Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 06 Тамыз 2018

Үміткерлердің үштен бірі ғана мемлекеттік қызмет тестінен өтуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.08.2018 09:18

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке азаматтарды іріктеудің үш деңгейі қарастырылған. Оның алғашқы деңгейінде үміткердің заңнамалық біліктілігі тест арқылы анықталса, екіншісінде іскерлік қасиеті бағаланады. Соңғысы – кәсіби біліктілігіне қатысты әңгімелесуден өту болып белгіленген.

Биылғы жылдың І жартыжылдығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметке іріктеудің алғашқы деңгейіне 1414 адам қатысып, оның 515-і шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болған. Яғни, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлердің 36,4 пайызы немесе үштен бірі ғана білім деңгейінің талапқа сай екендігін дәлелдей алған.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 1021 адам қатысып, олардың 494-і немесе 48,4 пайызы шекті мәннен төмен емес нәтижені иеленген.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баспасөз конференциясында мәлімдеді.

- Мемлекеттік қызметке үміткерлердің тестке өз дайындық деңгейлерін тексеру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап "Персоналды басқару орталығы" АҚ арқылы сынама тестілеу басталды. Оған қатысу үшін алдын ала "Персоналды басқару орталығы" акционерлік қоғамының аймақтағы маманына хабарласып, сынама тестілеудің шарттарын білуге болады, - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Жыл басынан бері облыстың мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдарға орналасуға өткізілген 693 конкурсқа 965 адам қатысып, орта есеппен бір лауазымға 1,4 адамнан келген.

Департаменттің баспасөз қызметі

 


Қызылордада 5 мемлекеттік қызметші теріс себептермен қызметтен босатылған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.08.2018 09:15

- Қызылорда облысында 2018 жылдың басынан бері теріс себептермен 5 мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған. Бұл өткен жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 3,5 есеге азайып отыр, - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баспасөз конференциясында.

Биылғы алты айдағы теріс себептермен қызметтен босатылғандардың 2-еуі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін, 2-еуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін және 1 мемлекеттік қызметші дәлелді себепсіз 3 сағаттан астам уақыт жұмыста болмағандығы үшін қызметтен қуылса, былтырғы жылдың алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған болатын.

Сондай-ақ, облыс бойынша жыл басынан бері 48 мемлекеттік қызметші, оның ішінде басшы құрамдағы 14 қызметші өз өтінішіне сәйкес қызметтен кеткен.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында штат бойынша 3737 қызметшінің орнына 3588 мемлекеттік қызметші жұмыс істеуде.

Департаменттің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары