Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 26 Шілде 2018

АУРУХАНАНЫ ЖАБУДЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
26.07.2018 12:09

Жуырда Қазалы қаласы әкімдігінде жинал­ыс өтіп, онда қаладағы аурухананы жабу мәселесі сөз болды. Аудан әкімдігінен келген өкілдер мен аудандық аурухана басшы­сы Күншығар Әбілов «Аурухананы жабу – үтір-нүктесі қойылған мәселе. Жабуым­ыз  керек» деп өрекпіді. Сонда қала­дағы­  қанша  халық  қайда  барады? Әлде қалалықтар  ауырмайды  ма?

Аудандағы бас дәрігердің айтуынша, Қазалы қаласы мен арасы алты-ақ шақырым болатын жаңа ауруханаға барлық науқас жатуы­ керек. Бірақ, неге? Қалада тұрған аурухананың қай жері кем? Керісінше тақыр­ жерде күннің қақ маңдайында тұрған жаңа ауруханадан жайқалған жасыл желегімен ерекше  ғой. Ол аурухананы жаман деге­німіз емес. Бірақ  қаншама халық тұратын қалада бір  аурухананың  болмауы сұмдық ғой.

Мен өзім жүрегімде екі аппарат орна­тылған науқас адаммын. Кез келген кезде денсаулығым сыр береді. Екі күннің бірінде ауруханаға жатамын. Менің жағдайым алты шақырым  жердегі ауруханаға  жетіп, ем­делу­ді  көтере  алмайды.

Сонымен бірге, бұл ауруханаға қалаға іргелес орналасқан ауылдық жерлерден де тұрғындар келіп ем алады. Ауруханада білікті дәрігер де бар, науқастарға жағдай да  жасалған.

Аурухана жабылса, халықтың да жағдайы мәз болмасы анық. Оның бірнеше себебі де бар. Ең алдымен қанша адам жұмыссыз қалады. Екіншіден, қала тұрғындарының бәрінің бірдей орталықтағы ауруханаға барып, жа­туына жағдайы да келе қоймайды. Ауру­ханаға жатқан соң артыңнан іздеушінің барғаны қалыпты жағдай. Сондайда көлік мәселесі бар. Қарапайым халықтың бәрі бірдей көлік мініп, шалқып отырған жоқ ғой.

Қазалы қаласы шағын ауыл емес. Қанша халық тұрады. Мүгедек балалар, жүрек талмасымен ауыратын жандар, қан қысымы жоғары адамдар бар. Ел болған соң неше түрлі адамдар болады. Біз қала тұрғындары аурухананың жабылуына қарсымыз. Қаламызда емхана бар ғой. Сол емханамыздан керекті ем-дом қабылдап, ауруханамызға жатып ем алғанымыз дұрыс емес пе? Қан­ша­ма халықты әрі ауру адамды әрі-бері сандал­тудың  қажеті  қанша?

Халықтың өтініш-тілегіне билік басында­ отырған жандар бейжай қарамайды деген­ үміттеміз.

Қарлығаш   АЙМАҒАНБЕТОВА,

Қазалы  ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары