Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 685 |
![]() | Кеше | 2390 |
![]() | Осы аптада | 685 |
![]() | Өткен аптада | 17774 |
![]() | Осы айда | 40016 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5132553 |
Қыз-келіншектерге бизнесін жүргізуге 5%-дан бастап несие беріледі |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
26.07.2018 16:45 |
Қазір республика бойынша құжат қабылдау жүріп жатыр. Қыз-келіншектерге арналған жеңілдетілген несиені алу жолдарын облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова былайша түсіндіріп берді. «Кәсіппен айналысқысы келетін қыз-келіншектердің жобаларын қаржыландыруға республика көлемінде 1 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл шараға біздің облыстың да азаматтары қатыса алады. Қазіргі таңда Халық банк құжаттарды қабылдауда. Жеңілдетілген несие нақты кәсібі бар жандарға да, сондай-ақ стартап жобаларға да беріледі. Берілетін қаржы көлемі 10 млн. теңгеге дейін. Несие 5 пайыздан бастап 84 айға дейін беріледі. Құжаттарды қабылдау мерзіміне шектеу қойылмаған. Дегенмен, мынай жайтқа мән берулеріңізді сұраймын: бөлінген қаржы тек осы жылға арналған. Сондықтан қаржыландыруға қатысқысы келетіндер асыққан жөн. Қазірдің өзінде оннан астам облыстың азаматшасы қатыса алады», - дейді Жанна Аманова. Несие алғысы келген жандар ең алдымен Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтінім беруі қажет. Өтінімге сәйкес Палата арнайы хат дайындап береді. Аталмыш хатты кәсіпкер Халық банкіне тапсырады. Қажетті құжаттар тізілімін Банк қызметкерлері ұсынады. Жеңілдетілген несиеге қол жеткізгісі келген қыз-келіншектер қосымша ақпараттарды Кәсіпкерлер палатасынан немесе Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Амановадан (тел. 87059019010) ала алады. Палатаның мекен-жайы Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28. Байланыс телефоны 40-09-81. Кәсіпкерлер палатасынан жауапты маман - Сәуле Биманова. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі |
Кәсіпкерлердің қаржысы өздеріне қайтарыла ма? |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
26.07.2018 15:57 |
Кеше облыс әкімінің қатысуымен Қызылордада алғаш рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті. Отырыста өңірдегі бірнеше өзекті мәселелер қаралды. Соның бірі – кәсіпкерлердің құқығының қорғалу барысы. Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Ғалым Едігеев Палатамен тұрақты түрде кәсіпкерлерге кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарында және сот отырыстарының барлық сатыларында қамтамасыз етіліп жатқандығын, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылуда екендігін жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бүгінгі таңда кездесіп отырған проблемасын да ортаға салды. Ғалым Едігеев: «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы шешімімен облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Қызылорда қаласының аумағындағы жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері екі есеге арттырылған. Алайда 2008 жылы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөліктері, оның ішінде 530-бабының күші 2017 жылдың 25 желтоқсанында жаңадан қабылданған Салық кодексімен жойылып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген. Негізі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады. Облыстық мәслихаттың аталған шешімі тек 2018 жылдың 1 маусымында ғана жойылған. Аталмыш уақыт аралығында Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қала көлеміндегі 299 кәсіпкерге ағымдағы жылдың 5 айы үшін жарнаманы орналастырғаннан туындайтын төлем негізсіз 2 еселенген мөлшерде есептелген. Осылайша, облыстық мәслихаттың шешімінің күшін уақытылы жою қамтамасыз етілмеуі салдарынан және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заң талаптарын дұрыс білмеуі салдарынан 299 кәсіпкерлік субъектілердің жарнама төлемдері негізсіз 2 есеге арттырылып есептелуіне жол беріліп, салық салудың әділдігі қағидаты бұзылған», - дей келе, аймақ басшысынан кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол берген жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін қараумен бірге, артық төленген салық төлемдерін қайта есептеу немесе қайтару мәселесіне қолдау көрсетуін сұрады. Айта кету керек, Палата құрылғалы бері кәсіпкерлік субъектілерінен 2000-нан астам өтініш келіп түссе, оның 67%-і кәсіпкердің пайдасына шешілді, 3,4 млрд. теңгеге материалдық құқықтары қорғалды. Палатаның сарапшылары 300-ден аса сот отырыстарына қатысып, нәтижесімен сот процестерінің 80%-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Көрсетілген бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы Палатаның жанынан тұрақты жұмысшы орган – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрылып, құрамына құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері енгізілген. Кеңестің тұрақты отырыстарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігіне байланысты орын алған нақты және жүйелі жағдайлардың шешілу жолдары қарастырылады. Кеңеспен барлығы 19 отырыс өткізіліп, жүйелі түрде қалыптасқан 27 проблемалық мәселелер қаралып, нәтижесі бойынша 500-ден аса кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, 25 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілкке тартылды. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі |
АЛАҢДАТҚАН АУЫЗСУ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Саясат |
26.07.2018 15:04 |
Су ресурстары комитетінің мәліметінше, қазіргі күні Қызылорда облысындағы тәулік бойына орталықтандырылған ауызсуға қосылған елді мекендер саны – 182. Республикада алдыңғы көрсеткішті көрсетіп отырған аймақ болсақ та, сұрағы мен шағымы бітпейтін коммуналдық саланың абырой әперуі екіталай. Бас-аяғы үш сағатқа созылған жиында халықтың жағдайын ойлау туралы мәселе қатты да, жай да айтылды. Сөз-талқы барысында ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің әлі күнге шешілмей келе жатқандығы қатысушыларды қызылкеңірдек болғанша айтыстырды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өзі бастаған, өзге де мемлекеттік орган өкілдері қоштаған семинарда халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне келгенде қаржының да қыруар бөлініп, жұмыстың да жүйелі істеліп жатқандығы сөз болды. Дегенмен, нәтиже аз. Белгіленген мерзімде ауылдық елді мекендерге жетпеген суға бөлінген қаржы жартылай желге де ұшып кетуі ықтимал. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауызсу» және 2011-2017 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыруда кейбір олқылықтар орын алған. Атап айтқанда, жобалау-сметалық құжаттама сапасының төмендігі, қажетті мамандандырылған кадр персоналының, арнайы пайдаланушы кәсіпорынның болмауы. Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ комитеті осы мәселелерді пысықтауға шешім қабылдады. Жалпы, жыл сайын 100 млрд теңге бөлінген кезде халықты толық сапалы сумен қамтамасыз ету үшін 12 жылдан аса уақыт қажет. Ал, ол уақытқа дейін 2002-2010 жылдарда салынған нысандар күрделі жөндеу және сорғы-қуатты жабдықты ауыстыруды талап етеді. Бұл мәселені өткен жылы Парламент депутаттары да қуаттаған. Елбасының өзі 2020 жылға дейін ауылдық елді мекендердің 80 пайызын орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосу жөнінде тапсырма берген. Кейін бірқатар салалық бағдарламалар ықшамдалып, 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасына біріктірілді. 2015 жылы қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ескірген ауызсу жүйесін жаңғырту жұмыстары аса қарқынды жүргізілді. Ал ол мерзімнің аяқталуына бар-жоғы бір жарым жыл ғана уақыт қалды. Асығыс істелген жұмыс қандай нәтиже береді және жоспар толығымен орындала ма? - Аталған бағдарламалар аясында Қызылорда облысында мақсатты әрі жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2011-2017 жылдар аралығында бюджеттен 40 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Соның нәтижесінде 2,5 мың шақырымға жуық ауылішілік және сервистік жүйелер жаңартылып, 8,5 мыңнан астам су өлшегіш құралдары орнатылды. Бүгінгі күні облыстағы 265 ауылдық елді мекеннің 199-ы немесе 76,5 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Халық санына шаққанда 97 пайызды құрайды, - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Елеуұлы. Орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткіші республика бойынша 57,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, шешімін әлі таппаған тағы да бірқатар мәселе бар. Мәселен, ауылдық елді мекендерді сумен қамту және суды бұру жөніндегі бірыңғай операторды құру – өзекті мәселенің бірі. Комитет төрағасы бірыңғай операторды құру орталық деңгейде оң шешімін тапса, жергілікті жерде бұл мәселені кейбір аймақтар ғана қолдағанын айтты. Атап өткен жөн, Қызылорда облысында республикада алғашқылардың бірі болып 2017 жылдың 1 маусымынан бастап филиал негізінде сумен қамту және суды бұру жөніндегі бірыңғай операторы құрылды. Бұл суды соңғы тұтынушыға жіберу бойынша қызметтерді тиімді, сапалы әрі жүйелі өткізуге әрі құрылғыларды пайдалану және жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жергілікті сумен қамту жүйелері коммуналдық меншіктен республикалық меншікке, яғни «Қазсушар» РМК «Арал» ОДСП филиалының теңгеріміне берілген. - Бәрімізге белгілі, ауылдық елді мекендерді ауызсумен жабдықтаудың көптеген мәселелері сапасыз жасалған жоба-сметалық құжаттамаларына байланысты. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттың тапсырыс берушісі аудандық әкімдіктердің ТКШ бөлімдері болып табылады. Онда 3-4, ТКШ басқармаларында 7-8 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде су құбыры жүйелерін шамалы түсінетін инженерлер бар және оларда барлық туындаған техникалық сұрақтарды терең және мұқият зерттеу үшін мүлде уақыттары жетпейді. Себебі, олар электрмен жабдықтаудан бастап қоқыс шығаруға дейін ТКШ-ның барлық спектріне жетекшілік етеді. Келесі мәселе – түрлі осал жеке компаниялардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз орындауы. Прокуратура мен басқа да бақылаушы органдардың тексерісі көрсеткендей, 30 пайыздан аса жобалар құрылыс нормаларын өрескел бұзумен жүзеге асырылған. Сапасыз жабдықтарды, құбырлар мен фасонды заттарды қолдануы – жеке компаниялардың жобалардан үлкен пайда түсіруге тырысуы. «Қазсушар» РМК үшін пайда түсіру мақсат емес, оған әрі қарай өзі пайдаланатын салынған су құбыры желілерінің сапасы қажет, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев. Сөз соңында ол бірқатар жаңа тәсілді іске асыру үшін «Қазсушар» кәсіпорнын ауылдық елді мекендерді ауызсумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай оператор ретінде анықтауды, оған жоба-сметалық құжаттама мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын әзірлеу бойынша тапсырыс берушінің қызметін жүктеуді, салынған объектілерді оқшау сумен жабдықтау көздері бар елді мекендерді және топтық су құбырларына қосылған барлық ауылдық елді мекендерді әрі қарай пайдалану үшін «Қазсушар» кәсіпорны теңгеріміне беруді, Су Кодексіне, кейбір заңдар мен НҚА-ға өзгеріс енгізуді ұсынды. Жаңа тәсіл жемісті жұмыс істейді және іске асырылмайтын идея болып саналмайды. Себебі, «Қазсушар» РМК «Арал» СЖҚБД филиалында 2014 жылдан бастап қолданыста және кәсіпорын Қызылорда облысындағы топтық су құбырларын және оқшау сумен жабдықтау көздерімен барлық кентішілік желілеріне қызмет көрсетеді. Оң тәжірибені және осы жүйенің орнықтылығы сенімділігін ескеріп, Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда қаласының қалалық су құбыры желілерін «Арал» СЖҚБД филиалының теңгеріміне беру бойынша ұсыныс жасады. Өз кезегінде филиал директоры И.Оңғарбаев: - Топтық су құбырларын пайдалану ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің құзырында болатын болса, ал елді мекендердегі ауызсу жүйелерін пайдалану ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті арқылы жергілікті атқарушы органдардың құзырында болып табылады. Ауызсу нысандарын жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары екі министрліктің өздерінің бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады және кей жағдайларда бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалады. Сондай-ақ, насос станциялары топтық су құбырынан су келгенше, иесіз, тозығы жетіп, жылдап қаңырап бос тұрады. Сол себептен ауызсуды тұтынушыға бір оператормен жеткізіп беру ауызсу нысандарын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді, - деді. Қорыта айтқанда, Қызылорда облысының ауызсу мәселесін түбегейлі шешу үшін жыл басында облыс, аудан депутаттарынан құрылған уақытша комиссия аудан орталықтары мен елді мекендердің ауызсумен қамтамасыз етілу жағдайын анықтап, «2018-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысы елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз етудің перспективалық даму жоспарын» жасады. Нәтижесінде аймақтағы 184 елді мекенді тәулік бойына ауызсумен қамту 2019 жылдың соңына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде. Айта кету керек, Қызылорда облысында таза ауызсумен қамту көрсеткіші республика бойынша ең жоғары – 97 пайыз. Алдағы жылдары елді мекендерді сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізілмек. Н.ҚАЗИҚЫЗЫ |
ЖЕЛІГЕ «ТАБЫНҒАН» ЖАСТАР «ЖИҺАДШЫЛ» БОЛЫП БАРАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі |
26.07.2018 14:56 |
Рухани жұтаңдаған денемізге иманды қуаттайтын белсенділіктер қажет болғаны көріне түседі. Күн өткен сайын жантүршігерлік оқиғалардың саны артып, адамзат баласы азғындыққа қадам басуда. Соның бірден-бір көрінісі – шекара асып, шалыс басқандардың тағдыры. Бүгінде адасқан топтардың түрі көп. Ең қиыны, қой терісін жамылғандардың көбі Исламның атынан сөйлеп, Алланы ауызға алады. Солардың бірі әрі қауіптісі ДАИШ тобы болып отыр. Ислам құндылықтары талқандалып, мұсылман құқықтары аяққа тапталып жатқан жерде Құран мен қару қатар жүрмейді. Өткен тарихқа көз салсақ, Мұхаммед пайғамбар да өз уақытында және одан кейінгі халифалар да өзіне шабуылдаған жауға қарсы соғысып жиһад жасаған. Алайда түтіні түзу ұшып, тыныш өмір сүріп жатқан елге барып қантөгіс жасамаған. Мұхаммед пайғамбар мұсылман әскерлеріне үнемі: «Алла атымен аттаныңдар, Алланың және Елшісінің дінімен жүріңдер. Қарт адамды, баланы, әйелді өлтірмеңдер...», - деген. Ал атақты халифа Әбу Бәкір: «әйелді, жас баланы, қарт адамды өлтірмеңдер. Жеміс ағашын кеспеңдер. Ғимаратты қиратпаңдар. Қой мен түйені тек жеу үшін ғана бауыздаңдар...», - деп, жанды-жансызға түгел аяушылық сезімін білдірген. Халифат орнатамыз деп, қару асынып, адамдарды қойша бауыздап жатқан ДАИШ содырларының әрекеті – Алланың берген аманатына жасалып жатқан қиянат. Бойларындағы қатыгездік мен қанішерліктен жан түршігеді. Қасиетті Құран Кәрімде: «Өлтірілуіне Алла тыйым салған кісіні нақақтан өлтірмеңдер...», - деп айтылған. ДАИШ террорлық ұйым мүшелері өлтіру, ұрлау, зорлау, мешіттер мен шіркеулерді қирату, әйелдерді жыныстық құлдыққа салу, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуден алдарына жан салмай тұр. Жаратушы Алла тағаланың: «Жазықсыз адамды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең (күнәһар) болады» («Мәида» сүресі, 32-аят) деген ескертуі бар. Ардақты Мұхаммед пайғамбар болса, қоштасу қажылығында: «Ақиқатында сендердің қандарың, мал-мүліктерің бір-бірің үшін қастерлі, қол сұғуға болмайды. Мына қажылық күніндей қастерлі, қажылық айындай қастерлі, Мекке қаласындай қастерлі», - деп өсиет еткен болатын. Демек, жазықсыз адамға оның өміріне, жеке мүлкіне немесе ар-намысына қатысты қандай да бір басқыншылық жасауға рұқсат берілмейді. Исламдағы бұл қағида баршаға ортақ. Ертеректе ғұламалардың бірі медреседе дәріс беретін ұстазға шәкірттерін нұсқап: «Бұларға не үйретіп жатырсың?», - деп сұрайды. Сонда ұстаз: «Сарф, фиқһ, хадис», - деп бірталай ғылымды тізбектей жөнелтіпті. Сонда әлгі ғалым басын шайқап: «Жо-оқ! Бұларға бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет», - деген екен. Бір күні Имам Мәлікке бір мәселе жайлы сұрақ қойылады. Ұлы Имам: «Білмеймін», - деп жауап береді. «Негізінде бұл жеңіл, әрі оңай мәселе еді ғой» дегенді естігенде, Имам Мәлік ашуланып: «Ғылымда жеңіл нәрсе жоқ. Алланың: «Әлбетте, Біз саған ауыр бір сөз уахи етеміз» («Мүзәммил» сүресі, 5-аят) деген аятты естімедің бе? Сондықтан, ғылымның барлығы ауыр. Әсіресе, қиямет күні сұраққа тартылатын ғылымыңыз», - дейді. Аталмыш екі оқиғадан төмендегі мәселелерді аңғарамыз. Діни мәселелерде пәтуа беретін адам білмейтін тақырыбында ешнәрсе айтпауы тиіс. Ең болмағанда іздестіріп, зерттеп, «кейін жауабын беремін» деуі керек. Бұл – нағыз ғалымға жарасатын қасиет. Ал енді білгішсініп, әр мәселеде пәтуа беретін болса, бұл – дүниеде, әрі ақыретте масқара болуға алып баратын әрекет. Ертең ақыретте Алла тағала: «Жаңылыс пәтуа беріп, адамдардың қате істеуіне себеп болдың», - деп айыптағанынан гөрі бүгін адамдардың «ешнәрседен хабары жоқ» деп, бұл дүниеде айыптағаны мың есе артық емес пе? Қалай болғанда да, ДАИШ террорлық ұйымының оңды-солды пәтуа беруі Исламның ешбір ғылымына сай келмейді. Керісінше дұрыс емес пәтуа беру арқылы көптеген адамдардың өмірін ойран-ботқасын шығарып, қор ету зұлымдығы тұр. Сондай-ақ, бұл ұйымның ұстанымында Ислам шариғатына теріс «тағут» және «тәкфір» түсініктері бар. Олардың пайымдауынша, тәкфір жасау, яғни кәпір деп айыптау үлкен күнә жасаған адамға қарата айтылады. Демек, Ислам шариғаты басшылыққа алынбаған жүйеге «кәпір» үкімі шығарылады. Бұл тұрғыда үкімді Алла өзі береді. Исламда адамға қорлық көрсетудің бірде-бір түрі жоқ. Мұхаммед пайғамбар: «Қиямет күні өлтірілген адам өзін өлтіргенді Алланың құзырына басы мен шашынан ұстап алып келіп, мойындағы тамырларынан қан ағып тұрған күйде: «Раббым! Мынадан сұра, мені не үшін өлтірді», - деп қайта-қайта айтып Аршының жанына алып келеді», - деген. Және тағы бір хадисінде пайғамбар: «Кімде-кім менің үмбетіме қарсы шықса, олардың жақсысы мен жаманын өлтірсе, мұсылмандарын да аямаса, келісім иелеріне берген уәдесін орындамаса, ол менің үмбетімнен емес...», «Егер олар бір нәсілшілдік үшін соғысса, нәсілшілдік себепті ашуланса, нәсілшілдікке жақтасып жүріп өлтірілсе, ол надандық өліммен өлгені», - деген. Қазіргі таңда ДАИШ ұйымы Ирак, Сирия билігіне және мемлекет әскерлеріне қарсы соғыс бастады. Ел ішінде береке кетіп, христиан дінін ұстанушыларға қарсы қысым күшейді. Суық қарудың оғына ілініп, тепкі көргендер отанын, баспанасын тастап, қара басының амандығын ойлауға көшті. Баспана іздеп, бас сауғалағандардың халі қарулыларды ойландырар емес. Бала – бақыт пен байлық, аманат. Алайда қару асынып, ашкөздіктің буына мастанғандар жас балаларды да аяусыз өлтіруде. Жазықсыз жандар жапа шеккен жерде қандай ислам болуы мүмкін? Жастардың бойында еліктеушілік көп болады ғой. Қазіргі таңда сол жастардың басым бөлігі әлеуметтік желіге тәуелді. Теріс пиғылды топтар осы бір «тәуелділікті» ұтымды пайдаланып отыр. Жарнама аясы кеңейген сайын желіде жаңылған жастар аз ғана уақыттың ішінде «жиһадшыл» болып, жәннатқа баруды қалағандардың қатарына қосылуда. Негізінде, Жаратушы Алла тағала бізге жер бетінде зұлымдық жасауды емес, көркем мәміле мен адамдарға жақсылық жасауды бұйырмап па еді?! Білімі таяз, сенімі солқылдақ келген жастардың арасында басын қатерге тіккен нәзік жандылар да бар. Исламда некелі жарына ғана адал болған әйел заты бүгінде шетел асып, азғындықтың шашбауын көтеріп жүр. Мұны әлгі ДАИШ-те орын алып жатқан сұмдықтардан пайымдауға болады. Соқыр сеніммен өзге елдің ішкі мәселесіне араласып, саяси соғыстарға қатысу – «әһлі-сүннет» ақидасына жат және ислам шариғатына қайшы. Шындығында, кез келген соғысқұмар адамның ашқан соғысы жиһадқа жатпайды. Негізінде, мұндай бас-көзсіз озбырлық іс-әрекеттер мәселені шешпейді. Керісінше, жағдайды ушықтырып, шиеленістіре түседі. Ақиқатында, адамзат үшін қазіргі ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен күрес. Мұхаммед пайғамбардың: «Үлкен жиһад – өз нәпсіңмен күрес»,- деген өсиеті мұсылман баласына өмірлік ұстаным болуы тиіс. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні. Қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған әлемдік дін. Исламда ізгілік жасау, қамқорлық, мейірімділік үстемірек. Керісінше, зорлық-зомбылық, мұсылман бауырын кәпірлікпен айыптау, намаз оқымаса, ағайын-туыспен қатынас үзу, өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңдарын мойындамау, өзімен пікірлес болмағаны үшін басқалармен қарым-қатынастан қашу, қоғам мүшелеріне құрметсіздікпен қарау, басқаларды бүлікке шақыру сияқты ұстанымдар ешуақытта болмаған. Экстремистік және лаңкестік әрекеттер Ислам дініне мүлдем жат. «Бір-бірлеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл – Аллаға оңай» («Ниса» сүресі, 29, 30-аяттар) деген Алланың аятынан хабары бар мұсылман қару ұстап, қолын былғамасы анық. Өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялап, жер бетін қарумен жаулауды ниет еткен ДАИШ-діктерде бұлжымас шариғат бар деп ойласақ, қателесеміз. Олардың пиғылы – қантөгіс. Қандастарымыз, қаракөздеріміз, намысты азаматтарымыз адасқандардың сойылын соғып кетпес үшін елімізде насихат жұмысы қарқын алуы қажет. Жастарға дінін, ділін, отанын, дәстүрін құрметтейтіндей сезім, ақ пен қараны ажырата аларлық терең білім қажет. Айбынды жастарымыз рухы биік, намысты болса, теріс пиғылдылардың тәнімізге тісі, жерімізге табаны тимейді. ДАИШ-тің улы идеологиясы әлемді алаңдатып отырған тұста елімізге де сақтық керек. «Жау жоқ деме, жар астында» деп бұрынғылар текке айтпаған. Қол қусырып қарап отырмай, ел ішінде бірлік болуын қаласақ, сын сағаттарда ауыр жүкті жұмыла көтерген жақсы. Тұрар ӘБУОВ, дінтанушы |
МҰЗАЙДЫН МҰЗБАЛАҒЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі |
26.07.2018 14:46 |
Көңілдің айнасында мұң қалады-ау, Көліктің айнасы да құр қалады-ау. Мәнерлеп сырғанаудың хас шебері, Мәнерсіз дүниеден сырғанады-ау.
Елжас ӘБДІЛДА
Мына бес күндік өмірді бабалардың жалған деп атағаны осыдан шығар. Сұм-сұрқия, аждаһа өмір-ай! Өлімді естігенде өз-өзімізді “өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды” деп жұбатып жатамыз. Өлім! Қандай ауыр сөз еді. Кісі қолынан өлу! Бұл – ауырдың ауыры шығар. Мұз үстінде ойнақ салып, мұз үстіне өрнек салып, сұлу өнерімен сүйсінткен ұлдың маңдайына сұлу өлім жазылмағаны өте өкінішті! Өртенудеміз. Ішіміз алай-түлей. Әлімсақтан танитын туысымыз секілді. Қабырғамыз қайысты. Жоғалтқымыз келмейді, іздейміз.
“Бүгін – Тен, ертең – сен, арғы күні – мен”. Әлеуметтік желілердің бірінен осы сарындағы жазбаны оқыдық. Рас, ешкім де, ештеңе де мәңгілік емес. Бірақ, болашағы бұлыңғыр саналмайтын, керісінше келешегінен көп үміт күттіретін адамды жоғалту кімге болмасын, оңайға соқпайды. Алматыда айдың күні аманында көлік айнасы үшін алтын азаматымыздан айырылып қала бердік. Иә, небәрі 25 жастағы мұзайдын мұзбалағы Денис Тен қапияда қаныпезерлер қолынан қаза тапты. Қазақ спорты қара жамылды. Айналасы 1 сағаттың ішінде рейтинг қуған сайттар жаппай сүйінші сұрағандай қаралы хабар таратты. Ақындар азалы жырларын арнады. Қалың көпшілік бір-біріне көңіл қосын білдіріп жатты... Бойы бір тұтам болса да, қаршадай ұлдың қазақ үшін істеген ісі өлшенбейтіндей еді-ау. Алғаш рет Белоруссия елінде өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінен соң мұз ханзадасына біреу “картада жоқ мемлекеттің спортшысы бірінші орын алды” депті. “Дәл осы кезде менің көзімнен жас шығып кетті. Сол уақыттан бастап мен өз-өзіме Қазақстанды барша жер жаһанға танытамын деген мақсат қойдым. Содан бері тынбай еңбектеніп келе жатырмын” деген еді Денис Тен бір сұхбатында. Ол сөзінде тұрды. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін қазақ еліне сыйға тартты. Одан өзге көптеген байрақты бәсекелерде қазақтың туын басқалардан биік ете білді. Әлі де солай жасар еді. “Тағдырыңды таңып берген пышаққа Сенің жұртың шынымен де ұсақ па?! Мұз үстінде ойнақтаған құлыншақ, Қинадың-ау! Сыймадың-ау құшаққа!” деп ақын Серік Сейтман жырлағандай, құшағымызға сыймай-ақ кетті. Денистің өліміне күллі қазақты кінәлап жазба жазғандарды түсінуге тырыстық. Көкірекке ащы ыза келіп тірелген сәтте қаттырақ түкіре салсаң кететіндей көрінеді. Бірақ, олай болмайды. Сол секілді бұл жайтқа кінәлі қазақ емес, қазақ қоғамы! Іске қатысы бар деп танылған күдіктілер бүгінгі таңда өз кінәсін мойындады. Бұрын сотты болған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов көлік иесі даңқты спортшы Денис Тен екенін білмегендіктерін айтады. Алматыда спортшымен қоштасу рәсіміне қатысқандардың санында есеп болмады. Олар гүл шоқтары мен марқұмның портретін көтеріп таңғы сағат 7:00-ден бастап жиналған. Міне, чемпионын халқы есіне алады, құрмет тұтады, іздейді! Қоштасу сәтінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының жеделхатын оқыса, мәртебелі қонақтардың сөзінен кейін Денистің табытын өзі жазған әнмен алып шықты. Жиналғандар спортшыны ерекше құрметпен ақтық сапарға аттандырды. Марқұм қала іргесіндегі Достық ауылындағы әжесінің жанына жерленді. Осылайша, спорттық жарыстарда сенімімізге селкеу түсірмей, әнұранымызды шырқатып, абыройымызды асқақтатып жүрген бір спортшымыздан ойда-жоқта айырылып қалдық. Жүрегіміздесің, Денис! Қош бол, чемпион! Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ |
ТАНЫМАЛ БОЛУ ҚАУІПТІ МЕ? |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі |
26.07.2018 13:01 |
Былтыр «Егемен Қазақстан» газетінде «Талантты құрметтейік тірісінде» атты мақала басылды. Авторы – белгілі журналист Ержан Байтілес. Ерекең әңгімені «мемлекеттік деңгейдегі таланттарды сақтайтын, қамқорлық көрсететін комиссия құрылу қажет» деп бастапты. Жөн сөз. Себебі... Сонау Парижде ән салған Әміре Қашаубаев небәрі 46 жасында бақилық болды. Белгісіз жағдайда. Тума таланттың мәйіті 1934 жылы қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні Алматы көшелерінің бірінде табылған. Әншейінде әр қадамды аңдып, қазақтың адымын аштырмаған НКВД-ның адамдары бұл қастандықты жасаған қылмыскерлерді таппағаны таңғаларлық. Содан бері оның өліміне қатысты мәнтті дерек жоқ. Қылмыс сол күйі ашылмады. Биыл тірі болғанда пайғамбар жасқа жетіп, елдің абыз ақсақалы болар ма еді?! Айтып отырған азаматымыз – ҚР таэквондо федерациясының президенті Бексейіт Түлкиев. Өзі Мұстафа Өзтүріктен тәлім алған. Таэквондодан 6 дан иегері, суретші. 1998 жылы сәуір айының бел ортасында спортшы Алматыдағы үйінің маңына жетіп, көлігін тұраққа қойып жатқанда ту сыртынан келіп, баз біреулер пышақ салды. Қанша жыл өтсе де, қылмыскер құрықталмады. Ол туралы жазылған ақпараттарға сүйенсек, Бексейіт Түлкиев – феномен. Жекпе-жек өнерінің бірнеше түрін еркін меңгерген, хас шебер. Ол ұстазы, әрі досы Мұстафа Өзтүрікпен бірге еліміздің әр аймағында таэквондоның дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Суретшілік қасиеті – бір төбе. Оның 89 тарихи тұлғаны біріктіріп салған «Ұлы көш» картинасы бүгінде Алматыдағы Президент Резиденциясында сақтаулы тұр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі ғой. Сол уақытта екі кемпір әңгіме айтып отыр екен. Бірі: «Балам «рэкет» деген жұмысқа кірді. Жақсы болды. Көлігін алды. Үйін салды. Бізге ақша жіберіп тұрады», - десе, екіншісі: «Менің де балам сонда істеген. Бірақ кейіннен «косяк» деген жұмысқа кіріп, бәрінен айырылды», - депті. Әзіл де болса, ащы шындық. Кешегі Денистің өлімін бұқара «бұл елімізде қалыптасқан әлеуметтік ахуалдың көрінісі» деп топшылауда. Қара базарда әлгі айнаның құны 15-20 мың теңге тұрады екен. Әлеуметтік ахуал дегеннен шығады, Сидней Олимпиадасы естеріңізде болар?! Сондағы боксшы Ермахан Ыбырайымовтың ерлігі. Бар қазақ жұдырықтай жұмылып, жанкүйерлік еттік. Ермахан ел үмітін ақтап, жеңіс туын желбіретті. Олимпиададан елге оралды. 2002 жылдың жазында Алматыдағы «Арман» кинотеатрынан шыққан оны он жігіт өлімші етіп сабап кетті. Өзінің айтуынша, әлгі бұзақылардың қолында темірлері бар көрінеді. «Против лома – нет приема» дейді ғой. Басбұзарлардың біреуі темірмен Ермаханның желкесінен қойып қалып, есінен тандырған екен. Сөйтіп, боксшының қолындағы 1 миллион 300 мың теңгенің сағатын алып кетіпті. Бұл оқиға сол кезеңдегі әлеуметтік ахуалдың айқын көрінісі екені анық. Ал саясатта ше? Алтынбек Сәрсенбаев, Заманбек Нұрқаділовтер қастандықпен қаза тапты. Атып кетті. Міне, «мен» деген марқасқаларды өзіміз қырып салыппыз. Санамаласақ, бүгін-ертең түгесе алмайтынымыз түсінікті. Аталған азаматтардың қай-қайсысы да қарым-қабілетіне қарай еліне қызмет қылды. Қазақтың атын әлемге танытты. Дүние дидарын мойындатты. Қысқасы, ел үшін еткен еңбегінде есеп жоқ. Айтпақшы, 2009 жылы белгісіз біреулер Илья Ильинді де пышақтады. Зілтеміршіні жоғалтып, зар илеп қалар едік. Абырой болғанда аман қалды. Талайлар ту ұстайтын тарландардың тырнағына зар. Тіпті, ақшасын үйіп-төгіп өз еліне әкетуге әзір. Ныспысы жаһанда таралып, дүниежүзі түгел тәнті боп тұрғанда қошемет қылып, жайшылықта басынан бақ тайған айбоз ұлдарымызды жоғалта берсек, «елім» дейтін ерлер қайдан шықсын?!. Әлде мұның бәрі уақытша құрмет, уақытша марапат па? Әрі-беріден соң жасы келген спортшы тәуір шәкірт тәрбиелейтін шығар. Асылында, «буын алмасу» дегеніңіз осы емес пе?! Жаратқаннан жарлық келіп, батырыңыз ауырып қаза тапса не шара?! Ал бізге таланттарымызға тасада тұрып тас атуды доғару керек тәрізді. Әлде бізде танымалдық қауіпті болып бара ма? Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ |
ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБА |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Саясат |
26.07.2018 12:41 |
Айгүл ОРЫНБЕК, заңгер:
БІЗ ҚАУІПСІЗ ЕЛДЕ ТҰРЫП ЖАТҚАН ЖОҚПЫЗ Қазіргі таңда дәл осы ішкі істер органдарында былық өте көп. Көптеген істер ашылмайды. Ашылу үшін ақша керек. Мен бір ғана мысал айтайын, 13 жастағы қыз зорланған. Өзінің қызының зорланғаны туралы дәлелдемесі бар кісі сол істі ашып, қылмыстық іс қозғату үшін 1 мың доллар пара берген. Көрдіңіз бе, бұл жүйе әбден іріп-шіріп, шегіне жеткен. Бір адам 7 жыл басқару деген, бұл сұмдық ғой! Билік жоғарыдағы резонанс тудырған дүниелерді ғана көріп отыр. Ал астының іріп-шіріп жатқанын көрмейді. Іріңдеген сыздауық та бір күні жарылады. Біз міне, жарылдық. Енді өзегін шығарып тастауымыз керек. Кешегі Денис Теннің қазасы бұл қоғамның айнасы іспетті болды. Мынау былығып жатқан жүйенің өзегін шығарып берді. Сол үшін де Қасымов отставкаға кетуі керек. Мейлі, Денис Тен – жалпақ жұртқа аты мәлім спортшы. Ал күнделікті осындай оқиғаның құрбаны болып жатқан ешкім танымайтын, ешкімге белгісіз қарапайым жұрттың жайы ше? Кешегі Алматының іргесінде ғана болған оқиға ше? Адамды көлігімен қағып кетіп, жолдың шетіне тастап кеткен. Ол бала елге танымал адам емес ғой. Сондықтан оған қатысты ешкім шулаған жоқ. Қазір адам өлді десе, бала зорланды десе, ешкім таңғалмайды. Өйткені, ол күнделікті болып жатқан дүние, өкінішке қарай. Тек қана видеосы таралып кетсе немесе атақты адам болса ғана біз шулаймыз. Ал күнделікті қанша адам осылай өліп жатқанына мән бермейміз. Шындығына келсек, біз қауіпсіз елде тұрып жатқан жоқпыз. Біз өзіміз түгілі өзіміздің меншігіміздегі затымызды да қорғай алмаймыз. Ал мемлекет біздің қауіпсіздігіміз үшін қыруар қаржы бөліп отыр. Камерасы бар, басқа жүйелері бар... Жақында Қасымовтың министрлігіне қатысты сұмдық дерек шықты. Ішкі істер министрлігінің шетелдегі офшоры туралы ақпарат жарияланды. Ешкім сұрау салған жоқ. Ол ақпарат рас па, жоқ па, ешкім анықтаған жоқ. Біздің полиция белсенділермен, көк шар ұстаған баламен алысамын деп жүргенде, нағыз қылмыскерлер талтаңдап кетті деп ойлаймын. Бұл да – Қасымовтың министрлік қызметінің көрсеткіші. Сол кісі министр болып тұрғанда орын алған оқиғалар. Біздің полиция дәл қазір біз сияқты халықтың сөзін сөйлеп жүрген азаматтармен күресіп жүр. Келіп бізді қорқытады, бізді жазалайды. Ал нағыз қылмыскерлер бұл кезде емін-еркін тайраңдап жүреді. Өйткені, полицияның белсенділермен арпалысудан қолы босамайды. Біз қауіпсіз елде тұрып жатырмыз дейміз ғой. Ал шындап келсек, біздегі кісі өлімі көрсеткіші енді аз болса Сириядағы деңгейге жетіп тынады. Онсыз да соның аз-ақ алдында тұрмыз. Дәл осы Қасымовтың кезеңі ішкі істер министрлігінің тоқырау кезеңі болды. Жазылған арыздар ақша бермесе, ашылып, қозғалмайды. Өйткені ондайларды полиция "крышовать" етеді. Facebook-тегі парақшасынан
қоғам қайраткері:
SАЙРАГҮЛ SАУЫТБАЙ немесе SАНАДАҒЫ SІЛКІНІС Қытайдан келген қандасымызды бүкіл ел болып қорғайық, деп жатқанымыз санадағы бір сілкіністің көрінісі іспеттес. Көптеген адамдар істеп отырған жұмыстарын тастап, сотқа баруы – нағыз адамгершіліктің, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің айғағы... Германия, Израиль, Ресей алыстағы қандастарын жинап, оларға қаржылай көмек көрсетіп, тіл үйретіп жатыр. Шетелде жүрген қандастарын қорғауы бұл басқа әңгіме. Америка бір солдатын өлтіргені үшін сол мемлекетке соғыс та жариялаймыз деген еді... (Ал, бізде орысша білмедің,- деп, жұмысқа қабылдамай жатыр... полицей, миграция, мемлекеттік органдар орыс тілінде...) Біз:- Елім, жерім,- деп, Отанына келген қандасымызды соттамақшы болып жатқанымыз биліктегілердің саяси қателігі деп айтуға болады. Себебі, жерін, елін, тілін қорғап жатқан адамдарды күндіз майшаммен іздеп, полиция арқылы түрмеге қамап жатқаны, халықтың наразылығын тудырып отырғаны жайлы өте көп пост жазылған екен... 1955-1962 жылдары Қытайдан жүз елу мыңдай адам Отанына оралған еді. Сол кезде жергілікті ақсақалдар: -Ұмыт болып бара жатқан тілімізді, әдет-ғұрпымызды, ділімізді осы адамдар ала келіп еді,- дегенді талай естіген едік. Көзі ашық оқығандарын Қырғызстанға дейін (Жалалабад ауданы) аударып жібергенін білеміз. Солардың ұрпағы қазір екі миллиондай болған шығар? Және солардың ұрпағы ата-бабаларынан Қызыл жаһангерлердің жасаған қиянаты туралы талай әңгімелер естіп өскен ұрпақ еді. Біздің Сайрагүлді Қытайға қайтарып береміз деп отырғанымыз, биліктің әлі де Қызыл жаһангерлер идеологиясынан айрыла алмай отырғаны, империяларға жалтақтаудың салдары сияқты! Егеменді ел болғанда, бір қандасымызды қорғау арқылы, әлемдегі барлық қандастарымызды қорғай алатынымызды әлемге паш етуіміз керек қой...! P.S. Жақсы "Құл" өзінің құл екенін білмейтін құл деген сөз бар... Яғни, біздің санамыз құлдық психологиядан тазалана бастағаны, ары қарай да жалғасын табады деген сөз! Билікті халық сайласа, халқын қорғау басты міндеті болуы керек! Ата заңымызда «Елдің басты байлығы – сол елдің азаматтары» деп айқын жазылған! Facebook-тегі парақшасынан |
АДАМ ӨЛТІРУ ОЙЫНШЫҚҚА АЙНАЛЫП БАРАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Құқық құрығы |
26.07.2018 12:39 |
Өмір бар жерде өлім бары заңдылық. Алайда соңғы уақытта болып жатқан жантүршігерлік оқиғалар адам өмірінің ойыншыққа айналып бара жатқанынан айқын көрініс береді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміз бойынша 529 (барлығы өндірісте болғаны – 760) адам өлтіру фактісі тіркелген болса, соның 20-сы (барлығы өндірісте болғаны – 25) біздің облысымызға тиесілі екен. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сүйенсек, былтырғы есепті мерзімде бұл көрсеткіш облысымыз бойынша 25-ті (барлығы өндірісте болғаны – 32), ал республика бойынша 447-ні (барлығы өндірісте болғаны – 632) құраған. Байқағаныңыздай, Қазақстан бойынша адам өлтіру фактісі өскен. Ал облысымызда ағымдағы жылдың алғашқы айында 3 адам өлтіру фактісі тіркелген болса, ақпан айында 6 адам өзгенің қолынан ажал құшқан. Наурызда тағы 3 адам өлтіру фактісі тіркеліп, алғашқы үш айдың қорытындысымен біреудің қолынан мерт болғандар саны 12-ге жеткен. Өкінішке қарай, біреудің өмірін өлімге қия салу оңай болып кетті. Бұған дәлел – сәуірде тағы 3 адамның өзгенің қолынан ажал құшқаны. Ал мамыр айында 4, маусымда 1 адам өлтіріліпті. Осылайша, алғашқы жартыжылдықта 20 адам өлтірілген. Осы жерде шатастырып алмайық. Бұл бір ауыр науқастан не кездейсоқ көлік апатынан мерт болған адамдар санының көрсеткіші емес. Бұл – ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, яғни адам өлтіру фактісі бойынша тіркелген қылмыстар саны. Өкініштісі, соңғы жылдары құқық қорғау органдарына барлық жағдай жасалып, тіпті штат саны көбейсе де, елімізде қылмыс пен қылмыскерлер саны азаймай тұр. Алайда адам өмірге қылмыскер боп емес, сәби болып келеді. Нәрестені періште деп те атайтынымыз да сондықтан. Өйткені оның адам деген аты болғанымен, әлі оң-солын танып білмейді. Оның бойындағы қандай да бір қасиет өсе, тәрбиелене, одан қалды, ортамен араласа келе қалыптасады. Данышпан, хан болуы да не қылмыскер атануы да – жүре келе анықталатын дүниелер. Өкінішке қарай, қазір қандай да бір құқықбұзушылық бола қалса, бәрі жастарды кінәлайды. Айтқанға көнбейді, айдағанға жүрмейді деп шағымданады. Онысымен қоймай, бұрынғы ата-бабаларымыздың балаларын тал бесіктен жер бесікке дейін ұрып алатын тәрбиесін еске салып, бүгінгінің ата-аналарын дұрыс тәрбие бермейді деп сынайды. Тіпті, қыры кеткен баланы жөнге салу оңай емес деп, қолды бір-ақ сілтейді. Сөйтеді де, онсыз да бұзық баланы қоғамнан шеттетіп, оқшау қалдырады. Ал өзін өзгеге керексіз, өзін дәрменсіз сезінген баланың болашақ қылмыскерге айналмасына кім кепіл? Осындайда ақын Абай атамыздың отыз жетінші қара сөзі еріксіз еске түседі екен. Ғұлама бұл қара сөзінде тәрбие туралы айта келіп, «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» депті. Иә, сіз дұрыс байқадыңыз! Әлгі сіз «бұдан адам шықпайды» деп қолыңызды бір сілтеген баланы жөнге салуға болады екен. Ендеше, қоғамда қылмыскерлер көбейді деп дабыл қаққанша, керісінше оларды түзеуге, жұмыс тауып, ұрлықпен емес, маңдай термен нан тауып жеуге неге үйретпеске? Бала тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ ұғымында «қиын бала» деген түсінік мүлде болмаған сияқты еді ғой. Демек елімізде жастармен жүйелі жұмыс жүргізілмейтін болып тұр. Не дегенмен, жау кеткен соң қылышымызды тасқа шабатын халықпыз ғой. Баланы жастайынан шыншыл, адал, еңбекқор болуға тәрбиелеудің орнына, қылмыскер болғаннан кейін қылмысымен күресіп жатамыз. Ж.ЖҮНІСОВА |
ЗАҢНАМА БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Құқық құрығы |
26.07.2018 12:22 |
Ел Президенті жариялаған бес институционалдық реформаның негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізуді міндеттеген бұл Жоспарды жүзеге асыру тек кәсіби, білікті әрі қиыншылықтар мен түрлі жүктемелерге төтеп бере алатын, адал қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер аппараты ғана жүзеге асыра алатыны сөзсіз. Әрине кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру Жаңа этикалық ережелерді қабылдауды қажет етті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында қызмет этикасына қатысты талаптар айтарлықтай күшейтіле түсті. Осы орайда Ұлт жоспарының 12-қадамына сәйкес, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген Әдеп кодексі қабылданды. Бұл Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Бұдан бөлек Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылайды, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультациялық көмек береді, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын тәртіптік істерге тиісті мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілін қатыстыру тәжірибесі қолданылуда. Бұл, бір жағынан, Әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік орган қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарымен танысып, мекеменің моральдық-әдептілік ахуалын бағамдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мемлекеттік қызметші теріс қылық әрекетке жол бермеген жағдайда оның құқығын қорғай алады. Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесімен 2018 жылдың 6 айында 7 отырыс өткізіліп, онда 35 мәселе қаралды. Оның 42%-ы немесе 15-і тәртіптік іс болса, қалған 58%-ы алдын алу шаралары негізінде өткізілді. Атап айтар болсақ, 7-еуі – мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары, 4-еуі – әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің нәтижелері, 1-еуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы болса, қалғаны – мемлекеттік қызметте әдептілік деңгейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарда белгіленген мәселелер. Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының алдын алу мәселесіне басымдық беріліп, бұл бағыттағы мемлекеттік органдар басшылары мен аудан әкімдерінің есептері 2 есеге артты. Дегенмен, мемлекеттік лауазым иелерінің әдеп нормаларын бұзу, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану фактілері әлі де жиі орын алуда. Мысалы, Кеңес шешімімен тәртіптік істерді қарау нәтижесінде 10 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды. Оның 7-еуіне Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін ескерту (4), сөгіс (2), қатаң сөгіс (1) берілсе, 3 мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Мәселен, Кеңестің ағымдағы жылдың 27 сәуірінде өткен отырысында Арал аудандық прокуратурасының берген материалына сәйкес, ҚР Жер кодексінің талаптарын өрескел бұзған Арал қаласының әкімі Б.Махатов пен орынбасары Р.Жанаевтың тәртіптік істері қаралды. Аталған лауазым иелері бірнеше азаматтардың жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштерінің қаралу мерзімдерін сақтамаған, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын ұзарту және жер учаскесін табыстау талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген. Сондықтан Б.Махатов пен Р.Жанаевқа Кеңес шешімі негізінде «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Ал Кеңестің 21 маусымындағы отырысы Арал аудандық мәслихатының депутаты, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы А.С.-ның арызына сәйкес өтті. Онда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Исмайлованың тәртіптік ісі қаралды. Департамент жүргізген тексеру нәтижесімен анықталғандай, басқарма басшысының орынбасары Г.Исмайлова 2018 жылдың 20 мамыры күні Арал ауданында өткізген жиналысы барысында өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен жиынға қатысушылар тарапынан сыни көзқарастар туындауына себепкер болған. Яғни, азаматша А.С.-ға дөрекілік танытып, бұл кісілерді жиналысқа шақырмағандығын айтып, залдан шығып кетуін сұрап, өзінің іс-әрекетімен Әдеп кодексінің 5-тармағының 2, 6, 7, 14-тармақшаларында көзделген талаптарын бұзған. Кеңес шешімі негізінде берілген ұсынысқа сәйкес, басқарма басшысының орынбасары Г.Исмайловаға «қатаң сөгіс» тәртіптік жазасы қолданылды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін Қызылорда қаласы ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Жұмаділлаевқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Жалпы, Департаментпен 2018 жылдың 6 айында 30 тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 131 бұзушылық анықталды. Мемлекеттік органдарға аталған бұзушылықтарды жою туралы 12 ұсыныс енгізіліп, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Шағымданған 7 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Берікбол БАЙХОЖАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі |
ҚҰШАҚТАДЫ ДА, ПЫШАҚТАДЫ... |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Арнайы беттер |
26.07.2018 12:13 |
Мұхтар ШЕРІМ Екі кештің арасында есік алдындағы «Джипімнің» айналасында қараңдаған біреуді көрдім. Көрдім де: «Бұл неғып жүр?!» - деп көңіл бөлдім. Жетіп барғаным сол, айнамды сындырып ала алмай жатқан ұры «О, оо, қалайсыз, көке?» деп мені құшақтай алды да, артынша май құйрығыма пышағын кірш еткізіп, тығып алды. Көзім қарауытып, үйге әрең жеттім.
Мен теріс бұрылып, құйрығыма қадалып тұрған пышақты көрсеттім. - Пышақтап кеткен бе? Әке? Полиция шақырайық! - деді үрейі ұшқан балам. - Керегі жоқ! - Неге әке? - Ее, балам, полицейлер сол ұрылармен ауыз жаласқан. Олар да пайда көріп отыр! - Пышақ осылай тұра бере ме? - деп сұрады әйелім. - Ине-жіп әкелші. - Е? - Ақырын суырып алып, жараның аузын тікпейсің бе? - Бұ-бұрын құйрық тігіп көрмеген едім... - Енді осылай жүре бермейтін шығармын? - Жедел жәрдем... - Болмайды. Олар полицияға хабарлайды. Сосын жүрейін, жауап беріп... Ақырында өзімді кінәлап шығады. - Мына қоғамнан қорқайын дедім! Күні кеше атақты спортшы Денисті пышақтап өлтірді, қит етсең, ата салады. Көліктерімен қаға салады, Құдайым-ай, өмір сүруден қалдық қой? - деген әйелім пышақты тез суырып алды. Балам пышақты көріп: - Әдемі пышақ екен... - деп тамсанды. Әйелім: «Нан турауға жақсы екен..» - деп қойды. Содан не керек, апта өткенде, тағы да үйге сүйретіліп кірдім. - Атып кетті... - дедім әрең демалып. - Ойбай, кімдер? Не үшін? Неге? Қай жеріңнен? - деп сұрақтармен сабалады әйелім. - Құйрығымнан. - Сенің-ақ құйрығыңнан пышақтап, ата береді екен де! Қоянбай, полицияға хабарла! - Керегі жоқ. Полиция көрген. «Біздің территория емес» деп қайтара салды. - Әке, осылай бұғып жүре берсек, бір күні сізді өлтіріп кетеді! Шағын бизнесіңізді күндеп жүр ғой біреулер! - Жоқ деймін де, не үшін атты? - деп сұрады әйелім. - Өзім де білмеймін. Бір жігіт келді де: «Көке, тоңқайыңызшы?» деді. Қайдан білейін, тоңқая қалып едім, тарс еткізді де, қашып кетті! - Жынды шығар мынау? - Кейін есіме түсті, кеше көшеде оның көлігін ығыстырып, жол бермеген едім... - Енді не істейміз? Қансырап өлесің ғой? - Үйде шиенің шырыны бар ма? - Бар. - Соны білегімнің қан тамырына құй. Қызыл түсті, қанға ұқсас қой. - Әке, бола бере ме не? - Қызыл қанды қайдан табамыз табан астында? Болсаңдаршы! Әйелім білегімді түріп, шиенің шырынын құйды. Есімді жидым. Ой, одан кейін де сол құйрығыма садақпен атқандар, оған тырқылдап күліп жатқандар болды. Бір тәуірі, құйрығыма сала құлаш найза қадалмады, басқасының бәрін көрді сорлы құйрығым. Әне, біздің қоғам осындай, мен сияқты жаралы, ал кейбір үйлер қайғы жұтып, қаралы... Мен қоғамнан қорқатын болдым... |
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>