Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 23 Шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰНАЙ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ОСЫ САЛАДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСАУҒА ШАҚЫРДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2018 10:14

Мұнай бағасының өсуі және көмірсутегі экспорты үлесінің артуы мұнай өндіруші компанияларға белгілі бір міндеттерді жүктейтінін атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Қызылордада жер қойнауын пайдаланушыларымен кезекті кездесу өтіп, мұнай-газ саласын дамыту мәселелері талқыланды, атап айтқанда, мұнай өндіруді, экспортты және компаниялардың әлеуметтік міндеттемелерін арттыру мәселесі сөз болды.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр өңірі өзге аймақтарға қарағанда әлемдік мұнай бағасының төмендеуінен ең үлкен зардап шеккенін атап өтті. Өйткені, еліміздегі мұнай көлемі азаюының 70 пайызы Қызылорда облысында орын алды. Жыл сайын мұнай өндіру орташа есеппен 12 пайызға төмендейді. Тек соңғы 5 жылдың ішінде өндірілген мұнай көлемі 3,7 млн тоннаға қысқарды, сәйкесінше, салық түсімі де 5 жыл ішінде 3 есеге азайды. Өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі өңір экономикасының негізі болып қала бермек. Естеріңізге сала кетейік, өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 80%-дан астамын мұнай мен уран құрайды.

«Бүгінгі таңда облыстың мұнай компаниялары өндірген мұнайдың орташа есеппен 80%-ы ішкі нарықта қалса, ал экспортқа 20%-ын сатады. Алайда бүгінгі күні мұнай сату көлемін 50%-50% -ға дейін сату туралы мәселе қарастырылуда. Өндірілетін өнімдерді сатудың мұндай арақатынасы мұнай компанияларына кірістерін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, біз компанияларға алынған қаржыны бірінші кезекте жаңа кен орындарын барлауға және бұрғылауға бағыттауға шақырамыз», - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі мұнай өндіруде жаңа технологияларды енгізудің, мұнай өндіру көлемін арттыру және өндірілетін өнімнің сулануын төмендетудің маңыздылығын атап өтті.

«Табыстарыңыз ең алдымен акционерлердің дивидендіне емес, мұнай-газ саласын әрі қарай тұрақтандыру және дамытуға бағытталуы тиіс. Компанияларға әлеуметтік саясатты қайта қарап, бұрынғы әлеуметтік міндеттерін қайта алу керек», - деп қорытындылады облыс әкімі.

Өз кезегінде, мұнай өндіретін кәсіпорындардың басшылары жүргізген жұмыстары туралы баяндап, көкейдегі сұрақтарын қойды.

Атап өткен жөн, Үкіметпен бірлесіп атқарған жұмыстар нәтижесінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Майбұлақ және Арысқұм кен орындарында көмірсутегі шикізатының 3 кен орнын пайдалану үшін келісімшарт мерзімін ұзартты. Сондай-ақ Қарабұлақ кен орнында көмірсутегін өндіру жөніндегі жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұдан басқа, «Кристалл Менеджмент» АҚ көмірсутегі шикізатының перспективалық блогы бойынша іздестіру жұмыстарын Оңтүстік Торғай алқабында жүргізеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


НАРТАЙ БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФРИНДЖ» ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.07.2018 15:41

Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2018 жылдың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысады.

Халықаралық «Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында Шотландия елінде өткізіліп келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фестивальдерінің бірі. Фестивальға әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаздар қатысады және 3000-ға жуық қойылымдар көрсетіледі.

Сыр театры ұсынғалы отырған «Ақбаян» спектаклін қойған режиссер - театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн. Көркемдеген суретші - Нұркен Қалымбетов. Спектакльде өнер көрсететін артистердің басым көпшілігі - жастар. Атап айтсақ, Ақбаян ролінде – Зарина Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы ролінде – Санат Жүзбай, Қодар – Қанат Архабаев және Қарабай ролінде  – Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбеков, Сарыбай – Сырым Әбдіразақов, Мақпал – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова және Күнекей ролінде – Ақтолқын Төлеуова.

Махаббат хикаясына толы елу минуттық қойылымда бесікте атастырылып, бірақ жолдары екіге айырылған, он жеті жылдан соң қайта жүздескен қос ғашықтың тағдыры суреттеледі. Бір-бірін көруге ынтық жүректер қайта табысады. Алайда олардың қосылуына кедергі бар. Бірі – қалайда дүниесін толтыруды көздеген қыз әкесі Қарабай. Екіншісі – Баянға ғашық, тек күшіне сенген Қодар. Спектакльде қазақтың салт-дәстүрлері - ұлттық биі орындалып, асық, арқан-тартыс секілді ұлттық ойындар ойналып, қойылымның өне бойынан қазақтың ұлттық нақыштағы киімдері көрініс табады.

"Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғысқан «Ақбаян» спектаклімен әлем сахнасына жол тартып, барша қазақ өнерінің жүгін арқалаған Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театры үшін бұл - үлкен тарихи құбылыс және мәртебелі міндет болып табылады", - деді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Жүсіпұлы.

Жарты ғасырдан астам тарих қойнауындағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының репертуарында түрлі жанрдағы көрермен талғамына сай сапалы қойылымдар қатары бар.

Сонымен қатар, театрдың шығармашылық құрамында жастар труппасы, қуыршақ тобы және драмалық ұжымды қосқанда барлығы 50-ге жуық артистер қызмет етеді.

Театр 63 жылдық маусымында бес мемлекетке үлкен гастрольдік сапармен барып, қазақ өнерінің мәртебесін көтеріп, мерейін асқақтатты. Оның ішінде, Татарстан, Түркия, Әзербайжан және Ұлыбритания еліндерінде өткен өнер додаларына қатысып, үлкен жетістіктермен оралды.

Айта кетейік, Халықаралық «Фриндж» фестивалі - әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін үлкен өнер фестивальдерінің бірі. Аталмыш фестивальға музыкалық, этникалық, кино және ең басты екі сала – опералық және экспериментальды театрлар қатысады.

Фестиваль тарихы сонау 1947 жылдан бастау алады. Алғашқы Халықаралық Эдинбург фестиваліне қатыса алмаған, яғни фестиваль бағдарламасына енбей қалған бірнеше театр труппалары еркін түрде қойылымдар ұйымдастырып, барлық қала алаңдарында көрермендерге ұсынды. Осындай тың құбылыстардан соң сыншылар тарапынан оң нәтижелі пікірлер айтылып, сол уақыттан бері «Фриндж» және Халықаралық Эдинбург фестивалі қатар өткізіліп келеді.

«Фриндж» - әлем бойынша ең үлкен және өнер ұжымдары үшін өте қолайлы ұйымдастырылған фестиваль. Фестиваль дәстүрі бойынша ақылы қойылымдар арнайы 4 үлкен ашық алаңдарда өтеді. Олар: Pleasance, Assembly Rooms, Gilded Balloon және Underbelly. Ал, ақысыз қойылымдардың басым көпшілігі атақты туристік көшеде және Маунд белесінде өтеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары