Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1417
mod_vvisit_counterКеше2451
mod_vvisit_counterОсы аптада13913
mod_vvisit_counterӨткен аптада16609
mod_vvisit_counterОсы айда75910
mod_vvisit_counterӨткен айда90857
mod_vvisit_counterБәрі5006340


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 02 Шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАН АСТАНАҒА: АШЫҚ АСПАН АЯСЫНДАҒЫ ҒАРЫШ МУЗЕЙІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.07.2018 15:11

Бүгін Астанада Қызылорда облысы Елордаға сыйлық ретінде салған ашық аспан аясындағы ғарыш музейі – ракета-ғарыш техникасы экспозициясының таныстырылымы өтті.

Жаңа музейдің таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Астананың сол жағалау бөлігінде орналасқан жалпы аумағы 1,4 га жер учаскесінде шынайы өлшемде жасалған «Союз», «Протон», «Зенит» зымырантасығыштары орнатылды, жақын арада «Буран» орбитааралық кемесінің макеті қойылады, экспозиция маңындағы аймақ абаттандырылды. Сондай-ақ, кешен аумағында зымырандардың техникалық сипаттамасы, жасалуы және пайдалану тарихы туралы барлық мәліметтер көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер қойылды.

Макеттер туралы айтар болсақ, «Союз» зымырантасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағы пайда болуының негізгі себебі – «Королевтің жетілігі» деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны.

«Протон» - автоматты ғарыш аппараттарын Жер шарының орбитасы мен әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр санатты біржолғы зымырантасығыш. Геостационарлық орбитаға салмағы 3,3 тоннаға дейін жүктерді шығаруға қауқары бар. «Протон» зымырантасығышы барлық кеңестік және ресейлік орбиталық станция мен «Мир» станциясының модульдері және халықаралық ғарыш станцияларын шығару құралы болып табылады. Сондай-ақ, «Протон» зымырантасығышының көмегімен «Глонасс» жерсеріктік жүйе кеңейтіліп, «Экспресс» сериялы жерсеріктер ұшырылады. Бірқатар көрсеткіш бойынша, оның ішінде ұшырылымның бағасы, орбитаға шығарылатын пайдалы жүк және оның килограммының құны бойынша «Протон» әлемдегі ең табысты зымыран.

«Зенит» - негізгі орта санатты екі сатылы зымыран-тасығыш. Алғашқы ұшырылымы 1985 ж. 13 сәуір күні жүзеге асырылды. «Зенит» толығымен автоматтандырылған және ұшырылым құралында персоналдың болуын қажет етпейтін алғашқы әрі жалғыз әмбебап кешен. Бұл зымыранды тіпті 80-90 жж. «21 ғасырдың ракетасы» деп атайтын.

«Зенит» ұшырылым кешенінің негізінде «Бәйтерек» ресей-қазақстандық бірлескен жоба жүзеге асырылатын болады деп жоспарлануда.

«Буран» - «Энергия-Буран» бағдарламасының аясында жасап шығарылған көп мәртелік орбитальді ғарыш кемесі. «Энергия-Буран» халықаралық ғарыш станциясын жасау Кеңес дәуіріндегі ең ауқымды бағдарлама болатын. 18 жыл ішінде ғарыш станциясын 86 министрлік пен ведомство жанындағы 1286 кәсіпорынның миллионнан астам қызметкері әзірледі, мемлекеттің ең ірі ғылыми-өндірістік орталықтары осы жұмысқа тартылған. «Буран» космопланын қондыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында күшейтілген ұшырылу-қону жолағы бар «Юбилейный» аэродромы арнайы салынды.

Атап өтейік, жобаны жүзеге асырудың екінші кезегінде қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі музей мен планетарийдің құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары