Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Сейсенбі, 14 Тамыз 2018

ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНА БЕРСІН, РАЙЛЯ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.08.2018 10:11

Қайраттылық - спортты ұдайы серікеткендердің еншісінде. Әсіресе, отбасы мен қызметін спортпен қатар алып жүрген нәзікжандылардың ерік-жігеріне тәнті боласың. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Райля Қорғанбаеваның да өмірлік ұстанымы көпке үлгі.

Өз ісімен, әділдігімен үлкенге де, кішіге де өнеге көрсете білген әріптесіміз Алматы қаласында пара пауэрлифтингтен өткен ҚР чемпионатынан олжалы оралды. Таласқа толы тартыста алтын жүлдені еншіледі.

Райля 15 жылға жуық мемлекеттік корпорацияның жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасында қызметін абыроймен атқарып келеді. Еңбек жолын қарапайым инженерден бастаған ол бүгінде бас эксперт-топырақтанушы. Спортта да жеткен жетістігі жетерлік - ҚР спорт шебері, 12 дүркін Қазақстан чемпионы, Қазақстан және облыс құрамасының мүшесі. Сондай-ақ жеңіл атлетикада да жеткен жетістіктері жетерлік. Шахматтан, дойбыдан, қол күрестен түрлі дәрежедегі халықаралық жарыстарда, ел біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие.

Кешегі Алматыда өткен жарыста спортшы қыз жеке көрсеткішін жоғарылатты. Енді ол келесі жылы Елордада өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Ал біз әріптесімізді спорт саласындағы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Жұлдызың жана берсін, Райля! Біз сенімен мақтанамыз!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі

 


ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.08.2018 09:55

2018 жылдың 13-15 тамыз аралығында өтетін Халықаралық жастар күніне орай Жалағаш ауданы жастарының «Zhalagash life» жастар лагері өз жұмысын бастады.

Лагерьге кент және ауылдық округтерден 60-қа жуық жастар қатысуда. Аудан жастарының шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді алаңына айналған лагерьде қатысушыларға пайдалы шеберлік сабақтар мен тренингтер, спорттық және шығармашылық жарыстар өткізілуде.

Жастардың көпшілігі үшін жастар лагері қызықты өмірлік тәжірибе ғана емес, сонымен қатар, өзінің жаңа қыры ашылатын, пікірлестерімен танысып, аймағымыздың бірқатар тұлғаларымен кездесетін орынға айналды десек болады.

Лагерьдің алғашқы күнінде жастар «Жұлдызбен кездесу» айдарында «Qyzylorda» телеарнасының жүргізушісі, жалағаштық жерлесіміз Талант Айымбетовпен кездесіп, пікір алмасты.

«Жаңғыруды өзіңнен баста» деп аталатын лагерьдің екінші күнінде қатысушылар «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлім меңгерушісі Арыстанбек Байқабыловпен кездесіп, дін мен дәстүрдің үндестігі, қазақстандық патриотизм және дін мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Лагерьде сонымен қатар, түрлі бағыттағы іс-шаралар, спорттық, топтық жұмыстар, семинар-тренингтер, таңғы жаттығулар, кездесулер, эстафеталық сайыстар өткізілді.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


Алаяқтықпен күрес күшейтілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
15.08.2018 09:45

Қызылорда облысының тәртіп сақшылары қылмыспен күресте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қылмыстың алдын алу шараларын жоспарлы жүргізуде. 2018 жылдың 7 айында Қызылорда облысы бойынша 418 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға азайған. Алайда соған қарамастан соңғы кезде облыста өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері орын алуда. Көп жағдайда алаяқтар нарықтық экономика жағдайына бейімделіп, «жеңілдікпен ірі көлемде несие, кезектен тыс арзан бағамен мемлекеттік пәтер, жер алып беремін, тендерден ұтып беремін, жалақысы жоғары қызметке, жұмысқа тұрғызамын және т.б. түрлі желеулермен тұрғындарды алдап, сенімдеріне кіре отырып, қылмысқа барып жатады.

Тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдасақ, қарызға ақша алып қайтармағандар - 27, несие алуға көмектесемін дегендер - 39, кезексіз жер алып беремін дегендер - 7, кезектен тыс пәтер алып беремін - 93, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны 41-ді құрап отыр.

Осы жайттытарата отырып, алаяқтық қылмыстардың кейбіріне тоқтала кетсек. Жұмысқа тұрғызуға көмектесемін деп алаяқтық жасалу дерегі көп орын алуда. Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны педагогикалық колледжіне түсіруге көмектесемін деп 3 адамнан 200 000 - 250 000 теңгеден алдап алып, уәдесінде тұрмаған. Бұл жерде жәбірленушілер күдікті тұлғаның үлкен жастағы адам екен деп сеніміне кірген. 3 қылмыстық іс біріктіріліп сотқа айыптау актімен жолданған. Қария жасқа келген күдікті сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.

Алданудын бір себебі, халық көбінесе балгерлер мен дуаны алып тастаймын деген тәуіптерге де алдану деректері орын алып жатыр. Мысалы, Жаңақорған ауданының азаматшасы ауыл тұрғынынан бал ашып «жол жеңілдетіп беремін, байып кетесін, ажалынан сақтанасын» деп алдап, сеніміне кіріп, бірнеше рет ақшасын иемденіп, жалпы 8 853 000 (сегіз миллион сегіз жүз елу үш мың) теңге ақшасын алдап алған. Аталған алаяқтық дерегі сотта қаралып, күдікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.

Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық жасағаны үшін 162 тұлға ұсталып, оның ішінде 109-і әйелдер болып отыр. Алаяқтық қылмысының ашуда орын алатын мәселе - ол жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық қылмысы бойынша 26 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған. Яғни, 1 жылдан аса уақытта - 16, 2 жылдан аса уақытта - 8, 3 жылдан кейін - 2. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей азаматтардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімдігін, құқықтық сауаты төмендігін де айта өтуіміз керек. Міне, осы жайт олардың алаяқтың арбауына түсуіне мүмкіндік ашады.

Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде. Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылды. Осы бағытта «Алаяқтардан сақтаныңыз» деген үндеумен бейнеролик әзірленіп, Қызылорда қаласында орналасқан «LED» экраны арқылы жарыққа шығуда.  Қызылорда облысының ішкі істер департаменті облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кірісінің уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.

Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


Жұмыссыздар төрт түлікке тыным бермей тұр PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.08.2018 16:16

Барымташыларға тоқтам болмай тұр. Ауылдағы ағайын «мал ашуы – жан ашуы» деп азарда-безер. Тіпті, кейбірі құзырлы орган өкілдері ұрлықты ашуға қарекетсіз отыр деп қынжылады. Десе де, ресми орган өкілдері бұған тұрғындардың өздерін кінәлауда. Осы және өзге де мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтылды.

Облыстық ІІД Кримогендік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Әбдібековтің айтуынша, тұрғындар жоғалған малын өз бетінше іздеп, біраз уақыт өткен соң ғана ішкі істер органдарына хабар береді екен. Сонымен қатар барымташылардың батыл қимылдауының басты себебі – бақташылардың болмауы.

– Аймақ бойынша 2018 жылдың 7 айында 29 мал ұрлығы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға төмендеген. Ал оның ашылуы 28,6%-дан 47,6%-ға артты. Жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 103 қылмыскер ұсталған. Олардың қатысуымен жасалған 139 қылмыс дәлелденіп, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, 20 қылмыстық топ құрықталса, олардың 82 мал ұрлығын жасағандары белгілі болды, - дейді Дархан Темірбекұлы.

Осы орайда тағы бір ресми мәліметті назарларыңызға ұсынсақ. Жоғалған малдың 179-ы – өрістен, 118-і қорадан қолды болып отыр. «Бұл ненің дәлелі?» деген сауалдың туындайтыны рас. Жауаптылардың сөзінше, мысалы, 1500 тұрғыны бар ауылға 1 ғана учаскелік полицей бекітілген. Сондықтан қылмыстың ашылуы да қиындаған. Мал ұрлығының алдын алу бағытында ҚР Ішкі істер министрлігімен 2018-2020 жылдарға арналған Бағдарлама бекітіліп, қолданысқа енгізілген. Соның аясында мал ұстайтын орындарда дабыл қондырғысы және техникалық құралдармен жабықтау шаралары жүргізілуде. Облыс көлемінде қылмыстың осы түрін болдырмау үшін 5 рет «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Және осы бағытта күресті күшейту үшін түнгі мезгілде рейдтер ұйымдастырылған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жыл басында Сырдария ауданында мал ұрлығын тұрақты түрде кәсіп еткен 16 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталған. Олар жалпы саны 16 эпизодтық, оның ішінде 9 ауыр санатындағы мал ұрлығы қылмыстарын жасаған. Шенділердің сөзінше, қылмыскерлердің барлығы да жұмыссыздар екен. Сондай-ақ, қала көлемінде төрт түліктің 27-сі – қорадан, 37-сі жайылымдық жерлерден жоғалған.

– Әр қылмыс – жұмбақ. Осы уақытқа дейін ұсталған азаматтардың орташа жасы 25 пен 30 жасты құрап отыр. Қала көлемінде Тасбөгет кенті, Досан, Абай ауылдарында мал ұрлығы жиіледі,- дейді қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев.

Шенділер тұрғындарға төрт түліктің есебін алу, оларға арнайы қондырғы орнату керектігін ескертеді.

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


Даму динамикасы жағымды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.08.2018 16:14

Өндіріс өрге басты. Дамуда дүмпу бар. Өнеркәсіп орындарының ашылып, жаңадан жұмыс орындарын құру нәтижесінде аймақ экономикасында тың тенденция, оң динамика байқалады. Жалпы, Қызылорда облысының экономикалық әл-ауқатының артқандығын жиі айтып та, жазып та жүрміз. Тарих қойнауына енген он жылды айтпағанда, соңғы бесжылдықта Сыр халқының еңсесі көтеріліп, аймақтың ажары кіріп, тұрғындардың экономикалық белсенділігі артқан. Яғни, жаңадан құрылған жұмыс орындары мен іске қосылған өндіріс ошақтары әлеуметтік жағдайды жаңа қырынан көрсетіп келеді. Мәселен, жыл басынан бері аймақта тамақ өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 0,5 пайызға қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында өнеркәсіп өндірісінде 437,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл индустриялық аймағы сан салалы аймақ үшін аз көрсеткіш. Оған кен орындарының табиғи сарқылу салдарынан мұнай өнімі көлемінің азаюы себеп. Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің шамамен 70 пайызға жуығы мұнай өндірісінің үлесінде. Қазіргі таңда мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан өндіру көлемі жыл сайын төмендеуде. Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында 3,2 млн тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 250 мың тоннаға кеміп отыр. Дегенмен де, өнеркәсіп өндірісінде өсімді қамтамасыз ету мақсатында өңір экономикасын индустрияландыру бағдарламасы аясында әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы, бағдарлама аясында 22 жоба жүзеге асты, қазіргі таңда оның 16-сы бойынша өнім өндіріліп, 1700 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

- Индустрияландыру бағдарламасы аясында биыл жалпы құны 100,8 млрд теңгені құрайтын, 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын 3 жобаны іске қосамыз, олар – шыны және тампонажды цемент зауыттары, балық өңдеу цехы. Өнеркәсіп саласына қатысты жоспарлар ауқымды, сондықтан олар бойынша тиянақты жұмыс жүруде. Агроөндірістік секторда да дамудың тұрақты тенденциясы байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласында 17,5 млрд теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, өсім 2,7 пайызды құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығы саласы есебінен қамтамасыз етілді. Ет өндіру – 3,6 пайызға, сүт өндіру – 2,1 пайызға және тауық жұмыртқасы өндірісі  45,8 пайызға артып отыр. Тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 110,3 млн теңгенің 1153,1 тонна өнімі сатылды. Бүгінгі күнге тұрақтандыру қорында 1875 тонна өнім қалыптастырылған. Оның ішінде картоп – 968,6 тонна, қарақұмық жармасы – 0,3 тонна, қант – 182,7 тонна, күріш – 40 тонна, өсімдік майы – 3,4 тонна, шай - 1,6 тонна, 1 сортты ұн – 366,1 тонна, макарон – 7,1 тонна, сәбіз – 105,3 тонна, пияз 200 тоннаны құрап отыр, - деді.

Маңызды міндет ретінде аймақ экономикасының құрылымын өзгертуге бағытталған, бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістердің дамуына аса мән беретін өңдеуші сектордың қарқынды дамуы айқындалды. Бұл ретте өңірдің мұнай және уран өндірісіне тәуелділігін ескере отырып, минералды шикізат базасын одан әрі дамыту және жаңа кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жалғасып келеді.

Өңір экономикасына ағымдағы жылдың 6 айында 87 млрд теңгенің инвестициялары тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2 пайызға артты. Халықаралық қаржы ұйымдарының қаржысын тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша жұмыстардың үзілмейтіні айтпаса да түсінікті. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құны 30 млрд теңгеден асатын 73 жоба бойынша жұмыс тоқтаған жоқ. Еуропалық даму және қайта жаңғырту банкісімен бірлесіп, облыс орталығының жолаушылар тасымалдау жүйесін, сондай-ақ, жылу, су, электрмен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асуда.

Жиын барысында қоғам өзегінің құртына айналған жұмыссыздық мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Экономика саласында құрылған 7102 жаңа жұмыс орнының 6808-і тұрақты. Бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Бұрындары бюджет десе көз алдымызға ақшаның қоймасы елестейтін. Қазір сол қоймадағы қаржы жыл сайын өсіп, облыс экономикасының қалыптасуына қолайлы орта туғызып отыр. Бюджеттің бүгінгі ахуалы 250,1 млрд теңге көлемінде қалыптасып, өткен жылмен салыстырғанда 30,4 млрд теңгеге артқан.

Жалпы, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде экономика салаларының басым көпшілігінде өсім байқалады. Жылдың қорытындысымен барлық макро көрсеткіштер бойынша жоспарланған параметрлерге қол жеткізілетін болады.

Халық-хабар

 


Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары