Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
Шілде 2018

Қызылордалық бүлдіршіндер жемқорлықсыз қоғамды таңдайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2018 10:03

Қызылордалық бүлдіршіндер бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлық індетіне деген өздерінің көзқарастарын ерекше түрде білдірді.

Қызылорда облысының «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалысын өткізіп жатқан балғындар арасында асфальтқа бормен сурет салудан сайыс өтті.

Сайыс барысында оқушылар "Жемқорлыққа жол жоқ", "Жемқорлық - індет", "Параға жол жоқ", "Параға жол берме" және басқа да суреттерді айрықша ынтамен салды.

Сайыстың жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің және облыстық білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

Б.Әбдіқадыров

 


Қозғалыс - денсаулық кепілі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2018 09:56

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Қамбаш" балалар сауықтыру лагеріндегі бүлдіршіндер арасында эстафеталық ойындардан сайыс өтті.

"Қозғалыс - денсаулық кепілі" ұранымен өткізілген сайыстың негізгі мақсаты - өскелең ұрпаққа саламатты өмір салтын ұстануды ерте жастан дағдыландыру.

Эстафета ұйымдастырушылары оқушыларға еліміздің болашағы бәсекеге қабілетті, түрлі жат қылықтардан бойын аулақ ұстайтын, дені сау ұрпақтың қолында екендігін түсіндірді.

Қызықты та тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Б.Әбдіқадыров

 


«Адал ұрпақ» клубтары: Біз жемқорлыққа қарсымыз PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2018 09:51

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Қамбаш" балалар сауықтыру лагеріндегі жазғы демалыстағы "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтары мүшелерінің "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты акциясы өтті.

Акцияға Қызылорда облысының барлық аудандарынан және көрші Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан келген "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының мүшелері қатысты.

Акция барысында департамент басшысы Абзал Мұхимов: "Біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті бала кезден қалыптастыруымыз керек. Осы ретте, өскелең ұрпақтың жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, Отанына адал әрі тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болып өсуінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының маңызы зор және рөлі ерекше" деп атап көрсетті.

Бүгінгі таңда облыстың 284 орта мектебінде құрылған "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының мүшелігінде 15 мыңнан астам оқушы бар. Аталған клубтармен жыл басынан бері "Болашаққа жарқын қадам", "Жемқорлықсыз болашақ", "Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз" және басқа да түрлі тақырыптарда 1000-нан астам кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған.

Акцияда жас балғындар өз өнерлерін көрсетіп, оқушылар "Жас Арал" КВН командасының әзілдерін тамашалады.

"Қамбаш" лагеріндегі "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты акциясы "Бір үйдің баласындай" атты кешкілік достық алауына ұласты.

Б.Әбдіқадыров

 


Жемқорлық індет – жою міндет PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2018 09:42

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Жемқорлық індет - жою міндет" атты тақырыпта дебат-пікірсайыс өткізілді.

Пікірсайыстың басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке зиян келтіретін індет екенін түсіндіру.

Дебат сайысына "Қамбаш" балалар сауықтыру лагерінің тынығушыларынан құралған командалар қатысып, ең үздіктері Департамент дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Б.Әбдіқадыров

 


«Шабдалы» - халықтың өз дүниесі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2018 09:39

Қылықты қызы бойжетті. Жалғыз жанашыры – анасының «прокурор бол» деген ақылын алмай, дипломмен ауылға жөнелді. Жай кеткен жоқ, сүйікті жігітіне тұрмысқа шығып кетті. Ал ана жүрегі бұдан бейхабар. Қызы қалдырған тілдей қағазды оқыған соң абдыраған күйі құлап түсті. Көзін ашса, ауруханада жатыр. Не істеу керек?

Белгілі жырау Алмас Алматовтың әңгімесінің желісінде түсірілген «Шабдалы» көркем фильмі осы оқиға төңірегінде өрбіді. Қызының қалың малына шабдалы алған ана алғашында жемісті не істерін білмеді. Алайда оның да шешімі бар екен. Елордада қыс мезгілінде шабдалыға сұраныс жоғары. Осылайша жыл сайын құдасынан келген шабдалыны базарға шығарып сатқан Әселдің анасы әр жылда 4-5 миллион теңгеге дейін табыс табады. Бір отбасының ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік нәзік мәселелерді де қозғай білген кино көрермендердің көңілінен шыққан сыңайлы. Жұп-жұмыр дүние. Әңгіме кейіпкері – қызылордалық қыз. Туындының тұсауы қаладағы «Жібек жолы» сауда үйінің кинотеатрында кесілді. Әдеттегідей емес, бұл жолы кинозал лық толды. Орын жетпей, сыймай қалған кісілер болса жиектегі жолға жүресінен отырған күйі бір жарым сағат бойы тамашалады. Осынша халық жинап, экраннан бір мезет алыстатпай қойған қандай құдірет десеңізші!? Мұнда ауылдың иісі бар. Қазақтың кең байтақ жері, одан соң соған үйлесетін жайсаң мінезі көрсетілді. Ізгілікке үндеді, ілтипат жасауға шақырды. Кек сақтамай, кешірімшіл болуды меңзеді. Бұл ұяттың қадірін білетін ұрпақ үшін құнды тәрбие емес пе?

- Қазір не көп? Ақпарат, насихат, көретін кино, оқитын кітап көп. Бірақ кейде адам өз іздегенін таппай жатады. Соның арасынан сіздерге керек, осындай қарапайым еңбек адамының еңбегі елеусіз қалып жатады. Олардың бойындағы қасиеттері көрсетілмей қалады. Қазір тездетіп, оңай жолмен байығысы келетіндер бар. Олар үшін адал еңбектің не екенін көрсетті. Сосын, Оңтүстік, Солтүстік деп бөлетін ештеңесі жоқ. Ынтымақ, береке бір-бірімізді түсінумен, бойымыздағы жақсылықты көруден басталады, - деді Сәпен Аңсатов.

Ананың рөлін актриса Шолпан Елгезекова шебер ойнап шықты. «Жұрттың залға сыймай жатқанын көргенде қатты қуандым» деп ағынан жарылды ол. Сондай-ақ, «менің халық алдындағы миссиям да осы – өнерім арқылы халықтың жүрегінен орын таба алғаным» деп нық айтты.

- Сіздерге не ұнағанын қайдам, маған ең соңында Ертайдың «менің орнымда кез келген адам осылай жасайды. Өйткені біз қазақпыз ғой» дегені ұнады. Бұл сөз әр адамның көкірегінде сайрап тұрған шығар деп ойлаймын. Себебі, біздің қазақ кісінің ала жібін аттамауға тәрбиелеген. «Біреудің көзінің жасын арқалағанша, таудың тасын арқала» дейді ғой. Сондай үлкен ұстаныммен, адалдықпен, нағыз рухани жаңғыру осылай жүзеге асырылады деп ойлаймын, - деп пікір білдірді айтыскер Мұхтар Ниязов.

Ал киноның неге жырау Алмас Алматовтың әңгімесі бойынша түсірілгенін идея авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабеков айтып өтті. Оның сөзінше, қазақта мұндай өнегелі шығармалар көп. Алайда «ауызы дуалы» адамнан шыққан сөз алты Алашқа тарайтыны ақиқат. Алмас Алматов – Сыр өңірінен шыққан кешегі жыраулардың жалғасы. Сол себепті халықтың жүрегіне жетеді.

Осылайша халықтың «өз бидайын өзіне қуырып берген» шығармашылық топ көрермендердің құрметіне ие болды. Залдағы жұртшылық фильмнен өзін, өмірін көре білді. Бұл туралы киноның сценарий авторы және режиссері Жандос Құсайынов:

- Жапон халқының құрметті режиссері бар. Сол кісі «Қандай да бір фильм өзінің халқы үшін түсіріледі және халқына қойылады» деп айтқан. Біздің мақсатымыз да сол – халықтан шыққан дүниені өздеріңізге қайтарып беру, қабыл алыңыздар, - деді.

Ендеше, фильмге еңбек сіңірген тұлғаларды мақсатына жетті дей беруге болатын шығар? Себебі елге ұсынылған «Асыл арна» телеарнасының төл туындысы «Шабдалы» дәмсіз не піспей қалған емес, керісінше, керемет екен.

Жазира  БАҒЛАН

 


Қамбаштағы флешмоб PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2018 09:32

Арал ауданындағы «Қамбаш» балалар лагеріндегі 160 демалушы қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне қарсылығын білдірді.

Облыстың барлық аудандарынан және көрші Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан келген оқушылар "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" ұранымен флешмоб өткізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық білім басқармасы ұйытқы болған флешмобтың мақсаты өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік иммунитетін қалыптастыру болып табылады.

Б.Әбдіқадыров

 


Қызылордада шағын футболдан ерекше турнир өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2018 14:31

Қызылорда облысында шағын футболдан ерекше турнир өтті. Турнирдің мақсаты - цифрландыруды, электронды қызметтерді оқушылар арасында насихаттау.

Турнирге қатысушылар - Қызылорда облысының аудандарынан және көрші Ақтөбе облысынан «Қамбаш» балалар сауықтыру лагеріне жазғы демалысқа келген жасөспірімдер. Турнирге жалпы саны 6 команда қатысты.

Жеңімпаз командалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Б.Әбдіқадыров

 


Қамбашта электронды қызметті алу түсіндірілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2018 14:18

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау бағытында «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінің ұжымымен кездесу өткізілді.

Кездесуді Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев ашып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтерін, оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ, басқарма басшысы Ғ.Ілкібаев: «Облыста цифрландыру бағытында білім беру, денсаулық сақтау, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік салалары бойынша жыл соңына дейін 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру Агенттіктің басты назарында», - деді.

Жыл басынан бері электронды қызметті алу үлесін арттыру мақсатында Е-gov "электронды үкімет" порталымен жұмыс жасау дағдыларын түсіндіру бойынша аймақта 1 конференция, 12 семинар-тренинг, 13 акция, 3 дөңгелек үстел, 7 көшпелі мәжіліс жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарымен 23603 адам қамтылған.

Б.Әбдіқадыров

 


Кәсіпкерлерге ММСЖ түсіндірілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2018 12:15

Кеше қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов аймақтағы кәсіпкерлердің басын қосып, жиын өткізді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіріп, кәсіпкерлерді қарамағындағы қызметкерлерге арнайы салым салып отыруға үндеді.

Естеріңізде болса, Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жекеменшіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек. Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет» деген болатын.

Басқосу барысында қала әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге қызметкерлерін тіркеу қажеттігін айтты. Тіпті уақытша жұмыс істейтін даяшыларды да. Тіркелгендерден тиісті жарнаға салым түскеннен соң, жүйе жемісін бере бастайды.

- Біздің мақсатымыз – алдағы уақытта сіздердің жұмыскерлеріңіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Екіншіден, қазір зейнетақы көлемінің мәселесі көтеріліп жатыр. Біздің бөлімге көбіне үлкен кісілер, зейнет жасына жақындаған жандар келіп жатады. Зейнетке шығар алдында ешқандай салым салмағандар өте төмен деңгейде шығып жатыр. Сондықтан сіздер қол астындағы жұмыскерлеріңізге міндетті түрде зейнетақыға ай сайын салым салуларыңыз керек. Ол зейнетке шыққан кезде есепке алынады, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Шамсутдинқызы.

Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлер қол астындағы жұмыскерлерді тіркемегендіктен, олар ешқандай базада жоқ. Бірақ жұмыс істеп жүр. Сондықтан міндетті түрде зейнетақы жарнасын төлеуге шақырды.

Ж.Қойшыбекова

 


Цифрландыру – балалар көзімен PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2018 12:03

Қызылорда облысының «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалысын өткізіп жатқан балалар арасында «Цифрландыру – балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты жасөспірімдерге цифрландырудың пайдасын түсіндіру, оның маңыздылығын насихаттау болып табылады. Байқауға лагерьде демалушы 6-8 сынып оқушылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев: «Бүгінгі таңда цифрландыру бағытында облыс бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жалпы білім беру мекемелерінде «Күнделік» электрондық журналына көшірілсе, денсаулық сақтау саласында облыстың барлық медицина ұйымдары интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйеге қосылып, науқастар «Damumed» мобильді қосымшасы арқылы қабылдануда. Жыл басынан бері облыс бойынша 1 млн. 598 мың қызмет көрсетілген. Оның ішінде, 1 млн. 24 мың қызмет электронды түрде көрсетілген», - деді.

Байқау қорытындысымен жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Бағдат Әбдіқадыров

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары