Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 16 Тамыз 2018

«Жомарт жүрек» байқауы жеңімпаздары марапатталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.08.2018 09:46

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақсатында «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты құттықтау рәсімі өткізілді. «Жомарт жүрек» сыйлығын марапаттау жөніндегі комиссияның қорытындысына сәйкес, қасиетті Сыр елінің топырағын түлетуге атсалысып жүрген бір топ азаматтарға номинациялар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Олар:

1.«Жыл меценаты» номинациясымен, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосып, туған елді көркейтуге атсалысып жүрген, сондай-ақ, «Жүрек жылуы», «Сыр мейірімі», «Сыр жомарты» қайырымдылық акцияларына қатысып, тұрмысы төмен отбасыларына ұдайы көмек көрсетумен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Шағман» балабақшасының тұрақты демеушісі Смағұлов Қанат Смағұлұлы марапатталды.

2. «Туған өлке» номинациясымен Қызылорда қаласын абаттандыруға өзінің азаматтық бастамасымен ат салысып, көптеген белсенді азаматтарды тарта отырып, қаланы жасыл желекке айналдыру үшін аянбай қызмет еткені үшін Болат Нұрқожаев марапатталды.

3. «Жыл тұлғасы» номинациясымен белсенді азаматтық ұстанымын таныта отырып, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүргені үшін Жүнісов Досхан Болатұлы марапатталды.

4.«Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен, құрылған сәтінен бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға арналған қайырымдылық іс-шараларды атқарумен қатар, соңғы 4 жыл көлемінде қайырымдылыққа 21 913 000 тг қаржы бөліп, ел алғысын алып келген «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

5. «Ерен еріктілік» номинациясымен волонтерлік қызметтерге белсенді қатысып, қала жастары арасында «Жайдарман» ойындарын насихаттап, жастардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысқаны үшін Аманбаев Хакімбек марапатталды.

Қызылорда қаласы ішкі саясат бөлімі

 


СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
16.08.2018 17:45

2018 жылдың 16 тамызы күні аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев спортшылар күніне орай спорт саласының ардагерлерін, қызметкерлерін және бірқатар спортшыларды қабылдады.

Ауданымызда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

2018 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысымен аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда 18 алтын, 21 күміс, 32 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында халықаралық турнирлердің, әлем біріншіліктерінің, Азия чемпионатының жүлдегерлері Жеңісбек Жақсыбек, Қанзада Арайлым, Тәттібай Дидар, Тынарбай Тілеген, Оразбай Арайлым, Әбілда Қызжібек, Айшыққан Рамазандардың есімдерін ерекше айтуға болады.

Кездесуде сөз алған өңір басшысы аудан спортының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді.

- Ауданымызда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалпы, аудан бойынша 143 спорт нысандары жұмыс істейді. Ағымдағы жылы облыс бойынша атқарылатын жобалар тізбесіне ауданнан 2 жоба енгізілді. Сондай-ақ, Мәдениет елді мекенінде спорттық кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, - деді өз сөзінде Қайратбек Әубәкірұлы.

Кездесуде ұсыныс-пікірлер айтылып, Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесіне орай Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және аудан әкімінің Алғыс хатымен бірқатар сала мамандары марапатталды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАРТ ТЕҢІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ һәм БЕСЕУДІҢ БІТІМІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
16.08.2018 14:01

Ертеде Шу өзенінің жайылымына Арғын мен Үйсін рулары таласып, дауға Арғын жағынан Тобықты Құнанбай, Үйсін жағынан ысты Бақтыбайдың баласы он төрт жастағы Сары Әжібек шығады. Екеуінің сөзге келісу нәтижесінде «Ұлы жүздің белгілі Сарысымын, Бақтыбайдың маңдайындағы дәрісімін. Маңдайымның бағы бар, Таңдайымның дағы бар» деп өзін таныстырған Сары Әжібек шешен:

- Сары табақтан сарқыт қайтар. Билігін маған берсең, бәрін бауырыма тартпайын. Шу өзенінің сол жағын Үйсін, оң жағасын Арғын жайласын, - деп кесім сөзін айтқан екен.

Ал бұл жолы Шу емес, қарт теңіздің тағдыры қалай шешілді? Кесімді шешім қандай?

Қазақ даласының ен тоғайына тіршілік қуатын дарытып тұрған қарт Каспий де өзінің тағдыры талқыға түсіп жатқанын білді ме, жағалауға толқынды жүзін ұрғылауын тоқтатқан жоқ. Қайтсін енді, Каспий жалғыз, ал оның жағасын қоршап, табиғатына көз сүзіп, байлығына ой жүгіртіп жатқандар саны – бесеу.

Иә, өткен аптада Қазақстан президенті Н.Назарбаев Ақтау қаласына іссапармен барды. Мақсат айқын, жоспар анық. Алдымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ахуалына тоқталған мемлекет басшысы бесінші Каспий саммитінде бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоятынын айтты.

Теңіздің төрт тарабынан келген Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтерді бесінші мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күтіп алды. Өңір тарихы бірегей, мәдениеті алуан түрлі, адам ре­сурстары жеткілікті, табиғи қоры мол теңіздің географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы геосаяси маңыз­ға ие болып отыр. Алыстан атының  сауыры терлегенше жеткен бес ел басшыларының көздегені де, діттегені де – осы. Бұл мәселе Каспий­ саммитінің плен­арлық отырыс­ында  көтерілді.

- Каспий теңізінің саяси тұр­ғыдан тұрақсыз аймаққа жақындығы қауіпсіздікті қамтамасыз  ету мақсатында Каспий маңы мемле­кеттерінің өзара тиімді әрі нақты іс-қимылдарды пысықтауды  талап  етеді. Осыған орай, әс­кери қызмет саласындағы сенім шаралары үшін бесжақты  келісім  жа­сау­ды ұсынамын, - деген­ Қазақстан президенті өзгелермен бірге сауда, экономика, көлік және қауіпсіздік сала­ларына байланысты маңыз­ды келісімдерге  қол  қойды.

Бұдан былай осы бес мемлекет қарт теңіздің қазынасын қалт жібермей бақылап отырады. Қазақ ертеректе жер дауы мен жесір дауын­  бітпейтін дау қатарына қосқан. Бұл жолғы мәселе дау түрінде емес, жер мен су шешімі ретінде қаралуда. Маңыздылығы – бес елдің мүдделерін өзара есепке алу, өзектілігі – өзара іс-қимылды қарқы­ндатып, теңіздің жаңа құқықтық режимін құру. Тілсіз табиғатт­ың тағдырын шешуге жиналғ­ан бесеу осылайша Каспий теңізінің Конституциясы саналатын конвенцияға қол қойды. Және осы күннен бастап алты айдан кешіктір­мей алғашқы консуль­тациялар өткізу туралы шешім қабылданды.

Атап кетейік, конвенцияда Каспий теңізін бейбітшілік, тату көршілік және достық аймағына айналдыру, оны бейбіт мақсатта пайдалану, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, Каспий теңізінде тараптарға қатысы жоқ қарулы күштерді болдырмау мәсе­лел­ері қамтылған. Бесеудің бірігуімен аумақтық су көлемі 15 теңіз миль етіп бекітіліп, оның сыртқы шекарасы мемлекеттік мәртебеге ие болды.

- Көп жылғы сіңірген еңбектің шарықтау шегі бүгін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі турал­ы Конвенцияға қол қоюмен аяқталды. Конвенция «Каспий теңізінің конституциясы» болып саналады. Мұнда теңіз жағасындағы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ, өңірдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен өркендеуіне кепіл болуға қатысты барлық кешенді мәсе­ле­лерді  реттеу  қарастырылған, - деді Қазақстан  президенті.

Конвенциядағы келісімдерді іске асыру үшін Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретті ведомстволарының кездесулері тұрақты негізд­е өткізілетін болады. Бес елдің кәсіпкерлері мен бизнес-құрылымдары арасындағы бай­ланыстарды дамыту мақсатында 2019 жылы Түрікменстанда бірінші Каспий экономикалық форумын өткізу ұсынылды.

Енді бізде Каспий де ортақ. Теңіздің балық аулау аймағынан тыс бөлігі бес елге ортақ су кеңістігі болып есептеледі. Бұл – бесеудің бітімі. Мемлекеттік теңіз шекарасынан тыс аумақта Каспий жағасындағы елдердің туы бар кемелер­дің еркін жүзуіне кедергі де кел­тіре  алмаймыз. Себебі ортақ келісімге қол қойылды, мөр басылды. Басқа теңізге және әлемдік мұхит­қа шығу еркіндігі жөніндегі уағдаластықтың маңызы зор. Әрбір мемлекет өз бөлігінің шегіндегі теңіз түбінің байлықтарына қа­тыст­ы егемендік құқығын жүзеге асырады. Саммит соңына жетті, ал мемлекет басшылары Ақтау қаласы­ның теңіз жағалауы арқылы өтетін жаңа нысан – «Жартас жолы­н» аралап, қолдан өсірілген 500 ақсерке балығын теңізге жіберді. Әр президенттің 100 арма­нын арқалаған ақсеркелер бір ысып, бір суыған қарт теңіздің түбіне жеңіл жүкпен кеткен жоқ...

Н.ҚАЗИ

 


МҰСЫЛМАН МЕЙРАМЫНДА ӘР АДАМ ТАЗА ЖҮРУІ КЕРЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.08.2018 13:17

Съезбек  РАХМЕТТЕГІ,

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы:

 

- Съезбек Евилханұлы, облыс жұртшылығының, оның ішінде жас­тардың Алланың жолына түсіп, ақиқатқа жүгінуге ұмтылғандары қуантады. Мешіт жанында иман­ды­лыққа тәрбиелейтін арнайы медресе бар. Бүгінде қанша шәкірт тәрбиелеп отырсыздар?

- Бисмиллаһир-рахманир-рахим! Барша халықтың келе жатқан ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын. Бұл мейрам – қазақ халқы 7-ғасырда Ислам дінін қабыл­даған уақытта, салт-дәстүрімізге зияны тимейтін мейрамдармен бірге жеткен ұлы мейрам. Қазақ жері Исламның екі мейрамын бойына сіңдіре білді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеге көшкен уақытта Медине халқы  өздерінің  екі  мейрамын «ескі­ден қалған салт-дәстүріміз» деп ұсына­ды. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер Алладан алшақтататын әре­кеттер болса, онда оны жақындат­паңыздар!  Аллаға  жақындата түсетін, халыққа, елге пайдалы мейрамдар болса, қабылдаймын. Мен сіздерге   Алладан көңіл көтеретін бұл екі күннің орны­на  әлдеқайда қайырлы­сын әкелдім. Біріншісі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт мейрамы », - дейді. Бұл екі мейрам сол 14 ғасырдан бері жал­ғасып келе жатқан үрдіс болып қалыптасты. Бұл үрдістің заңдылығы мен негізгі қағидаларын оқып, үйре­ніп жатқан жастарымыз, балала­ры­мыз да күннен-күнге көбеюде. Қазіргі кезде жастардың Ислам дініне бет бұрып, иманды­лыққа тәрбиеленіп, ізеттік жолына түс­кен­дігі қуантады. Мазмұнды тәрбиесі бар, бойында мінезі мен сыпайы­лығы тұнып тұрған жастар­дың өсіп келе жатқанына қуанамын. Ал шәкірт жөніне келсек, облыс бойынша жұмыс істеп тұрған 150 мешіт бала­ларды тұрақты оқытып жатыр. Әрқайсысында 100 баладан, аудан­дық мешіттер 50-70, ауылдық елді мекен  мешіттері 10-нан астам баланы «Құран  жаттау  медресесінде» дайын­дап, тәрбиелеуде.

- Алда Құрбан айт мейрамы келе жатыр. Жұртшылық  мешітті  Алланың жердегі үйі деп қадір тұтып, осында ниет етіп, дұға  жасағанды  қалайды. Бұл жолы да  Құрбан  айт  садақасын  мешіт­те  жасағысы  келген  жамағаттар  бар ма? Жалпы, бұл күнді қалай атап өткелі жатырсыздар?  Құрбан  айт күні  мешітте  тұрмысы  төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға жылдағы дәстүр бойынша үлес бері­леді. Бұл  үрдіс өз  дәстүрінен жаңыл­маған   болар?

- Айта кетейін, ағымдағы жылдың 21, 22, 23 тамыз күндері Құрбан айт мейрамы болып бекітіліп отыр. Бұл мейрамның бірінші күні Елбасы­ның Жарлығымен арнайы тойла­нады. Осы үш күнде құрбан малдар сойы­лады. Құрбандық мал ғибадат ретінде бауыздалуы шарт. Шын мәнісінде Алла пенделердің құл­шылығына да, құрбандық шалуына да зәру емес. Құрбан шалудың бізге мәлім әрі беймәлім көптеген пай­далары мен хикметтері бар. Деген­мен, негізгі мақсат – Алла тағала­ның разылығына бөлену. Мал шал­ғанда пенделердің ниетінің негізге алынатындығы Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінде «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» деп айтылған. Сондықтан бұл күні де Қадір түні секілді жамағатқа лық толы болады. Ниет етіп, намаз оқитын, дұға жасап, Аллаға сансыз мадақтар айтатын жамағатпен бірге мешіт қызмет­керлері әрдайым бірге, қандай да болсын, халал мейрамдарда дас­тарқанымыз ашық. Тіпті аймақтағы тұрмысы төмен, әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне бұл күні ет тара­тылады. Олардың тізімі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінен  алынып, қолдан келгенше көмек  көрсетіле­ді. Биыл да жылдағы дәстүр бо­йынша  700-800  адамды  халықтың өткізген етімен қамтамасыз етеміз деген жоспар бар. Өйткені Алла тағала Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінде «Құрбанның етінен өзде­рің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге  жегізіңдер» дейді.

- Ал  арапа  күні  қашан?

- Біздің елде арапа күні ертесі болатын  айт  күніне  шелпек-бауыр­сақ пісіріп, дастарқан әзірлігі жасалып  жатады. Сонымен қоса, бір күн ораза  ұстаған  да  дұрыс  болады. Бұл күн – 20 тамыз.

- «Құрбан» сөзінің діни терминдегі мағынасы «ғибадат мақсатымен белгілі бір уақыттарда жануарды шарттарға сай бауыздау» дегенге саяды. Жалпы, бұл күннің маңызы қандай?

- Құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жаса­латынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп, дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда «Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым» («Зариат» сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Маңызы да айрықша, біріншіден, Ислам  дінінің мейрамы, екінші­ден, Аллаға құлшылық ету арқылы өз амал-ниеттерімізді орындаймыз. Ал үшіншіден,  мұқтаждар  қуа­ныш­қа бөленіп, айналасында мейірімді жандардың барлығына көз жет­кізеді.

- Құрбан  шалудың  негізгі шарты – малды бауыздап, қан ағызу. Аша тұяқты мал алуға мүмкіндігі болмаған  жағдайда садақа беріп, соны  құрбандыққа  теңеуге  бола  ма?

- Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пенде­шілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұсыл­ман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, бас­қалар не болса, ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені «Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес», «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың», «Мұсылмандар бір дене тәрізді, бір жері ауырса, басқа мүшелерінің де мазасы кетіп, ұйқысы қашады» деген. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қинал­ғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірім­ді болуға насихаттайды. Ал «маған мал әкеліп, оны сою үлкен мәселе» дейтін адамдар болса, мал шығы­нын жабатындай жеткілікті қаржы әкеліп өткізіп, оған басқа біреу мал әкеліп шалса ғана құрбандық шалған болып есептеледі. Содан кейін оған мал алынып, сол адам­ның атынан шалынады. Ал күнде­лікті  садақадан  айырмашылығы жоқ қаражат құрбан шалуға теңес­тірілмейді.

- Мал  иесі  өзі  бауыздай  алмай­тын болса, жанындағы кісілерге сол міндетті жүктеуіне Исламда рұқсат берілген бе? Және ол кезде қандай аяттар  мен  хадистер  оқылуы  керек?

- Мүмкін болса құрбандық шалатын жан өз құрбандығын өзі шалғаны – мұстахаб (ұнамды іс). Дегенмен, өкілеттік беру арқылы басқа адамға да бауыздатуға болады. Құрбандық шалатын жанның мұсылман, ниеті таза, дәретті бол­ғаны абзал. Сондай-ақ, құрбан шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлу, малды ұрмай-соқпай, жұлқыламай апару керек. Сол кезде оның бойындағы қан да еттен жыл­дам шығып, еті адамға пайда­сын тигізеді. Малды апарып, төрт аяғын байлап, құлатып, соя салу дұрыс емес. Құрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызып, қинамай, жұмсақ бауыздауға көңіл бөлуі керек. Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға бол­майды. Бұл – ең басты мәселе. Алайда осы нәрсеге көбі мән бер­мейді. Малды құбылаға қарата жатқызғаннан кейін оң қолымен «Бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп бауыздайды. Құрбандық малды басқа адамға бауыздатқан кісі мал бауыздалып жатқанда «Бисмил­лаһи, Аллаһу акбар» деп қоса айт­қаны  жөн.

- Шыны керек, шек беру мен құрбан шалуды шатастырып жүр­гендер  бар. Сойылған  мал  толықтай «уәжіп құрбандық» болуы үшін құрбандықты қай күні орындаған шарт?

- Жоғарыда Құрбан айт мей­ра­мының 21 тамызда басталатынын айттық. Демек, мал да осы күні айт намазы басталған уақыт пен айттың үшінші күнгі ақшам намазы ара­лы­ғында  шалынуы керек. Қазіргі кез­де құрбан айтынан бір күн бұрын мал сойып, шек беріп, айт күні құр­бан шалмайтындар да бар. Шариғат бойынша, сойылған мал «уәжіп құрбандық» боп есептелуі үшін Алла тағала талап еткен, белгіленген мезгілде және орында жасалуы шарт. Сондықтан құрбанның дұрыс болуы үшін діни тұрғыдан оның белгіленген уақытта бауыздалғаны жөн. Құрбандыққа сойылатын қой немесе ешкі секілді уақ малды құр­бандық ретінде тек бір ғана адам, ал түйе, сиыр секілді ірі қара мал­дарды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп немесе бір адам жеке өз атынан да соя алады. Құрбандық шалуға біріккен кісілердің бар­лы­ғының ниеті құрбандық құлшы­лы­ғын өтеу мақсатында болуы керек. Егер осы  адамдардың  ішінен  біреуі  құрбандыққа тек ет алу, пайда  көру  ниетімен  қосылса, барлығы­ның да ниеті құрбандық ретінде  санал­майды.

- Ендігі  мәселе  тазалыққа  қатыс­ты. Әрине, халықты бұл тұрғыдан келгенде  сауатсыз дей алмаймыз. Десек те, осы айт күні үй сыпыруға, суға түсуге, бас жууға, кір жууға болмайды деген тыйым сөзді арагідік естіп жатамыз. Осы сөздің анық-қанығына  көз  жеткізсек  деп  едік...

- Бұл мейрамда малдың жеке тазалығы мен сойылатын орынның тазалығынан бастап, оны сойып болғанға дейін тазалыққа аса мән берілуі керек. Ислам дінінің өзі тазалықтан тұрады. Бес уақыт намаз оқып, соған сай тазаланып отырудың өзі – соның айқын дәлелі. Рас, кей жерлерде үй сыпыруға болмайды деген әңгіме бар. Ол қонақ кіріп келе жатқанда алдынан үй сыпырма деген мағынада, екіншісі күні бұрын барлығын тазалап, жиыстырып қою керек. Оған себеп, мейрам күнгі дайындалған асқа шаң-тозаң араласпас үшін. Сондықтан бұл кір жууға, суға түсуге, бас жууға бол­майды деген тыйымдар – үлкен қателік. Халықты олай адастыруға болмайды. Керісінше, мұсылман­дардың мейрамында әр адам таза жүруі  керек.

- «Амалдан ниет қайырлы» деп Құрбан айт мейрамына дайындалып жатқан Сыр бойының халқына айтар тілегіңіз...

- Шындығына келгенде, амал ниеттен тұрады. Ниет адам әрекеті­нің нақтылы мақсатын білдіреді. Ниетсіз, себепсіз алға мақсат қойыл­майды. Ал ниеттің орныққан жері – жүрек. Алла елшісі «Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, бай­лықтарыңа қарамайды, Алла сен­дердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды» дейді. Яғни, бұл хадистегі жүрек деген сөздің астарында ниет жатқаны меңзелуде. Сахаба Әбу Хурайра: «Жүрек – патша. Ағзалар – оның  әскері. Егер патша  жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар  болады» деп барлық мәсе­ле­нің дұрыс бағытта болуы тікелей ниетке  байланысты  екенін ескерт­кен.

Сыр жұртына да амал, ниеттеріңіз қайырлы, қабыл болсын деп тілей­мін.

- Уақыт бөліп, пікір бөліскеніңіз үшін  алғысымыз  шексіз!

Сұхбаттасқан

Нұрбике  ҚАЗИҚЫЗЫ

 


ТОРҚАЛЫ ТОЙДЫҢ ТАРТУЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.08.2018 12:56

Тұлпарының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген тектілердің ұрпағы биыл айрықша қуанышты. Себебі, Ақмешіт атырабы елге елеулі тарихи датаны атап өтіп жатыр. Өткен жұма мен сенбіде Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай торқалы той өтті. Бұл мереке басқа мерейлі уақыттан өзгерек. Арзан ойын-күлкіге құрылмаған, рухани азық сыйлауымен маңызды болды. Екі күн бойы ұйымдастырылған шараларға үзбей қатысқан аудан жұрты тарихты қайта парақтап, көңілдері марқайып, бір серпіліп қалғандай. Ал киелі топырақтан өсіп-өнген қазақ руханиятының дарабоздары мен таланттылары туған жеріне келіп, құрметін білдірді.

Думанды той ұлы тұлғаларға тағзым етуден басталды. Терең­өзек кентінде Кеңес Одағы батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ескерткіш-бюсттері бар «Парасат» алаңы ашылды. Онда Қазақстанның Халық жазуш­ысы, драматург, аудармашы Қалтай Мұхамеджанов, сатира сардары Асқар Тоқмағанбетов, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Әбділда Тәжібаев, Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейітов, Ұлы Отан соғы­сының ардагері, Қызыл­орда облысының «Құрметті азаматы» Бекайдар Жүсіпов, Социалистік Еңбек Ерлері Балдырған Мұстапаева, Күләнда Әбдіраманова, Цой Ги Хва, Қасым Бөдеев, Дүйсенбай Керейтбаев, Ибадулла Ақниязов, Ахмет Халықовтың мүсін­дері қойылған.

Салтанатты шараға Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Еламанов, білім саласының ардагері Г.Әбілова қатысты. Аудан басшысы  тұрғындар мен қонақтарды  құт­тықтады.

– Тәуелсіз қазақ елінің тарихында өзіндік ойып алар орны, бай шежіресі бар  Сырдария  ауданы бүгінде өзінің 90 жылдық айтулы мерейтойын атап өтуде. Сіздерді ең алды­мен, тамыры терең, тарихы кенен серпінді Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесімен шын жүректен құт­тықтауға рұқсат еті­ңіздер. Жайқалған ақ күріші мен жерасты мұнайынан табысы тасқындап, өнері мен мәдениеті өрге бас­қан, 40 мың халқы бақыт­ты өмір сүріп, берекелі еңбек етіп жатқан Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесі – бәріміз үшін зор қуаныш. Тамыры терең тарихында ұзақ жылдар «Тереңөзек ауданы» деп аталып, бірлігі бекем аудан ретінде­ танылған, бүгінде өсіп-өркендеп, жаңарып-жасарған, көрік­ті де көркем, сенім биігіндегі Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесінің кең көлемде тойлануы – тұғырлы Тәуел­сіз­дігіміздің жемісі, Елбасы саясатының нәтижесі, - деді аудан әкімі Ғ.Қазантаев.

Туған жері Тереңөзек кен­тіне келген әнші Жеңіс Ысқақова да жұртшылыққа жүрекжарды  лебізін білдірді.

- Аудан халқын 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бүгін ашық аспан астында даңқ­ты тұлғалардың ескерт­кіші бой көтергенін көрдік. Бұл ұлыларын ұлықтаған қазақ үшін  жағымды  жаңалық. Осындай  мерекелік  көңіл  күй, жағымды  әсер  сыйлағаны  үшін ұйымдастырушыларға алғысы­мыз­ зор, - деді ол өз сөзінде.

Мұнан соң мерейтой қо­нақтары аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында орналас­қан «Құрметті азаматтар» аллеясы және «Еңбек Даңқы» музейінің жұмысымен танысты. «Құр­метті азаматтар» аллеясына «Сырдария ауданының Құр­метті азаматы» атағын иеленген 99 азаматтың есімі жазыл­ған. Ал «Еңбек Даңқы» музейі негізгі үш бөлімнен тұрады. Онда ауданның тағылымды тарих­ынан сыр шертетін құн­ды деректер сақтаулы. Сондай-ақ  әрбір  ауылдан  шыққан атақты тұлғалар мен ауданның Тәуелс­іздік жылдарындағы жеті­стігінен  хабардар  етті.

Жиылған жұртшылық ары қарай аудандық мәдениет үйіне бет алды. Онда ауданның тыныс тіршілігі, әр жылдардағы жетістіктері, талантты тұлғалары туралы жазылған «Сырдария ІІ» кітабының тұсау­кесер рәсімі өтті. Кітапты облыстық ардагерлер кеңе­сін­ің төрағасы, «Қызылорда облысының құрметті азаматы» С.Шаухаманов таныстырып, елдің игілігіне пайдаланылатын еңбек екенін айтты. Кітаптың лентасын салтанатты түрде қиған соң оны құрметті меймандарға және аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры М.Омаров пен аудандық орталық кітапхананың директоры Г.Нұржакиева­ға тапсырды. Таралымы – 1000 дана. Басқосу барысында об­лыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов сөз сөйлеп, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың құттықтау хатын оқыды.

Ауданның 90 жылдық тойы­мен қазақ әдебиетіндегі көр­некті қос тұлғаның 90 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен жазушы Әбіраш Жәмішевтің құрметіне «Қаламы қарымды тұлғалар» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушаев  ашты.

- Мақсатымыз – қаламына құт қонып, бақ дарыған дарынды жазушылардың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі ету, ауданның та­ри­хы тереңде екенін паш ету, - деді аудан әкімінің орын­ба­сары.

Қос тұлғаны ұлықтауға арналға­н кеш барысында ақын С.Оспан, Ж.Дәрібаева, жазушы Т.Дайрабаев жазушылар туралы естеліктерін айтты. Талан­ттылар туралы толғанысын жеткізіп, ұрпаққа насихат жасау қажеттігін тілге тиек етті.

- Әрбір перзент өзінің туған жерін қастерлейді. Туған топырақтың қасиеті бар. Сырдария топырағынан қаншама ақын, жазушылар шығып жатыр. Бияз­ылық, тектілік, бекзаттық бар халықпыз. Сондықтан осы Тереңөзектің тумасы болға­ныма өзімді бақытты санаймын, - деді ақын Жадыра Дәрі­баева.

«Бөлтірік бөрік астында» шығармасы – халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың төл туындысы. Мерейтой күні аталмыш спектакль аудандық мәдениет үйінің төрінде сахналанды. Өнерпаздар өздері сомдаға­н образ арқылы қоғамдағы келеңсіздіктер мен білім­сіздікті суреттегенімен ерекше. Шығарма желісі бойынша ұлттық дәстүрімізден безініп немесе отбасы мағынасына жете көңіл бөлмейтін шіріген жұмыртқаның тағдыры көрсе­тілді. Кінәлі кейіпкер өз қате­сін түсінді. Келген қонақтардың көңілінен шыққан болуы керек, қойылым соңында барлығы орнынан тік тұрып, шапа­лақ ұрып, қошеметін білдірді.

- Ауданның айтулы күні аталып­  өтіліп  жатыр. Қуа­ныштымыз! «Парасат» алаңы ашылды. Онда елге белгілі, халық жүрегінен орына алған адамдардың сом тұлғасы тұр. Бұл – өскелең ұрпаққа өнегелі іс. Ауданымыздың аты ас­қақтай берсін. Туған жерге қызмет­  етуде­н  тынбайық, - деп тілегін жеткізді Тереңөзек кентінің тұрғыны Нұрлыбай Өнербаев.

Сенім биігіндегі Сырда­рияның мерейлі тойының көрігін ат жарысы қыздырды. Делебе қоздырған 25 шақырымдық аламан бәйгеде аптап ыстықта мәре сызығына ал­қынбай жеткен Жамбыл облысының шабандозы Тоқтар Рәт­пек мінген жүйрік иесіне темір тұлпар мінгізді. Ал 15 шақырымдық құнан бәйгеде шымкенттік шабандоз Өмірбек Құрманғалиев тақымдаған тұлпар өзгелерден қара үзіп, жүйріктігін көрсетті. Тай жа­рысы да тартысты болды. Бұл бәйгеде бірінші орын той иелеріне бұйырды. Яғни, сырдария­лық шабандоз Жандос Бақ­берген  астындағы  атымен  мәре сызығына алдымен жетіп, 200 мың теңгені иеленді.

Осылайша мерекелік шараның алғашқы күні тамамдалып, кешқұрым орталық алаңда жергілікті, республикаға таны­мал өнер иелерінің қатысуымен гала-концерт өтті. Әнші З.Көпбосынұлы мен Ә.Әлқожа ән айтқанда алаңға жиналған халықтың көңілдері көтеріліп, мәз-мейрам болды. Ал жарқыраған от шашу салтанатты шараның көркіне көрік қосты.

Сырдарияның 90 жылдық тойының келесі күні аламан айтыспен басталды. Республикалық сөз додасына Астана қаласынан Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан, Алматы қаласынан Шұғайып Сезімхан, Қарағанды қаласынан Мақсат Ақанов, Батыс­ Қазақстан облысынан Жансая Мусина, Түркістан облысынан Анар Жаппарқұлова, Ақтөбе қаласынан Әлихан Жақсылық, Қызылорда қаласынан Ержеңіс Әбдиев, Мұхтар Ниязов және Сырдария ауданынан Нұрмат Мансұров қатысты. Айтысқа қатысушылардың өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Әбдіхалықова бастаған ақын А.Әлтаев, З.Ибаду­ллаев, Қ.Есімсейітова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті және журналис­тика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Тұяқбаев төрелік етті. Белгілі ақын Жүрсін Ерман ақындарды жұп-жұбымен ортаға шақырып, айтысты жүргізіп отырды. Айтысқа келген халықтың қарасы қалың. Қазақтың төл өнерінің құдіретіне осы тұста тамсанбасқа болмас. Себебі, жұртшылық айтысты жақсы көреді. Айтыс алты сағатқа­ созылса да тапжылмастан тамашалады ел. Айтыскер­лерді қолдап, демеп отырды. Әсіресе,  халыққа­  ақын Жансая Мусинаның өнері қатты ұнаған сыңайлы. Айтыскерге қошемет білдіріп, жылы лебіздері­н айтып қалып жатты. Ақтық кезеңде Нұрмат Мансұров пен Мұхтар Ниязов айтысты. М.Ниязов жолын Н.Мансұровқа беретінін жеткізді өз сөзінде. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді». Елге белгілі ерлердің әдемі сыйлас­тығына қарап жұрт сүйсініп қалғандай. Мұнан соң Жансая Мусина мен Мейірбек Сұлтанхан сөз барымтасына шықты. Адуынды­ ақын Ж.Мусина М.Сұлтанханды інім дей отырып, қағытпа қалжыңымен келген жұртқа күлкі сыйлады. Осылайша сөз барымтасына қатысқан айтыске­рлер ауданның мерейтойымен құттықтап, осы жерден түлеген азаматтардың халқына­ жасаған игі істерін жіпке тізді. Құда мен құдағидың бірсарынды әзілі, мұғалім мұңы да сөз болды. Алма­тылы­қ ақын Шұғайып Сезімханның Мұхтармен айтысы­ туралы айтпай өтуге болмас. Бір-біріне қалжың  айтып, реті  келсе орайлы тіркестермен түйрей білген қос ақынға бұқара риза болысты. Екеуі де шаппа­-шап. Суырыпсалмалық өнерімен есте қалды.

Шешендік сөз сайысының соңында жеңімпаздар мен үздіктердің есімі жарияланды. Бас жүлдені сырдариялы­қ Н.Мансұров қанжығасына байлады. Оған темір тұлпардың кілті табысталды. Бірінші орынды­  (500 мың теңге)  Батыс Қазақстаннан келген­ Ж.Мусина­ иеленсе, екінші орынды (400 мың теңге) Астана қаласының атынан шыққан М.Сұлтанхан еншіледі­. Ал үшінші орынды (300 мың теңге) азулы ақын М.Ниязов қанағат тұтты. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев ақын М.Ниязовқа ат мінгізді. Қалған қатысушылар да құр қайтпады, «тойдан тобықтай» деп 200 мың теңгеден шабыттандыру сыйлығын алды.

Айтыс аяқталған соң мерейтой қонақтары №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің жұмысым­ен танысты. Сондай-ақ, ауданның жастары танымал тұлғалармен кездесіп, тәлімді әңгімесінен сусындады.­ Кешке эстрада жұлдыздары Елена Әбді­халықова, Жеңіс Ысқақова, Әбдіжаппар Әлқожа, Досымжа­н Таңата­ров, Алтынай  Жорабаева, Заттыбек Көп­бо­сынов, «Қоңыр» тобы қатысқан гала-концертпен той шымылдығы  жабылды.

Жазира  ҚОЙШЫБЕКОВА

 


ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЫМҚЫРЫП ЖҮР PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
16.08.2018 12:29

Облыс әкімі Қ.Көшербаев  2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялағаны белгілі. Мұнысы – халықтың қолын аузына жеткізу үшін өз кәсіптерін ашып, экономикаға үлесін қосқаннан бұрын табыс көзін тапсын деп алаңдағаны. Тіпті, елімізде шалғай ауылдардағы жастардың кәсіп ашып, оқып үйренуіне арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасының да қолға алынғалы қашан. Яғни бизнес көзін ашамын деген адамға бар мүмкіндік жасалып келеді. Төмен пайызды несиелердің орны тіптен бөлек. Бұл үшін мемлекеттен аударылып жатқан қаржының есебі жоқ. Алайда мемлекеттің ақшасын оңды-солды жымқырып, өз пайдасына асырудың айласын тауып жатқандар да бар екен. Бірі қолындағы қызметін пайдаланса,  екіншісі «кәсіп аш» деп берген қаржыны бас пайдасына жаратып  жіберуде.

– Биыл облыстық прокуратура «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының, «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасының орындалуы барысында заңнамалардың сақталуына тексеру жүргізді. Нәтижесінде 16 дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру­дің бірыңғай тізіліміне тіркелді, 1-еуі сотқа жолданды, 4-еуі ақталмайтын негіздермен тоқтатылды. Мемлекетке 60 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Оның ішінде мемлекеттен бөлінген 40 млн теңге несие қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталып, оның 14 млн теңгесі өндірілді. Мысалы, Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығының М. деген есепшісі 2016-2017 жылдары жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға бөлінген 11,6 млн теңге бюджет қаржысын таныстарына аудару арқылы заңсыз иемденген,- дейді облыс прокурорының орынбасары Ж.Еламанов біздің арнайы жолдаған қатынас хатымызға берген жауабында.­

Айта кетейік, қазіргі таңда есепшіден сот­қа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келті­рілген залал толығымен өтелген. Сондай-ақ, ол Жаңақ­орған аудандық сотының ағымдағы жылдың 20 шілдедегі үкімімен ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру) кінәлі деп танылы­п, шартты түрде сотталыпты.

Мұнан бөлек қадағалау органы жалған құжатпен мемлекет қаржысын жымқырған­ бірнеше заңбұзушылықтарды анықтаған. Атап айтар болсақ, бюджеттік несиені заңсыз алу, кредит нысаны болып танылған мүлікті сатып алып, бұрынғы иесіне қайта сату, несие қаржысын пайдаланбау секілді заңбұзушылықтар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында жүргізілген тексеру кезінде көзге көрінген. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан несие аларда жалған құжаттар ұсынғандар да бар болып шықты. Ол да Жаңақорған ауданының тұрғыны екен. Облыс прокурорының орынбасары ұсынған мәліметке сүйенсек, аталмыш азамат автокөлік құралымен жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін 60 айға 3 млн теңге несие алған. Бірақ қомақты қаржыға көлік сатып алдым деп қорға жалған құжат көрсетіпті. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталы­п, жинақталған құжаттар Қызыл­орда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған. Дәл осындай заңбұзушылықтар Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш және Қазалы аудан­дарында да орын алыпты.

Көбіне билікті кінәлаймыз-ау. Алайда жағдайды жасап, қаржыны бергенде, қонышынан басқысы кеп, жымқырып қалуды көздейтіндер орта жолдағылар екенін жоғары­дағы мәліметтерден-ақ көріп тұрмыз. Қаншама министрден балабақша бухгалтеріне дейін сотты болып, қызме­тінен айырылып жатса да, оңай олжа тап­қысы келетіндер қатары азаймай келеді. Ұққанымыз, халық сотты болудан қорықпайды екен. Соған қарағанда, берілетін жаза әлі де тым жеңіл секілді.

Ж.ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

 


ЕМХАНАДА СЕНДЕЛІП, КЕТКЕНДЕЙМІЗ ЕЛ КЕЗІП?!. PDF Print Email
Жаңалықтар - Тіршілік тіні
16.08.2018 12:28

Қызылорда  облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасының  назарына

Басың ауырып, балтырың сыздағанда алдымен Аллаға, сонан соң дәрігердің емі, білік-парасатына жүгінетінімізді несіне жасырамыз?! Сондай-ақ, ел ішінде жиі айтылатын «Дә­рігердің шипасы – ауған түйе­нің жүгін басқанмен тең» деген теңеудің өзі осынау ақ желеңді жандардың орны қаншалық екенін аңғартады. Соған орай, біздің елімізде медицина саласына, қызметкерлерге жасалатын жағдайлар да (жалақы, т.б.) бөтен емес. Алсын, еңбегі.

Десе де, жұртшылық ара­сында осынау адам өміріндегі, кез келген қоғамдағы басты сала есептелетін медицина қызме­тіне бағышталған өкпе-реніш­тің естіліп қалатынын да айта кетсек. Журналист ретінде маған келген хат авторлары жазған қынжылыс Қазалы ауданындағы орталық  емхана  қызме­тіне  бағышталыпты.  Әрі мұн­дай әңгіме көпшілік арасында бұған дейін де айтылып жүрге­нін ескерген абзал. Кө­ңілде күмән қалмасы үшін оқырман хатын қаз-қалпында назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Рамазан Нұрым өзі­нің ойын «Жылдағы кезекті сандалыс. Медициналық тексерілу. Бір есіктен екінші есікке кірген ештеңе емес, екі қаланың ортасында жүріп, сау адамды ауру қылады. Қазалы қаласынан қан тапсырасың, 3 сағат кезек күтіп, Әйтеке би кентіндегі емханаға келсең, «обед» деп отырады. (Екі аралық – 10 шақырым). Түстен кейін қа­ныңның нәтижесіне қайта бара­сың Қазалыға. Не керек, сандалыстың көкесі. Біресе «33-ке  бар», оған барсаң, «34-ке бар», ал 34-кабинетке барсаң, «врач жоқ, түстен кейін кел» дейді, сөйтіп түстен кейін 34-ке келсең, ол 33-ке сілтейді, оған қайтадан барсаң, «14-ке» сілтейді, айналып келіп бұ­рын­ғы 33-імнен «бір жапырақ» қағазымды алдым-ау. «Ауыш емес, дені дұрыс» деген. Бұлар дені  сауды осылай ауыш қылады ма дедім. Ер адам мен әйел адамды «-ов» пен «-ова»-дан ажырататынын рентгеннен көрдім. Менің тегімде «ов» жоқ. Олар «ов»-ты қосып қо­йыпты. «Неге?» деп сұрасам, «ер мен әйелді ажырату үшін» деп қояды. Мен «Ау, Рамазан деген­ қыз болмайды ғой?!» деймін...» деген сарында жеткізіпті.

Ал Аяулым Қабылова қа­рындасымыз болса, «Емхана жайында мәселе жақсы қоз­ғалыпты. Ауылдық жерлерден келгендер қатты қиналамыз. Медосмотр десе арнайы 2-3 күнді арнап барамыз. Аяғы ауыр әйелдерге мүлдем қиын. Жолдың түрі анау. Анда-мында­ сандалтып қоятынын қайтер­сіз. Айта берсең, көп. Таңғы 7:00-ден бастап кезекте отырасың. Кенеттен сенің кезегіңе қарамай адамдар кіріп жатады. Сөйтсең іштегі дәрігердің таныс­-тамыр, дос-жараны. Біз секілділер отыра береміз» деп ренішін білдірген.

Әр жұмыстың өзіне тән заңды­лығы, қағидасы болатыны белгілі. Алайда бар жағдай халықтың ахуалын жақсартуға бағытталғанын да қаперде сақтасақ. «Қоғамның басты байлығы – адам». Олай болса, сол байлықтың қайнар бұлағы көпшіліктің өтінішіне құлақ асу – ат арқасындағы азаматтардың міндеті. Ендеше, бұл мәселеге құзырлы орындар қандай уәж қайтарар екен?! Жауабын  күтеміз.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазақстан  Журналистер Одағы  сыйлығының  лауреаты,

Қазалы  ауданы

 


АЯҚСУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
16.08.2018 12:26

2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына тасталатын судың көлемі 600 м3-тан 200 м3-қа дейін азаятындығы ескертілді.

Осы орайда, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ауданымызда су тапшылығы сезіле бастап, ауылшаруашылық дақылдары мен Әйтеке би кенті мен елді мекендердегі іргелік жерлерді суармалы дақылдарға аяқсу жіберу қиындықтар туғызды.

Осы суармалы егістік пен жасыл өскіндерді судан қалдырмау мақсатында ауылшаруашылық басшылары мен су тұтынушыларының қатысуымен аудан әкім­дігінде шұғыл жиын ұйымдастырылып, Оң жаға мен Сол жаға арналар­ынан ішкі канал­дарға кезекп­ен су тастау жөнінде келі­сіліп, су деңгейіне қарай аяқсу беру тапсырылды. Бұл мәселе тұр­ғын­дарға кеңінен ақпараттан­дырылып, түсіністікпен қарау жөнінде  ұсыныс  айтылды.

Бүгінде Әйтеке би кентінің 43 көшесі аяқсумен қамтылса, оның ішінде 12 көшеге су өз аяғымен беріле­ді. Қалған 31 көше су айдайтын насостар арқылы тұтынады. Оның ішінде Сырым батыр көше­сіне аяқсу «Ақарық» каналы арқылы өз аяғымен барады. Ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап «Ақарық»  каналына  су жіберіліп, өз  аяғымен  баратын кент көшеле­ріне  су  берілді.

Әйтеке би кентінде 189 көше­нің 56 көшесіне жалпы ұзындығы 51,4 шақырым болатын түнгі жа­рық­шам­дар  орнатылып, 12 дана КТПН  трансформатор  қондыр­ғысы қо­йылған­. Жарықшамдар негізі­нен әлеуметтік-мәдени, тұр­мыстық, қызмет көрсету мекемелері мен мектеп, балабақша  нысандары  бар көшелерге  орналастырылған.

Ал, кенттің кейбір аймақтары мен қалған бөліктерін түнгі жарықша­мдармен  қамтамасыз  ету үшін жоба-сметалық құжаттары әзір­ле­ніп, бюджеттік  комиссияға  ұсыныс енгізілді. Оның ішінде Сырым батыр­ көшесіне түнгі жарық шамдар­ орнату үшін де жоба дайындалған. Бөлінген қаржы көлеміне қарай тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен іске  асырылатын  болады.

Аудан орталығында жалпы ұзындығы 138,5 шақырым құ­райтын 189 көшенің 42 көшесі (53,4 км) ас­фал­ьт қабатты, 92 кө­шеге (57,8 км)  қиыршық  тас  қа­баты төселген, қалған бөлігі то­пырақ  қабатты.

Соңғы 5 жылда Әйтеке би кентінд­е  барлығы 1,1 млрд  теңге­ге 78 шақырым жол жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың жалғасы іспеттес биылғы жылға кенттің көшелерін жөндеуге 120,0 млн теңге бөлініп, оған 3 көшеге (Жете­с би, Қарасақал Ерімбет, Мағзаман әулие) жөндеу жұмыс­тары жүр­гі­зілуде. 2015 жылы Сырым­ батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп, қиыршық  тас  қабаты  төселген.

Сонымен қатар, Әйтеке би кен­тінің 55 көшесін жөндеуге жоба-сметалық құжаттары әзір­леніп, қаржыландыру мақсатын­да­ республикалық, облыстық бюд­жетт­ерге  ұсынылды. Жоба құны – 2,1 млрд теңге. Бұл жобада­ Сырым­ батыр көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары  енгі­зілген.

Ғ.ТЕМІРБАЕВ,

Қазалы  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы

 


ҚЫЛМЫС ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
16.08.2018 12:19

Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан 5 есе қуатты көрінеді. Сондықтан оған қарсы күрес жүргізу – өте өзекті мәселе. Өзектілігі сонша, тіпті, жыл сайын арнайы республиканың мықты деген мамандары мен техникалары жұмылдырылып, «Дельта-Сырдария» бөлінісі құрылып келеді. Бірақ айтарлықтай нәтиже болмай тұр.

Шамасы есірткі бизнесімен айналысатындарға ешнәрсе тосқауыл емес секілді. Өскелең ұрпақтың әдетіне, ертеңгі болашақ ұрпақтың күнкөріс көзіне айналып кетуінен сескенген қала әкімі Н.Нәлібаев кезекті комиссия отырысын осы мәселеге арнады.

Басқосуда есеп берген ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ермек Искаков ағымдағы жылдың 7 айында облысымызда есірткі қылмысының 132 дерегі анықталып, 1334 түп сора өсімдігі жойылғанын айтты. Сондай-ақ, былтырғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 13 есірткі өсімдігін егу дерегі анықталған болса, биыл бұл көрсеткіштің 21-ге жеткенін де жасырмады. «Дельта-Сырдария» уақытша бөлінісінің биыл да жүзеге асқанын, 3 жедел іздестіру және  6 мобильдік топтың құрылғанын айтып өтті. Алайда оңай олжа тапқысы келетіндерге бұл кедергі келтірмеген секілді.

– Неліктен өсім қалыптасып жатыр. Сонда екінің бірі бұл бизнеспен айналысып жүре берсе, не болмақ? - деп сұрады қала әкімі.

Өз кезегінде ОІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ермек Искаков биыл тіркелген есірткі өсімдігін егу деректерінің ең көбі саяжайларда орын алғанын, тек біреуі ғана қалада тіркелгенін айтып ақталғандай болды. Яғни, көбіне адамы аз әрі бақылау 24 сағат бойы үздіксіз жүрмейтін жерлерде есірткі өсімдігінің өсірілетінін жеткізді. Сонымен қатар, Шиелі және Сырдария ауданы әкімдіктерінің ұсыныспен шығып, өңірлеріндегі мәселелерді шешуде көмектескендерін жасырмады. Осыдан кейін Н.Мәшбекұлы, әсіресе, кент және ауылдық округ әкімдеріне саяжайларда тұратын кісілердің үйлерін аралап шығуды тапсырды. «Ауыл әкімі бар, саяжайдың басшысы бар, барлығың бірігіп, тұрғындардың не өсіріп жатқанын анықтаңдар» деп қадап айтты.

– Жаймен айтып түсіндіресіздер ме не болмаса мал санын көбейттіңіздер ме деп сұрағандай боласыздар ма, тексеріңіздер! Басқармада 13 қызметкер бар. Оның бәріне осыны артып қоюға болмайды. Егістік алқаптарын анықтау қиындық тудырып жатса, ұсыныспен шығыңыздар. Мен қолдау көрсетемін, көмектесеміз. Қажет болатын болса тікұшақ, дрон береміз. Ұсыныспен шықпайсыздар өздеріңіз. Ал мына жерде сұрақ туындап қалса, соған жауап іздеп шығасыздар! Алдын алуға неге жұмыс жасамайсыздар! Кейбіреулеріңіз осы жиналыста қандай мәселе көтерілетінін, не айтатындарыңызды келерде бір-ақ білген шығарсыздар! - деп ашуланды.

Мұнан кейін Н.Нәлібаев күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталды. Бұл қалада өршіп тұрған құқықбұзушылықтар еді. Шаһар басшысы облыс бойынша тіркелген құқықбұзушылықтардың 67,4 пайызының қалаға тиесілі екендігіне алаңдаулы. Тіпті, 2017 жылы 11 стационарлық бекет салынып, 49 жаңа көлік алынса да, қылмыс санын азайта алмай отырған қалалық жергілікті полиция қызметін сынға алды. Әсіресе, ауыр дене жарақатын салу дерегі 55 пайызға, алаяқтықтың 4,7 пайызға артқандығын алға тартып, тиісті сала басшысынан жұмыстың неге жүйесіз екендігін сұрады.

– Ауыр дене жарақатын салғандардың барлығы дерлік мас күйінде болған. Оның ішінде 14-і  түнде, қалған  3-еуі күндіз тіркеліп отыр. Нәтижесінде, түнгі уақытта спирттік ішімдік сатуға болмаса да, саудасын жүргізген 160 дүкеннің иесіне айыппұл салынды, - деп жауап берді қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ермекбай Құдайбергенов.

Комиссия отырысында мал ұрлығы да сөз болды. Ермекбай Қасқырбайұлы пада жүйесін қолға алған Қызылжарма ауылын үлгі ете келе, өзге де ауылдарға осыны ұйымдастырудың тиімділігін айтып өтті. Өйткені, көбіне төрт түліктер жайылымдық жерлерден жоқ боп кететін көрінеді. Н.Мәшбекұлы да паданың пайдасына тоқтала келе, «жайылымдық жерлерден жоғалған малдарға мал иесі кінәлі, қызметкерлер тікелей қорадан қолды болған жануарларға ғана жауапты» деп қадап айтты. Сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдеріне пада ұйымдастыру қажеттігін ескертті. Мұнан бөлек жол-көлік оқиғасының да сейілмей келе жатқанын сөз етті. Жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға өсіпті. Одан қалды, солардың ішінде ең көбі қоғамдық көліктерге тиесілі екен. Нәтижесінде 965 қоғамдық көлік иесіне 1 млн  807 мың теңге айыппұл салыныпты. Алайда қаншалықты айыппұл салынса да, оны өндіру жағы төмен екен. Сондықтан «бір рет жол ережесін бұзған қоғамдық көлікті рейстен шығару керек» деп тапсырма берді қала әкімі. Ал жалпы жыл басынан бері 38 мыңнан аса құқықбұзушылық тіркеліп, 245 млн теңгенің үстінде айыппұл салынған.

Жиын соңында Н.Нәлібаев қылмыс саны өсіп кеткен Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Ақжарма ауылдарының әкімдерін орындарынан тұрғызып, тапсырма берді. Біз берілген тапсырмалардың бәрін «назарларына алған» әкімдер келесі жиында тағы тұрмаса игі еді деп тіледік. «Балапанды күзде санайтыны» сияқты жұмыстарының жемісін кезекті басқосуда көретін боламыз. Халқының қамын ойлаған әкімдер мен тиісті сала басшылары өздеріне жасалынған жағдайды пайдалана отырып, аталған мәселелерді шешуде аянбай еңбек етеді деп үміттенейік.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


ШОТЛАНДИЯЛЫҚТАРДЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
16.08.2018 12:15

Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаз қатысып, 3000-ға жуық қойылым көрсетілді.

Облыстық театр қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” лиро-эпостық драмасының желісі бойынш­а сахналанған “Ақбаян” спектаклімен фестивальдің көркін қыздырды. Облыс мерейін ғана емес, ел абыройын асқақтатқан ұжымның жетістігін үлкен еңбекке балауға болады. Айта кетейік, театр 63 жылдық маусымында бес мемлекетке гастрольдік сапармен барып, қазақ өнерінің мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етіп қайтқан­  еді.

Сыр театры ұсынған “Ақбаян” спектаклін қойған режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер­і  Хұсейн  Әмір-Темір.

Көркемдеген суретші – Нұркен Қалымбетов.

Артистер – Ақбаян рөлінде – Зарина Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы – Санат Жүзбай, Қодар – Қанат Архабаев және Қарабай рөлінде – Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты­ Бақытбек Темірбеков, Сарыбай – Сырым Әбдіразақов, Мақпал – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайрат­кері төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова және Күнекей рөлінде – Ақтолқын Төлеуова.

Р.СӘРСЕНҰЛЫ

 


 

Өнерді  тілсіз  де түсінуге  болады

Ол жақтан алған әсеріміз өте керемет!­ Тіпті, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шотландияның табиғаты, мәдениеті, адамдармен қарым-қатынасы, бәрі-бәрі ерекше. Ал, жалпы өнеріне келер болсақ, біздің театрына барып, спектакль тамашалайтындай уақытымыз болған жоқ. Бірақ, сол қойылым қойған жердің бір бөлмесіне  1-2 жасқа дейінгі балаларды жинап, музыкалық аспаптармен сүйемелдеу арқылы ертегісін айтып, құстардың, аңдардың дауыстарын салады екен. Біздікі секілді қуыршағы болмайды. Ата-аналары да соны бірге тыңдайды. Біз мысалы балабақшаларға барып қойылымдар қоямыз. Ал, олар оған дейін де бала бойына театрдың таңғажайыбын сіңіреді. Өз басым осы тәрбиеге ерекше тәнті болдым. Сосын мектеп жасындағы балалардың біздің қойылымды қазақ тілінде қойып жатқанымызға қарамастан, тып-тыныш отырып әрі сүйсініп тамашалады. Болған соң бізге келіп, ыстық лебіздерін білдіріп жатты. Дәл ол жерде ешкім оларға аударма жасап беріп отырды деп айта алмаймын. Әрине, “Ақбаянның” ағылшын тіліне аударылған нұсқасы берілді. Десе де, бұл өнер ғой, жүрекпен ұғынса, тілсіз де түсіне беруге болады.

Осы өнердің арқасында ел көрдік, жер көрдік. Басқа өнер иелерімен танысып, жүздестік. Бұл – біз үшін бақыт! Ал, мұндай бақытқа қол жеткізген әуелі Алла және өнеріміз болса, екінші облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының ықпалы, театр басшысы Мұхит Сұлтанұлының өнерге деген құрметі деп білемін. Жалпы айтқанда, өнерді қолдайтын, құрметтейтін өнер жанашырларына алғыс айтқым келеді.

Залипа  ТӨЛЕПОВА,

Мәдениет  қайраткері, театр  артисі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары