Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
Жұма, 13 Шілде 2018

АРАЛ ӨҢІРІ БАЛЫҚШЫЛАРЫНЫҢ ІV СЛЕТІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.07.2018 16:40

Бүгінде Арал теңізінен жылына 8 мың тонна балық ауланып, балық өнімдерін өңдейтін 8 зауыт жұмыс істеп тұр. Өңделген балықтары Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Дания, Польша мен Қытай елдеріне экспортталады.

Арал өңірі балықшыларының ІV слетіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Ауыл шарушылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері, сала ардагерлері және Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Ресей федерациясынан делегациялар келді. Естеріңізге сала кетейік, Ульяновск облысының Дмитровград қаласында Аралдың балығын өңдейтін зауыт салынған.

«Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Ғасыр жобасы» атанған Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы аясында атқарылған ауқымды шаралар нәтижесінде, Арал өңірінің атакәсібі – балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. Қасиетті Сыр елі өзінің жер асты байлығы – мұнай, уран, түрлі-түсті металдар, ақ күріші, төрт-түлік малымен бірге Арал балығымен мақтана алатындай берекелі, құтты мекенге айналуда. Көп жыл ұмыт болып, бүгінде дәстүрге айналған балықшылар слетінің негізгі мақсаты – саланың жаңа замандағы алар орны жайлы ой салу, осы кәсіпті дамытудың жолдары туралы пікір алмасу», - деді облыс әкімі.

Атап өтейік, бүгінде Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға дейін балық ауланады. Соңғы 5 жылда аймақтағы балық аулау көрсеткіші 2 есеге артқан. 2013 жылдан бері балық өнімдерін өңдейтін 4 зауыт салынса, оның 4-еуі өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін еурокодқа ие.

Балық өнімдері Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Дания, Польша мен Қытай елдеріне экспортталып жатыр. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8 есеге артты. 2018 жылдың І жартыжылдығында балық өнімдерін экспорттауда 32%-ға өсім байқалды.

Слет барысында балық шаруашылығының дамуына айрықша үлес қосқан азаматтар мен еңбек ардагерлері Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурызында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың облысқа жасаған сапарында аймақтағы балық шаруашылығының жағдайы және Аралда өткен арнайы мәжілісте «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасының екінші фазасының іске асырылу барысы кеңінен талқыланған болатын. Нәтижесінде САРАТС-2 жобасының екінші фазасының 4 компонентін республикалық бюджет есебінен іске асыру жөнінде шешім қабылданды. Қызылорда су торабын кешенді жөндеу, Жалағаш, Қармақшы аудандарында өзеннің қорғаныс бөгеттерін нығайту және арнасын түзету, Қазалы ауданында Бірлік елді мекенінің тұсында көпір салу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар, балықшылардың өтініші бойынша Көкарал бөгетін нығайту және «Қарашалаң» мен «Тұщы» көлдерінің тұсында өзеннің атырабын қалпына келтіру жөнінде де тиісті шешімдер қабылданды. Бұл шаралар Көкарал бөгетін нығайтуға, Солтүстік Арал теңізінің су айналымын қалыптастыруға, теңіздің тұздануын төмендетуге және балықтардың Үлкен Арал теңізіне кетуін азайтуға мүмкіндік береді.

Өткен жылы Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен Қызылордада ұйымдастырылған бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы барысында Халықаралық Аралды құтқару Қорының құрылған күні 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» болып жарияланған болатын. Биыл Халықаралық Аралды құтқару Қорының 25 жылдығы аясында алғаш рет «Арал теңізінің күні» облыста салтанатты түрде аталып өтілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Теңіз тарландарының тойы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.07.2018 16:19

Бүгін Қамбаш көлінде Арал балықшыларынң IV слеті өтті.

Теңіз тұңғиығынан маржан терген еңбекшілердің мерекесін тойлау 2015 жылдан бастап жалғасып келеді.

Дәстүрге айналған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты шарада бұрынғы балық аулауда қолданылған құрал-жабдықтар мен кешегінің көзіндей болған құнды жәдігерлер көрмеге қойылып, теңізден ауланған сан алуан балықтар сөреден орын алды.

Айтулы мерекеде балықшыларды құттықтап сөз алған Қырымбек Көшербаев Аралдың арнасының толуы атакәсіпті жалғаушылардың теңіз маңына қайта табан тіреуімен тығыз байланысты екендігін айтты. Сондай-ақ «ғасыр жобасына баланған САРАТС-тың кезең-кезеңімен орынлдалуы балық шаруашылығын жетілдіруге септігін тигізуде», - деді аймақ басшысы.

Шара барысында балық шаруашылығында жетісттікке жетіп жүрген, жемісті жұмысымен көзге түскен 9 адам облыс әкімінің алғыс хатымен мараптталды. Сонымен қатар түрлі номинация бойынша елеулі еңбек еткендерге ноутбук пен тұрмыстық техникалар сыйға берілді.

Жиын барысында балықшылардың өмірінен сыр шертетін көріністер қойылса, әншілер ән мен жырдан шашу шашты. Балықшылар тойына арнайы келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Ибрагимов Арал жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады. Ал қоңыр дауысымен тыңдаушылардың жүрегін баурай білген Нұрлан Өнербаев жағажай маңын әсем әнге бөледі. Сыр бойынының талантты әншісі Серік Ибрагимов мерекелік кеш қызығын артттыра түсті. Осылайша дәстүрге айналған балықшылардың төл мерекесі биыл да өзіндік сән-салтанатымен ерекше аталып өтілді.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


Арал ауданы әкімінің кубогы үшін БАҚ өкілдері бақ сынасты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.07.2018 14:12

Кеше ауданымызда 28 маусым – Байланыс және ақпарат күніне орай БАҚ қызметкерлері арасында Арал ауданы әкімінің кубогы мен жүлдесі үшін шағын футбол турнирі өтті. Арал өңірі балықшыларының IV слетімен тұспа-тұс келген турнирдің ашылу салтанатында аудан басшысы М.Оразбаев БАҚ өкілдерін өткен мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысқалы отырған жалынды журналистерге сәттілік пен жеңіс тіледі.

Айдынды Арал төрінде өткізілген кіші футбол сайысында Қызылорда облысы бойынша 8 топ, яғни «Қазақстан Қызылорда», «Тәуелсіз БАҚ», «Меншікті тілшілер», «Сыр Медиа» ЖШС, «Қазалы» газеті, «Толқын», «Жас тілшілер» және «Өскен өңір» командалары бақ сынасты.

Сайыс барысында сала қызметкерлерінен құралған қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде Шиелі аудандық «Өскен өңір» командасы топ жарып I орынды иеленді. II орын «Сыр Медиа» ЖШС-нің жігіттеріне бұйырса, «Меншікті тілшілер» командасы III орынды қанағат тұтты.

Үздік деп танылған ақпарат майданының аяқдопшылары арнайы номинациялармен және жүлделермен марапатталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Арал өңірі балықшыларының IV слеті өтуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.07.2018 14:00

Арал аймағы қасиетті теңізімен, берекелі балығымен қашанда ел назарында. Жылдан-жылға атакәсібіміз –  берекелі балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

Араға ұзақ уақыт салып қайта жанданған «Арал өңірі балықшыларының слеті» 2015 жылдан бастап кең көлемде атап өтіліп келеді.

Екі күнге созылатын бұл мереке биылғы жылы төртінші рет жалғасын тауып отыр.

«Арал өңірі балықшыларының IV слетінің» алғашқы күнінде еліміздегі облыстардан сала мамандары мен ардагерлер қонаққа келді. Аудан әкімі М.Оразбаев Арал қаласына ат басын бұрған облыс ардагерлеріне өңірімізде жақында ғана бой көтерген ҚР мемлекетік рәміздері алаңы және басқа да көрікті жерлерді таныстырды. Сондай-ақ, жұмысы өрге домалаған Арал балық өңдеу зауытының жұмысына куә болып қайтты.

Мұнан соң теңіз қойнауынан су маржанын терген аймағымыздағы балықшылар қауымына және облыс ардагерлеріне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ақ дастарқан жайылды. Салтанатты кеш барысында аудан басшысы М. Оразбаев келушілерді «Арал өңірі балықшыларының IV слетімен» құттықтап, сала мамандары мен қонақтарға толағай табыс пен береке-бірлік тіледі.

Сонымен қатар халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген балық шарушылығының қызметкерлерін I, II, III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен және «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.

Шара аясында аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары