Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 22 Маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2018 18:58

«Цифрландыру: аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» атты интернет-форумына Ресей, Татарстан, Беларусь, Украина және Қытай сарапшылары мен «Huawei», «Dell», «Сколково» секілді цифрландыру саласының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері қатысты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің алғы сөзінде ақпараттық және сандық технологиялардың қазіргі заманда маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, адамзат төртінші өнеркәсіптік революцияға қарай қадам басты. Оның өз қағидалары бар. Онлайн мен оффлайн арасындағы шекаралар жойылып, киберфизикалық жүйелердің заманы келе жатыр. Сәйкесінше, осы жүйедегі салалардың құрылымы мен мемлекеттердің рөлі өзгеруде. Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы» атанды. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25 пайызы цифрлық форматқа көшеді», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі түрлі салаларды цифрландыру бойынша өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.

«2018 жылы цифрландыруға облыстық бюджеттен 2,4 миллиард теңге қарастырылды. Ақылды басқару, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қауіпсіздік және бизнес салаларында 50 жуық жоба жүзеге асырылуда», - деді Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, форум барысында Татарстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары-Ақпараттандыру және байланыс министрі Роман Шайхутдинов сөз сөйлеп, онлайн-баяндамасында электрондық үкімет пен цифрлық экономика саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Оның айтуынша, бүгінде Татарстанда IТ-саласындағы 1700 компания мен 32 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ, интернет-форумда «Сколково» Мәскеу басқару мектебінің жетекші талдаушысы Илья Романовский «Цифрлық трансформация: ортаны цифрландырудан ақылды қалаға дейін» тақырыбында баяндама жасады. Оның пікірінше, жақын арада 2011 жылдан бастап пайда болған «заттар Интернеті» ұғымының орнын жаңа «барлығының Интернеті» ұғымы басатын болады, яғни кез келген заттар мен сервистер ғаламторға енгізілуі мүмкін.

Одан бөлек, форумда Қазақстандағы «Huawei» компаниясы корпоративтік сату департаменті бас директорының орынбасары Zhao Hongbin, reactor.ua тұғырнамасының құрылтайшысы Евгений Саранцов,  Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің аға оқытушысы Наиль Гафуров және т.б. баяндама жасады.

Форум аясында бірқатар әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда,  «Astana Hub» Халықаралық стартап-хаб ұйымымен IT-жобаларды жүзеге асыру туралы, «Какаду Девелопмент» ЖАҚ «Smart city» технологияларын енгізу туралы, сондай-ақ, «Барс групп» және «Транстелеком» компанияларымен цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдарға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдан бастап Қызылорда облысында жетекші сарапшылардың қатысуымен халықаралық интернет-форумы өткізіліп келеді. Алғашқы интернет-форумы электрондық сауда жасау мәселелеріне, екіншісі– Байқоңыр қаласындағы кәсіпкерлікті дамыту, ал бүгінгі үшінші интернет-форумы цифрландырудың аймақтарды дамыту үшін мүмкіндіктеріне арналған.

Айта кетейік, бүгінгі күні аймақта цифрландыруды дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2017 ж. желтоқсан айында Қызылорда облысында «HackDay» алғашқы өңірлік фестивалі ұйымдастырылып, оған 137 команда қатысты. Қатысушылардың жобалары Астана мен Алматыдан келген инвесторларды қызықтырып отыр.

Жақында Қызылорда облыстық кітапханасында  ІТ-саябақ ашылды, одан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында ІТ-саябағы бар заманауи ресурстық орталық салынып жатыр. Онда жас программистер үшін 20 жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі күні аймақ жастары Ресей Федерациясының Үкіметі мен облыс әкімінің гранттары есебінен сұранысқа ие мамандықтар, оның ішінде ІТ саласындағы мамандықтар бойынша білім алуда. Сонымен қатар, Татарстандағы «Иннополис» университеті мен «Microsoft» академиясы және «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнатылды.

Одан бөлек, облыс делегациясы Татарстан және Қытай Халық республикасына жұмыс сапармен барып, ондағы «ақылды» және қауіпсіз қалаларды салу, әрі түрлі салаларда инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелерін зерттеп келді. Сапар қорытындысымен «Huawei» компаниясы мен «Иннополис» ерекше экономикалық аймақпен меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Бизнес-кеңесшіні» оқып, кәсібін ашты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2018 16:15

Ләззат Алшағырова – жастайынан мал шаруашылығымен етене таныс жан. Оның әкесі мал бағып, шаруашылығын өрлетіп, атакәсіппен айналысады. Сондықтан да Ләззат өз кәсібін ашуды ойлағанда жылқы малын бордақылаумен айналысуды жоспарлайды. Отбасымен ақылдаса келе облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп кеңес алады. Сол жерде «Бизнес-кеңесші» сабағына қатысып, кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін жетілдіреді, сертификат алады.

Бизнес ашудың алғашқы әліппесімен танысқан ол бизнес-жоспарын жасап, қорғайды. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталыққа жобасын ұсынып, 6 млн теңге несиеге қол жеткізеді.

«Ол несиеге 20 бас жылқы сатып алып, жылқы бордақылау кәсібімді бастадым. Алдағы уақытта жылқының басын көбейткім келеді. Бие сауып, алынған өнімді де тұтынушыларға ұсынуды көздеп отырмын», - дейді кәсіпкер Ләззат Алшағыр