-сарап, ащы шындықтар сотының бірде жымдаса өріліп, бірде сан-саққа тарау­лануында ма? Ал мұндайсыз шығар­­ма жабы тартқан болар еді...

Шығарма сюжеті мен композициясының ерекшелігі «роман оқуға қиын, сюжеттік желілері тым күрделі» деген сөзге сеп екен. Әсте де олай емес. Роман композициясы мен сюжетінің қалып­тасқан әдеттегі стандарттардан оқшаулау табиғаты себеп осыған. Сонау  жылдары Ш.Айтматовтың «Жанпида»  романы өмірге келген­ тұста кей оқырман, «абайлап отырмаса, оқиға желісінен айрылып қалғандай екенсің» дейтін. Бұл заңғар жазушының екі желіні қос өрім қылып, қабат өрбітуін қабылдау қиындығынан туған еді. Ал «Абыржыға» келер болсақ, мұнда екі емес, бірнеше желі қабат тартылады. Барлығы басты тұлға жанында жүлгеленіп, бүкіл ой, оқиға ақ құм, Арал сортаңы үстінде тоғысып-тарап отырады. Біздің оқырман, көбіне, оқиға қуалап, сюжет соқпағын шиырлағанды жақсы көреді. Мына жолы да оқиға күту болғаны даусыз. Бір себеп, С.Жұбатырұлы шығармашылығын білетін жұрт оның бұған дейінгі «Алыстағы аралдар», «Жасыл сағым», «Тамұқ төріндегі қазына», «Бумеранг» хикаяттарында талай шым-шытырық оқиғаларға қаныққан ғой. Ал, мына жол басқа: автор негізгі міндетті ой иірімі мен ішкі ырғаққа жүктеп, сол арқылы бітімі бөлек, құйылысы кесек көркемдікке келеді. Көркем шығар­маны өмірдің айшықты бейнеленуі, яғни өмір шынды­ғының көркем шындыққа айналуы десек, бір ескеретін жайт: өмір тек  ғана ширыққан шым-шытырық оқиғалар тізбегінен, «шауып ал, тартып ал» ниеттерден тұрмайды. Анығы, қалыпты өмір байыпты, байырқалы ауанды қалайды. Автордың осындай «натуралді» өмірді натурализмге ұрындырмай үш кітап бойы (әсіресе, алғашқы екі кітап) алып жүруі – бір тәуекелді тірлік. Міне, стандарттар үрдісін  анық  тәрк  ету  бұл!

«Абыржы» романындағы өзіндік бір жайт – бөлімдердің, тараул­ар мен тараушалардың өзгеше табиғаты. Мәселен, «Тымырсық ауылдың тұрғындары» атты тарау «Құлжұмыр», «Абыралы», «Өрдәш («Масаң-қайғы»)», «Каримолда (партеец)» «Серман (Бознөкер)», «Айғара (ауыл ағасы)», «...және басқалар» атты бірнеше тараушадан тұрады. Үшінші кітаптағы «Үлкен Қаланың үмбеттері» де сондай. Әлгі тараушаларда  кейіпкерлер  бір-бір  эпизодта көрсетіліп, олар та­би­ғатынан типтік детальдар беріледі. Бұл – көпсөзділікке ұрынбауды мақсат етуден алынған тәсіл. Сәтті шешім. Шығармада Дүрия-кейуана, америкадағы креол сұлуы Амелия, мұңды ке­ліншек Іңкәр және жоғарыда аталатын кейіпкерлер бірде қанық, бірде штрихпен, бірде анық, бірде мәтін астарында тұтас бір көркем әлем жасай, ансамбль құрайды.

1970-90-жылдар қазақ прозасының жанрлық түрлерімен қоса, тақырыптық, ішкі құрылымдық жағынан құнарланып, молайған шағы болғаны, көбі философиялық ой-толғамдарға ден қойғаны белгілі. «Абыржы» романын сол ізденістердің бірегей жалғасы деп қарауға болады. Өмір туралы толғаныстар, Арал, туған жер, атамекен жайлы қайшыласқан ойлардың пәлсапалық арнасы әр кейіпкер, характер болмысымен алуан реңкте ойнауы – автордың бірегей қолтаңба, шығармашылық даралығы қалыптасқан қаламгер екендігін аңғартады. Басқасын айтпағанның өзінде, бір ғана Бөкен жұрты, ондағы тіршілік жөнін Құлжұмыр «әпендіше» пайымдаса, жас ару Диана «ең сұрқай күні де мереке мен қызық күтеді», ал ақын Сағымжан өз қасіретінде толғайды. Бәрінің сыртында дүрмекі сана-сезім­ді  тітіркендіре, шошындыра,­ Медет­тің «нейтральді», тіпті, кертар­тпа, мұздай тұғыры тұр. («Аласталғ­ан Алитет» кітабының бір  елес  беруі  тегін емес...)

Иә, шығарма табиғаты өзіндік соны ізге ие. Бұл – тек С.Жұбатырұлына тән жол, мұны тек бір жазушы жетістігі ғана емес, қазақ көркем прозасының соны қадамы деп те қарау мақұл сияқты. Әрине, әр жазушының өзіндік жол іздеуі, өз көркемдік әлемін ашуы – шығармашылық қажеті­лік. «...Бізге талантының қуатымен таңдандыратын, бірақ мін­детті түрде әр алуан жазушылар керек. Әдебиеттің ұлылығы, терең­дігі мен жарқылы ой мен түйсіктің әртүрлілігінен туындап жатады. Жерден тек ғана қара бидай  бер  немесе тек  ғана қайың бер  деп талап етуге болмайды», дейді орыстың аса талантты қаламгері К.Паустовский. Міне, сол «ой мен түйсіктің әртүрлілігі­нен туындап жатқан» бірегейлікті «Абыржы» романынан көреміз.

Біз байқаған ерекшеліктер қарамын тізбелеу, көп көлем, уақыт қажет етпек, сондықтан, өз ойымызды біршама дәйектеуге үзіп-жұлып алынған мысалдар жарар деген ойдамыз. Шығармаға арналып мақалалар жазылып, пікірлер айтылып жатыр. «Абыржы» деген – теңіз жұртына ертеден белгілі, әсіресе, балықшы қауым үшін төл сөз. «Абыржу» етістігі – әбігерлену, абдыру, сасу, құты қашу мағынасында десек, ол осы Арал маңы жұртына нақты­ мәнді зат есім. Кей пікірлерде айты­лғандай, роман «Кеңес өкіметі құлап, саяси жүйе алмасқан, ел жаңа жолға бағыт алған тұстағы шындықтарды ашуға арналға­ны» рас. Дегенмен, бұл кітап аты, көтерген жүгінің бір ғана қыры. Абыржы – табиғат адамдарды ойлануға, келер күні мен тіршілігін пайымдауға келтіретін кезең; дүниенің сілкініп-өзгеру  уақыты, теңіздің мұз құр­сауынан босай бастаған, әлде, ызғар есіп, қаймақтаған мұздың жас сәбидің еңбегіндей былқылдап қатқан тұсы, әйтеуір, табиғаттың алакүлік өліара кезі; мал баққан ел тіршілік шеңберін жайлауға шығу, қыстауға келуімен қайыр­са, балықшы жұрт абыржыдан аман өтуімен, ер-азамат әулетті жүдетпей, өз міндетін атқара алған-алмағанына есеп бере­тін тұс. Бұл азамат алдындағы сыни мезгіл. Міне, осы жайттарды бір арнаға тоғыстырған жазушы теңіз бойындағы абыржы кезеңді Медет Мөңкеұлы мен басқа да кейіпкерлер басындағы құбылыстармен бір өрімде қарап, ел өміріндегі «абыржы тұс» пен адамзат басындағы «абыржы кезең» проблемасын адамның табиғат, қоғам, өмір алдындағы жауапкершілігі тұрғысынан бейнелейді.

Романдағы бүкіл ойдың, оқи­ғаның бір тайқазанда тоғысатын тұсы, кең ауқымда – Арал, ал шағын көлемде – Бөкен ауылы, одан да нақтырақ, ауыл жанындағы жал құм – Ақшағыл. Мұны тіпті шығарманың тірек нүктесі деуге де болады. Көркемдікке баста­р ырғақ, яки, проза ырғағы да осы Ақшағылдан басталады. «Бөкен. Ақшағыл. Құм етегінде­ – мына өңкиген өлі толқыннан бытырай қашқан шабақтардай шашыраған ауыл үйлері. Ентелеген құм тасқынға қасқая қарап, шетте жалғыз  қалған еңселі ғимарат – осы ауылдың  мектебі. Бірі – табиғат, бірі – адам қолымен­ жасалған  екі биік. Олар болмыстың түрлі қисындарымен  бір-біріне тым тақап кеп, маңдай тіресе­ кідірістеп қалған сияқты. Әсіресе, ақ шағыл...­ Қаңғыбас ұлдың Фудзиі... Құлжұмыр-фило­софтың  «Кіндіктөбесі».  Бұл – Бөкен...» (15-б).  Мәтіннің  өзі  айтып  тұрғандай  Ақшағыл – Медетт­ің  Фудзиі, Құлжұмырдың  Ғалам  Кіндігі. Анығы, ар сотына түскен жан дүниенің «Гольгофасы».­

Өткенін аңсаған кәрі де, өмірден теперіш көрген біреу де, ақын Сағынжан да, мектеп бітіруші жастар да осы төбе басында тоғысады. Тіпті, бас кейіпкер Медеттің теңізде өлсем деген­ ниеті жүзеге аспай, ажал әкелген соққыны да дәл осы Ақшағылда алады. Роман басында бет ашқан осы ақ құм үш кітаптың өне-бойын қуалай отырып, шығарманың соңғы нүктесін қойдырады. Үш томдықтың өрлік тірегі. Осы тұста еске Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбеті» түседі. Бірақ романдағы ырғақ, мұндағы кесте бөлек, ол – С.Жұбатыр­ұлының өзіне тән өрнек. Жазушының уақыт шындығын шынайы, тіпті, аяусыз ашуы ішкі психологиялық драматизмге толы. Алайда осы тайға таңба басқандай анық көріне бермейді, мұны таразылауды жазушы оқырманға қалдырады. Яғни, ойға шақырады. Мысалы, кей ретте­ болмаса, автор адам  сүгіретін салмайды: сөз бар, мінез бар, тағдыр бар, ал тұлғаның бет-әлпеті, киімі, жүріс-тұрысы оқырман фантазиясына аманат: өзің ұқсат, жан-жағыңа қара, өзің таны. Мәтін астарында жазушы перзент ретінде туған жер алдындағы парызың мен қарызыңды өтей алдың ба және адам баласы ретінде хал үстінде жатқан табиғат-анаға не қайтарым, не көмек бере алдың? - деген өзегіңе от тастар жаһандық, мәңгілік сауалға құрылған ойды көркем әдіптейді.  Адамдар  арасындағы, адам-табиғат-қоғам  арасындағы,  жан  дүниедегі қордалы  хал – көп жайттар пілтесі. Бір ширыққан тұс – Медеттің жындыханаға түсуі (2-к.). Қым-қуыт тіршіліктен оқшау (әлде, сонан қашқан), бетон қоршауға түскен тағдырлар. Сол жындыханада («Қиялистанда») да небір ойлар бары, онда да қоғам мүшелері өмір сүріп жатқаны, онда да сатқындық, аярлық, достық және т.с.с. бары, тіпті, ондағылардың қоршау сыртындағылардың кей істеріне қарап, «жынды емес пе?» дейтіні Медет көзінде өрбиді. «Қауым тұрғындарының бірі –Тағабай. Жұрттың ең пысығы, ең ақылдысы – бір өзі. (Кім білген, солай болса, солай да шығар). Езуінде үнемі мәнді күлкі. «Қазандағы сорпа, қайнаған сүтке түсіп кетпей, қалай аман-есен мұнда жеткені белгісіз адам» (Нуһы пікірі). Атымтай айтса, дүниенің бәрі сырқат болуы мүмкін, тек Тағабай емес. Оның бар ауруы – «саясат». Сірә, бұл жігітке мына «Қиялистан-мекемеден» «сары анықтамалық» деген қағаз керек. Ол, сірә, бұрынғы өмірде бір жаман іс істеген...» (2-к, 249-250 б.б.). Бұл – біз айтқан пікірге бір ғана дәйек.

Роман бітіміндегі тағы бір ерекшелік – тыныс­ белгілердің де көркемдікке қызмет етуі. Әрине, бұл ой көркем шығармадағы эксперссивті-эмоци­ялық ұғымға қатысты емес, бұл – тіпті басқа мәселе. Түрлі тарау таңбалар мен тосындау­ алынған әртүрлі жұлдызшалар сол, прозадағы ырғақ пен қат-қабат өрілген бірегей композицияны көтере қызмет етіп тұр. Тырнақшалар, жақшалар, әсіресе, көпнүктелер көп. Олардан арғы ойларды өзің жүлгелей бересің... Көп ой, көп пікір сол жақшалар мен тырнақшалар ішінде. Мұны, ғылым метафизикалық не сюрреал­истікке жатқызатын дүние өкілдері, біз жоғарыда тоқталған эфемерлі (бірақ күшті) Сайтан­ Сұрақ, Виадос, Татты Қанжар, Қара Шеңгел және т.с. факторына сыймай қалған ой ағыны ма деген сауал тууы мүмкін. Жоқ, олай емес, мұны жазушының өзіндік өрнегі ретінде қарау қажет, өйткені, қазақ прозасында баяндаудың түрлі тәсілдері бар десек те, осы романдағыдай кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашуда бірнеше амал-әдісті қатар қолдану кездесе бермей­ді. Сол сияқты, Сервантес, әл-Фараби, Абай және грек ойшылдары үндерімен байланыстыра баяндалатын тұстар бар. Бас кейіпкердің іш әлемін, дүниетанымын, өмірлік ұста­нымы­н ашуға сеп тағы бір тәсіл.

Кейіпкерлер галереясына жаңа бейне қосу көркем туынды құндылығының бір белгісі десек­, «Абыржы» романы қазақ әдебиетінің образдар сахнасына бірнеше тұлға әкелген туынды. Солар­дың бірі – бас кейіпкер Медет болса, екіншісі – Құлжұмыр. Жаны – таза, мінезі – бала, келер күнге үміт, барлық жанға сеніммен қарайтын осы бір адам – нағыз ауыл қазағы, көнеден қалған бір жұрнақ сынды.  Ол бәлкім, бүгінгінің жалба тонды Аязбиі? Елдің елдігі, ерлерді­ң ерлігі, шешендер ділмарлығы, теңіздің шалқу  кезі және т.с.с. осы Құлжұмыр  тұлғасында  ашылады. Бұл Медет бейнесін әрлендіре толықтырып  тұрған  образ, шығармада сом­далуы – қалам иесінің шеберлігі.

«– ...Дүрия  жеңеше, домбырам қайда? - дейді  Құлжұмыр  үні  мұнар  арасынан.

– Ошаққа түсіп кетпесе, жатқан шығар, бала-ау. Күлдік табақ жақты қарашы.

Әпенді сонау «домбырасын» қолына алған болуы керек, қу тақтайды тарс-тарс қаққан ырғақ­ты үн жетті. Қылғынып шыққан жарықшақ мақам, бас-аяғы өзіне ғана мәлім бір гөй-гөй. «Қазақпыз ғой, - дейді мұндайда «Жұмырағасы», – ал қазекем кілең өлеңмен сөз саптаған...»  (1-кітап, 9-б.). Домбыра – қайық ескегі­нің қалағы. Теңіз де жоқ, қайық та жоқ, ескек те жоқ, тек қалақ қалған. Ол домбыра боп мұң шертеді, ол теңізін іздеп, гөй-гөй үн қатады. Олай еді, бұлай еді деп, ұзынсонар баянға түсіп алмай­, бір ғана «сызықпен» «нақышты сурет» салудың бір мысалы осы. Немесе:

«Қараша қатқағында даланың салқыны сүйектен өтеді.

– Кеше, әлгі Біразелдің кеносын көрсетіп жатыр екен...

Тосын үнге жалт қарап, күндегі алқам-салқам­ «Жұмырағасын» қайта көрді бұл.

– «Бразилия» деген дұрыс.

– Иә-иә, сол Біразелінің  теңізін  басып  алған­  сүгірет. Ақұдай, баяғы біздің су ма дедім! Тіпті, бір жерін Ұзынқайырдың қосалқасы ма деп қалғаным..­.

... – Жұмыраға, сен жаңа құм басында не айттың?!

– Ә-ә. Ол бір, өткеннің кебі... Сен маған мынаны айт, бала! - деді кенет бір торығыңқы үмітте. – О жерден бұ жердің, о судан бұ судың қай жері кем еді? Оны хан көтеріп, сүгіретін ит өлгеннен бізге әкеліп әспеттегенде, бұ байғұсты­ сонша басқа тебетіндей не жазығы болды қас­қаның?!» (1-к, 57-58-б.б.). Міне, осы қарапайым­ халық әлпетінде Құлжұмыр тұлғасы биік көте­ріледі. Медет болмысын сәбидей аңғалдықта айшық­тай түсетін ол оқырман жанына тым жақын­. Медет қара қайықпен ұлы теңізге шыққанда қатерлі жолға бас тігіп, қасына еретін сол... Сосын, Өрен-бала...

Романдағы Гапон-орыс бейнесі де көп сырда­н хабар берер образ. Туыстары, әйелі, бала-шағасы Ресейге қоныс аударып, Аралда жалғыз өзі ғана қалған орыс ұлтының өкілі арқылы­ автор туған жерге деген махаббат, Ресейд­ің Аралға көмек қолын созудан бас тартуы­, ұлттар арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік мәселесін қозғайды. Үш кітаптан тұратын шығармасына бас кейіпкер Медет Мөңкеұлы бейнесін арқау ете, көркем сөз өрмегін төккен қаламгер қоғамдық, әлеуметтік, тұрмыстық, жағдайлардың пәлсапалық, адамгершілік, моральдық, ұлттық сипаттарын көр­кем талдауға барып, өзіндік дүниетаным мен бейнелі кеңістіктен ой қозғайды. Бас кейіпкер шығарма басында Аралды құрбан етушілер сапын­да болды. Бұл – мәселенің бергі жағы, ал арғы тереңінде ол – адам, әділдік, адалдық жоқшы­сы, іздеушісі. Адасқақ жолдың құрбаны. Мұны Сағынжан дос түсінді, оның саясаттың, биліктің құрбаны болғанын ұқты. Медеттің бәрін тастап, Аралға, Бөкенге келуі де, оның теңізде өлмек болуы да тығырықтағы таза адам жаны­ның­ жол іздеу арпалысы. Ол әлсіз, өмір бора­нына қарсы тұра алмас босбелбеу жан емес, керіс­інше өзіндік  ұстанымы  бар  адам.

«Адасып жүріп, ар жоқшысына айналу...». Рәсуа өмір, алданған ізгілік, «қайран жаны зұлымдыққа шұлғау болған» тағдырдың соңғы өмір сәулесі. «Құлжұмырды (өткенді), Өренді (ертеңді) сақтаңдаршы!» деген Медет өсиеті – осы үміттің соңғы үні. Ол жаңа ақиқатқа дабырамен емес, азапты арылу жолымен келген еді. Мұнан арғы өмір біртоға жан үшін ашық болардай еді. Бірақ... Мойындағы пенделік қарыздар сұрауы тым ауыр болып шықты...

Әлем әдебиетінде ойды негізді, деректі, дәйекті уәждермен жеткізу, батыл болжамдар жасау мысалдары аз емес. Бұл әдебиеттің қоғамға, адамзат дамуына бағыт-бағдар сілтеу мисиясы. Қазіргі көптеген техникалық, ғылыми­ һәм рухани жетістіктеріміз алдымен көркем шығар­маларда баяндалған мысалы көп. Міне, осы үлгі «Абыржы» романында да бар. Соның бірі – Ғалам-Кіндікті іздеу. Ойлар Сүйінтай-матема­тик пен оның «Қара дәптері» арқылы айтылы­п, санаңа салмақ салады, қисынды ойды қозғайды. Сүйінтай, Өрен бейнесімен қабат өрілетін Ғалам-кіндік жобасы, Топансу оқиғасы, Нұх пайғамбар хақындағы жорамал, Арал апатының ғарыштық себебін іздеу де өз алдына бір пәлсапалық жүйе түзейді. Автордың келер ұрпақ бейнесін Өрен мен өлі жағалаудағы ақ көйлекті бала арқылы жеткізуі де астарлы. Мәтін астарында ел болашағы, ұлт перспектива­сының көкейтесті мәселелері жатыр.

«Абыржыда» көп ой бар. Қысқа сөзде қамту қиын. Бір мақала көлемінде кей ойды қысқаша тұжырдық. Шығарманың стилі жатық, жинақы. Оған қоса ұлттық мінез болмысы төңірегіндегі көркемдік ізденістер мен салиқалы ойлардың Арал және адам тағдырымен тоғысуы романды ерекше көркем ырғаққа әкелген. Біздің мақаланы «Ғасырлар тоғысындағы Арал мен адам тағдыры» деп атауымыз да сонан. Арал проблемасын бүкіл адамзат проблемасы деңгейіне көтерген «Абыржы» романы қазақ прозасының үлкен жетістігі екені анық.

Алдажар  ӘБІЛОВ,

филология  ғылымдарының  кандидаты

 


МЕЖЕСІ МЕНМҰНДАЛАҒАН МҰҒАЛІМДЕР PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 11:53

Еліміздегі 20 мыңнан аса мұғалім Ұлттық біліктілік тестілеуінің межелік деңгейінен өте алмады. Иә, сырт көзге сүйкім­сіз, құлаққа түрпідей тиетін жаңа­лық. Осыдан соң, ел ішінде мұғалімдерге бірқатар жаман сөздер айтылып, жазылып жатыр­. “Баламызды кімдерге оқытып жүрміз?”, “Айлығына қанағаттанбай, ақшасын көбейтуді сұрап жүрген жандардың білімі осындай екен”, т.б. Біз ешкімнің жеке не жалдап алған адвокаты емеспіз. Сондықтан, тек өз ойымызды ғана айтып көрмекпіз.

Мұғалімдерге арналған Ұлт­тық біліктілік тестілеуі 26-28 ма­мыр аралығында республика бойынша алғаш рет өткені баршаға мәлім шығар. Тестілеуге қатысуға өтініш берген 60,4 мың мұғалімнің  тек  56,9  мыңы  тес­тіге  қатысқан.

“Ұлттық біліктілік тестілеу­дің қорытындысы бойынша шекті деңгейден 36272 (63,74%) тестілену­ші, олардың ішін­де қа­зақ тілінде – 23758, орыс тілінде – 12514 өтті. Республика  бойынша орташа ұпай – 110 балдан  68,27 ұпай”, - делінген  орталықтың  баспасөз  хабарламасында.

Сондай-ақ, тестілеу орта­лығындағылар тест нәтижесі бойынш­а ең үздік көрсеткішті “педагог-сарапшы” санатына өтініш бергендер көрсеткенін мәлімдеді.

“Педагог-модератор” білік­тілігі бойынша  өтініш бергендер – 17775. Шекті деңгейден өткендер – 11505, оның ішінде  қазақ тілінде – 7905, орыс  тілін­де – 3600. Орташа балл – 68,1.

“Педагог-сарапшы” білік­тілігі  бойынша өтініш бергендер – 22231. Шекті деңгейден өткендер – 13358, оның ішінде қазақ тілінде – 8965, орыс тілінде – 4393 тестіленуші. Орташ­а  балл – 63,5.

“Педагог-зерттеуші” білік­тілігі  бойынша өтініш бергендер – 18490. Шекті деңгейден өткендер – 10652, оның ішінде қазақ тілінде – 6457, орыс тілінде – 4195 тестіленуші. Орташ­а   балл – 68,1.

“Педагог-шебер” біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 1980.  Шекті деңгейден өткендер – 757, оның ішінде қазақ тілінде – 431, орыс  тілінде – 326 тестіленуші. Орташа  балл 43,1-ді  құрады.

Сонымен, қашанда басы дау-дамайдан арылмайтын мұға­лім­дер бұл жолы да сынның астын­да қалды. Көпшілік мұғалімдер үшін меже алыстан қол бұлғаса, кейбіреулері үшін сағым­дай сыңай­ танытып немесе­ менмұндалап тұрғандай. Әрине, тесттен жақсы нәтиже көрсетсе, қуанып та қалар едік. Тек, бір тест шын мәнінде мұғалімнің білім деңгейін айғақтап бермейтін шығар деген ойымыз да жоқ  емес.

Р.СӘРСЕНҰЛЫ

 


ЕКІНШІ АНАМ – ҰСТАЗЫМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 11:50

Негізгі білімді аяқтап, мектептен түлеп ұшқан біздерге жаңа оқу орны, аттестация, сынақ кітапшасы, студенттік билет таңсық дүние болды. Жаңа ортаға сіңісіп кету алғашқыда қиын болғанымен, 2 ай ішінде топтастарыммен бауырдай аралас­ып кеттік. Колледж қабырғасында оқу біз үшін мақтаныш болғандай, «куратор» деп топ жетекшімізді күтіп отырамыз. Мектептегі 45 минуттық сабақ кестесіне үйреніп қалған біздерге колледждегі 90 минут ауыр тиді. Ең шулы топ болдық, әрине ер балалардың көптігінен. Осы себепті жетекшілеріміз тұрақтамайтын. Оған да етіміз үйреніп кетті.

1-курс аяқталып, емтихан уақыты басталды. Әлі есімде, соңғы пәннен сынақ тапсырып жатырмыз. Комиссия мүшесі Гүлвира Ағайдарқызы болды. Қатты қорыққаннан билет сұрағына қалай жауап бергенімді білмей қалдым. Бастапқыда қатал көрінгенімен, жаны жайсаң­, ақкөңіл оқытушы 1 жылдан кейін, яғни 3-курста­ тобымыздың тәлімгері болып тағайындалды. Шашыраған топты әп-сәтте жіптіктей етіп, жинап алды. Мен сол жылы топбасшы болдым. 1-курста қатты қорыққан ұстазым мені туған қызынан кем көр­мейтін. Сессия басталып, емтиханға кірер алдында өзінің ақ батасын­ беріп, қолдап жүретін осы бір жан жүрегімнен ерекше орын алды. Асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген аяулы ұстаз анамдай болды, тіпті «анашым» деп атағанымда қуанып қалатын.

Гүлвира Әлімханова 1970 жылдың 25 тамызында Шиелі ауданында дүниеге келген. 1987-1992 жылдар аралығында математика және физика мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университетінде оқыған. 1992-2001 жылдары №46 Шиелі аудандық мектебі, 2001-2004 жылдары Орал қаласында, 2004-2007 жылдар аралығында Қызылорда қаласында №6 орта мектебі­нің математика және физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары­ колледжінде 2009 жылдан физика, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастаған. 2011 жылы оқу бөлімінің инспекторы, қазіргі таңда осы аталмыш колледждің оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқары­п  келеді. Жоғарғы санатты ұстаздың бүгінде алған алғысы мен жеткен жетістіктері жетерл­ік. Атап айтар болсақ, 2012 жылы Қызыл­орда облыстық білім басқармасының «Құрмет грамота­сы», 2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Құрмет грамотас­ы»  және де осы жылы Тәуелсіздік күніне орай алған грамотасы, алғыс хаты, т.б.

Өз ісінің маманы, осынау жұмыс атқарған 24 жыл ішінде қаншама түлекті қолынан ұшырып, ата-аналарды­ң алғысына бөленіп келеді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, алтын уақытын студенттеріне­ арнап­ жүрген аяулы ұстаз, екі перзенттің анасы.

«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп француз  философы Жан Жак Руссо айтқандай, біздер үшін уақы­тын аямаған, өмір жолына қанат қағуымызға өзіндік септігін тигізген­ екінші анама алғысымды білдіремін. Және де деніне саулық,­ отбасын­а амандық,  жұмысына  толағай  табыс  тілеймін.

Тоғжан  ҮБАЙДІЛДАҚЫЗЫ,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  2-курс  студенті

 


СЫРЫ САРҚЫЛҒАН СУРЕТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 11:45

Қоғам  бір  қалыпта  тұрмайды. Сәйкесін­ше, әр дәуірдің өзіне тән ерекшелігі, сұра­нысы болатыны сөзсіз. Үйдің үлкендері «біз­дің бос уақытымыз ізденумен, кітап, газет-журнал оқумен  өтті» дейді. Сенейік. Күл­тегін заманында да кейінгі ұрпаққа көңілі толмаушылық болған деседі. Қай кезеңде де солай. Мұны орынды деп қараған жөн. Бүгін­гі буын өкілдері қолы қалт етсе ұялы теле­фонға үңіліп, сағаттап селфиге түсуге әзір. Осыны  оғаш  көретін аға буын өкілдері жаңа ермекті  жақтырмай  жатады.

Бірімен-бірі арпалысқа түсіп жатқан адамдар бұл кезде ешкімде бас көтерер бос уақыт болмайтындай сездіреді. Дәл осылай ойлап, тіпті, сеніп жүргенімізде жаңа буын­ның жаңа ермегі пайда болды. Алайда ермек дегеннен гөрі еркелікке жақындау келетін секілді. Алдымен, осы ермекті қара­ңыз. Жоғарыда айтып өткендей, бүгінгі буын­ның басты шаруасы – суретке түсу. Иә, бір есті­генде күлкілі көрінгенімен, қолы қалт етсе, себепсізден-себепсіз суретке түсе салу ешқандай ойдан шыққан әңгіме емес. Ал, енді сіз осыны ақылға сыйғызып көріңіз. Қандай адам күніне бір альбомды толтырар суретке түседі? Және оның барлығы бір-біріне ұқсас болса. Дұрысы, бұл нәрсенің шешімін табуға ойланбағаныңыз абзал. Себебі,  оны  түсіну қиын-ақ.

Селфиге түсу – сәнге айналған құбылыс. Бір қарағанда еш әбестігі жоқ көрінгенімен, осы селфизм (селфиге түсушілік. – ред.) кейде адам баласының өз өмірін қатерге тігуге ұласады. Өзін-өзі суретке түсіре беру арқылы өзіне деген сенімділікті артырып, кемшін тұстарын жасыратындар айналамызда жетерлік. Мұны Америка психиатрлық қауымдастығы жүйке ауруы деп таныпты.

Кімге болмасын, естелік ретінде сурет сақтау – жағымды дүние. Бала кезімізде сөредегі альбомды қонақ келгенде шығарып, ішіндегі отбасылық суреттерді тамсана ақтаратынбыз. Сол тамашаның қадірі кетіп, еріккеннің ермегіне айналғаны ойландыра­тын жағдай.

Ел арасында ретсіз суретке түсу туралы көптеген пікірлер бар. Бірі онда тұрған ешнәрсе жоқтығын айтса, енді бірі барып тұрған ақымақтық дейді. Осы турасында толығырақ  білмек  болып, жұрттың пікіріне құлақ  түрген  едік.

Мұхшаһар  ӘЛІМБЕКОВ, қала  тұрғыны:

– Біраз бауырларымыз суретке түскенді жаны сүйеді. Бұлай жиі суретке түсу дұрыс емес екенін біле тұра ұялы телефонын қоса салып, осы іспен шұғылданғанды ұнатады. Дінімізде де беталды суретке түсуді қолда­майды. Реті келсе, тек ғана мұқтаждықпен суретке түскен абзал болады. Өміріңнің бір сәтін қас қа­ғымда бір па­рақ бетіне түсі­ріп беру – фотоаппа­раттың айрықша қа­сиеті. Сол үшін де сурет­ті жай ғана қағаз бетін­дегі сұлба, немесе теле­фон­мен айналысатын ермек ретінде емес, өмірдің секунд­тан да аз сәті деп қарау керек. Ал, сол сәт қайта айналып кел­мейді. Суретке де атүсті қарап, қалаған кезде түсіп, қалаған кезде өшіру дұрыс емес секілді.

Айгерім  ТЫНЫСБЕКОВА, студент:

– Қыздар қауымының суретке түсудегі бірнеше себебі бар. Өз әдемі­лігін желіде бөлісетін арулар осылар­дың қатарына жатады. Желідегі түрліше пікірлер мен лүпілдердің буы­мен соншама суретке түсіп тастағанын аңғармай қалатыны рас. Осындай сұлулар қауымының дертіне айналған әдет дендеп барады. Өз басым артық суретке түсуден аулақпын.

Нұрғали  ҚОЛҒАНАТОВ, қала тұрғыны:

– Сурет кез келген оқиғаны, сәтті түсі­ріп алып, қанша уақыт өтсе де алдыңызға сол бейнені алып келеді. Меніңше, жиі суретке түскенде тұрған ешнәрсе жоқ секілді. Жиі суретке түсіңіз, тек сапалы, мән-мағыналы болсын. Өзінің бетін оншақты рет тап­жыл­май түсіруді мен де дұрыс деп есептемеймін. Осындай адамдар өздерінің не істерін білмейді-ау, шамасы! Әсіресе, қыздар қауымы. Адам суретке қайғырып, не болмаса басына іс түс­кенде түспейді. Яғни, көңіл күйі көтеріңкі кезде телефонын ала салып, оңды-солды түсе­тіні болмаса. Көп суретке түсушілік – адам­ның жай-күйінің жақсы екенінің көрінісі. Көңіл күйі керемет адамға «қой» деп көріңіз.

ТҮЙІН. Бала кезіміздегі санаулы ғана суреттердің әрқайсысы бір естелікті, бір том кітаппен пара-пар баяндап тұрғандай көрінетін. Сондай  сыршыл суреттердің қадірі жоғалғаны жанға  батады. Адам көбейіп, адамгер­ші­лігі  жоғалған, телефон көбейіп, тәрбие жоғалған, сурет көбейіп, естелігі жоғалған заман болды.

Қонысбек  МӘЛІК,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  2-курс  студенті

 


ЕҢ ҚИЫН МАМАНДЫҚ – АДАМ БОП ҚАЛУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 11:35

Кубалық ақын, жазушы Хосе Хулиан Марти дәл осылай деген екен. Иә, мектеп бітіруші түлектердің көпшілігі ата-анасы таңдаған мамандыққа түсетіні рас. Дегенмен, жасөспірімнің келешекте кім болғысы келе­тіндігі өзіне ғана аян. Мүмкін ол – қаржы­гер, мүмкін ол – инженер, мүмкін ол – ІТ маманы, мүмкін ол – механизатор. Әйтсе де, кейбірі баласын өздері жұмыс істейтін салаға оқуға түсіреді. Бала оны қаламаса да, ата-анасын ренжітпеу үшін сол мамандықта оқуға тура келеді. Сондықтан да өзіне сай және ұнаған мамандықты таңдауы қажет. Кейбір адамдар жалақысына қарап, енді бірі сұранысына қарап, ал санаулысы ғана өзіне жақын және ұнаған  мамандықты  таңдайды.

 

Өз ісінің нағыз маманы атану үшін сол мамандығыңызға деген махаббат керек. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, содан ләззат алады. Мамандық таңдау деген – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық түрлері бар. Соның ішінде өзіне сай мамандықты таңдау оңайға соқпайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметін­ше, бүгінде мектеп бітіруші түлектердің басым көпшілігі техникалық мамандық­тарды таңдауда. Биыл Президент бастамасы аясында техникалық мамандықтарға қосымша 20 мың грант бөлінген еді, оның 11 мыңы – бакалавр бөлімінің еншісіне тиген. Сарапшылардың сөзінше, сұраныс­қа ие әлеуметтік қамтамасыз ету саласы, ауыл шаруашылығына қажетті мал дәрі­герлері, агрономдар, өсімдіктерді қорғау маман­дары, зоотехниктер, инженер-механик­тер мен инженер-электриктер, жерге орналастырушылар бойынша қажетті маман иелері аз.

Елімізде мұнай-газ саласы мамандығы көш бастап тұр. Алайда бұл салада жұмыс табу студенттер мен мамандар үшін оңай емес.

– IT мамандығына деген сұраныс көбейіп жатыр. Бұл мамандыққа грант болмаса да, ақылы негізде оқып жатқандардың саны көп. Бұрынғыдай заңгер, экономист деген маман­дықтарға қызығушылық азайды, - дейді Nova Education орталығының қызметкері Бейбіт Қадырбекұлы.

Жылдан-жылға түрлі бағдарлама, гранттық негізде немесе өз қаржысы есебінен шетелде білім алуға ниетті қазақстандықтардың саны артқан. Ресми деректерге сүйенсек, «Бола­шақ» бағдарламасының жүзеге аса бастағанына 25 жыл толды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назар­баев­тың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған бағдарлама арқылы бүгінге дейін әлемнің 35 еліндегі 170 жоғары оқу орнынан қазақстандық 12,5 мыңға жуық жас білім алған  көрінеді.

Қазақ студенттердің таңдауы көп түсетін елдердің бірі – Чехия. Бұл елде білім алатын студенттердің қарасы қалың. Осыған орай Чехия  мемлекетіне  оқуға түсуге талаптанып жүрген  мектеп  түлегі Алина Әлішерқызы­мен пікірлескен  едік.

– Алина, сіз бала кезінде кім болуды  армандадыңыз?

– Мен 5-6-сынып аралығында тарих, география пәндері жақын болғандықтан, археолог болғым келді. Содан соң Ұлттық зерттеу технологиялық университеті "Мәс­кеулік болат және қорытпа институтына" инженер-технолог мамандығына түскім келді.

– Сол  арманыңыз  орындалды  ма?

– Жоқ. Себебі әкем Чехиядағы “Карлов” университетінде  оқуға ұсыныс  айтты.

– Қандай  мамандық  иесі  атанғыңыз келеді?

– Маркетингтік коммуникация және  пиар.

– Чехия мемлекетіндегі ЖОО-ға түсудің  себебі  не?

– Себебі  ол  жақта білім беру деңгейі жоғары  және  беделді.

– “Шеберді саусағы асырайды” демекші, сізге сәттілік және мамандық таңдауда жаңылмауыңызды  тілейміз!

Әр мамандықтың өзіне тән қызығы мен қиыншылығы  қатар  жүреді.  Мамандық таң­дау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейім­ділігіне  сай  саланы  таңдаған  абзал.

Лемара   ИРГАЙБАЕВА,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  2-курс  студенті

 


ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНЫҢ СҰРАУЫ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
21.06.2018 11:34

Қаланың қажеттілігіне жұмсалуы тиіс 736 миллион теңге «түртілмей» тұр. Бұл туралы қала әкімі Н.Нәлі­баевтың  төрағалығымен  өткен  аппарат­ мәжілісінде белгілі болды. Күн тәрті­біндегі бірінші мәселе – бюджет қаржы­сының 2018 жылдың І жартыжылдыққа болжамды игерілуі. Қала әкімінің орынбасары Б.Нұридиновтың сөзіне сенсек, биылғы 1 шілдеге Қы­зыл­орда қаласының бюджеттік шығын­да­р  жоспары 24 миллиард 183 мил­лион 300 мың теңге болуы керек. Алайда қазіргі уақытта оның 97 пайызы, яғни 23 миллиард 402 миллион 300 мың теңгесі ғана игерілген.

Ал қалған 736 миллион теңге экономикаға жұмыс істемей, бос тұр. Қолдағы қаражаттың мақсатты іске «қызмет етпеуіне» 3 фак­тор­ әсер етіпті. Оның алғашқысы – ашық электронды мемлекеттік сатып алу конкурсының шешіміне мердігер мекемелердің  шағымдануы. Инженер­лік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және сатып алу бағдарламасы бойынша­ республикалық бюджеттен 3 нысанға бөлінген қаржыдан 500 миллион теңге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргі­зуге жарияланған. Олқылықтың мәні де осында. Бұған байланысты Б.Нұридинов «қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп, шешімі  анықталмауда» деді. Екінші себебі – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алу бағдарламасы бойынша Сырдария өзенінің сол жаға­лауында салынып жатқан 4 тұрғын үйге жоспарланған  476,0 млн теңгеден 360,0 млн теңгесі игеріліп, 116,0 млн теңгесі игерілмейді  деп күтілуде. Үшін­ші себеп ретінде «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағ­дарламалары  бойынша  республикалық бюджеттен бөлінген 399,9 млн теңгенің маусым айында жоспарланған­ 120,0 млн теңгесі игерілмеуі мүмкін екенін айтты. Себебі, Қызылорда қаласының «Мерей» және «Ақмешіт» шағын­ аудандарында ағымдағы кәріз желі­лерін қайта құрылымдауға бөлін­ген қаржы «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» КММ-не қарастырыл­ған. Алайда жыл басында бұл қаржы Қызылорда қаласының кәріз насостық станцияларын жаңғыртуға бағытталған болатын. Қаржыны игеру барысында бағдарламаның әкімшісі және бағыты ауысуына байланысты мемлекеттік сатып­ алу конкурсы кеш, яғни 5 маусымда жарияланған. Конкурстың қорытындысы маусым айының соңында шығады деп күтілуде. Осыған орай, 120,0 млн теңгені маусым айынан шілде айына жылжыту үшін 29 мамырда облысты­қ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқа­рамасына хат жолданған. Бірақ маусымда 120,0 млн теңге республикалық бюджеттен облыстық бюджетке аударылып, қаржыны шілде айына қарай жылжыту мүмкіндігі болмаған.

Сонымен аталмыш жайттар бақандай 736 миллион теңгенің тиісті жұ­мыстарға жұмсалмай құр босқа тұруының басты себебі екен. Мұны естіген шаһар басшысының шамданып қал­ғаны  рас алғашында. Қалалық құрылыс­ бөлімінің басшысынан аз ғана уақыт аралығында миллиондаған соманы қайда жұмсайтынын сұрады. Игерілмей жатқан қаржы турасында жазбаша хат жазу керектігін қадап айтты.

Мәжіліс барысында мұнан бөлек қалаға қарасты кент және ауылдық округ­ әкімдерінің бюджетті қалай басқары­п  отырғандығы  сөз  болды. Бұл жағынан бәрін Белкөл кентінің әкімдігі  «басып  озып»  тұр  екен.

- Белкөл  кенті  бойынша  90,3% орындалып, 5,6 миллион теңгесі 2017 жылдың соңында қолма-қол бақылау шоты арқылы төлену керек қаржы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4-ші деңгейлі бюджеттің құрылуына байланысты мекеме­нің коды ауысып, мердігер мекемеге төленбей, игерілмеген, - деді қала әкімінің  орынбасары өз баяндама­сында.

Мәжіліс барысында қала басшысы Белкөл кенті әкімінің міндетін атқаруш­ы Жасұлан Сәдуге бюджет қаржысы­ның  толық  игерілм­еуі  туралы­  ескерту  берді.

- Жуырда  облыстық телеарна «Билік Белкөлге қашан бет бұрады?» деген  хабар­  көрсетті. Тақырыбының өзі «айғайлап­» тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұлайша айтуына не себеп?­ Ақпарат неге бір­жақты  берілген? Белкөлде  жұмыс  атқа­рылмай  жатыр  ма? - деді әкім.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Қызылорда қаласының 2016-2020 жылдарға  арналған даму бағдарламасының  мақсаттарына  қол жеткізу. Бұл турал­ы қалалық экономика және бюджетт­ік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова тарқатты. Оның сөзінше, биылғы 5-16 наурыз аралығында «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекеме­сімен 2016-2020 жылдарға арналғ­ан Қызылорда қаласының даму бағдарламасының (Даму бағдарламасы) 2017 жылдың қорытындысы есебіне аудиттік  тексеру  жүргізілген. Жалпы, Даму  бағдарламасы  құрылымында 18 мақсат, 69 нысаналы индикатор мен 24 көрсеткіш қарастырылған. Қала бойынша толықтай қол жеткізілген нысаналы  индикаторлардың  үлесі  79,8  пайызды  құрап  отыр.

Жұртшылықты алаңдатып отырған қымбатшылық лебі азық-түлікті де айналы­п өтпеді. Қалалық  ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Сейіловтың айтуынша, Қызылордада жуа 5,4 пайызға, жұмыртқа 7,7 пайызға қымбаттаған. Бұл – бөлшек саудадағы азық-түлік бағаларына жүргізілген зертте­удің  нәтижесі.

- Бөлім тарапынан ағымдағы жылдың 11 маусымында қала аумағындағы азық-түлік сататын сауда орындарындағы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына жүргізілген мониторинг нәтижесінде өткен  айдың  салыстырмалы  кезеңі, яғни 11 мамырдағы  бағамен  салыстырғанда, 4  өнімнің  бағалары  көтерілгені  анықталды­. Айталық, өсімдік майы – 1,5% (5 теңге), қырыққабат – 10,4% (9 теңге),  сәбіз – 8,4%   (8 теңге), қант – 2,5%-ға  (5  теңге)  көтерілсе, қалған 15 түрлі өнімнің  бағалары  тұрақты  сатылуд­а, - деді  қалалық  ауыл  шаруашылығы  бөлімінің   басшысы.

Әкім азық-түлік бағасының неліктен көтерілгенін сұрағанда, бөлім басшысы М.Сейілов бірнеше себепті алға  тартты.  Мәселен,  «ЦАСК» ЖШС шикізаттың басым бөлігін шет мемлекеттен тасымалдайды. Сол себепті қант бағасы  көтеріліп  отыр. Ал қырыққабаттың бағасының көтерілуіне оны өндірушілердің шығындарынан туындап отыр. Қырыққабат кебуге бейім өнім болғандықтан, оны сақтау қиындық тудырады. Осылайша өнім қоры азаяды. Нәтижесінде­ баға «қалықтайды». Зардабын  халық  тартады. Мұндай түйткілден шығу үшін жауапты мекеме бірқатар жұмыстар атқары­п жатыр. Атап айтқанда, «Қызыло­рда қаржы компаниясы» ЖШС-нің қоймасындағы өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы алынған 1981,7 тоннаны құрайтын әртүрлі азық-түлік өнімдерін тікелей қоймадан өткізіп жатыр. Осы ретте әлеуметтік дүкендердің қызметі қызатын тұс. Қаладағы шағын аудандарда орналасқан әлеуметтік дүкендерге де аталмыш кәсіпорын өнімдері жеткі­зілген. Сондай-ақ, 10 сауда дүкендерімен әріп­тестік келісімшарт негізінде нарыққа шығарылып  отыр.

Бұл мәселе бойынша Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік дүкендердің сапалы­ қызмет етуі тиіс екендігін баса айтты.

Осылайша, қала әкімінің төраға­лығымен өткен мәжіліс аппаратында түйінді түйткілдер талқыланды. Сауал­ға сай жауаптылардан жауап алынып, ескерту берілді.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


БАСЫ ҚАТТЫ БОЛСА, АЯҒЫ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
21.06.2018 11:18

Ресей жеріндегі әлем чемпионатының да бір аптасы өте шықты. “Мынау жеңеді” деп сеніммен айтылған жорамалдар да, ел күтпеген есептер де тіркелуде. Бір ғана мысал, Аргентина мен Бразилия әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарында бір-бір ғана ұпайдан еншіледі. Мұнан бөлек өзге де фавориттер жеңіске жете алмай, тең ойынның немесе жеңілістің дәмін татып көрді.  Бір қызығы, бұған дейінгі әлем чемпионаттарында алғашқы ойында жеңілсе де, жеңімпаз атанған құрамалар бар екен. Ал, мұны қазекең “басы қатты болса, аяғы тәтті болады” деп ертеректе айтып кетпеді ме?

Бұлай жазуымызға себеп, әлем чемпионы Германия құрамасы биылғы доданы ұтылып бастады. Оларды Мексика футболшылары тізе бүктірді (есеп 0:1). Десе де, бұл неміс мәшинесінің “маторы” ұстап қалды деген белгі емес. Оның­ үстіне топта әлі екі ойыны бар Германия қайта тұрып жүгіруге хақы бар екенін жақсы біледі. Әлгінде жазғанымыздай, тарихта бірінші ойынын ұтылып бастаған әлем чемпиондары аз емес. Мәселен, 1938 жылы алтын жүлдеге ие бол­ған Италия құрамасы Екінші дүние­жүзілік соғыстың кесірінен араға  12 жыл салып, 1950 жылы бір-ақ өткізілген келесі әлемдік доданың­ алғашқы кездесуінде шведтерден 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Шыны керек, әлем чем­пиондары бұл біріншілікке негізгі әрі мықты құрамымен келе алған жоқ. 1949 жылғы 4 мамырда италиял­ық “Торино” клубының футболшылары түгелдей дерлік әуе апатына ұшырады. Бұл команда 1942 жылдан 1949 жылға дейін, яғни жеті маусым­ бойына скудеттоны (Италия чемпионына арналғ­ан жүлдені) ешкім­ге бермей келе жатқан еді. Демек, Бразилия­дағы доп додасына бір жыл қалғанда­ ұлттық құрама толығымен қайта жасақталды деуге­ болады.­ Олардың өзі әлгі апаттан соң қатты шошынып қалған болуы керек, Бразилияға әуе жолымен емес, кемемен үш апта жол жүріп келіпті. Тәжірибесі аз, жас команда осылайша алғашқы ойында шведтерге төтеп бере алмады.

Осылай басталған “чемпиондардың сүрінуі” әрі қарай жалғасты. Тіпті, Аргентина құрамасы чемпион болған сайын сүрінеді. ХХІ ғасырдың өзінде осымен үш жеңімпаз чемпионатты жеңіліп бастап отыр. Мұның алдыңғы жолы екі чемпион ақырында топтан шыға алмай қалған болатын. Бұл жолы немістер қайтер екен?

Кестеге   көз   жүгіртсек:

Жыл

чемпион

қарсылас

есеп

түпкі нәтиже

1950

Италия

Швеция

2:3

топтан шыға алмады

1982

Аргентина

Бельгия

0:1

2-топтық кезең

1990

Аргентина

Камерун

0:1

финал

2002

Франция

Сенегал

0:1

топтан шыға алмады

2014

Испания

Голландия

1:5

топтан шыға алмады

2018

Германия

Мексика

0:1

?

 


ШІЛДЕДЕН БАСТАП КІМ ҚАНША ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛАДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
21.06.2018 10:37

Бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайы­ндалады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау әдіс­темесі өзгереді. Яғни, базалық зейнетақы тек ғана жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (58-63/63 жаста) және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Қызыл­орда облысы бойынша 2018 жылдың 1 мамырына дейiн барлық зейнетақы және жәрдемақы алушы­лар саны – 252517, оның ішінде зейнетақы алушы – 71357, қалған 181160-ы – жәрдемақы алушылар.

База­лық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуы және басқа да әлеуметтік маңызы бар кезеңдер есепке алынады. Бұл санатқа үш жасқа дейінгі балаға күтім жасау­, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасаған жылдарын сот органдарының шешімі негі­зінде, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұр­ған, әскери қызметшілердің, әлеуетті құрылымдарда жұмыс істейтін қызметшілердің жұбайының жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ болған жерлерде (10 жылдан көп емес, тұрған кезеңдерін растайтын құжат ұсынған жағдайда­), «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйым­дарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері де қосылады. Сондай-ақ, базалық зейнетақы төле­мінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күн­көріс деңгейінің 54%-ын құрайды, 10 жылдан артық әрбір  жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс  деңгейінің шамасы­на  тең  болады.

Әлеуметтік төлемдерге енгізілген өзгеріс әлеумет­тік әділдікті орнатады. Адам көп жыл жұмыс істеген сайын, оның зейнетақысы да жоғары болады. Бұл барлық зейнеткерлерге, яғни қазіргі зейнеткерлерге және келешектегі зейнеткерлерге де қолданылатын болады.­ Осылайша, базалық зейнетақының мөлшері бүгінгі күні азаматтар алып отырған зейнетақының мөлше­рінен төмен болмайды. Базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпейд­і, яғни зейнеткерлер ешқайда бармайды, себебі олардың зейнетақы істерінде еңбек өтілі туралы мәліметтер бар, ал мін­детті зейнетақы жарналары аударылған кезең­дері дерекқорда бар мәліметтерден алынады.

Сонымен қатар, Елбасының тапсыр­масын  орындау  мақсатында  2018  жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен  бірінші  топтағы  мүгедектерді  бағып­  отырған  ата-аналары, (қамқоршылары) үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы 29699 теңге мөлшерінде тағайындалып, төленетін  болады.

Сондықтан, кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға, (қамқоршыларға) мемлекеттік жәрдемақыға құжат тапсыр­у үшін тұрғылықты жердегі «Азамат­тарға арналған­ үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы­ бойынша  филиалына  жолығып, тиісті құжаттарын  тапсыруға  болатындығын  түсіндіреміз.

 

Еңбек өтілі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің үлесі («2018 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңында  күнкөріс деңгейінің мөлшері 28284 теңге болып белгіленген).

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

10 жылға дейінгі

54%

15274

11 жылға дейінгі

56%

15839

12 жылға дейінгі

58%

16405

13 жылға дейінгі

60%

16971

14 жылға дейінгі

62%

17536

15 жылға дейінгі

64%

18102

16 жылға дейінгі

66%

18667

17 жылға дейінгі

68%

19234

18 жылға дейінгі

70%

19799

19 жылға дейінгі

72%

20365

20 жылға дейінгі

74%

20931

21 жылға дейінгі

76%

21496

22 жылға дейінгі

78%

22062

23 жылға дейінгі

80%

22627

24 жылға дейінгі

82%

23193

25 жылға дейінгі

84%

23759

26 жылға дейінгі

86%

24325

27 жылға дейінгі

88%

24890

28 жылға дейінгі

90%

25456

29 жылға дейінгі

92%

26022

30 жылға дейінгі

94%

26587

31 жылға дейінгі

96%

27153

32 жылға дейінгі

98%

27719

33 жылға дейінгі

100%

28284

 

Сұрақ-жауап

– Мұғалім  болып  жұмыс  істеп, 2016 жылы  зейнеткерлікке  шықтым. 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтілім  24 жыл  5 ай, әрі қарай 2017 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істедім, енді базалық зейнетақы төлемін қайта  қарау кезінде 2017 жылға дейінгі еңбек өтілім қалай  есепке  алынады?

– Сіздің 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз еңбек кітапшадағы жазбаларыңыз бойынша есепке алынса, ал 01.01.1998 жылдан кейінгі еңбек өтіліңіз (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынатын  болады.

–  Әйелдің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі 13 жыл болса, қазір 10 жасқа толған мүгедек баласының күтіміне байланысты 9 жыл үйде отыр. Базалық зейнетақының мөлшері қандай болады? Зейнетақы қорында  аударымдары  жоқ.

– 2018 жылғы 1 шілдеден бастап заңнамада базалық­  зейнетақыны тағайындаған кезде 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау кезеңі есепке алынаты­н норма көзделген. Осыған байланысты, базалы­қ зейнет­ақыны тағайындау кезінде 1998 жыл­ғы 1 қаңтар­ға дейін (13 жыл) еңбек өтілі және сот органдарының шешімімен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасаған уақытын дәлелдеген жағдайда есепке алынады. Осылайша, жалпы  еңбек өтілі 22 жылды құрайды, яғни базалық зейнетақы мөлшері 28284 теңге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 78%-ын немесе 22062 теңгені құрайтын болады. Яғни, бүгінгі күні алып отырған 15274  теңгеге  6788  теңге қосылады.­

– Көпбалалы анамын, 5 балам бар, жұмыс істемегенмін. Базалық  зейнетақы  тағайындала  ма?

– Базалық зейнетақы еңбек өтілі болмаған жағдайда да тағайындалады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істемейтін балалы әйелдердің бала күтімінің уақыты, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт базалық зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынады. Бұл жағдайда еңбек өтілі 12 жылды құрайды және базалық зейнетақы 28284 теңге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 58%-ы мөлшерінде тағайындалатын болады­, яғни алып отырған 15274 теңгеге 1331 теңге қосылады.

– Әскери адамның жұбайы болғандықтан үнемі көшіп жүріп, жұмыс істемегенмін. Базалық зейнетақы тағайындалған  кезде  бұл  кезеңдер  есепке  алына  ма?

– 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнет­ақы тағайындау кезінде әскери қызметшілердің жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспай­тын кезеңдері есепке алынады деп көзделген. Осылайша, жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде­ тұрған кезеңді растайтын құжат ұсынған жағдайда, базалық зейнетақыны тағайындау кезінде көрсетілген кезеңдер есепке алынатын болады.

А.БҰХАРБАЕВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Қызылорда  облысы  бойынша

Департаменті  №1 зейнетақы

және  әлеуметтік  қамсыздандыру

бөлімінің   бас  маманы

 


“СУРЕТШІ – УАҚЫТТЫ ТОҚТАТА АЛАТЫН ҚҰДІРЕТ ИЕСІ” PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 10:21

Қандай мамандық болмасын, жан қалауымен  жасалған әрбір іс өзінің оң  нәтижесін  берері  анық. Бірақ, бұл жұмысқа деген сүйіспеншілік пен жауапкерші­лікті талап етеді. Әр саланың­ өзіне тән ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерді бойына сіңіре отырып­,  жүрекпен  ұғынып,  биік­терден көрініп жүрген талант­ты­лар қаншама? Талайды дарынымен тәнті еткендердің бірі – ре­сей­лік  суретші-график   Әлібек Қойлақаев.

Қызылорда  қаласының  200 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру»­  бағдарламасы­ аясында жақында ғана  оның «Қорқыт  даласы» атты жеке  шығармашылық көр­ме­сінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Қызылорда облысының мәдениет, архив­тер және құжаттама басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиа­лы Көркемсурет гале­рея­сы мен Q MED “Сана-Сезім” ЖШС-нің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14-24 маусым аралығында өткізу жоспарлан­ған. Оның ашы­луында  қала тұр­ғындары­ мен қонақтары суретшінің тарихи графика­ жанрындағы көз тартар­лық суреттерін тамашалады. Ашылу рәсімін облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов бастап берді.

- Бүгінгі  көрме «Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы аясында өткізіліп,  өздеріңізге  ұсы­нылып  отыр. Алғашқы сурет­ өнерінің кәсіби стильдері  негізіне­н,  осы  Қызыл­орда қаласы ең алғаш астан­а болған­  кезеңде  қалыптас­ты. Қазақ бейне­леу  өне­рінің та­рихы­н Сыр өңі­рінсіз елестет­у  мүмкін емес, -  деп, сурет­шіге шығар­ма­шылық  табыс  тіледі.

Q MED “Сана-Сезім” ЖШС дирек­тор­ы әрі көрмені ұйымдастырушы Раушан­  Базарбай   Ә.Баймұратұлының өнерін Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен облысымыздың  80 жылдығына тарту еткен сый екенін  атап  өтті.

Соңғы сөз кезегі көрме авторы Әлібек Қойла­қаевқа берілді. Ол өзінің жылы лебізін  біл­діріп,  алғысын  жеткізді.

- Көрмені  ұйымдастыруға  мұрындық болға­н кісілерге алғысымды ай­тамын. 10 күн бойы менің туындыларым қызылордалық­тарға  ұсынылмақ. Арнайы шеберлік сағаттарын  да  өткізетін боламыз, - деді суретші.

Ә.Қойлақаев – суретшілігімен қатар сәнді киімдердің дизайнері, кітап иллюстраторы және де ноғай ұлтының Қазақстандағы ресми өкілі болып  табылады. Ноғай ұлтынан шыққан­ ресейлік суретші өз еңбек­терінде ата-бабаларының ұстан­ған салты  мен дәстүрін  тақырыптық арқау етіп келеді. Оның сурет салу­дағы ерекшелігі – туындыларын қауырсынмен, тушьпен бейнелеуі. Сурет­ші кейбір еңбектеріне тіпті 6-8 апта жұмсайды екен. Осы бір шеберлігімен тамсандырып жүрген талантты сурет­ші  Ресей,­ Қазақстан, Түркия, Дағыстан­ мемлекеттерінде  жеке шығармашылық көрмесін ұйымдастырып, көпші­ліктің назарына ұсынып келеді. Атап айтар  болсақ, 2009 жылы Дағыстанның  Макач­кала қаласында этникалық мәдениет орталығында көрмелерін ұйымдастырған. 2014 жылы Астана қаласында арт-центр «Кулаши» орталы­ғында «Искусство Вчера. Сегод­ня. Завтра», 2015 жылы Астана қаласындағы «Silk» галереясында «Зоб предков», 2016 жылы Түркияның Анкара қаласында, 2017 жылы Астана қаласы «Астана» ұлттық картиналар галереясында «Из глубины веков» тақырыбында  жеке  көрмесі Тәуелсіздіктің 25  жылдығы мен қала күні  мерекесіне­ орай  ұйымдастыры­лып,  жергілікті  халықтың  зор қоше­метіне­  ие  болған.

Қазіргі таңда Әлібек өзі жинаған мол тәжірибесімен бөлісуді көздейді. Өзге суретшілерге арнайы шеберлік сағатта­рын  ұйымдастырып, жас шеберлерге дәріс береді. Тағы бір айта кететі­н  жайт, 18-24 маусым  аралығында  қаламыздың­  жас суретшілерімен галере­яның  ИЗО студиясында шебер­лік  сағаттарын  өткізеді.

Тоғжан  ҮБАЙДІЛДАҚЫЗЫ,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  2-курс  студенті

 


«ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.06.2018 10:10

Елбасы ведомствалық бағынысты мекемелерді оңтайландыру бағытында кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіріп, бюджетті үнемдеу және олардың жұмысын жүйелендіру жөнінде тапсырма берген болатын.

Осыған сәйкес, қала әкімдігінің ағымдағы жылғы 6 маусымдағы №11226 қаулысы негізінде «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстан Республикасының бірінші Президенті атындағы паркі» және «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері біріктіріліп, бір мекеме болып қайта құрылды.

Бұл мекемелердің негізгі атқаратын қызметтері бір болғандықтан, біріктіру арқылы қала бюджеті 80 млн теңгеге дейін үнемделеді және серіктестіктің жұмысын одан әрі жандандырып, қуаттылығын арттыруға мүмкіндік туады.

Осы ретте, аталған мекеменің басшылық лауазымына осы салада тәжірибесі мол Құлмағанбетов Талғат Бекмырзаұлы тағайындалды.

Талғат Бекмырзаұлы Еңбек жолын 2006 жылы «Көркейту» МКК инженер ретінде бастап, 2014 жылға дейін «Тұрғын үй Қызылорда», «Қызылорда тазалығы» мекемелерінде түрлі жауапты қызметтерді атқарды.

Оның ішінде, 2014-2017 жылдары «Қызылорда тазалығы» ЖШС директоры болды.

2017 жылдан осы кезге дейін қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары