Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 03 Қыркүйек 2018

Үнемделген 4 млн 949 мың теңге немесе Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерді «жосықсыздықтан» қалай құтқарып қалды? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.09.2018 11:31

Кәсіпкерлер палатасының заңгері Салават Құлмахан сотта кәсіпкердің мүддесін білдіріп қатысып, нәтижесінде кәсіпкер 4 млн 949 мың теңге қаржысын үнемдеп қалды және ең бастысы мемлекеттік сатып алуда «жосықсыздықтан» құтқарылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында облыстық құрылыс, архитектура және қалақұрылысы басқармасы тарапынан «Мұнай құрылыс» көпсалалы құрылыс фирмасы» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алуда жосықсыз қатысушы деп тану, сондай-ақ жұмыстарды толық аяқтамады деген желеумен 5 110 560 теңге айыппұл төлету туралы талабы қаралды.

2017 жылы «Мұнай құрылыс» компаниясы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, «Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында спорт кешенінің құрылысын салу» лотын ұтып алады. Жоба құны - 189 млн. 280 мың теңге. Орындау мерзімі - 2018 жылдың 13 шілдесі.

Кәсіпкер жұмыстардың негізгі бөлігін бітіріп, тек 9 464 005,7 теңгенің құрылыс жұмыстарын объективті себептерге байланысты уақытылы тапсыра алмаған.

Бірінші себеп, ауа райының қолайсыздығы. «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметі бойынша 2018 жылдың наурыз, сәуір айлары жауын-шашынды болған. Бұл жағдай құрылыс жұмыстарын жүргізуде айтарлықтай кедергі болған. Себебі спорт кешенінің конструкцияларын жинау барысында технология сақталу қажет, яғни метал құрылымдары қылдан, кірден, майдан, тот пен ылғалдан, мұздан және қардан таза болуы қажет. Осы технологиялық процестерді сақтау үшін кәсіпкер тарапынан сметалық жобада көрсетілген жұмыстар талапқа сай атқарылған.

Екінші себеп, Ақжарма ауылдық округінде электр желілері, электр бағаналары мен трансформаторларды толық ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты күніне 3-4 сағатқа дейін электрэнергиясын беру тоқтатылған. Бұл жағдай да құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізген.

Сотта облыстық құрылыс басқармасы тұрақсыздық айыбын жалпы сомадан алып есептеп, 5 110 560 теңгені өндіруді талап етеді. Палата заңгері барлық жұмыстардың дер кезінде бітіріліп, 2018 жылдың 5 маусымына дейін 179 815 994 теңге қаржы аударылғандығын, кәсіпкер тарапынан тек 9 464 005 теңгенің міндеттемелері 17 күнге кешіктіріліп тапсырылғандығын, тұрақсыздық айыбын осы сомаға және сол мерзімге есептегенде 160 888 теңгені құрайтынын дәлелдеп шықты.

Қос тараптың уәждерін тыңдаған сот облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының талап арызын ішінара қанағаттандырады. Нақты айтқанда, кәсіпкерге 160 888 теңге тұрақсыздық айыппұлын және 4827 теңге мемлекеттік бажды төлеуді міндеттеп, басқарманың кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабын қанағаттандырусыз қалдырады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙ-ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.09.2018 09:18

Аймақтың жер қойнауын пайдаланушылармен кездесуде мұнай экспортының үлесін арттыру, газ өндіру және жаңа кен орындарын игеру мәселелері талқыланды.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің аймаққа жасаған іссапарында саланы дамыту бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 2017 жылға қарағанда 600 мың тоннаға азайып, 6,2 млн тоннаны құрайды, яғни 7,5%-ға төмендейді. Сонымен қатар, өңірдегі мұнай компаниялары ішкі нарықта өндірілген мұнайдың 80%-ын өндіреді, мұнда бір барреліне 30 АҚШ доллары, ал экспорт бағасы 70 АҚШ долларын құрайды. Мәселен, 2018 жылдың 6 айында «ҚОР» ҰК» АҚ мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнайдың жалпы көлемінің 30%-ын және «Қазгермұнай» БК ЖШС 6%-ды экспорттады.

Талқыланған мәселелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі бір ай ішінде аймақтың мұнай компанияларының кем дегенде 50%-дық үлесін қолдану мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, облыс әкімі алдын ала барлау деректері бойынша 50-70 миллиард текше метр газдың артуы туралы болжам бар екенін атап өтті.

«Мұндай жағдайларда «өсім» нүктелерінің бірі және өңірдегі мұнай өндірісінің өтемақысы газ өндірісін кеңейту болып табылады. Дегенмен, бір ұлттық операторға төмен бағамен газ сатудың қолданыстағы схемасы өндіріс шығындарын да қамтымайды», - деді аймақ басшысы.

Бұл ретте, облыстың жер қойнауын пайдаланушылар газды турбиналық қондырғыларда айдап немесе оны күйдіруді жалғастыруда, яғни қалай да газ өндірісінің көлемін қысқартады.

«Газ өндіру үшін экономикалық ынталандыру қажет. Осыған байланысты, біздің ұсынысымызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ бірлесіп бір ай мерзімде дайын газ өнімдерін бөлу қағидаттарына өзгерістер енгізуге, атап айтқанда, жобаға қатысатын газ өндіруші компанияларға сыртқы нарыққа шығарылатын газдың 50%-ын өз күшімен және ұлттық операторға қолданыстағы шарттарға сай міндетті 50%-ын сату жүктеледі», - деді Қ.Көшербаев.

Мұнай экспортының үлесін ұлғайту және газ бағасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өңірдегі мұнай-газ компанияларына кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Өз кезегінде алынған түсімдер жаңа кен орындарын барлауға және бұрғылауға, жаңа технологияларды енгізуге бағытталуы тиіс. Осылайша, жаңа кен орындарын іздестірудің перспективалық бағыттары ретінде Арал, Сырдария және Шу-Сарысу бассейндерін атауға болады.

«Арал теңізінің Өзбекстан тарапына қарайтын аумағы белсенді түрде зерттеліп жатқанын ескеріп, қазақстандық тараптан да зерттеу жүргізілудің қажеттілігі туындап тұр. Қазіргі таңда Қызылорда облысындағы мұнай кен орындары құлдырап, мұнай бұрғылау 1,5-2 мың метр тереңдікте жүргізілуде», -деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысында МЖӘ принциптеріне негізделген бір параметрлік ұңғымаларды бұрғылау жүргізуді ұсынды. Аймақ басшысы өз сөзінде әкімшілік тарапынан жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстарын ілгерілетуде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директорыЗияш Қияқбаев және аймақтағы мұнай компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.09.2018 14:46

Сандық технологияларды нарықтық стандарттарға сәйкес дамыту мақсатында Қызылорда облысында арнайы мемлекеттік орган – цифрлық технологиялар басқармасы құрылды, сонымен қатар облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аппарат мәжілісінде хабарлады.

Кездесуді ашқан облыс әкімі соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өңір экономикасының барлық салаларында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Соңғы жылдары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар экономиканың барлық салаларында қарқынды дамуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын, цифрландыру және жобалық басқаруды арттыру мәселелері мемлекеттік басқару саласындағы басым бағыттардың біріне айналды. Сондықтан, оның қалыптасуы мен одан әрі дамуы заманауи нарықтық стандартқа сәйкес болуы үшін өз алдына дербес мемлекеттік орган болып табылатын Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасын құрдық. Сонымен қатар, облысымызда цифрландыру жұмыстарының тиімді жүруін үйлестіру мақсатында облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымын енгізу жөнінде шешім қабылданды»,- деді аймақ басшысы.

Цифрландыру жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі қызметіне Ақмарал Әлменова тағайындалды.

Әлменова Ақмарал Байжанқызы 1989 жылы туылған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер», Новосибирск мемлекетік ұлттық зерттеу университетінің магистратурасын «Информатика және есептеу техникасы», сондай-ақ Қазан федералдық университетінің аспирантурасын «Есептеу машиналары, кешендері мен компьютерлік жүйелерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Татарстан Республикасы Ғылым академиясының кіші ғылыми қызметкері лауазымында қызмет атқарып келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары