Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 09 Шілде 2018

АРДАГЕРЛЕР БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 09:47

Астана қаласының 20 жылдығына орай Шіркейлі каналының су таспасы жанындағы «Иіркөл» көлінде Жалағаш ауданы ардагерлері арасында балық аулау жарысы өтті. 2014 жылдан бері жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараны аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, құрметті демалыста жүрсе де ауданның мәдени-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген қазыналы қарттарымызға алғысын жеткізді.

Жарысқа кент және ауылдық округтерден 50-ден астам ардагер қатысты. Жарыс нәтижесінде І орынды Аққұм ауылынан келген Балтабай Жақанов иеленсе, ІІ, ІІІ орынды Жалағаш кентінен және Аққыр ауылынан келген ардагерлеріміз өзара бөлісті. Жарыс соңында жеңімпаздарға қоғамдық бірлестіктің арнайы дипломдары, қаржылай сыйлықтары табысталды.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 09:41

Ирландияның Дублин қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлем чемпионатына қармақшылық Мақшат Мейіржан қатысып, жүлдемен оралды. 23 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында Мақшат Мейіржан жүгіруден 800 м қашықтықтан чемпион атанса, сонымен бірге 200 м қашықтықтан жүлделі ІІ орынды иеленді. Осы кезеңге дейінде Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан Халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралған болатын.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРМАҚШЫДА АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.07.2018 14:23

Ауданымызда "Ару қалам, асқақ ордам - Астана" атты салтанатты шара өтті. Шарада аудан әкімі С.Мақашов аудан халқын Астананың 20 жылдығы мерейлі мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Астана күні жалпы халық болып тойлайтын атаулы мерекеге айналды. Қысқа мерзімде сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарымыз әлемдегі әсем қалалардың біріне айналды. Елордамыз – еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы.

Атаулы шарада, Қазақ елінің алғашқы астаналары жайлы тарихи тағылымды бейнероликтер көрсетіліп, аудан өнерпаздары мен жас таланттар өз өнерлерін ортаға салды.

Шара соңы мерекелік отшашумен аяқталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Қармақшыда БАҚ өкілдері доп тепті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.07.2018 14:16

Жосалы кенті орталығында «Астана қаласының 20 жылдығы», «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» және «Қармақшы ауданының 90 жылдығына» орай Қармақшы ауданы әкімінің жүлдесі үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Шара мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкіміС.Мақашов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жылда дәстүрге айналған жарысқа биылғы жылы 7 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен «Сыр Медиа» командасы 1-орын алып, ауыспалы кубокты иеленсе, 2-орынды Шиелі ауданынан келген «Өскен өңір» командасы, 3-орынды «Qyzylorda» командасы иеленді. Жеңімпаз атанған командалардың бәріне кубок, медаль, дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге белсенділікпен қатысқан командалар ішінен «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша қаламгерлер марапатталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары