Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 17 Шілде 2018

Талсуат ауылына әкім болып Б.Нұрлыбаев келді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.07.2018 10:10

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде өткен Талсуат ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысымен Талсуат ауылдық округінің әкімі болып Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы сайланды.
Болатбек Қалиұлы 1957 жылдың 3 қарашасында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.
1992 жылы Ы. Жахаев атындағы Қызылорда ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы құрылысы, инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы «Күріш» институтында аға техник ретінде бастаған.
1979-1980 жылдары «Казгипросельхоз» мекемесінде инженер-технолог;
1980-1996 жылдары «КызылордаАгроПромПроект» мекемесінде аға инженер, директордың орынбасары;
2000-2003 жылдары «Қазақавтожол» мекемесінде бас инженер;
2003-2004 жылдары «Дорстрой» ЖШС бас инженері;
2004-2012 жылдары «Қызылордамемсараптама» мекемесінде директор;
2012-2014 жылдары «Мемсараптама» Қызылорда облыстық филиалының директоры;
2014-2015 жылдары «Мемсараптама» Қостанай облыстық филиалының директоры;
2015-2016 жылдары «Қызылорда мұнай өндіру» заводының бөлім басшысы.

 


С.Әбдіжаппар Қызылөзек ауылына әкім болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.07.2018 09:58

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Қызылөзек ауылдық округі әкімінің лауазымына өткізілген сайлау қорытындысымен Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы сайланды.
Сәкен Нысанұлын 1963 жылдың 8 қазанында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
1992 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист», 2000 жылы «Болашақ» университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда қаласы, №9 кәсіптік-техникалық училещесінде шебер болып бастаған.
1994-2006 жылдары «Ауез ЛТД» ЖШС директор;
2007-2008 жылдары «Тұрғын үй Қызметі» МКК директоры;
2008-2009 жылдары «Қызылорда жарық сервис» МКК директор;
2009-2010 жылдары «Аманат» Қазақстан ұлттық зейнетақы қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша директоры;
2015-2017 жылдары «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС директордың орынбасары;
2017 жылдан осы кезге дейін Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 


Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне басшы келді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.07.2018 09:49

2018 жылдың 5 шілдесінен бастап қала әкімінің өкімімен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Каюпов Азамат Биғалиұлы тағайындалды.
Азамат Биғалиұлы, 1986 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
Еңбек жолын 2007 жылы «БИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары ретінде бастаған.
2008-2010 жылдары қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бас сарапшысы;
2015-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы Акционерлік қоғамының менеджері;
2016 жылдан осы кезге дейін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.

 


Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.07.2018 09:42

Қала әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі өкімімен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы тағайындалды.

Қала әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі өкімімен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы тағайындалды.
Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы 10 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі.
Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының жастарды жұмыспен қамту жобасының аға-үйлестірушісі ретінде бастаған.
2011 - 2012 жылдары Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы;
2012 - 2013 жылдар аралығында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы;
2013 - 2014 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы;
2014 жылы Қызылорда облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының бас эксперті;
2014 жылдан осы кезге дейін, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

 


Кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік істер саны артқан PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2018 16:15

Апта басында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 6 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Есепті мерзім ішінде соттың өндірісіне барлығы 19 қылмыстық іс (30 адамға қатысты) қаралған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2 іске (11 адам) аз.

Ал үкім шығару арқылы қаралған істер саны 2-ге азайыпты. Биылғы жартыжылдықта 15 іс бойынша 25 адамға үкім шығарылса, 2017 жылдың есепті мерзімінде 17 іс бойынша 33 адамға үкім шығарылған.

Дәл сол сияқты соттың өндірісіне түскен талап арыздардың саны да азайған. Мысалы, 2018 жылдың 6 айында өндіріске 12 азаматтық іс және 341 талап арыз түскен болса, 2017 жылдың есепті мерзімінде 8 азаматтық іс, 378 талап арыз болған екен. Яғни, талап арыздар саны 9,8 пайызға төмендеген. Керісінше, сотта әкімшілік істер саны артыпты. Егер өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында 138 әкімшілік іс түскен болса, биыл оның саны 177-ге жетіп отыр. Оның 140-қы әкімшілік жазаға тартылса, 32 іс өндірістен қысқартылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл кәмелет жасқа толмағандардың темекі, темекі бұйымдарын пайдалану, оларды сату, бұзақылық жасау, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы секілді істер көп қаралған екен. Қызығы сол, осы әкімшілік істердің апелляциялық тәртіппен қаралған 6 істің 5-еуінің қаулысы өзгертіліп, тек біреуі ғана өз күшінде қалған.

Айта кету керек, соңғы кездері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтық мәртебесін анықтау үшін органдар қамқоршы және қорғаншы болып отырған тұлғаларға ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арыздар бергізудің және ерлі-зайыптылар арасындағы некенің жиі бұзылуы салдарынан, сотта әкелігін анықтау, алимент мөлшерін өзгерту, ата-аналық құқығынан айыру, баланың тұрғылықты жерін анықтау, баламен кездесу уақытын белгілеу секілді істер саны көбейген.

Сондай-ақ, барлығы қысқартылған 35 істің 20-сы медиация тәртібімен қаралса, 6-ауынан талапкердің өзі бас тартқан. 4 іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, 4 іс бойынша екі жақ бітімгершілікке келген. Ал 1 іс партисипативтік тәртіппен қаралыпты.

Лемара ИРГАЙБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың 2-курс студенті

 


Қызылордалық әкімдер сотталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2018 16:13

Сенім артып, елге қызмет етеді деген әкімдер парақор болып шықты. Жақында қалаға қарасты Белкөл кентінің және Шиелі ауданы, Гигант ауылының әкімдері парамен ұсталып, сотты болды.

Қызылорда қалалық №2 сотында Белкөл кентінің бұрынғы әкімі мен оның заңгеріне қатысты іс қаралды. Белгілі болғандай, кент әкімі жеке кәсіпкерге жер алып беруге көмектеспек болған екен. Алдымен жеке кәсіпкер жер сұрап, әкімдікке келеді. Сөйтіп онда жұмыс істейтін заңгермен сөйлеседі. Құқықтық сауаттылығы бар заңгер жер телімін алу жолдарын түсіндіреді деп ойласа керек. Алайда мемлекеттік қызметші заң талаптарын түсіндірудің орнына, оны әкімнің қызметтік бөлмесіне апарған. Мәселенің мән-жайын білгенде, әкім жер телімін алып беруге жер комиссиясы мүшелеріне 500 мың теңге беру керектігін айтады. Ал бұл жұмыстарды ұйымдастыруды сенімді серіктесі, әлгі заңгерге тапсырады.

Іске белшесінен кіріскен заңгер, яғни сотталушы Б. жер комиссиясынан оңды шешім аламын деген желеумен жәбірленуші А.-дан жалпы келісілген 500000 теңгенің 200 000 теңгесін, араға күн салып тағы 200 000 теңгесін, алып, өз пайдасына жаратып жібереді. Ал қалған 100 000 теңгені түстен кейін әкеп беретін болған жәбірленушіден жер теліміне шешім шығарып беруі үшін қосымша тағы 150 мың теңге сұрайды.

Кәсіпкер параны Белкөл кенті әкімдігінің заңгеріне берген. Қаражаттың басым бөлігін жеке мақсатына жұмсаған да сол азамат екендігі тергеу кезінде дәлелденді. Сот үкімі бойынша ол екі жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 10 миллион теңге айыппұл салынды. Ал кент әкіміне 10 миллион 500 мың теңге айыппұл салынды. Екі азамат та өмір бойына лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды, - дейді Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Шиелі ауданы, Гигант ауылының әкімі де кәсіпкерлерден пайда таппақ болған. Ол жер құжаттарын рәсімдеп беру үшін кәсіпкерден 50 мың теңге пара алыпты. Мұнан соң қызметтік бөлмесінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында аталмыш ауылдық округ аймағынан жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп, жер телімін жалға беруге шешім шығарып беру үшін тағы бір адамнан 60 мың теңге қаржы алу үстінде қолға түскен.

Сотталушы сот процесі кезінде өз кінәсін толықтай мойындады. Шиелі аудандық сотының үкімімен ол Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік беретін қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 7 700 000 теңге айыппұл салынды, - деді Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Осылайша кәсібін дөңгелетемін деушілерді қолдаудың орнына, олардан қомақты қаржы сұратып, оңай олжаға кенелгісі келген әкімдер соңында өздері опық жеп қалды.

Ж.Жүнісова

 

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары