Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 21 Маусым 2018

ТҮРКІСТАН – ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
21.06.2018 12:31

Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойған Президент Түркістан облысы туралы пікір білдірді.

- Мен қол қойған «Қазақстан Республикасының әкімшілік-ау­мақтық құрылысы ту­ралы» Заңның 3-бабының  1-тармағына сәй­кес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің он же­тінші  аймағы  атанды. Ал қазақ хандығы мен түркі әлемінің жүрегіне айналған Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді, - деді Қазақстан Президенті.

Рәсім кезінде ол Шымкенттің Астана және Алматы сияқты миллиондаған тұрғыны бар қалалардың қата­рына қосылғанын айтты.

- Бұл әкімшілік ау­мақтың құрылымдық өзгерістері осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген тарихи құжат болады. Оңтүстік Қазақстан – еліміздегі экономикалық, көлік, логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ. Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент Қазақстанның ең ірі үш мегаполисінің қатарына қо­сылды, - деді Елбасы.

Осылайша, қазақ хандығының, басқа да сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы болған киелі өлкенің мәртебесі биіктей түсті.

 


ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ДА «ЖОЛДАН ТАЯДЫ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
21.06.2018 12:27

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алмай әлек. Тіпті, қоғамның жегі құрты сыбайлас жем­қорлық тікелей Елбасының бақылауында болса да, ақшаға құныққандар оңай олжадан бас тартпай келеді.

Әсіресе, жол патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты түрлі әңгімелердің жұрт арасында айтылып жүргенін құлағымыз жиі естіп жүр. Тіпті, бүгінгі күні халықтың оларға деген сенімі де жоғалған. Неге? Өйткені, қит етсе, «жол ережесін бұздың» деп тоқтататын жол сақшыларының түпкі ниеті жүргізу­ші­нің қалтасын жымқырып қалу екенін бәрі біледі. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, жұмысын өсумен емес, материалдық жағдайын жақсартумен байланыстыратын шенділердің бұл әрекеттері бүкіл құқық қорғау органдарының абыройына нұқсан келтіріп отырғанын түсінсе де, пысқырмайды-ау, сірә?! Статистикалық деректерге сүйенсек, Қызылорда об­лысында 2017 жылы ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты 7 қылмыстық іс тіркелсе, дәл осы көрсеткіш ағымдағы жылдың небәрі бес айында қайталанып отыр. Ал оның бесеуі жергілікті поли­ция қызметінің мамандары екен  (оның төртеуі – жол патруль­дік полиция қызметкері, біреуі – учаскелік инспектор). Жол сақшыларының тәртіпсіздікке жол беріп, заңды белшесінен басуы салдарынан Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылор­да облысы бойынша депар­таменті Жергілікті полиция қыз­метінде  жиын  өткізді.

– Ішкі істер органдары, олардың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, сіздердің халықпен  қарым-қатынастарыңыздың деңгейі барлық ішкі істер органдарына деген сенімнің мөлшері ретінде бағаланады. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты жағымсыз сипаттағы видеоматериалдар әлеуметтік желіде, интернетте, бұқаралық ақпарат  құралдарында өте көп таралған. Қоғамдық бақыл­ау  мен  құқық  қорғау  орган­дары тарапынан қадағалау қанша болға­нымен, нәтиже өте төмен болып­ отыр. Атап айтқанда, статистикалық көрсеткіштерге сәй­кес, өткен жылы сыбайлас жемқорлық және лауазымды қылмыстар жасағаны үшін жалпы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты 7 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа айыптау актісімен жолдан­ған. Биылғы жылдың бес айының өзін­де 7 қылмыстық іс тіркеліп, 10 қызметкер сотты болып отыр. Сондықтан мына қалыптастырып отырған жағдай ешқандай сынды көтермей, алаңдатушылық тудыруда, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызыл­орда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақытж­ан  Жандарбеков.

Қарамағындағы қызметкері халықты қанап, қалтасын қалыңдатып жатса, басшысының осал болғаны. Сондықтан талаптарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық жасаған мекемелердің басшылары да міндетті түрде қатаң жауапкершілікке тартылуы қажет. Бақытжан Ынтымақұлының айтуынша, ағымдағы жылдың бес айын­да өндіріспен аяқталған қыл­мыстық істер бойынша Қылмыстық процестік кодекстің 200-бабының талаптарына сәйкес, облыстық ішкі істер департаментіне жалпы 24 ұсыныс енгізіліпті. Енгізілген ұсыныстар бойынша 18 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған екен. Жергілікті полиция қызметінде өткізілген жиынның да негізгі себебі берілген ұсынысты қарау болды. Әрі жиында Қылмыстық кодекстің 416-бабының 2-бөлігі бойынша (әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау) айыптау актісімен ісі сотқа кетіп, бір жылға бас бостандығынан шектелген жергілікті полиция қызметінің бұрынғы инспекторы Д.Амангелдіұлының қателігі өзге әріптестеріне сабақ болсын деген мақсатта айтылды. Керек десеңіз, соңғы уақытта жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар немесе заңсыз іс-әрекеттерді тыю мақсатында бөліністің кіші басшы құрамының айлық жа­лақысы да көбейтілген. Ол үшін, тіпті, оларды орта басшы құрамға ауыс­тырған. Алайда «баяғы жартас – сол  жартас».

– Жергілікті полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу, ұдайы бақыл­ауға алып, болдырмау үшін және осы сипаттағы қылмыстарды анықтап, жолын кесу мақсатында департаменттің Өзіндік қауіпсіздік бас­қармасымен бірлесіп кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде 96  құқықбұзушылық анықталып, оның  ішінде  жол қозғалысы ережеле­рін бұзған 79 қызметкерге әкімшілік жауа­пкершілік  көрілген. Жүйелі түрде жүргізіліп отырған алды­н алу шараларына қарамастан, жеке құраммен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтар, сонымен қатар қызмет уақытында, қызметтен тыс уақытта жол жүру ережелерін бұзумен ұштасқан заңсыздықтар орын алды. Ағымдағы жылы жергілікті полици­я қызметінің қызметкерлеріне қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған (жоғарыда  айтылды. - ред.). Облыс­тық ішкі істер департамен­ті­нің тәртіптік кеңестерінде заңдылықты, әскери-қызметтік тәртіп­ті бұзған полиция қызметкерлерінің жауапкершіліктері туралы мәселелер 28 рет қаралып, нәтижесінде  35 қызметкер тәртіптік жазаға тартылған. Оның ішінде 5 қызметкер­ теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылса, 20 қызметкер атқарып отырған лауа­зым­дарынан босатылды,- деді ОІІД Жергілікті полиция қызметінің жұмысты  ұйымдастыру  және  бақы­лау бөлімінің бастығы Жолдас Өтепбергенов.

Ал Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас  жемқорлыққа  қар­сы іс-қимыл агенттігінің Қызыл­орда облысы бойынша департамен­ті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев Елбасының биылғы Жолдауында айтып өткендей, сыбайлас жемқорлықпен күрестің кешен­ді жүргізіле беретінін ескертті. Сондықтан, ішкі істер органдарының абыройына кір келтірмей, барынша­  адал  болуға  шақырды.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


НӘТИЖЕ СҰРАЛАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
21.06.2018 12:23

Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

- Бұрын кәсіпкерлікке байланысты біраз жұмыстар жүргіздік. Мәселенің маңыздылығын бірнеше рет қай­таладық. Енді тек нәтиже сұрайтын кез келді. Нәтиже бар болса, жұмыс істейміз. Нәтиже жоқ па, онда елдің дамуына  кедергі  болмаңыздар!, - деп  қадап  айтты.

Осы талапты ескерген Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев сала бойынша атқарылған жұ­мыста­рды баяндады. Оның сөзінше, жергілікті мамандар көршілес елдердің тәжі­рибесін қолданып жатыр. Мәселен, Қырғызстан мен Өзбекстан жылыжай бизнесін дамыту бойынша жақсы жетістіктерге жеткен. Мұны қолданысқа енгізген жаңақорғандық  кәсіпкерлер алдағы уақытта да өзге елдердің үздік әрі тиімді тәжі­рибелерін пайдаланады. Оның қатарында Қазақ картоп және көкөніс шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу инсти­туты да бар. Елді мекен­дегі жастар болса «Zhasproject» стартап-жобаларды қолдау бағдарлама­сына қатысып, өз ісін бастауға грант және жобаны жүзеге асыру кезінде қаржылық қолдау алуға жұмыс жүргізуде. Ал кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін «Агроэкспресс» семи­нары  ұйымдастырылған.

Мұнан соң облыс әкімі Социалистік Еңбек Ері, марқұм Шырынкүл Қазан­баеваның  отбасында  болды. Кәсіпкерлік саласындағы көшпелі жиын Шиелі ауданы әкімдігінде жалғасын тапты.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары Елбасымыз «ал­дымен – экономика, сосын – саясат» деп айтқаны белгілі. Осы сөз күні бүгін де өз ма­ңыз­дылығын жоя қоймаған. Бұл туралы облыс әкімі де бюджетті нығайтудың маңыздылығымен қоса айтып өтті. Егер бюджет нығайса, түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік болады. Соның арқасында қоғамдық-саяси тұрақтылық қамтамасыз етілмек­. Осыны  ескерткен  ол басшыларды, кәсіпкерлік саласын тізгіндеп жүрген азамат­тарды  қолға  алған ісіне  жауапкершілікпен қа­рауға шақырды.

Шиелі ауданы әкімінің мәліметінше, ауданда ағым­да­ғы  жылдың  1  мамырына   4658  шағын және орта биз­нес­ субъектілері тіркелген. Оның ішінде белсенді субъектілерінің саны – 3456. Өткен жылдың тиісті мерзімімен  салыстырғанда  жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,8 пайызға артып отыр.  Жыл басынан бері конкурстық комиссия тарапынан жалпы құны 15,3 мил­лион теңгені құрайтын  24 стартап-жоба мақұлданып, «Өңірлік инвестициялық ортал­ығы» ұйымы арқылы 117,1 миллион теңге болатын 31 жоба қаржыландырылған.

Осылайша, аудандағы кәсіпкерлік саласының ахуа­лын­ білген облыс әкімі шағын және орта бизнесті дамы­ту бойынша жүйелі жұмысты  күшейту керек деді.

2018 жыл – Қызылорда облысында жаппай кәсіп­керлікті дамыту жылы деп жарияланған  болатын. Жыл қорытындысы бойынша, 8 үздік  стартап-кәсіпкер­лерге 1 миллион теңге сый­ақы беріледі. Бұл бизнес әлемінен орын алғысы келетін кәсіпкерлер қауымы үшін қолайлы  мүмкіндік  болмақ.

Осыдан соң облыс әкімі­ Қырымбек Көшербаев және  орынбасары Руслан Рүс­темов Шиелі ауданындағы «Думан-Шиелі» ЖШС ар­нау­лы  әлеу­меттік  қызметтер көрсету орта­лығына бас сұқты. Аталмыш мекеме осы жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік аясында жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта мұнда 50 зейнеткер, 33 мүм­кіндігі шектеулі бала ем қабылдауда.  Биыл  облыстық бюд­жеттен 131 миллион теңге­  бөлінген.

Байқағанымыздай, мемлеке­т тарапынан кәсіп­керлерді қолдау үшін жағдай жасалып-ақ жатыр. Енді тек сенімді ақтап, халыққа са­па­лы­  қызмет көрсете білсе болған­ы. Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылдық округінде қос бірдей нысан ашылып, жергілікті жұрт­шылықты қуанышқа бөледі. Енді тартоғайлықтар бала­ларын жаңа балабақшаға жетек­теп әкеледі. «Құлагер» балабақшасының меңгеру­шісі Гүлшаһар Жантөре­қызының  сөзінше, жобаның құны – 135 миллион теңге. Ғимаратта 46 бөлме бар. 90 орындық бөбекжайда бүгінде  60  бала орналасыпты. Балабақшаның жаңа ғимаратқа көшкеніне дән риза болған  тұрғындар ал­ғау­сыз  алғысын  айтып жатты.

Ал жаңартылған наубайхана көпшілік көңілінен шығып үлгерген. Кәсіпкер Нағашыбай  Серікбай  мұнда күніне 250-300 бөлке нан, 150 тоқаш, 100 самса, 100 шелпек пісірілетінін алға тартты. Бұл өнімге көр­шілес Майлытоғай, Қоғалы ауылдық округтері, сондай-ақ, ЗК-169/4 мекемесінен тапсырыс  түседі  екен.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


СИҚЫРЛЫ ТАЯҚШАСЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
21.06.2018 12:07

«Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сынды «керектеріміз» көп болатын. Сондай уақыттардың бірінде Төлепберген «мен қазір ақша жинап әкелемін» дейтін де 1 сағаттан кейін қайдан  табатынын білмеймін, қолына 1 сом ұстап келетін. Оған 2-3 бөлке нан, 1 қорап халуа алып, бәріміз бөліп жейтінбіз».

Бұл – дирижер Төлепберген  Әбдірашевтің замандасы, белгілі композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың сөзі. Өткен күннің еншісінде қалса да, тау тұлға туралы естелік елге керек-ақ. Осыны дөп басқан ол талантты  дирижер  жайлы көңілге ыстық көріністерді  толғана  айтып берді. Жаңақорған ауданында ҚР халық  әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, ҚР  еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Төлепберген  Әбдірашевтің  туғанына 70 жыл  толуына  арналған  республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференцияда  мұнан  өзге тың  деректер  тілге  тиек  етілді.
Шараға арнайы барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өнер майталманының халық жадынан өшпейтінін айтты. Туған жерінің де оған деген  құрметі аса зор.
- Осындай  Сыр  елінің  абыройын  асқақтатқан таланттарының бірі – жерлесіміз Төлепберген Әбдірашев. Қазақстан Республикасының Халық  қаһарманы  Нұрғиса Тілендиев айтқандай, «Төлепберген қазірдің өзінде әлемдік өнердің інжу-маржан тұлғасы». Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзі оқыған №239 орта мектепке Төлепберген Әбдірашевтің есімі беріліп, қоғамдық негіздегі музейі ашылды. Болашақта мектептің алдында Т.Әбдірашевтің ескерткіші қойылады. Одан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан жаңа қаладағы көшелерінің біріне Т.Әбдірашевтің есімі берілмек, - деді  аймақ басшысы.
Мұндай жағымды жаңалық туралы естіген Т.Әбдірашевтің  өнер  әлеміндегі достары, ұстазы, туыстары  алғаусыз  алғысын  білдіріп  жатты.
Талантты дер кезінде таныған ұстазы Меруерт Қаленбаева шәкірті туралы жүрекжарды лебізін жеткізді. Оның сөзінше, Төлепберген – бақытты. Өйткені, өзінің тума таланты арқылы әлемдік деңгейде мойындалған өнер адамы болды. Құрметті  композиторлардың  шығармаларын  халыққа насихаттауда оның еңбегі зор. Сондай-ақ, өнерлі, адамгершілігі мол ұл-қыз өсіріп, тәрбиелегенінің өзі бақыт екенін айтып өтті ұстазы.
Ал белгілі сатирик Көпен Әмірбек болса осы шараға аманат дүние арқалап келіпті.
- Бір күні Оралға барсам (ол кезде Қ.Елеуұлының әкім кезі), бір апай тоқтатады. «Сіз Көшербаевсыз  ба?» деп. «Иә» дедім. «Бір шаруам бар еді осындай...», «Онда ертең сағат бесте келіңіз» дедім, сізге барған шығар» деп жұртты ду күлдірді Көпен Әмірбек. Бұл – (облыс әкімі Қ.Көшербаевпен. - ред.) сыртқы ұқсастығымыз. Ал ішкі ұқсастық – осы жерге жиналғанымыз. Мен аманат арқалап келіп отырмын. Ол – Төлепберген ағамыздың таяқшасы. Сиқырлы таяқшасы. Мұны Қалаш Басқожаев деген астаналық ағасы өмір бойы сақтап келген екен. Соны апарып тапсыршы деп аманаттаған соң, сіздерге музейге қоюға ұсынып отырмын, - деді К.Әмірбек.
Конференция барысында қазақ пианисі, педагог, профессор  Жания  Яхияқызы Т.Әбдірашев  атындағы  қорға 1000 доллар көлемінде қаржы  аударатындығын  жеткізді. Ал атақты  әнші А.Қоразбаев  әнші Р.Бағланованың киген көйлегі мен портретін музейге тапсырды. Сондай-ақ ол Алматыдағы мемлекеттік симфонияның атын Т.Әбдірашевтің атына ауыстыруды өтінді. Оған өнер саласында жүрген азаматтар жазбаша ұсыныс білдіріп, қол қоятындығын қоса жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі «Елдің алдында сөз беремін, Алтынбек аға, сол хатты дайындап беріңіздер. Төлепберген ағаның аруағына қызмет етуге дайынмын» деді.
Жиын соңында Төлепберген Әбдірашевтің баласы қолға алынып жатқан  игі  істері  үшін алғыс  айтты.
Жаңақорған ауданының Кеңес кеңшарында дүниеге келген жұлдыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы конференция қонақтары осылайша тарқасты. Мәскеу консерваториясында білім алып, атақты Г.Рождественскийден тәлім алған Т.Әбдірашев туған елге елеулі қызмет етті. Сиқырлы таяқшасымен Сыр елінің атын абыройлы етуге атсалысқан талантты биліктегілер де, бұқара да дәріптеді. Бұл – біздегі ұлыларды ұлықтаудың  бір көрінісі.

 

Жазира  БАҒЛАН,
Б.Есжанов  (сурет)

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары