Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018

Айтыстың бас жүлдесін Мансұров алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.08.2018 12:03

Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойына орай республикалық ақындар айтысы өтті.

Республикалық жыр додасына Астана қаласынан Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан, Алматы қаласынан Шұғайып Сезімхан, Қарағанды қаласынан Мақсат Ақанов, Батыс Қазақстан облысынан Жансая Мусина, Түркістан облысынан Анар Жаппарқұлова, Ақтөбе қаласынан Әлихан Жақсылық, Қызылорда қаласынан Ержеңіс Әбдиев, Мұхтар Ниязов және Сырдария ауданынан Нұрмат Мансұров қатысты.

Айтысты елімізге белгілі ақын Жүрсін Ерман  жүргізді.

Айтыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мерей тойқонақтары мен аудан тұрғындарын ауданның 90 жылдық мерейлі мерейтойымен құттықтады.

Республикалық жыр додасына қатысушыларға ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Әбдіхалықова бастаған ақын А.Әлтаев, З.Ибадуллаев, Қ.Есімсейітова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Тұяқбай төрелік етті.

Тартысты өткен сөз додасының бас жүлдесін сырдариялық ақын Нұрмат Мансұров еншілеп, жеңіл автокөлікті иеленді. Айтыстың бас бәйгесін иеленген ақынға марапатты аудан әкімі Ғанибек Қазантаев табыстады.

Жүлделі І орын Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Жансая Мусинаға бұйырып, 500 000 мың теңгенің сертификаты берілді.

Ал, 400 000 мың теңгелік қаржылай сыйақысы бар ІІ орынмен Астана қаласынан келген Мейірбек Сұлтанхан марапатталды.

Жүлделі ІІІ орын және 300 000 мың теңге қызылордалық Мұхтар Ниязов қаберілді.

Сонымен қатар, айтысқа қатысушы ақындардың барлығына 200 000 мың теңгелік сыйақысы бар шабыттандыру сыйлығы берілді.

Айтыстың марапаттау салтанатында сөз алған ақын Жүрсін Ерман айтысты ұйымдастырған аудан әкімі Ғанибек Қазантаевқа ерекше алғысын білдірді.

Ақтөре Ибрагимұлы,

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

 


Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары