Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 24 Шілде 2018

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.07.2018 09:55

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың 2018 жылғы 26 шілде сағат 11.00-ге жоспарланған құқықтық қызмет көрсету орталығындағы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау уақыты 27 ШІЛДЕ, САҒАТ 10.00-ге ауыстырылғандығын хабарлаймыз.

Сіздерден қала әкімінің жеке қабылдау уақытының өзгеруіне байланысты алдын ала кешірім сұраймыз.

Ал, құқықтық қызмет көрсету орталығындағы басқа құқық қорғау мекеме басшыларының қабылдау уақыты кестеге сәйкес 26 шілде, сағат 11.00-ден бастап жүргізілетіндігін назарларыңызға жеткіземіз.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


ҚАРМАҚШЫДА СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.07.2018 09:39

Кеше Қармақшы ауданында сотсыз татуласу тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін «Сотсыз татуласу орталығы» ашылды.

Жосалы кентіндегі «Аргерлер үйі» ғимаратынан ашылған аталмыш орталыққа аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев, аудандық сот судьясы Л.Алибекова арнайы барып, орталықтың жұмысымен танысты. «Сотсызтатуласу орталығының» мақсаты халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу болып табылады. Қармақшы ауданында мұндай бастаманы жүзеге асырудың маңызы зор.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қоғамдағы жанжалды жағдайды төмендету, дауларды азайту, бітімгершілік және дауларды шешудің басқа да баламалы тәсілдерін енгізу мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру арқылы тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын.

«Сотсызтатуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарын сақтай білген Қызылорда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған.

А.Қозыбақов

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары