Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 25 Маусым 2018

Қызылордада мемлекеттік қызметші күні аталып өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.06.2018 10:08

Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді.

Биыл мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі 5-ші рет аталып өтіп жатса, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құрылғанына 20 жыл толып отыр.

Салтанатты шара еліміздің тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызмет саласында жеткен жетістіктері туралы арнайы дайындалған бейнероликтің көрсетілімінен басталды.

Мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтау үшін алғы сөз облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлына беріліп, осы саладағы елеулі үлестері үшін бірқатар қызметшілер облыс әкімінің Алғысымен марапатталды.

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Айнаш Сейтжапбарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері атанды.

Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы «Біздің міндет - халыққа қызмет» деп билік пен халық арасында қызметте жүрген азаматтарды мейрамдарымен құттықтап, Агенттік Төрағасының «Құрмет грамотасымен» және «Алғысымен» марапаттады.

Салтанатты шара барысында тәуелсіздікке мадақтар айтылып, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі күй орындады.

«Өнерге әркімнің бар таласы» дегендей мерекелік шарада мемлекеттік қызметшілер де өз өнерлерін көрсетіп, әріптестерінің ыстық ықыласына бөленді.

Б.Әбдіқадыров

 


Мемлекеттік қызметшілер өзара мықтыны анықтады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.06.2018 10:01

Қызылордада саламатты өмір салтын жандарына серік еткен халық қызметшілері бір күндік кабинеттік жұмыстарын аяқ добына айырбастады.

Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құрылғанына 20 жылдығы аясында "23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні" мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілерден құралған командалар арасында шағын футболдан облыстық турнир өткізілді.

Турнирде облыс, қала, аудан әкімдіктері мен департамент, инспекциялардың намысын қорғап, аяқ добынан мықтыларды анықтау үшін 12 команда өзара бақ сынасты.

Тартысты өткен сайыста Шиелі ауданы әкімдігінің командасы нағыз аяқ добының шеберлері екендігін дәлелдеп, 1-орынды иеленсе, жүлделі 2-орынды облыстық соттар әкімшісі және 3-орынды Қармақшы ауданы әкімдігінің командалары қанжығаларына байлады.

Аталған турнирді өткізуге "Браунис" ЖШС демеушілік көрсетіп, сайыс барысында қатысушыларға кондитерлік өнімдер мен сусындар тегін ұсынылды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кубогімен және дипломымен марапатталды

Б.Әбдіқадыров

 


Ең үздік «Әдеп жөніндегі уәкіл» анықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.06.2018 09:49

23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында республика бойынша алғаш рет Қызылорда облысының ең үздік «Әдеп жөніндегі уәкілін» анықтаған байқау қорытындыланды.

Байқаудың мақсаты әдеп жөніндегі уәкіл туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, олардың қызметін жетілдіруді ынталандыру және Әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингін құру болып отыр.

Екі номинациядан 2 кезеңнен тұрған облыстық байқауға мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексі нормаларының қатаң сақталуын қадағалайтын, оларға бағыт-бағдар беретін облыс көлеміндегі 30 әдеп жөніндегі уәкіл қатысты.

Үздік уәкілді анықтау үшін мемлекеттік қызмет органдарынан, саяси партиялардан, кәсіподақ комитеттерінен және БАҚ өкілдерінен жасақталған арнайы комиссия жұмыс істеп, үміткерлердің өтінімдерін сараптаудан өткізді. Комиссия мүшелері уәкілдердің қызметі жөніндегі есептерімен танысып, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға қосқан үлесіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша «Жергілікті атқару органының үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» номинациясын Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жағыппар Тажмаханов иеленсе, «Орталық мемлекеттік органның үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» номинациясына облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Базархан Ақжігіт лайық деп танылды.

Байқау жеңімпаздары - Үздік уәкілдерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимоварнайы диплом мен Қызылорда облысының энциклопедиясын табыстады.

Б.Әбдіқадыров

 


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 4742 ТҮЛЕК ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.06.2018 18:06

Қызылорда облысының 4742 мектеп бітіруші түлегі 20-22 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 1131 бала 100-ден жоғары балл жинады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Облыста 9 тестілеу пунктінде Ереже талаптарына сәйкес 107 аудитория әзірленіп, қажетті құралдармен жабдықталған. Пункттерде рамалық детектор, қолда ұстайтын металл іздегіш, телефон дыбысын жоятын құрал және бейнекамера орнатылды.

"Биылғы жылдың басты ерекшелігі тестілеу барысында онлайн трансляция жүргізілді. Кез келген ата-ана тестілеу пункттеріне бармай-ақ, балаларының тест тапсыру кезін өз телефондарынан немесе компьютерлерінен бақылай алды. Осыған орай, тестілеу пункттері қажетті жоғары жылдамдықтағы Интернет желісімен және бейнекамералармен жабдықталды", - деді М.Мелдебекова.

Сонымен ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары деңгейден Қызылорда қаласы көрінді. Балалардың білім деңгейі орташа 90,9 балды құрайды. Өткен жылы 80,9 балл болған. Ал, ең жоғарғы 135 балл алған Қазалы ауданының №249 мектеп-лицейдің түлегі Рат Еркін Қазбекұлы және Қызылорда қаласының №15 мектеп-лицей түлегі Жалғасбай Абылай Ергешбайұлы.

Сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу басталмас бұрынғы тексеруден 429 ұялы телефон, 167 шпаргалка, 8 калькулятор алынды.

Сонымен бірге, 93 мектеп бітіруші апелляциялық комиссияға жүгінген. Олардың 19-ын жергілікті апелляциялық комиссия республикалық апелляциялық комиссияға жіберуге шешім қабылдаған. Нәтижесінде, оларға техникалық қатемен 44 балл (Арал ауданы) және оқу сауаттылығы, математика, қазақ әдебиеті, химия, география пәндері бойынша 17 балл қосылды.

Айта кету керек, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған бала болған жоқ.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.06.2018 12:13

Шамшат Төлепова атындағы Қармақшы  аудандық мәдениет үйінде 23–маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен бірге, мемлекеттік істерде өзінің біліктілігімен, іскерлігімен өнеге көрсетіп жүрген сала майталмандарына құрмет көрсетті. Оның ішінде, аудан әкімінің орынбасары  Жалғас Сүйеубаевты, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық  хал  актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метерованы облыс әкімінің, сондай-ақбір топ сала озаттарын ҚР Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті-Әдеп жөніндегі кеңес пен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен бірге, мереке аясында мемлекеттік және ведомство қызметшілері арасында өткен спартакиадада жалпы командалық есеп бойынша І орынды жеңіп алған аудан әкімі аппараты мен  жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иемденгенаудандықішкісаясат, сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері құрамаларына дипломдар тапсырды.

Мерекелік шара одан әрі аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ауданәкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРМАҚШЫДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.06.2018 12:03

Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күніне байланысты аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңір тұрғындарының тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің еткен еселі еңбектерін ерекшелеп,  сала бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Сондай-ақ, сала қызметкерлерін, оның ішінде полиция майоры Қанат Ерманов,  полиция капитаны Болат Айтмамбетовпен Дархан  Хорамбаевты  ІІІ  дәрежелі «Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттаса, біртоп сала озаттарына Алғыс хаттапсырды.
Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйі көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ауданәкімінің  баспасөз  қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары