Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА «KIELI MEKEN - QYZYLORDA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.06.2018 14:43

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған «Киелі мекен - Қызылорда» халықаралық «Жайдарман» фестиваліне Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан және Түркия құрама топтары мен Қазақстанның 6 өңірінен келген командалар қатысты.

Қазылар алқасы құрамында сатирик, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек, «Республикалық радио» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек, суретші Әлібек Қойлақаев, «Нұр Отан» партиясың Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес және «Әзіл әлемі» театрының артисі Қанат Әлжаппаров болса, кешті жүргізген Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Жайдарман» фестивалінде Түркіменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан және Түркия құрама топтары мен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы мен Қазақстан құрама командалары бақ сынасты.

Фестиваль қорытындысымен үшінші орынды «Юсуф Мироғұлының қарындастары» (Алматы), екінші орынды «Тұран» командасы (Қарақалпақстан) иеленсе, бірінші орынды «Миллион» құрамасы (Түркістан облысы) жеңіп алды. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясында Елжан Халиуллин («Грант» командасы, Батыс Қазақстан облысы) марапатталды. Байқау жеңімпаздарына диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.06.2018 11:53

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерінің күніне арналған «Қанатты қалам-2018» салтанатты шарасы өткізілді.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Сыр өңірінің баспасөз тарихы тамырын тереңнен алады. 1925-1929 жылдар Қызылорда Қазақстанның астанасы болған кезде Сыр өңірінің мерзімді ұлттық басылымдарының қалыптасу және шыңдалу кезі болды. Ұлттық журналистикамыздың дамуы мен қалыптасу жолына көз жүгіртсек, сөз өнерінің майталмандары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтар осы өңірде журналистік қызметтерін атқарғанына тарих куә. Олардың ісін жалғастырушы қазіргі ұрпақ та облыстың жаңалықтарын жедел ақпараттандырса, Сыр өңірінің көптеген түлектері республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етуде», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі жуырда 80 жасын тойлаған Құрметті журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері Өтеген Жаппарханды мерейтойымен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Сонымен қатар, бірқатар БАҚ құралдарының қызметкерлері Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі және алғыстарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Сағитжан Бермағамбетов атындағы жас журналистер байқауының жүлделерімен марапатталды. Одан бөлек, Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев Одақтың марапаттарын табыстады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 92 БАҚ құралдары жұмыс істейді. Олардың 4-еуі – электрондық БАҚ, 5-еуі – ақпараттық агенттіктер, 83 -і– баспа басылымдары (25 журнал мен 58 газет). Оның ішінде 26,7 пайызы - қоғамдық-саяси, 25,6 пайызы ақпараттық-танымдық БАҚ болса, 47,7 пайызы түрлі тақырыптарды ақпараттандырады. Аймақтық БАҚ құралдарының 50 пайызы мемлекеттік тілде, 10 пайызы орыс және 40 пайызы бірнеше тілде шығарылады. Одан бөлек, облыста республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен меншікті тілшілері бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫНДА 122 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.06.2018 10:49

Бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша отырыста аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту бойынша көшпелі жиын өтті.

Отырысты ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Жобаларды сүймелдеуге алу үшін әрбір жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді, толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары ашылды. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат қаралды. Яғни, біз бизнесті жүргізу және дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасадық», - деді аймақ басшысы.

Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс туралы баяндады. Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 маусымына 2169 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 1652-сі - нақты жұмыс істейтіндер, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда саны 17,5 пайызға өсті.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаның грант тетігі бойынша құны 202 млн. теңгенің 132 жобасы конкурстық комиссияның қарауына ұсынылып, құны 21,5 млн. теңгенің 28 жобасы комиссияның оң қорытындысын алды. Нәтижесімен ауданда кондитерлік цех ашу жобасы 4, дәнекерлеу цехы 2, тіс емханасы 1, тігін цехы 2, ағаш өндіру цехы 1 және де басқа да инновациялық жобалар жұмыс істейтін болады. Ашылатын жұмыс орындары – 43. 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өнірлік бағдарламалар арқылы 211,1 млн. теңгенің 46 жобасы іске қосылып, 54 жұмыс орындары ашылды, жыл аяғына дейін 533,5 млн. теңгені құрайтын 122 жобаның іске қосылуы жоспарлануда», - деп хабарлады Ғанибек Қазантаев.

Одан бөлек, 136 аудан тұрғыны «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша білім алып, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жалпы құны 98,55 млн. теңгелік 29 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ, жиында ауылдық округ әкімдері мен жауапты лауазымды тұлғалар баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудандарда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша жұмысты әрі қарай күшейтуді тапсырып, жыл қорытындысы бойынша биыл кәсібін бастаған әр аудан мен облыс орталығында үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ, үздік аудан әкімі мен жауапты лауазымды тұлғаның 1 миллион теңге көлемінде сыйақымен марапатталатынын жеткізді.

Атап өтейік, Қызылорда облысында 40 мыңға жуық нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл көрсеткіш  2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 2018 жылдың 1 қаңтарына 84250 адам, ал шығарылған өнім көлемі 2017 жылдың қорытындысымен 302,186 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында аймақта 2476 жеке кәсіпкер, 78 шаруа қожалығы және 240 ЖШС құрылды.

Сондай-ақ, өңірде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 1600 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда қатысушылардың алғашқы легі оқуды бітіріп, бизнес-жобаларын облыстқ комиссия отырысында қорғады. 291 адам оқу курстарын бітіріп, 127-сі жобасын қорғап шықты. Тағы да 800 жуық кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқытылатын болады, бүгінгі күні облыс бойынша 1171 адам оқу бітірді.

Естеріңізге салайық, бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жалағаш және Сырдария аудандарында жұмыс сапармен барып, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойныша көшпелі жиын отырыстарын өткізді және әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне қатысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ МЕН КЛУБ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.06.2018 10:33

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында спорт кешені мен клуб ашылды.

Жалағаш ауданының Мәдениет ауылында 120 орындық спорт кешені ашылды. Естеріңізге сала кетейік, биыл мұндай кешендер Жаңақорған, Шиелі және Арал аудандарында пайдалануға берілді.

«Бүгінде Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірлерде спорттың бұқаралығын арттыруға, саламатты өмір салтын орнықтыруға, қазақстандықтардың кемінде 30 пайызының спортпен айналысуына айрықша мән беріліп отыр. Облыста бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесі 27 пайызға жетті. Елді мекендерде спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылы облыстық бюджеттен 7 елді мекенде спорт кешендерінің құрылысы басталған болатын. 2009 жылы Мәдениет ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылған болатын. Мұнда 2 ҚР спорт шебері, 27 спорт шеберлігіне үміткер, 17 бірінші разрядты спортшылар дайындалды. Сондай-ақ, 2012 жылы құрылған «Наркескен» спорт клубында 444 бала 8 спорт түрімен шұғылдануда», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Кешенде бокс, теннис, күрес, футбол, баскетбол, гандбол залдары жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, Мәдениет ауылында 150 орындық клуб ашылды. Бұрын клуб 2002 жылы асар әдісімен салынған 100 орындық ғимараттың ішінде орналасқан болатын. Жаңа ғимарат ішінде ән, би, вокал, музыка және көркемсуретпен айналысу үшін бөлмелер қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, соңғы бес жылда облыс бойынша 20 ауылдық клуб салынып, пайдалануға берілді.

Одан бөлек, Жалағаш ауданында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша көшпелі жиын өтті. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев шағын және орта бизнесті дамыту барысы туралы баяндады.

2018 жылдың 1 маусымына Жалағаш ауданына 2357 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді, оның 1775-і – нақты жұмыс істейтіндер, яғни өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 19 пайызға артық. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда жалпы құны 227,8 млн. теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданып, жалпы құны 84,4 млн. теңге 3 жоба бойынша ішінара кепілдендіру берілді. Одан бөлек, 65 кәсіпкер мемлекеттік грант алуға өтінім тапсырып, жалпы құны 21,5 млн. теңгелік 26 жоба іріктелді. 132 аудан тұрғыны «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша, ал 33 адам «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында білім алды. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жалпы құны 112,3 млн. теңгенің 31 жобасы мақұлданды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қ.Көшербаев аудандарда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша жұмысты әрі қарай күшейтуді тапсырып, жыл қорытындысы бойынша биыл кәсібін бастаған әр аудан мен облыс орталығында үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ, үздік аудан әкімі мен жауапты лауазымды тұлғаның 1 миллион теңге көлемінде сыйақымен марапатталатынын атап өтті.

Атап өтейік, Қызылорда облысында 40 мыңға жуық нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл көрсеткіш 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 2018 жылдың 1 қаңтарына 84250 адам, ал шығарылған өнім көлемі 2017 жылдың қорытындысымен 302,186 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында аймақта 2476 жеке кәсіпкер, 78 шаруа қожалығы және 240 ЖШС құрылды.

Сондай-ақ, өңірде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 1600 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда қатысушылардың алғашқы легі оқуды бітіріп, бизнес-жобаларын облыстық комиссия отырысында қорғады. 291 адам оқу курстарын бітіріп, 127-сі жобасын қорғап шықты. Тағы да 800 жуық кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқытылатын болады, бүгінгі күні облыс бойынша 1171 адам оқу бітірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ИГЕРІЛМЕГЕН ҚАРЖЫ – ІЛГЕРІ БАСПАҒАН ІС PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
28.06.2018 12:52

Әмісе қамшының сабын­дай қысқа уақыт бізге тарихтың сұлбасын сызып бергенімен, көп нәрсеге үлгеруге мұрша бермей тұр. Өткен жылдың тура осы мезгілінде қос палатаның депу­таттары демалысқа шық­пас­ бұрын бюджет­тің бүйірін «емдеуге» кіріс­кен  еді. Үкіметбасын  қолшоқпарларымен қосып шақырып, ортаға салып, қаржының иге­ріл­мей қалуы жайлы сауал­  тастап, «сығып­» алғаны  есімізде. Сағынтаев «сас­қан» жоқ. Сынды да қабылдады, тезден де өте білді. Олқылы­қтың орнын тол­тыр­амын деп уәде беріп, сендіргісі  келет­інін  ашық айтқанда, қос па­латаның өкіл­дері одан асып ләм-мим дей алмады. Араға жыл салып ҚР Премьер-ми­нистрі­  Б.Сағынт­аев  министрлер кабинетін тегіс жинап, жерден алып, жерге  салды.  Оған көн­гендер де болды,  көнбегендер  ағы­нан  жарылып, ада­лынан уәде етті. Премьер сенді, біз де үміт үзбейік.

Былай. Қорадағы сауын­ды сиырды күнде саумасаң, «ол неге са­уыл­мады?», «неге саумайсыңдар?», «енді оны не істейміз?», «кім сауады?» деген сұрақтар қо­раның айналасын төңі­ректеп  жүреді. Бюджет те тура сондай. Игерілмей қалып жатқаны биыл ғана емес, бұған дейін де тура сондай жағдайлар орын алып жүр. Мәселен, 2016 жылы бюджеттің 36 млрд, 2017  жылы  21  млрд  теңгесі игерілмей қал­ған. Бұл қауіп биыл да төнгелі тұр. Өйткені «қой­шы көп болса, қой арам өледінің» кері іспетті. Осы «дерттің» дауасын табу үшін Үкіметбасы үстел басына жиналған министрлердің миына «соққы»  жасады.

- Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет қаржыны бөлді. Парламент қолдады. Бюджет қабылданды. Бірақ, қар­жы игерілмейді. Қашан­ғы күтіп отырамыз?! Не экономикада өсім жоқ, не халықтың алдында айтаты­н сөз жоқ! Есеп берілген кезде «бәрін қатырып жатырмыз» деп айтамыз. Одан кейін бәрі ұмыт қалады. Айтпады демеңіздер, құрметті әріптестер! Соңғы сөз! Жарты жылдың қорытындысынан кейін бө­лінген, алайда игеріл­меген қаржы басқа салаға жұмсалатын бо­лады. Ары қарай өзде­ріңіз білесі­здер! Халық пен  Елбас­ының  алдында  өзде­ріңіз  жауап  бере­сіздер!  -  деп  қадап  айтты­  Б.Әбдірұлы.

Бұлай сілкіп алатындай реті жоқ емес. Судың да сұрауы барын ескерсек, бюджеттің бүйірінен суырып берген қаржыны ұқсата алмаса, саланың бас министрі болу не сән?! Министрлер командасының «командирі» бес айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджетті игерудің қорытынды есебін алу сәтінде не үшін ашуланғанын түсіну қиын емес. Өйткені биыл да республикалық бюджеттен 13 жобаға бөлінген 42,9 млрд теңгенің игерілмей қалу қаупі туып тұр. Оның басым бөлігі құрылыс саласы­на  тиесілі. Нақтырақ  айтсақ,  автокөлік жолдарын салу бойынша 37,8 млрд теңгенің  4 жобасы әлі күнге дейін мемлекеттік орган­дармен келісілуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министр­лі­гінде 3,2 млрд теңгеге 6 сумен жабдықтау және гидротехникалық құрылыстар жобасы бойынша конкурстар өткізілмеген. Мәдениет және спорт министрлігі 1,7 млрд теңгеге­  конкурстар  жария­ламаған.

Қай жиында болмасын, әуелгі арна экономикаға  ойысады. Бұл жолы да дәстүрден жаңыл­маған еліміздің бас экономисі Т.Сүлейменов Қазақстанның жаһандық сауда нарығындағы айналымы туралы сөз қозғай келіп:

- Өңірлердегі экономика саласындағы жағдай әр бағытта өрбуде. Өнеркәсіпте 2 өңірден (Батыс Қазақстан -2% және Қызылорда -4,4%) басқа барлық өңірлер өсім жолында дамуда. Алайда соның ішінде он өңірдің өсімі республикалық мәннен, яғни 5,4 пайыздан төмен. Ауыл шаруашылығында барлық өңірлер өсудің оң үрдісін сақтап қалды. Бірақ тағы да 8 өңір республикалық мәннен, яғни 3,9 пайыздан төмен қарқын көрсетуде. Мәселен, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Алматы, СҚО, Павлодар, БҚО, ШҚО-да бұл сала өсімі небәрі 1,3–3,5% деңгейінде, - деді.

Алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша­ еліміздегі экономикалық өсім 3,9%-ды құрады. Оның ішінде экономиканы аяқтан шалып отырған сала – құрылыс. Жыл басынан бері бар-жоғы 0,3%-ға ғана өсім көрсеткен саланың көсегесін көгерту – басты мақсат. Негізгі мәселенің бәрі құрылысқа тіреліп тұрғандығын өздері де жасырмады.

- 2018 жылға 275 млрд теңгенің міндеттемесін қабылдау көзделген еді. Бүгінге дейін 178 млрд теңгенің міндеттемесін қабылдап алдық. Әлі 100 млрд теңге қалып отыр. Бес айдың ішінде 42 млрд теңгенің ғана жұмысы атқарылған. Уақыт болса өтіп жатыр. Құрылыс маусымы да өте шығады. Қазан айынан бастап күн суытады. Жол салу, басқа да құрылыс жұмыстары қиындайды. Сонда­ бұл қаржыны қалай игереміз? Жол құрылысына үлкен тапсырыс болды. Ақшаның игерілмей қалу қаупі бар. Мәдениет министрлігі визит орталықтарын салып біткенше, туристік маусым өтіп кетеді. Орталықтар бойынша конкурс өткізу былай тұрсын, жобалық-сметалық құжаты да дайын емес. Онда не үшін ақша сұрады? Мұндай мәселе­ ауыл шаруашылығы, қаржы министр­ліктерінде де бар. Қазір қосымша қаржы сұрап отырсыздар. Игерілмей қалу қаупі бар 42 млрд теңгені қайтарып алып, бас­қа салаға пайдалану керек. Бәрібір одан пайда жоқ. Өңірлерден келіп түсіп жатқан жобалар жүзеге аспай отыр. Жобалар бірінен соң бірі сотқа жөнелтілуде. Демек, конкурстар дұрыс ұйымдастырылмайды деген сөз. Қашан бітеді мұның бәрі? - деген премьер-министрге ҚР Инвестициялар және даму министрінің де жауабы әзір тұрғандай:

- Ақшасы игерілмей жатқан жобалардың бәрі былтыр қолға алынған. Яғни, олардың орындалуы өткен жылдан бастап жалғасы­п  келеді. Бұл жобаларға халықаралық­ банктер тартылған. Ал олардың талап-тәр­тібіне сәйкес, министрлікке ай сайын сертификат беріліп отырады. Біз берілген сертификат бойын­ша төлем жасаймыз. Дәл осындай тәртіп жыл соңына дейін жалғасады. Сондықтан бұл жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Бөлінген ақшаны­ жүз пайыз игереміз, - деді Ж.Қасымбек.

Министрлер мен әкімдерге бюджет қаражатын тиімді пайдалануды мұқият қадағалап, тиісті конкурстық процедураларды өткізу үшін шаралар қабылдауды тапсырған премьер-минист­р қос палатаның қыспағына қайта қалмас­ үшін уақытынан бұрын қимылдады. Әйтпесе, өткен жылы жабылған депутаттарға тек ұршық жетіспегені болмаса, жан-жақтан түтіп жеп қоя жаздағаны есінен шыға қоймаса керек. Сондай-ақ, бас қаржыгер осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша бекітілген индикаторлар  орындалмаса, бөлінген қаражатты қайтарып­ алуға және оны Президент қойған басқа міндеттерді іске асыру үшін қайта бөлуге міндеттелді. Өйткені қап түбіндегі қаржы – кеміргішке азық. Ал қаржының игерілмеуі – істің ілгері баспағандығының дәлелі. Әйтпесе жүздеген, мыңдаған миллиардтар желге ұшса да, ендігі жерге түсетін  уақыты болды. Кім біледі, бәлкім, жерде­ біреудің  қалтасында жүр ме, әлде...

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


ҚОРДАҒЫ ҚАРАЖАТ ҮНДІСТАН мен ҚЫТАЙҒА «ҚҰЙЫЛДЫ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
28.06.2018 12:48

Ұлттық банк зейнетақы қорындағы қаражатты Үндістан мен Қытайдың мемлекеттік корпорацияларына инвестиция ретінде құйған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Айталық, биылғы мамыр айында аталған екі елдің квазисекторынан  30 миллиард теңгеге  жаңа  облигация  сатып  алыныпты.

Зейнетақыға жиналып, одан басқа елге «аттанған» қыруар қаржы­дан бұрын облигацияның не екеніне үңіліп көрейік. Белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компа­ния) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз – облигация. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация иемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигацияның құнын атаулы­ мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарату мақсатында шығарады екен.

Облиг­ация турасында жалпы түсінік осы. Сонымен, еліміздің бас банкі Finan­ce Corporation – 7,52 миллиард теңге, The Export-Import Bank of China – 6,82 миллиард теңге, Export-Import Bank  of  India – 4,86  миллиард  теңге, Three  Gorges  Finance - 3,21 миллиард теңге және Avi Funding Company Limited –2,27 миллиард теңге қаржы құйған. Аталмыш кәсіпорындар мен банктер – Қытай және Үндістандағы мұнай-газ, көлік және энергетика саласында жемісті еңбек етіп жатқан құрылымдар. Бұлардың барлығы біздің мемлекеттің бақылауында екен. Мұнан бөлек Бразилия, Ресей, АҚШ сияқты дамыған елдердің бағалы қағаздар­ нарығында зейнетақы қорының қаражаттары пайда әкеліп жатыр.­

Бүгінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны­ң 78 пайызын қазақстандық компаниялар инвестиция түрінде пайда­ланып отыр. Бұл көрсеткіш зейнетақы қорының негізгі қаражат­ы саналады. Ал шетелдің нарықтағы облигацияларды сатып­ алуға кеткен қаражат көп емес сыңайлы. Ол қорға жинақталға­н қаржының 1,3 пайызын  құрайды. Айта кету керек, 2018 жылдың  мамыр  айындағы  есеп  бойынша  зейнетақы  қорының  қаражаты  8  триллион  теңгеден асады. Тек соңғы бір айда ол 128  милиард  теңгеге  өскен.

Осылайша халықтың айлығынан жиылған қаржы еліміз үшін «тәуекелге» бел буып, шетелге кетті. Жұртшылық енді нәтиже күтеді. Ел экономикасына  елеулі пайда  әкелер  жобаның іс жүзін­дегі көрініс  табуы  бұйырса, нұр үстіне нұр. Тек ел асқан қыруар қаржы  желмен  бірге  «ұшпаса»  болды.

Ж.БАҒЛАНҚЫЗЫ

 


БІЗ КІМБІЗ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
28.06.2018 12:20

 

Ержан  БАЙТІЛЕС:

 

Бас редакторым Нұржан Әбжанұлы 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай қатаң тапсырма жүктеді. Қайткен күнде де тікен тілді аға буын өкілдерінің бірімен сұхбаттасуды бұйырды. Бұйрықтың талқыланбайтыны белгілі ғой. Ол орындалуы қажет. «Жазған құлда шаршау жоқ». Әрі-бері ойландық. Таңдауымыз тілшілікте табаны күректей 20 жылға жуық қызмет еткен, қазір «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілеске түсті. Өткенде кездескенде сұхбаттасуды қолқалағанбыз. Сонда «Әй, бала, сен шаршамасаң, мен шаршамаймын» деген еді. Бейсенбіде кабинетіне бас сұқтық. Талай жыл журналистиканың «нанын» жеген жан ғой. Сондықтан Ер-ағаңа еркелейтін әдетіміз бар. Әңгімемізді бастамас бұрын кейіпкерімнің кабинетіне бірнеше қызметкер келіп, құжаттарға қол қойдырып кетті. Қарап отырмай «журналистикадан жетекші партия қатарына қосылдыңыз, мұнда қызмет қылу қалай?» дедік. «Адамның істегенін адам істейді ғой» деп қысқа қайырды. Сөйтіп, негізгі жұмысымызға кірістік...

 

ЖАҢАЛЫҚТЫҢ  ӨЗІ

БЕЛДЕН  ТӨМЕН  ТҮСІП КЕТТІ

 

– Ер-аға, қайбір жылы жастармен  кездесуде «ма­тематикадан сабақ беретін мұғалімім басымды тақтаға ұрған соң, есеп-қисаптан қашып, журналистикаға келдім» деп едіңіз. Была­йынша  айтқанда, адасып келдіңіз... Жалпы, тілшілік тірлікке Сіз секілді  адасып келгендер  туралы  не  айтасыз?

– Екі ауыз сөзді құрастырып, өлең шығармайтын қазақ жоқ. Жалпы, сөз деген нәрсе қазаққа қонған дүние. О баста ата-бабаларымыз сөзге тоқтаған, сөздің қадірін білген ғой. Журналистикаға адасып келсе де, осы саланың зіл батпан жүгін көтеріп жүрген қыз-жігіттер бар. Айта­лық, жұрттың бәрі жазуын­ да, телеарнадағы сұхбаттарын да сүйсініп тамаша­лайтын Қасым Аманжол бір кездері журналис­тиканы бітіре алмай кеткен. Қараңыз, қандай журналист? Оны кімнен кем деп айтасың? Өзі футбол ойнамаса да, футбол тақырыбын тереңірек жазып, жілігін шағып, майын ішкен, статистиканы миына түгелдей тоқыған Сәкен Сыбан­байдың өзі неге тұрады? Тағы бір мысал, «31» телеарнаның қазақ редакциясын басқарып отырған Болат Мүрсәлім журналистика факуль­тетінде оқымаған. Дидар­ Амантай да осы салада қанша жыл еңбек етті. Осындай-осындай азаматтарды мысалға алсақ болады. Деген­мен, бұл салаға келіп, ары қарай алып кете алмағандар да баршылық. Сондықтан бұған біржақты жауап­ беру өте қиын. Менің­ше, қазақ журналистикасындағы қыз-жігіттердің барлығы – өлермен, жанкешті.  Неге? Журналистика – қарныңды тойдыртатын, көйлегіңді көгертетін сала емес. Жалақысы аз. Жұмысы қауырт. Әріптестерімнің санасында қаржы табудан гөрі, қазаққа қызмет ету тұрады. Жанын салып жұмыс істейді. Бұл тұрғыдан келгенде Ерлан Қариннің «қазақ журналистикасы ұлттық партияның рөлін атқарып отыр» деген сөзін айтқым­  келеді.

Атым шықсын, «жұлдыз» болайын дейтіндер де бар.

– «Жұлдыз» демекші, бүгінгі буын телеарна арқылы­ тез танылғысы келеті­н «дертке»  ұшырады. Басылымда  жұмыс   істегісі   келмейді.

– Бұл тенденция  орнағалы да біраз болды. Жаста­р бұған тым қатты әуестеніп кетті. Бұл – журналистиканы дикторлықпен шатас­тырып алғандардың тірлігі. Тілшілердің барлығына дикто­р болу маңдайына жазыл­маған. «Эфир» дегені­ңіз – адамды тез та­нымал қылатын бірден-бір құрал. Эфирге шығып, елдің алдында ақыл айтып, данышпансып көрінуге ты­рысатын әріптестеріміз аз емес. Бар. Көріп отырмыз. Байдан шыққан әйелдердің де қалай атақты болып жат­қандығын. Қазір құндылық деген дүниелердің құлдырап бара жатқан кезі. Жаңалықтың өзі белден төмен түсіп кетті. Оның барлығын сен­сацияға балап, жұрттың на­зарын аударуға ден қойдық. Пәленшенің ажырасқаны, біреулердің төсектес болғандығы, біреу біреудің басын жарғандығы – қазір жаңалық. Бәрінің айтатыны «оқырманның сұранысы сол» дейді. Ертең етектің айналасында қалып қойсақ, түзеле алмаймыз. Ең қауіптенетін дүние – осы. Ал бізге «Ана тілі» газе­тінде бас редактор болған М.Тәжімұрат  «журналистика­  оқырман  деңгейіне  түспеуі қажет»  дейтін.

– Сонда  басылымдар  оқырманның  деңгейіне  түсіп   кетті   ме?

– Байқасаң, қазақ оқы­майтын ұлтқа айналып бара жатыр. Біз жазған дүниемізді оқыта алмай жүрген жоқпыз. Баяғы кеңестік кезеңде таңер­теңгі ісін газет оқудан бастайтындар сиреп қалды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жайтты білесің. Бертінде нарықтық заман орнады. Нарықтық заманның кемшілігі сол, бізді оқымайтын ұлтқа айналдырып  отыр.

– Біз нарықтық заманда өмір сүріп жатырмыз  ғой. Оқырман басылымдарға бұрынғыдай қашан көңіл аударады?

– Тұтас қоғамды қайта тәрбиелеу қиындау. Оның үстіне ақпараттық-технологияның дәуірі. Бүгінгі жаңалықты ертең жариялап, абырой таппайсың. Мұның шешімі қандай? Ендігіде газеттер сараптамалық, талдамалық, журналистік зерттеулерге басымдық беруі қажет. Мәселен, интернет сайттар мен телеарналар бір оқыс оқиғаны ақпарат ретінде ұсынады. Ал оны терең зерттеуге олардың ресурсы, уақыты жетпеуі мүмкін. Осы олқылықтың орнын басылымдар толтырып отыруы тиіс. Сонда ғана газет оқырмандарын кері қайтара аламыз. Өйт­кені, журналистік зерттеулерді іздеп оқитындар бар. Ашығын айтқанда, басылымдар ақпаратты тарату жағынан телеарнамен ешқашан бәсекелес бола алмайды. Мойындау  қажет.

– Ал  мемлекеттік  тап­сы­рыс  арқылы  жұмыс іс­тей­тін басыл­ымдар  Сіз  айт­қан үдеден  шығып  отыр  ма?

– Мемлекеттік тапсырыс арқылы газеттерді ұстап тұру тоқырау жылдары басталған еді. Себеп: журналистердің жұмыссыз қалмауы, ақпараттық кеңістігімізді қамтамасыз етуге бағытталған шара болатын. Сол соқпаққа түс­тік. Әлі сол сүрлеумен келе­міз. Бірақ, бір күнде мемлекеттік тапсырысты доғарсақ, газеттердің көпшілігі ертеңіне-ақ есігін тарс жабады. Оқырман аз. Онымен газет өзін-өзі асырауы екіталай. Жарнаманың барлығы интернетіңде толып тұр. Таралымы аз газетке ешкім жарнама бермей­тіні  рас. Газетің таралыммен күн көре алмаса, жарнама таппаса, не істей­сің? Сөйтіп, мемлекеттік тапсырыстың «етегіне» жарма­сасың. Мұның бір ғана кем­шілігі бар. Мемлекеттік тапсырыс – журналистердің аузына қақпақ қоюға оңтайлы тәсіл. Өзің ойланшы, сен жергілікті биліктен ақша алсаң, егер сен оларды сынасаң, «Айналайын-ау, екеуміз келісімшартпен  жұмыс  істеп отырмыз. Мұның қалай?» десе, не айтасың? Бұл жур­налистердің кеңістігін тарылтады. Құй сен, құй сенбе, меніңше, Қазақстанда цен­зура жоқ. Дегенмен, әр журналистің ішкі цензурасы бар. Біз өзімізді-өзіміз шектеп жүрміз. Мынаны жазуға болады, мынаны болмайды. Әйтпесе, қылышын жалаңдатып, төбеңде ойнап тұрған ешкім жоқ. Ал ішкі цензура қайдан пайда бо­лады? Сен қай жерден ақша алып отырғаныңды білгесін, артық нәрсеге бар­ғың  келмейді.  Осыдан.

 

МЕН  «БАРРИКАДАНЫҢ»

ЕКІ  БЕТІН  ДЕ  КӨРДІМ

 

– Аға буын «Шерханның шекпенінен  шықтық» дейді. Сіз Қалидың қайрағында қалай  қайралдыңыз?

– Енді... Қалай қайрал­ға­нымызды... (сәл ойланып. ред.). Жалпы, адамның өз-өзіне баға беруі қиын ғой. Бірақ, Қал-ағаңнан өте көп нәрсе үйрендім. Қалай айтсам екен... (Осы сәтте қызметтік телефон безілдеп қоя берді. Шұғыл шаруалар екен. Бес-алты беттік хат келді. Ерекең мұқият оны оқып шықты­ да, қол қойып, келген кісіні жылы шыраймен шығарып салды. – ред.). Студент кезеңде әркім әрқилы армандайды ғой. Бірі – «Егемен Қазақстанда», бірі «Жас Алашта» жұмыс істеуді мақсат  етті. Ол уақытта «Аспанда – Күн, жерде – «Жас Алаш» деп тұрған кез. Мен «баррикаданың» екі бетін де көрдім. Тәуелсіз басылымда да, мемлекеттік басылымда да қызмет еттім. Алматыда есіміміз ел арасына таныла бастаған шақ. Кімсің? Ержан Байтілеспін. Сол уақыттың өзінде менің мақалаларым Қал-ағаның алдынан қып-қызыл  болып  шығатын. Қате көп. О кісі материалдарды қызыл сиямен тексеретін. Қал-ағаңнан сабырлы болуды, жан-жақты зерттеп, талдап, мөлдіретіп жазуды үйрендік.

– «Баррикаданың» екі жағын да көрдім дейсіз. Тәуел­сіз басылым мен мемлекеттік басылымның қайсысында  жұмыс  істеу  оңай?

– Қызықсың. Мәселен, жүргізуші «мен мына көлікті жүргіземін, мынаны айдамаймын» демейді. Журна­листика да сол сияқты. Қазір нарықтың заманы. Шекеңнен қарап шалқайып «мынау ұнайды, мынау ұнамайды» дейтін кезең емес. Бәсекелестік бар. Шындығында, құрылтайшың айлығыңды төлеп, сені де жалдап отыр. Сен құрылтайшыларыңның көзқарасын ұстанасың. Одан асып кете алмайсың. Құрылтайшыңа қарсы шықсаң, жұмыссыз қаласың. Мемлекеттік басылымда да сол. Ол жерде де сенің бағытыңды сызып­  беріп отырған адамдар бар. Мейлі ұнасын, ұнамасын,  жұмыс  істейсің.

– Оқыған, жұмыс істеген, шығармашылық орта қалыптасқан  ару  қала Алмат­ыны Қызылордаға қалай  айырбастап   кеттіңіз? Қи­мастық  болды  ма?

– Шынымды айтсам, ешқандай сезім болған жоқ. Құдайға шүкір, 25 жасымызда Иманғали Тасмағам­бетовтің қолынан пәтер кілтін алдық. Баспанасыз, жұмыссыз болмадық. Мені Алматының қым-қуыт тіршілігі шаршатып жіберді. Таңертеңнен кешке дейін басыңды бұғып алып, құр шапқылап жүру. Кәдімгідей қажытты. Оның үстіне қызмет дегенге аса қатты қызыға қойған жоқпын. Әйтпесе, әжептәуір бас редактордың бірін­ші орынбасары болдық. Жұмысын білесің. Мұның барлығы жүйкемді жұқартып  жіберді.

– Нұртөре   Жүсіптің інісі болу  қандай  талаптар  жүктейді?

– Алдыңда арқа сүйер ағаңның болғаны керемет дүние. Ағаға алғаусыз қызмет етіп, атына кір келтірмей жүру – санасы бар адамға ауыр жүк. Міндет. Қазір шығар Ержан Байтілес болғанымыз. Бұған дейін қай жерге барсақ та, әуелі Нұртөре Жүсіптің інісі деп таниды. Өйткені ол кісі қоғамда танылған, мойындалған тұлға. Біреудің басын жарып, көзін шығарсаң, арақ ішіп, әр жерде аунап жатсаң, бүкіл жаманат әуелі саған емес, ағаңа келеді. Әлі күнге дейін ағамның атына кір келтірмеуге тырысамын. Тіпті, әдет болып кетті ғой.

 

МЕН  ӨЗІМДІ  АБЫРОЙСЫЗ

АДАМ  СЕЗІНГЕН  ЖОҚПЫН

 

– Біраз  жыл  журналистикада жүріп, бір күнде партияға  ауыстыңыз. Бұл көптен бері ойда жүрген  жоспар  ма?

– Жоқ. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы тарапынан ұсыныс болды. Оның үстіне екі жылдан бері қалалық мәслихаттың депутаты қызметін қоса атқарып келе жатырмыз. Сосын ұсынысқа келістік.

– Өзіңізді  мұнда  қалай  сезінесіз?

– Мәселе сезінуде емес. Қалай болғанда да, ел – ортақ, жер – ортақ, ұлт – ортақ. Ал сол елге кімнің, қалай, қай жағынан қызмет етуі – ол әркім­нің өз таңдауы. Сондықтан бұл бағытта да қызмет етуді жөн көрдік. Бір жағынан журналистикадан «соқамызды уақытша суыра тұрғанды» дұрыс шешім деп таптым.

– Неге?

– «Қайталау – оқу анасы». Бірақ, жазуда  (журналистикада. - ред.) өзің­ді-өзің қайталау – тоқырау.

– Шер-ағаң «саясат – өткінші өмір». Ал шын дүниең, ол – сенің артында  қалатын  шығармаң» деген екен  сізбен  сұхбаттасқанда. Ержан Байтілестің  артында  жақсы  шығармалары қала ма, әлде партиялық бағытт­а  еткен  еңбегі  қала  ма?

– Білмеймін. (күрсініп. ред.). Шер-ағаның, Камал Смайловтардың деңгейінде емес екендігіміз белгілі ғой. Әлі жеткен жоқпыз. Жету, жетпеу Аллаға ғана аян. Жиырма жылда шығарғанымыз бір-ақ кітап. Оның өзі мақалалар жинағы. Ал қызметте қандай дәрежеге көтерілеміз, ол да белгісіз. Ең бастысы, соңыңда жақсы атың қалуы керек.

– Осы блогер мен журналистерді теңестіру туралы жиі көтеріліп жүр. Бұл мәселеде Сіздің   пайымыңыз  қандай?

– Журналистерді бір топ, блогерлерді бір топ қылып, бір-біріне қарсы салудың қажеті шамалы. Әлеуметтік желі біздің өмірімізге еніп кетті. Алып тастау мүмкін емес. Осы арқыл­ы азаматтық журналистика дамып жатыр. Бұған былай жауап бергім келеді. Блогерлердің белсенділігі журналистердің қалғып кетпеуіне әсер етсе, ал блогерлердің сауатты жа­зуына, мәселеге жан-жақты қарауына­ журналис­тика  ықпал  жасайды.

– Шер-ағаң сіздің сауалы­ңызды «мынауың  баланың сұра­ғы» дегенде, қандай көңіл күйде болдыңыз?

– Әй, бала, ол кісіден ондай сөз естудің өзі бақыт қой.

– Облыстағы жас журналистердің ішінен кімдерден үміт күтесіз? Жалпылама емес, атын атап, түсін  түстесеңіз.

– Қазақ өзі жалпылама айтқанды жақсы көреді ғой. Дегенмен, Жалағаштағы Нағымжан Сауяев, «Сыр бойындағы» Айдана Жұма­динова, Мөлдір Қалымбет, «Қы­зыл­орда» телеарнасындағы Елжас Әбділдә, «Халық» газетінен Рыскелді Жахман, Ұлықбек Бекұзақ­ұлы.  Бірақ  Ұлықбектің  жалқаулы­ғы  басым.  Және  сен.

– Мені алдыңызда отырған соң, көңіл қимастықпен айтып отырған  шығарсыз...

– Шын сөзім.

– Ер-аға, журналистердің  мәр­тебесін биік­тетудің  жолы  бар  ма?

– Журналистер мәртебесіз емес. Мәселен, мен өзімді мәртебесіз, абыройсыз адам сезінген жоқпын. Бұл журналистің өзін қалай көр­сете, таныта білуіне байланысты шығар. Ал журналистің әлеуметтік жағдайына келсек. Біз мемлекеттік қызметші, бюджеттік қызметкер секілді кезекке тұрып үй ала алмаймыз, жер ала алмаймыз. Журна­листердің әлеуметтік жағдайын түзеуге заң керек. Елдің жаңалығын жеткізіп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген қаламгерлер неге өзгелер секілді болмауы қажет? Шер-ағаның «журналистердің жеген­і – жантақ, арқалағаны – алтын»­ дегені осы. Алдымен әлеуметтік статусымызды анықтап алуы­мыз­ тиіс. Жақында ғана БАҚ туралы  заңнама  қабылданды. Онда да жоқ. Біз кімбіз? Қазақша айт­қанда «бәйбішеден тудық па, тоқалдан тудық па?» деген сияқты ғой. Өзі аш адам, өзі біреудің бо­саға­сында жүріп елдің жайын қалай ойлайды­? Журналистер халықтың мұңын айқайлап айтса да, өз ба­сындағы жағдайға келгенде тілі күрметіліп қалады. Бұл тақырыптың көтерілгеніне  біраз  жыл  болды.­

– Сіздің  айтқыштығыңыз  бір төбе. Бұл  қайдан  жұқты?

– Шиелі ауданында Еңбекші деген аядай ғана ауыл бар. Елдегі ағайынның бәрі айтқыш. Тіпті, аңыз болып кеткендері де бар. Мына оқиға есіме түсіп отыр. Мамырда ауылда іс-шара өтті. Бір көкеміз үстіне қыстыгүні киетін күртесін киіп алыпты. Сыныптасым көкемнің күртесін ұстап тұ­рып, «Аға, үйден қыстыгүні шығып кеттіңіз бе?» дегені бар. Мұндай әңгімелердің сан түрі бар ғой.

– Осы сұхбатта өтірік айтып, ойыңызды өзгерткіңіз келетін жері бар  ма?

– Жоқ.

– Әңгімеңізге  рақмет! Қыз­метте  абырой   тілеймін!

 

Сұхбаттасқан

Қозы   Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


Түлектер ҰБТ фобиясынан арылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
28.06.2018 12:06

Мектеп бітіруші түлектердің өмірінің маңызды бір бөлігіне айнал­ған ҰБТ биыл 14-ші рет өткі­зілді. Жалпы, тестілеу жүйесі ең алғаш  елімізде 2004 жылы енгі­зілді. Орта мектепті бітірушілер­дің білім деңгейін анықтайтын тестілеу түлектерге жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік сыйлайды. Жыл сайын дүйім жұртты дүр­ліктіретін, аз-кем өзгерістер енгі­зіліп отыратын аталмыш тест айналасындағы у-шу әлі күнге дейін басылған емес. Ел есінде қызша киініп тест тапсырған жігіттің оқиғасы ерекше қалған болуы керек.

Биылғы тестілеуде астаналық түлек су құйылған бөтелкенің сыртына химия формулаларын жазып алып кірген. Ал, былтыр дәретхана қағазына ұқсас «орама» шпаргалка және 11 метрлік шпормен ұсталғандар да жұртты таңға­лдырған еді. Мектептің үздігі сүрініп, үштікпен оқитыны уни­верситетке алшаң басып кіріп бара жатқанын да көрдік. Солайша, біреулердің бағы жанып, студент атанса, білім бәсекесінде жолы болма­ғандар қапияда өз-өзін өлімге итермелеп те жатты. Не нәрсенің де жақсылығы мен жамандығы қатар жүреді. Тіпті, қызық тұстары да көп кездеседі. Интернет сайттарында  қызылордалық  түлек­тің дәл сынақ үстінде тікелей эфир­ге­  қосылғаны туралы ақпарат тарап­ кетті. Мұны облыстық білім бас­қармасының басшысы да растады. Бізге біреудің күлгені, біреудің ісі маңызды емес. Ең бастысы – адам өмірі. Расын айтсақ, жаңа жүйе енгізілг­елі түлектер ҰБТ фобиясынан  арылды. Аурудан айықты. Тест­тен кейін де өмір бар екені, бұлттың артынан күн шығатыны туралы жете түсінгендей. Әрине, бұл да болса олжа. Өйткені, биыл абырой болғанда облыс бойынша түлектерге қатысты елді есеңгірететін  оқиға  тіркелмеді.

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу­ге қатысу үшін мектеп бітірушілері 10 мамырға дейін тестілеу пункттеріне өтініш білдіріп, кіруге рұқсат қағаздары таратылды. Ұлттық бірың­ғай тестілеу 20-22 маусым аралығында өтті. Форматы сол қалпында сақтал­ған. Талапкер 5 пән бойынша, 3 пән міндетті: оқу сауаттылығы, матема­тикалық сауаттылық, тарих және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыра­тын мамандығына байланысты 2 бейінді пән бойынша тапсырды. 5 пәннен 120 сұрақ беріліп, ең жоғарғы балл 140 болды. Шекті балл 50-ді құраса, ұлттық универ­ситеттерге түсу үшін 65-тен жоғары жинау  қажет.

Облыста тестілеу өткен 9 пункт ережеге сәйкес қажетті құралдармен (рамалық детектор, қолда ұстайтын металл іздегіш, телефон дыбысын жоятын құрал) жабдықталып, 107 ау­дитория әзірленді және де бейне­камера орнатылды. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, барлық тестіле­у пункттерінде арнайы бөлін­ген медициналық бөлмелерге дәрі­герлер мен мейірбикелер бекітілді. Аудиториялар салқындатқыш құрыл­ғыларымен жабдықталған. Биылғы жылы ҚР Білім және ғылым министр­лігінің ұсынысына сәйкес тестілеу барысы­нда онлайн трансляция жүргізілді. Кез келген ата-ана тестілеу пункттеріне бармай-ақ, балаларының тест тапсыру сәтін өз теле­фондарынан немесе компьютерлерінен бақылай алды. Осыған орай тестілеу пункттері қажетті жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен жабдықт­алып, тестілеу нәтижесін testcenter.kz сайытынан көре алды және күні бойы 88000807177 нөмірде call-center  жұмыс  істеді.

Елді мекендердегі талапкерлердің 1728-і (35,3%) тестілеу пунктіне тасымалд­анып, оларға тамақтану ұйымдастырылды. 50 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекеннен  келген 715 түлек  (14,6%) жататын­ орындармен қамтамасыз етілді.  3 күнге созылған тестілеуге облыс бойынша 7113 мектеп бітірушінің 4742-сі (66,6%): Арал ауданы – 451, Қазалы ауданы – 555, Қармақшы ауданы – 458, Жалағаш ауданы – 246, Сырдария  ауданы – 216, Шиелі ауданы – 518, Жаңақорған ауданы – 524, Қызылорда қаласы – 1670, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат – 29, №9 «Білім-инно­вация» мектеп-лицейі – 35, №10 «Білім-инновация»  мектеп-лицейінен  40  бала  қатысқан.

Апта басында облыстық білім басқа­рмасының басшысы Майра Тұрғанбайқызының қатысуымен ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы  бойынша  брифинг  өтті.

- Облыс бойынша ең жоғарғы 135 балл алған Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейдің түлегі Еркін Рат  және  Қызылорда  қаласының  №15 мектеп-лицей түлегі Абылай Жалғасбай болып отыр. 100 және 100-ден  жоғары балл жинағандар саны – 1131. Ал, шекті балды жинай алмағандар былтырғыға (102 бала) қарағанда, биыл көбейген (113 бала). Шекті деңгейден өтпеген балаларға тамыз айынд­а және 2019 жылдың қаңтар айынд­а ҰБТ-ны 2-ші рет ақылы негізд­е қайта тапсыру мүм­кін­дігі беріліп отыр. Сонымен қатар, өткен жылға қарағанда, биылғы көр­сеткіш 10 балға жоғарылаған. Және де облыс бойынша орташа балл 86,1-ді құрап отыр, - деді бас педагог.

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде 429 ұялы телефон, 167 шпаргалка, 8 калькулятор алынған. 93 талапкер апелляциялық комиссияға жүгініп, олардың 19-ын жергілікті комиссиядан республикалық апелляциялық комиссияға жіберді. Нәтижесінде техникалық қатемен 44 балл және оқу сауаттылығы, математика, қазақ әдебие­ті, химия, география пәндері бойынша 17 балл қосылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін ауди­тория­дан шығарылған бала жоқ.

Осылайша, қаншама ата-ананы алаңдатып, түлектердің де түн ұйқысын ұрлаған ҰБТ аяқталды. Білім безбенінде кімнің жолы болатыны бел­гісіз. Бір білетініміз, шын мықты­ға тест те, басқасы да тұсау болмақ емес. Су нәр берген қына атты өсімдік те тасты жарып өспей ме? Ендеше, таби­ғат заңдылығына кім қарсы келсін?

 

Облыс  бойынша  ҰБТ  нәтижесі:

(орташа  балл)

Арал ауданы – 85,2 балл;

Қазалы ауданы – 82,7 балл;

Қармақшы ауданы – 83,6 балл;

Жалағаш ауданы – 87,4 балл;

Сырдария ауданы – 85,2 балл;

Шиелі ауданы – 81,4 балл;

Жаңақорған ауданы – 79,7 балл;

Қызылорда қаласы – 90,9 балл;

№9 БИЛ – 95,5 балл;

№10 БИЛ – 100,3 балл;

№4 ОДМИ – 103,2 балл.

Тоғжан  ҮБАЙДІЛДАҚЫЗЫ,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың   2-курс  студенті

 


ҚОЙНАУЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРАТАУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
28.06.2018 11:43

Қай күні қатпар-қатпар Қаратаудың қарияның бетіндегі әжімдей болған бір сілеміне жол түскен еді. Сонда  “Үсен бауы” атты тау шатқалының сұлу табиғаты көпті тамсандырмай, бізге ән салдырмай қоймаған еді. Ол жер Қызылорданың оңтүстіктегі ең шеткі ауданы Жаңақорғанда орналасқан-ды. Ал, бұл жолғы сапарымыз Шиелі ауданы аумағындағы Қаратаудың керуен секілді бір-біріне жалғасқан кезекті сілеміне арналды. Жазуға машықтанғаны бар, жазып-жазып тасып толғаны бар, бір топ әріптестерімізбен таң қылаң берген уақытта облыс орталығынан көлікке жайғастық. Бағытымыз – Сауысқандық петроглифтері. Шиеліге келген соң, межелі жерге жеткенше көңілім алай-түлей болды. Тарихқа қастандық жасаған адамдай дел-сал күйдемін. Тау ішін жаңғыртып ән салып келеміз. Есесіне, көптеген тарихи жер-су атауларының шығу тегіне қанық бола алмағанымызды сезбейтін секілдіміз. Небір қасиетті, тарихи орындардан аттап-аттап тас түйін дайындықпен күн тас төбемізге келгенше Сауысқандыққа сап ете қалдық. Ол да дұрыс шығар, Қаратаудың әр тасы сыр шертетінін ескерсек, уақытты үнемдеу жолында әр жерге тоқтау тиімсіз болды. Оның үстіне жол бастайтын жолсеріктің алдыңғы көлікте болғаны сапар барысындағы біз алуға тиіс бірқанша мәліметті көзден бұлбұл ұшырғанын енді түсіндім...

 

САУЫСҚАНДЫҚТЫҢ  СЫЙЫ  КӨП

Әрлі-берлі де әріптестер­дің әрқайсысы өздері отыр­ған терезенің тұс-тұсынан смартфондарын шығарып, суретке, бейне­жазбаға түсіре бастады. Жартастардағы жазулар жанарыңды сулан­дырады. Ызадан, әрине. Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта, дәлірек айтқанда тас және қола дәуі­рі­нің басында өмір сүрген адамдардың қолтаңбасы қалған жерге бара жатып, бүгінгілердің бүлдірген белгісіз бей­не­лері мен есімін тарихқа емес, тасқа жазып­ қалдырғысы келмекке ұмтыл­ғандардың “есіл еңбегін” бір шолып өттік. Не шара, біздегі мәдениеттің өлшемі осы болса керек. Осылайша, Дарбазадан даңғазаланып емес, ызаланып өте шықтық. Не керек, жолшыбай жігіттер діттеген жерімізге дәлме-дәл әкелді. Көліктен түсе салысымен, Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейін­ің ғылыми қызметкері Бек­болат Әбутегі әлі де ашылмаған сыры көп Сауысқандық шатқалындағы бейне­лердің тарихына тоқталды. Еңсесі еңкіш тартпай, бізден биік, аспаннан аласа тұрған шатқалға шаттана қарап тұрмыз. Күннің сәулесі жартастарды жарқыратып жіберген. Қаратау жотасында төрт түлік түгел өрмесе де, түйе мен уақ малды көзіміз шалды. Ми қайнатар ыстықта, мұздай бұлақ суына шөл қандырып, жалғыз түп қараталдың көлеңкесіне киіз төсеп жатар ма екен­сің? Болар еді, мұнда күнде келмейміз, оның үстіне қолды көлбеу тартып, күн­гейлеп, өре түрегеліп тауға өрмелеуге асықпыз. Онда жаңағыдай балаларымыздың бүл­діргені емес, бабаларымыздың бір білгені бар. Онда “міне, біз­дің тарихымыз, міне, біздің өткеніміз!” деп кез келгенге көрсететін дәлеліміз бар. Қас жауымызға картадан жер көлемін найзамен нұқып көрсеткенде­ 500 гектар жердің Сауысқандықпен біте қайнасып жатқанын айтып масаттануға болады. Ондағы петроглифтердің саны 10-12 мың аралығында екенін айтып­ мақтанар ма едік? Көненің көзіндей, бабамның ізін­дей болған­ бейнелерден бейнелеу өнерінің ізі сайрап жатыр. Төрт бұрыштанған алып тастар бейне бір бір-бірінің үстіне жиналған қораптарды көз алдымызға әкелді.

Жалпы, Сауысқандық жартас суреттері Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде Қаратау­ жотасының батысында орна­лаcқан. Бұл жер 2004 жылы М.Елеуов басқарған А.Яссауи атындағы халық­аралық Қазақ-түрік университетінің Тұран археологиялық экспедицияның жұмыстары барысында ашылған болатын­. Кейін 2005 жылдан бастап бүгінгі  күнге  дейін Сауысқандық жар­тас­  суреттері З.Самашевтың басшылығымен зерттелді. Осы аралықта ғылыми­ айналымға Сауысқандық петроглифтері туралы біраз мағлұматтар енгізілді. Суреттер ораналасқан жерде бірнеше жылдар бойы кен игеру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан олардың жойыл­ып кету қаупі туып, бұл ескерт­кішті тез арада толыққанды зерттеп, қорғау мәселесін көтеру керек болды. Сонымен қатар, басқа да антропоген­дік, техногендік және кейбір табиғи факторлар да жартас суреттеріне кері әсерін тигізуде. Сауысқандық жартас суреттері – Бала Сауысқандық бұла­ғының екі жағында төрт шақырымға созыл­ған жерге шашырай орналасқан аса маңызды тарихи-мәдени ескерт­кіштердің бірі. Сауысқандық петроглифтерін қорғап ғана қоймай, қазіргі таңда оны әлемдік аса көрнекті ескерткіштермен қатар атауға жол ашу керек секілді. Келешекте осы ескерт­кіш негізін­де тарихи-мәдени қорық ұйым­дасты­ру  және де туристік инфрақұрылым  жасау  мәселелері  күн  тәрті­біне  енгізілуде.

- Сауысқандық шатқалының атауы туралы нақты қағазда сақталған нұсқалар өте аз. Дегенмен, кез келген жердің, тарихи орынның атауы болады. Сол секілді, бұл  жерде  ертеректе сауыс­қандар үлкен жартастар ортасына ұя салған­  екен.

Сауысқандық петроглифтерінің негізгі мотивтері – антропоморфтық фигуралар. Бұқа, елік бейнелері, жылқы, түйе, қасқыр, шоқпар ұстаған аңшы, абыздар бейнесі, арба және де басқа аң-құстармен солярлық символдар кездеседі. Бұлардың барлығы әртүрлі сюжеттермен композицияларға біріккен, сан алуан тұрмыстық діни таным, мифологиялық ой-өрістермен тікелей байланысты. Ең көрнекті  сюжеттер  қатарына қолдарына  шоқпар  ұстаған  ер адам бейнелері, көп жағдайларда бастарына аң немесе­ құс іспеттес маска киіп, үстіне мал терісінен, яғни құйрық терісін қалдыра отырып тіккен арнаулы костюм киген  абыздар  бейнесі  қола заманында­ғы  діни  нанымның  ерекшеліктерін  және оның  кейбір  ғұрыптық  тұстарын  көрсетеді, - деді Шиелі аудандық тарихи-өлкетану  музейінің  ғылыми қызметкері  Бек­болат Темірәліұлы.

Бүгінде “Тарих және мәдениет ескертк­ішінің қорғау, құрылыс салуды реттеу, қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасын бекіту туралы” Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі №413 қаулысымен “Сауысқандық шатқалындағы жар­тастағы бейнелер кешенінің” қорғау аймағы­ бекітілді. Сондай-ақ, Қызыл­орда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен аталған орынды Дүниежүзілік таби­ғи және мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселелері қолдау тауып, “Сауыс­қандық шатқалындағы жартастағы бейнел­ер кешені­” ЮНЕСКО және ИСЕКО істері жөніндегі Ұлттық комис­сияның шеші­мі­мен, ЮНЕСКО-ның алдын ала республикалық  тізбе­сіне  енгізілді.

Қорыта айтқанда, Сауысқандық шатқа­лы Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап, ойып салын­ған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтерден  басталатындай.

 

СЫРЫН   ІШІНЕ  БҮККЕН   СЫҒАНАҚ

Шиеліден шат-шадыман көңіл күйде шыққан біз аттың басын Жаңақорғанға бұрдық. Онда Қызылорда облыс­ындағы ірі тарихи нысандардың бірі Сығанақ қаласының орнына барып, құмға көміл­ген қаланың енді-енді ашылып келе жатқа­н құнды жәдігерлерімен таныстық. Тарихқа көз салсақ, талай ғасырды бастан өткеріп, мемлекетке астана, қоғамға рухани пана болған Сығана­қ туралы көптеген мәліметтер бар. Жалпы, Сығанақ қаласы орта ғасырдағы Орта Азиядағы ең ықпалды мемлекеттердің астанасы саналған. Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы секілді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астан­а болып келді. Ежелгі түрікше атауы “қамал, қорған” деген мағынаны береді. Сығанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мем­лекетінің саяси әрі мәдени орта­лығына­  айналған.

Төменарық теміржол станциясынан 8 шақырым жерде орналасқан қала орны бүгінде өткен күннің қазыналарын қойнынан шығаруда. Сығанақ қаласын тарихи деректерде сауда орталығы, керуе­н жолының маңызды қаласы, “Қыпшақ даласының гаваны” ретінде сипаттап жазады. Фазлаллах ибн Рузби­ханның айтуынша, ХVІ ғасырдың басын­да қыпшақтардың астанасы Сыға­нақ базарында базар күндері 500 түйе сойылып, кәуап жасалып, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кететін болған. Ал, басқа ірі қара мен ұсақ малдың қаншасы сатылатынында тіпті есеп болмапты. Сондай-ақ, оның жазуына қарағанда Сығанақ адамдардың өмір сүруіне­ өте қолайлы қала болыпты. Ибн Рузбихан: “Сығанақ қаласы аймақтың солтүс­тік  жағындағы жер жәннатының шеті” деп сипаттаған. Сығанақ кезінде Дешті Қыпшақтың шекаралық сауда бекеті ретінде ғана емес, аумағының кеңдігімен, қауіпсіз әрі тыныш болуымен де даңқы шыққан. Сығанақ қаласында зия­лы,  білімді  ғалымдар  да  туған. XVII-XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңға­р шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әртүрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1801 жыл­ғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдария алабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген. Қаланың қазіргі орны 10 гектар жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Қала толық ашылған соң бұл жер аспан астындағы музейге айналмақ. Өткені­мізді қазбалап, тарихымызға тамыр жібергеніміз расында қуантарлық іс. Қазақстанның киелі, қасиетті жерлері таусылмақ емес. Зерттеп, зерделеп, та­рихт­ан өз бағасын алуына уақытында атсал­ыссақ деген тілек ғана бар бізде. Әйтпесе, қаншама құнды жәдігерлері­міз көңіл бөліп, назар аудармағандықтан жойылып, жермен-жексен болып кетуде.­

Айта кетейік, баспасөз туры облыстық өңірлік коммуникациялар қызме­тінің ұйымдастыруымен өтті. Өз кезегі­мізде біз тарихи орындарға жасалған сапарлардың қызықты өтетінін айтып, аталмыш іс-шараны алдағы уақытта да  ұйымдастыруын  өтіндік.

Рыскелді   ЖАХМАН,

Шиелі-Жаңақорған  аудандары

 


БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – БАСТЫ МІНДЕТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
28.06.2018 11:41

Қай қоғамның болмасын, күрмеуі көп көкейтесті мәселелері мен шешімі жоқ шиеленіс­тері бар екені белгілі. Елдің экономикалық жағдайы мен қарыштап дамуы мәселесімен қоса, қара халықтың қара­пайым тіршілігінде де алаңдатарлық жайт көп. Мысалы, мүгедек балалардың денсаулы­ғы, ата-аналық міндетті мәж­бүрлеп орындату, алиментпен толық қамтамасыз ете алмау, ұрпақ болашағы үшін алаңдау, тағысын тағы. Осы мәселелер­дің барлығы дерлік құлақпен естіп, көзбен көріп, санамызға сіңіп кеткен іске айналғандай. Кейбіреулер бұл жағдайды баст­ан кешірмегенімен, тағдырдың тауқыметін тартып, тәуекелге бел буып отыр­ған отбасылар да жоқ емес. «Елдің мұңы бір бөлек, ердің мұңы бір бөлек» демек­ші, сотқа алимент төлеп отырғанымен, мүгедек балаларының жағдайына алаңдамайтын әкеге шағымданған ананың арызы келіп түсті.

Талап қоюшы Э.Акмурзаева­ Е.Құбаш есімді азаматпен осыдан он жыл бұрын заңды некеге­ тұрады. Осы некеден Айымжан және Арслан есімді балалары дүниеге келеді. Алайда тағдырдың сынағы болар, екі бала да ауыр науқаспен туылады. Шипасы тек шет мемлекетте бол­ғандықтан, ата-анасы Айымжан мен Арсланды 2017 жылдың басында Түркия еліне апарып­, ем алады. Бірақ елге оралғ­аннан кейін жауапкер Е.Құбаш (балалардың әкесі. -ред.) себепсіз жұбайы мен балаларын үйінен қуып жібереді. Далада қалған ана екі баласымен бірге жалдамалы пәтер жалдап тұрады. Заңды неке бұзылады. Э.Акмурзаева әлеуметтік көмек ретінде үкіметтен әрқайсысына 49 000 теңге алғаны­мен, бір баласының жәрдемақысын жалдамалы пәтерге төлесе, екіншісінікін күнделікті күнкөрісіне жұмсап отырған. Балалары өз бетінше жүріп-тұра алмайтындықтан, жұмысқа шыға алмайтыны тағы бар.

Екі сәбиі өмірге келгелі бармаған жері, баспаған тауы қалмаған ана «Ақсай» республикалық реабилитациялық балал­ар орталығынан да ем қабылдайды. Орталықтың берген нұсқауына сай, екі балаға да нақты диагноздары қойылып, сүйек кемігін трансплантация­лау (пересадка костного мозга) қажет екендігі көрсетіледі. Алайда азын-аулақ ақша ем-домды толық алуға жетпеген­діктен, ол балаларының әкесінен алименттен бөлек, мүгедек балаларының бірінің емін мойны­на алуын сұрап, сотқа жүгінеді. Тамақтану диеталары ерекше, дәрі-дәрмектері өте қымбат екенін түсіндіріп, жауап­керден ата-аналық мін­детін мәжбүрлеп орындатуды сұрайды.

Сот отырысында Қызыл­орда қаласындағы теміржол емханасы балалар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет ететін А.Абдукаримова куә болад­ы. Ол өз сөзінде екі баланың да есепте тұратындығын, оларға қойылған диагноз төрт рет өзгергендігін, диагнозды қою қаражаты да, донор тауып трансплантация жасатуға да кемінде 70-200 мың доллар қаржы керек екендігін, соңғы уақытта әкесі балаларын көруге келмегендігін баяндайды. Барлық жағдайды ескере келе, сот жауапкер Е.Құбашқа төлеп отырған алиментінің мөлшері балаларының ем-домына аз екендігін ескертіп, болашақта балаларының денсаулығына жасалуға тиісті қосымша шығыстарды өтеуге қатысуын міндеттеу дұрыс деп шешім шығарды.

Әкелік парызын орын­дамай,  балаларының  жағ­дайы­на алаңдамайтын  азамат­тарға  заң – әр кез қатал. Баласын бауыры­на басып, азамат ретінде­ өз міндетін орындай алу – бұл ердің ісі. Бауыр еті баласынан бас тартып, алиментпен әлек болған әкеден гөрі, кедейшіліктің зардабын тарта отырып, құлыншақтарына мейірімі мен ыстық құшағын тоса білген әке бақыт­тырақ.

Ғ.ИМАҒАНБЕТОВ,

Қызылорда облысының кәмелетке  толмағандардың істері  жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық сотының  сот  приставы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары