Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Жұма, 03 Тамыз 2018

2018 ЖЫЛЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.08.2018 12:52

2018 жылы маусымнан бастап Қызылорда облысында Мәскеуге әуе рейсі және Ташкентке автобустар қатынайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көлік қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында хабарлады.

Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс жетістіктеріне тоқталып өтті.

«Соңғы жылдары республика бойынша, оның ішінде Сыр өңірінде көлік саласы қарқынды дамуда. 2017 жылдың тамыз айында 200 автобусқа арналған халықаралық талаптарға сай келетін, заманауи үлгідегі жаңа автобус паркі іске қосылды. Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында, 2018 жылдың 18 шілдесінен бастап көршілес Өзбекстан елімен халықаралық «Қызылорда-Ташкент-Қызылорда» автобус маршруты жұмысын бастады. Сонымен қатар, бизнес өкілдері мен Ресейде оқып жатқан Сыр түлектеріне тікелей көлік қатынасын пайдалануға мүмкіндік туғызып отырған халықаралық «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» рейсі ашылды. Алаштың анасы Сыр елі мен Сарыарқа төсін жалғайтын «Қызылорда – Жезқазған» пойызы Арал өңірінің елді мекендерін көлік қатынасымен қамтамасыз етіп отыр. 2017 жылдың шілдесінен бастап «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағытындағы жаңа вагондардан құралған озық үлгідегі жолаушылар пойызы жүргізіле бастады. Облыс көлеміндегі көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар бұдан әрі де жалғасын табады», - деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында 16 қызметкер және сала ардагерлері облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан марапатталды.

Айта кетейік, облыс аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3450 шақырымды құрайды. Оның 1107 км республикалық, 472 км облыстық, 1870 км аудандық маңызы бар жолдар. 2018 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,5 млрд.теңге бөлініп, 278 км жол  жөндеуден өткізіледі. Сонымен қоса, ағымдағы жылы Шіркейлі арнасына көпір салу жобасы басталып, аудандық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан 5 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2013-2017 жылдар аралығында жергілікті маңызы бар  автомобиль жолдарының бойында орналасқан 10 көпір жөнделді, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында  көпір салынып пайдалануға берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қырым-конго безгегінен жаңақорғандық әйел қайтыс болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.08.2018 12:00

Жаңақорған ауданында қырым-конго безгегінен 38 жастағы азаматша қайтыс болды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында кене шағу жағдайы жиі кездеседі. Оған себеп ауа райының құбылмалы болуы. Сыр өңірінде табиғат құбылысы бірде жылы, бірде салқын қабақ танытып тұр. Бұл жағдайда кенелердің көбеюі көрініс береді.

- Жалпы, Қызылорда облысы бойынша кененің көп кездесуі жөнінен облыстың оңтүстігінде орын тепкен Жаңақорған мен Шиелі аудандары алаңдатады. Қайғылы жағдай да сол аймақта тіркеліп отыр. Соңғы жылдарда кененің кездесуі облыстың барлық аймағында да байқалады. Аталмыш науқас 27 шілдеде ауруханаға түскен. Дәрігерлер қолдан келген барлық медициналық көмегін көрсетті. Алайда науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған жоқ, - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

Облыс көлемінде қырым-конго безгегі бойынша қолайсыз елді мекендер саны жылдан-жылға артып отыр. Ол 2014 жылы 116 болса, 2018 жылы 127 елді мекенге көбейіп кеткен.

 


Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары