Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 10 Шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҒАРЫШ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2018 09:38

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қызылорда облысына іссапармен келді. Сапар барысында Асқар Мамин «Роскосмос» корпорациясының басдиректоры Дмитрий Рогозинмен кездесті және Қызылорда облысының туризм саласын дамытуға арналған жобалармен танысты.

«Қамбаш» туристік аймағында Қызылорда облысында, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында туризмді дамытуға бағытталған жобалардың таныстырылымы өтті. Еске сала кетейік, облыста ғарыштық туризмін дамыту мақсатында «Байқоңыр» туристік аймағын қалыптастыруға байланысты тұжырымдама дайындалды.

Байқоңырда өткен Дмитрий Рогозинмен кездесу барысында ғарыш саласы мен Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қос тараптың бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде ғарыш айлағы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде айтарлықтай мүмкіндік туды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» бірлескен зымыран кешенін жүзеге асыру бойынша жұмыс қарқынды жүргізілуде, медицина мәселелері және бизнес-жобаларды жүзеге асыру мен Төретам және Ақай кенттерін дамыту үшін жер телімдерін жалдан шығару жөніндегі келісімдерге өзгеріс енгізу туралы хаттамаларға қол  қойылып, Байқоңыр қаласын ұзақ мерзімді дамыту бағдарламасы әзірленді.

Айта кетейік, қала әкімшілігі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен қала аумағын абаттандыру, жолдарды жөндеу, тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстарын бастады.

Өз кезегінде облыс әкімдігі Үкіметтің қолдауымен 5 көппәтерлі үйдің құрылысын бастады, су құбыры мен кәріз жүйесін коммуналдық меншікке қабылдап, оларды қайта жаңғыртудың техника-экономикалық негіздемелерін дайындап, қазақстандық мектептер мен аурухананы газдандырды. Одан бөлек, осыған дейін Байқоңырдағы қазақ тілінде білім беретін 5 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшкен болатын.

Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді.

«Инвестицияларды тарту, қала экономикасын әртараптандыру және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Байқоңыр» кешенінің аумағында ерекше экономикалық аймақ құру туралы арнайы үкіметаралық келісімге қол қою қажет деп санаймыз», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қазақстан Республикасы және Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы бюджеттері есебінен Байқоңыр қаласының дамуына жыл сайын бөлінетін қаржы көлемін нақтылау және ҚР азаматтарының балаларын орыс тілінде қазақстандық білім беру стандарты бойынша оқыту және тәрбиелеу мәселелерін қарастыруды ұсынды.

А.Мамин мен Д.Рогозин облыс басшылығы енгізген ұсыныстар бойынша тараптардың мүдделі ведомстволарына тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 17:59

Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі. Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивті қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. «ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді. Былтыр біз бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттілігін алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтін аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жіберілді. Жуырда әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да бірқатар қызметтерді проактивті нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететін боламыз», - деді ол.

Атап айтсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді төлеу, жылжымайтын мүліктің сипаттамасын өзгерту, атқарушылық іс жүргізуді қозғау жұмыстары және білім беру саласындағы қызметтер кешені де проактивті нұсқада ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттік корпорация басшысы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. «Елімізде жаппай цифрландыру үрдісі жүріп жатқанына қарамастан, мемқызметтердің 51 пайызы әлі күнге дейін қағаз жүзінде ұсынылады, оның үстіне қазақстандықтар қызметтерді электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тілек танытпай отыр. Сондай-ақ бір қызметті алу үшін басқа бір қызметке жүгіну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша біздің фронт-офистерге бірнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесі бойынша әлі де қарапайым және қауіпсіз механизмнің жоқ екендігін айту керек», - деп ой түйді Абылайхан Оспанов.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

 


«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 16:24

16 шілдеден бастап аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері) «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе бағыты өз жұмысын бастайды. Әуе тасымалы «Аэрофлот» компаниясының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағы арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» трансфері дайындалады.

«Биылғы жылдың мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлері «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандарынан арнайы оқудан өтіп, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығын тексеруден өткізді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға баратын автобустар мәселесі туралы жұмыстарды атқарды. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзан», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгінгі күні алғашқы рейске билеттің көп бөлігі сатылған.

Кесте бойынша ұшақтың келу уақыты – 06:10, ұшу уақыты жергілікті уақытпен – 07:20. Сатып алған уақытына қарай бизнес-класс билеттерінің бағасы – 167 000-нан басталса, эконом-класс билеттері 26000-нан басталады.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 


«Рухани жаңғыру»: Өзгерістерді өзіңнен баста PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 15:54

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен ҚРАуылшаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясында Елбасымыздың өткен жыл басындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыру жөніндегі» халыққа жолдауындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған инспекция қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Инспекция басшысы Ж.Сарсенбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, соның ішіндегі «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасын таныстыра отырып, аталған бағдарлама мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен санасын өзгертуді көздейтінін атап айтты.

Жиналыс барысында инспекцияның бөлім басшылары ветеринария саласында болып жаткан оң өзгерістерге, яғни қағазбастылық азайып, электронды жұмыс жасауға көшкенін баяндады.

Жиналыс белсенді талқылаумен жалғасып, инспекция қызметкерлері ұсыныстарын жеткізді. «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасы барысында игі нәтижелерге қол жеткізетіндеріне сенімді.

Б.Әбдіқадыров

 


Мемлекеттік қызметшілермен бейресми кездесу өткізілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 15:23

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасына орай мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «галстуксіз» бейресми кездесу өткізілді.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ құқық қорғау, сот органдары мен олардың қарамағындағы ұйымдарды және квазимемлекеттік секторды жаңғыртуға бағытталған.

Кездесу мемлекеттік қызметшілер арасында еркін сұхбат алаңы ретінде бейресми форматта өтті. Сұхбат барысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің ой-санасы мен ойлау өрісін өзгерту, жаңашыл оң өзгерістерді қолдану мәселелері талқыға салынды.

Департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан «Елбасының бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін, мемлекеттік қызметшілердің ой-санасы кең ауқымда транформациялануы қажет екендігін» баса айтты.

Кездесуге қатысушылар оң өзгерістерді қалыптастыру бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейіндегі сауалдарын ортаға салды.

Б.Әбдіқадыров

 


Екі күнде 5 адам суға кеткен PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2018 12:15

Жаздың аптап ыстығы кімді болмасын шыдатпай барады. Тіпті соңғы күндері ауа райының күрт ысуынан көпшілік паналарға жер таппай әлек. Енді бірі суға түсу арқылы бар мәселені шешемін деп ойлайды. Алайда суға арнайы рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қайғылы оқиғалардың өршуіне әкеп соғуда. Сондықтан осы мәселеге алаңдаған төтеншеліктер апта басында БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

Күннің қатты ысуына байланысты шілденің 7-8-інде облыс аумағында 5 адам суға кетіп, қаза тапты. Оның үшеуі – суға кету, біреуі – оқыс оқиға (киіммен суға кеткен, қазіргі күні зерттелуде – ред.), тағы біреуіне іздестірілу жұмыстары жүргізілуде,- деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Сала мамандарының айтуынша, суға кету фактісі бойынша департаментпен тіркелген 3 жағдайдың алғашқысы туралы хабарлама 7-сіне сағат 12-ден 5 минут өткенде түсіпті. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы, Қанқожа көліне 1995 жылы туған азамат батып кеткен екен. Астана қаласының тұрғыны суға түсуге арналмаған жерде шомылыпты. Дәл осы күні сағат 16.35-те тағы бір азамат суға түсу кезінде мерт болған. Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзеніне шомылған бозбаланың мәйіті төтеншеліктердің күшімен табылып, судан шығарылған. Ал келесі күні қаламыздағы «Авто ЦОН» тұсындағы Жаңадария каналына 1986 жылғы азамат суға кеткен. Ер адамның суға кеткендігі туралы хабарлама таңғы сағат 06-дан 58 минут кеткенде түседі. Оқыс оқиғалардың барлығы суға түсуге арналмаған жерде болған екен. Сондықтан мамандар «жұрт суға түсуге арналмаған жерде шомылады. Тіпті арнайы қойған белгілерімізді жұлып алып тастайды. Қала, аудан бойынша жергілікті полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті мамандары, құтқару қызметі бюросы бәрі кезекшіліктер ұйымдастыруда. Алайда тұрғындардың ережеге бағынбай, бейқам болуынан соңғы күндері қаза болғандар саны артуда» деп дабыл қағады.

Статистикаға сүйенсек, былтыр есепті мерзім ішінде суға кету фактісі бойынша 11 жағдай тіркелген екен. Ал биыл бұл көрсеткіш 8 болғанымен, оның бесеуі небәрі екі күннің ішінде болып отыр. Ал 13 адам құтқарушылардың көмегінің нәтижесінде аман қалған.

Біз барлығына анализдер жасап отырамыз. Мысалы, Жаңадария каналында шомылған азамат түнгі сағат 12-лерде суға түсуге барған. Қасында екі жолдасы бар. Азанда екі досы оянса, қасындағы үшіншісі жоқ. Сонымен бізге хабарлайды. Негізі, түнгі мезгілде суға түсу қауіпті. Сонымен қатар қазіргі таңда Сырдария өзенінен Шіркейлі, Жаңадария каналдарына су кетіп жатыр. Ағысы қатты. Сондай-ақ Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі, Қарқымбаев учаскесінде бір адам суға кетті деп хабар түсті. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Басықара елді мекені, Ақсай каналында бір азамат киіммен кеткен. Оған байланысты тергеу амалдары жүргізілуде,- деді Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бахыт Ембергенов.

Айта кетейік, егер бір адам суға кетсе, жанында қанша адам болғанымен, оны құтқаруға екінші адамның жүрегі дауаламай қалады екен. ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Әлімжан Марданов «тәжірибеде солай» дейді. Сондықтан оқыс оқиға бола қалған жағдайда «өзім құтқарамынға» салмай, тез арада құтқару қызметіне хабарласқан жөн. Ал ең бастысы, тек суға түсуге арналған жерде ғана шомылыңыздар!

Ж.ЖҮНІСОВА

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары