Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 30 Шілде 2018

Ғалым атына көше берілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.07.2018 18:08

Өткенді бағаламай, болашақты баянды ету мүмкін емес. Қазақ - әрқашанда өзінің біртуар перзенттерін, дара тұлғаларын дәріптеген, оларды ұлықтаған халық.

Киелі Сыр өңірінің даңқты перзенттеріне құрмет етудің тағы бір шарасы ретінде Қазақстан Ресупбликасының ауылшарушалық ғылымдарының докторы, академик, Ресей Федерациясының профессоры Сұлтан Мырзабековтің есімін ұлықтау үшін Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округінде көше берілді.

Мырзабеков Сұлтан Шайымұлының атына берілген көшенің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Н.Нәлібаев: «Биылғы жыл - Сыр жұртшылығы үшін тарихи жыл. Алашқа Ана, сан түрлі ұлттар мен ұлыстарға пана болған қасиетті мекен, Сыр елінің орталығы – Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы. Мерейтойлық шаралар аясында өңіріміздің өткенінен, тағылымды тарихынан Сыр шертетін маңызды оқиғалар мен аймағымыздың дамуына сүбеле үлес қосқан тарихи тұлғаларды насихаттауды басты мақсат етудеміз» деді.

Ғалымның атына берілген көше бойынан ескерткіш тақтасы қойылып, замандастырының естелігі айтылды.

Жалпы, соңғы жылдары қарқынды даму үдерісімен ерекшеленген Ақсуат ауылдық округінде 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық және жергілік бюджеттен 87 млн теңге бөлінді.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 


“Мектепке жол” қайырымдылықтан басталады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.07.2018 15:58

Аталмыш акцияның мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылында әлеуметтік себептер бойынша көмек көрсету болып табылады. Мәселенің екі ұшы болады десек, көмекті алаулатып-жалаулатып жасауы көпшілікке ұнамай жүрген-ді. Бір жағынан ол да дұрыс. Десе де, 10 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан “Мектепке жол” акциясының берері мен беретіні мол екенін мойындауға тиіспіз. Өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі ағымдағы жылда 24411 теңге құрағанын ескерсек, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға мұндай бағада баланы мектепке дайындау қиынға соғады. Тіпті, мүмкін емес...

Осы орайда оқушылардың мектепке баруы мен оқуға қажетті құралдарын қамтамасыз ету үшін республика көлемінде көптеген қайырымдылық шаралары өтуде. Солардың ең ауқымдысы – “Мектепке жол” акциясы. Мейірімге толы акция биыл өңірімізде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

Өткен жылы акция аясында 21608 балаға 140 млн теңге көлемінде көмек көрсетілген екен. Оның ішінде 11 балаға 59 млн теңге көлемінде бюджеттік қаржы есебінен, 10600 балаға 81 млн теңге көлемінде бюджеттен тыс қаражат есебінен қолдау жасалған. Акцияға байланысты өткен брифингте Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердаулетов көмектің басым бөлігі кәсіпкерлер мен бизнес құрылымдары және үкіметтік емес ұйымдар арқылы жасалатынын айтты.

Акция кезінде азаматтармен тығыз байланыста болу үшін қалалық және аудандық білім бөлімінде сенім телефондары мен жедел байланыс желілері халыққа үздіксіз қызмет көрсететін болады. Осы мақсатта облыстық білім басқармасында тікелей 60-54-58 нөмірлі сенім телефонына хабарласуға мүмкіндік қарастырылған. Акцияның алғашқы кезеңінде көмек көрсетуді қажет ететін оқушылардың тізімі жасалып, аталған тізім бойынша балалар әрбір мекемеге бекітіледі. Бұған қоса, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдары және үкіметтік емес ұйымдарды акцияға тарту мақсатында, оларға әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар туралы мәлімет жіберілмек. “Балаға мейірім сыйла!”, “Бар жақсылық балаларға”, “Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз” атты қайырымдылық акциялары да өз жұмысын бастайды. Нәтижесінде, кәсіпкерлермен бірлесе төмендетілген бағамен мектеп тауарларын сату және алыс елді мекендерде мектеп формасы мен құрал-жабдықтардың жылжымалы жәрмеңкесін өткізу ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, “Мектепке жол” акциясы кезінде іс-шаралар жоспарына сай, тәртіп сақшылары мен білім басқармасы мамандарының бірлескен рейд жұмыстары жүргізіледі. Рейд барысында қаладағы түнгі клубтар, мен кафелерге тексеру жүргізіледі. Түрлі әлеуметтік мәселемен мектепке бармай, жұмыс істейтін оқушыларды да анықтау мақсатында акция ұйымдастырушылары сауда орындарын, базар және басқа да көпшілік орындарды аралайтын болады.

Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ

 


Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары