Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Дүйсенбі, 16 Шілде 2018

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2018 09:26

Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 16-18-і күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында облыс көлемінде көлік жолдарында Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша тексерістер жүргізілуде. Сонымен қатар, Көліктік бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні мединалық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


Құлпытастағы қолғап PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.07.2018 12:49

Сәбитті көшеден жолықтырдым. Ол – Қазалы боксын өрге сүйреген марқұм Тарғын Нұралиевтің бауыры. Әулеттеріне тән қарапайымдылықпен елпілдей амандасты. Дегенмен, көңілінде әлдебір жайтқа алаңдаушылық бары сезілді. Дауысы да мұңды шықты. Жанары жасқа шыланып, аз-кем үнсіз қалды. Менің де тамағымды өксік буды. Бар ниетіммен сөзіне құлақ түрдім. «Тарғынның перзент сүймегенін білесіз. Соңында ұрпақ қалмағаны қандай өкінішті. Тағдырдың жазуына амал нешік?! Тіршілігінде туған бауырындай сыйласқан ағасысыз. Көрген көрінісімді сізбен бөлісуді жөн санадым. Тәкеңнің бейітіне барғанмын. Менен бұрын да біреулер келген екен. Гүл дестелерін қойыпты. Кенет... құлпытасқа мықтап байланған бокс қолғаптарын көзім шалды. Суретінің тура жанына ілініпті. Мәрмәр тасқа да қашалып салыныпты. Көкем бейне жаттығудан қалжырап келіп, қалғып кеткендей. Өзімді ұстай алмадым. Ағатайым үшін ең қымбат саналған қолғаптарды құшақтай құладым. Еңіреп жылап, шерімді тарқаттым. Бұл ненің нышаны?! Түсінбедім?!» деп Сәбит тағы егілді.

Ер адамның көз жасын көруден асқан қасірет жоқ шығар?!. Сәбитті жұбатуға сөз таппадым. Оның бойын билеген азалы күйді түсінуге тырыстым. Шамамның келгені иығынан алақаныммен қағу ғана болды. Өзім де зорға шыдап тұрған едім. Көз алдымнан шаршы алаңдағы алыптардың шайқасы, көрермендердің қошеметі, гонг дыбысы, аппақ киінген төреші Тарғын, жеңімпаздың шат күлкісі, жеңілгеннің өкінішті жүзі өтіп жатты. Қайран ғұмыр!

Айналайын-ай, мен не дейін?!. Білерім, Қазалы боксын Тарғынның шыңға шығарғаны, «Бапкерлердің бапкері» атанып, талай саңлақтарды түлеткені, «шәкірттерімнен қол үзбеймін» деп әлденеше ай жалақысыз, тегін еңбек еткені, әлдекімдердей болмашыға мастанбайтындығы, адалдықтан айнымағаны, жағымпаздыққа жаны қастығы, жаттығу кезіндегі талапшылдығы, жетістігіне міндетсінбейтіндігі, қадірін білмегендерге сөзін шығындамайтыны, өзгеден мақтау-марапат күтпейтіні, дәрі сатып алуға ақша таппай қамыққан танысына қалтасындағы қаржысын түгел беріп, өзі ай бойы қиналғанын сездірмеген мәрттігі ғана.

Тоқырау жылдарында Тарғын қатты қамықты. Әрине, қарақан басының қамын күйттеп емес, ортақ мүдде үшін. Бұрынғы спорт мектебі іргелі мекемелерге берілген соң жаттығу үзілді. Ғимаратсыз қалған боксшылар біршама уақыт дағдарысқа түсті. Тарғынның орнында өзге жаттықтырушы болса қолын бір-ақ сілтер еді. Неткен шыдамдылық десеңші?! Сонау Қарағандыдан әкелген жалғыз бокс қапшығын көзінің қарашығындай сақтады. Ескі-құсқы бокс қолғаптарын жамап, кәдеге асырды. Кез келген нысанда, тіпті аулада жаттықты. Кафа, шлем, боксшылар формасы деген Тарғынның шәкірттері үшін арман болатын. Бірде үлкен жарысқа келген қазалылық боксшылардың жұтаң кейпіне алаң иелерінің мысқылдай күліп, «партизандар» деп айдар таққаны бар-ды. Ерте күліпті. Партизандар шаршы алаңға қожайындық жасады. Бәсекелестерін қуып жүріп сабады. Көптеген боксшылар жеңімпаз атанды. Командалық есепте сол тұста аудан боксшылары жоғары орындардан табылып жүрді. Ата-аналар бас қосқанда балаларының келешегіне алаңдаған Тарғынға ризашылықтарын жаудыратын еді. Ұстаздарының қамқорлығын шәкірттері де жете сезінді. Жаттығудан қалмауға тырысатын. Теңге тұрмақ, тиынның өзін табу қиынға түскен тоқырау тұсында да Тарғынның түлектері жарыстардан қол үзген жоқ. Қалталы азаматтарға беделін салып, кейде үстемеге қарыз алып, жарысқа қатысып жүрді. Әрі қоржындары жүлдеден бос болмайтын. Жеңіс Боранбаев есімді шәкірті өзінің жолын қуып білікті бапкер атанса, Батырбек Сыдықов, Райымбек Бақиев, Қайыркелді Табынбаев, Алтынбек Ақтілеуов, Бауыржан Қаюпов, басқа да көптеген шәкірттері талай дүрмектерде топ жарды.

Арада уақыт өте Тарғын Таңатарұлы облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа жаттықтырушылыққа ауысты. Сыр өңіріне танымал бапкерлермен бірге қызмет жасады. Спорттың «Бокс» аталатын қиын да, жауапты түріне балғындарды баптады. Жалған дүние!.. Қиырдағы Қапшағайдан туған жеріне сағынып жеткен еді. Кір жуып, кіндік кескен мекенінде келместің кемесіне мінерін кім болжаған?! Көлік апатынан қаза тапты. Жерлеу рәсіміне жұртшылық көп жиналды. Жер-жерден бұрынғы боксшылар түгелге жуық келді. Көз жастарын көл қылып, бапкерлердің бапкерін ақтық сапарға аттандырды.

Сәбит бауырым! Тарихты шолып өтелікші. Жорыққа шыққан ежелгі спартандық жауынгерлерге аналарының «Қалқаныңмен немесе қалқаныңның үстінде кел!» деген аманаттары (спартандықтар соғыста қаза тапқан сарбаздарын құрмет нышаны ретінде қалқандарының үстіне салып әкелетін болған деседі) есімізде шығар?! Кез келген ана «перзентімнің табанына батқан тікен маңдайыма кірсін» деп тілейтіні анық. Алайда намыс бәрінен қымбат. Тарғынның құлпытасына ілінген бокс қолғаптары жүздеген шәкірттерінің оған бағышталған ықылас-пейілінің белгісі. Шаршы алаңда талай жеңіске жетелеген телегей терінің өтеуі!

Ілулі тұр бокс қолғап шегеде,

Шаршы алаңда атойлаған жоқ еге.

Қарай бердім мұңға батып елеңдеп,

Деген сынды «бапкер бауыр келе ме?!».

Гүрзі білек, қайсар жүрек ағеден,

Сіңді анық сан өренге өнегең.

Сайыпқыран хас шебері спорттың,

Жиылмастан қалды енді керегең.

Өзің едің, шын мәнінде Құлагер,

Бар ісіңе жалпақ жұртың куәгер.

Кездескенмен талай жерде Батыраш,

Елемедің ағын судай, тасқын-сел.

Кеттің ұзап шалғай, қиыр сапарға,

Сөнген сәуле, арайланып атар ма?

«Шәкірт барда ұстазының аты өшпес»,

Олай болса, тұрсың мәңгі қатарда!

Тарғынның дүниеден өткеніне міне, біршама жыл болды. Бір өкініштісі, Қазалы ауданында білікті бапкер Тарғын Нұралиевтің атында бұған дейін ешқандай турнир өткізілген жоқ. Біздер Тарғынның кезінде бауырындай сыйласқан ағалары, өзі шаршы алаңда шыңдаған көптеген шәкірттері (қазіргі сәтте еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген азаматтар) бас қосып, бұл мәселені бұған дейін де бірнеше мәрте көтерген де едік. Алайда сол кездегі аудан басшылары, құзыретті орындар тарапынан нақты қолдау болған жоқ. Егер Тарғын Нұралиевке арналып турнир өткізілетін болса, оның көзін көрген азаматтар, шәкірттер тарапынан демеушілік жасайтын жандар баршылық. Бастама қолдау тапса, өскелең ұрпақтың бойына тағы бір тағылымды тәрбиені сіңірген болар едік!

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 

Р.S. Жаңа ғана Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов осы мәселе бойынша қабылдап, көтерілген тақырып ескерусіз қалмайтынын, Тарғын Нұралиевтің есімін есте қалдыру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылатынын жеткізді. Біз жазылған жайтқа сергек қарап, ауқымды жоспарлар межелеген қазалылық басшыларға Тарғынның шәкірттері, бұрынғы боксшылар, ағалары атынан шын жүректен ризашылық білдіреміз.

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары