Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 04 Қыркүйек 2018

Қуаңшылықтан шығынсыз шыққан Шиелі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.09.2018 17:17

Биыл облыста бұрын-соңды болмаған су тапшылығы орын алып, шаруалардың тірлігі біраз шатқаяқтағаны рас. Бұл қуаңшылық аграрлы аудандарға оңайға соқпайтыны түсінікті. Аталған қиындықтармен шиелілік диқандар қалай күресті? Осы және өзге де мәселелер жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы баяндап берді.

Осыдан үш жыл бұрын аталмыш өңірде үрлемелі су тоспасы салынған-ды. Кешегі тапшылықта диқандар соның арқасында ғана егіннің шығымдылығын сақтап қалған. Сондай-ақ, Сырдария өзенінен тек қажетті мөлшерде ғана суды алып отырған, 56 гектардай күріш алқабына зақым келіпті.

– Ауданда 2018 жылдың 7 айында 3,9 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға артты. Бүгінде өңірде 201 майда қожалықтар мен 311 дара кәсіпкерлердің бірігуімен 37 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Сонымен қатар айналымнан шығып қалған 3700 гектар жайылымдық жер егістік алқабына ауыстырылды, - деді аудан әкімі.

Бүгінде ауданның жылдық бюджеті 15 млрд 180 млн теңгені құрап отыр. Ал өнеркәсіп орындары 2018 жылдың 7 айында 13 млрд 401 млн теңгенің өнімін өндірген. Қазіргі күні өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасымен жалпы құны 97,2 млрд теңгенің 2 жобасы іске асырылуда. Атап айтқанда, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд теңгені құрайды. Жылына 1 млн тоннадан аса тампонажды цемент шығаратын зауыт желтоқсан айында өз жұмысын бастамақ. Екіншісі – «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Аталмыш кәсіпорын бірінші жартыжылдықта 259,5 млн теңге тұратын 58,4 тонна метованадат аммониясын Ұлыбританияға экспортқа шығарған. Аталған кен орнын «Қара тақтасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес жыл аяғына дейін 2,5 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланған.

Брифинг барысында Әшім Оразбекұлы сметалық құны 5 млрд 511 млн теңгені құрайтын 150 орындық аурухана құрылысы жүріп жатқандығын айтты. Бұйырса, аталмыш нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.

Шиеліде бұған дейін теміржол өткелін салуға байланысты бірнеше рет мәселе көтерілген. Әшім Оразбекұлы оның жобасы дайын екендігін жеткізді. Жоба құны – 651 млн теңге. Егер тиісті министрлік мақұлдаса, келесі жылы көпір салу басты жоспарда тұр. Осыдан біршама уақыт бұрын әлеуметтік желіде Жанназар батыр ауылына баратын «Бозарық» каналын кәсіпкерлер шлюз арқылы бітеп, өз мақсаттарына пайдаланғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын.

– Осы мәселеден кейін ауылға барып, елмен тілдестік. Менің негізгі мақсатым – тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету. Соңғы екі жыл қатарынан «Бозарық» және «Нәнсай» каналдарын тазалағанбыз. Дегенмен, каналдар дариядағы су деңгейіне тікелей байланысты. Егер дарияның суы түсіп кетсе, каналға су бармайды. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан кейін шлюздер ашылды. Және бұған жол берген ауыл әкімі сөгіс алды, - деді Ә.Оразбекұлы.

Жалпы, Шиеліде онға жуық ауыл әкімдері және бірнеше бөлімдерде ауыс-түйістер орын алған-ды. (Және 1 ауыл әкімі парамен ұсталған. – Қ.Ж.) Осы тағайындаулар кезінде көпшіліктің көңілін аударғандары да бар.

«Халық» газеті:

Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген Исабек Байкенжеевтің аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне келуін қалай түсіндіресіз? Инженерлік іспен айналысатын маман мәдениет саласын қалай алға сүйрейді?

Әшім Оразбекұлы:

Исабек Байкенжеев тау-кен инженері және экономика мамандығын бітірген. Шыны керек, ауданда мәдениет саласы бойынша мамандар аз. Біз педагог мамандарды іздедік. Дегенмен, ол мамандар бекітілген ережелерге сәйкес келмейді. Ал экономист мамандарға басшылық жасауға рұқсат бар екен. Мен де осы мәселеге байланысты облыстық мәдениет басқармасындағылармен сөйлестім. Негізі бұл «орын» үш айдай бос тұрды. Жалпы, Исабек Байкенжеев экономикалық білімі болғандықтан ғана осы бөлімге басшылық қызметке келді.

Шиелі топырағы – 41 Социалистік Еңбек Ері, 10 ғасыр адамының 5-еуі шыққан өңір. Даңғайыр диқан Ыбырай Жахаевтың туған жері. Шиеліліктер алдағы «Алтын күз» мерекесін абыроймен өткізуді жоспарлап отыр.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.09.2018 17:11

Сыр тұнған Сыр топырағы үшін биыл тарихтың бетіне жаңа деректер қосылған жыл болды. Қаланың 200 жылдығы ғана емес, Сырдария, Қармақшы аудандарының құрылғанына 90 жыл толды. Бүрсігүні тарихы әріден тарқатылып, тамыры бүгінге жеткен, жүз шайырдың кіндігі кесілген қасиетті Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы есеп берді.

Жалпы, Қармақшы ауданы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде серпінді дамып келеді. Тың бастамалар мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп, әлеуметтік-экономикалық дамуда қарқынды өзгеріс жасап келе жатқанының куәсі – аудан халқы. Мұндағы жұрттың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Далалық жердегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативке айналдыру ауыл шаруашылығының өз деңгейінде дамуына жол ашады. Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал басының барлық түрлерінде өсім байқалып отыр.

Қай сала болмасын, дамудың тетігіне айналған өзегі болады. Ал біздің облыстағы дамудың жаңғыл жолы деп кәсіпктерлікті айтуға болады. Аймақ басшысының өзі 2018-2020 жылдарды «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» деп жариялады. Бұл бағыттың өрісін кеңейту үшін салық базасының ұлғаюын, жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруын қамтамасыз ету керек. Өйткені жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін қашанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал азаматтарды жұмыспен қамтудың көзі – кәсіпкерлік.

- Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің даму динамикасы жаман емес. Аудан бойынша 2498 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 33 жобаға грант тағайындалған. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында – 22, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 69, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 54, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС арқылы 15 жоба несиелендірілді, - деді аудан әкімі С.Ысқақұлы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Облысқа қарасты аудандарда кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл жолы да халық көп шоғырланған елді мекендерді газбен жабдықтау үшін «Бейнеу – Бозой - Шымкент» магистралды газ құбырына қосу жұмыстары жалғасын табуда. Қармақшы тұрғындарының да табиғи газдың игілігін көруіне көп уақыт қалған жоқ. Республикалық және жергілікті бюджеттен жеткілікті деңгейде қаржы бөлінгенінің нәтижесінде жоғары қысымды газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бір автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталып тұр. Аудан экономикасының әлеуметтің әлеуетін көтеретін маңызды жобалардың қатарындағы бұл жұмыстың тыңғылықты аяқталарына сенім мол.

Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудың І бағыты бойынша ағымдағы жылға қайта даярлау курсына 33728 млн теңге қаржы қаралған. Бағдарламаның ІІ, ІІІ бағыттары бойынша да нәтижелі жұмыс істеліп, тұрғындар кәсіпкерлікке бет бұрып, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Ал инновациялық жетістіктердің дені білім саласымен тығыз байланысты. Бұл бағытта аудан бойынша 32 білім беру ұйымы мен 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Жыл басынан бері ауданның 700-ден астам педагогі білімін арттырған.

- Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бітірушілері өз білімдерін дәлелдеді. Биылғы 652 түлектің 310-ы жоғары оқу орнының грантын иеленді. Жалпы мектеп бітірушілердің 99 пайызы еліміздегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарына оқуға түсті, - деді аудан басшысы.

Брифинг барысында бұдан өзге, денсаулық, мәдениет, спорт, коммуналдық саладағы жұмыстардың жай-жапсары айтылды. Ал ауданның негізгі бағыты саналатын ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық берілген. Шілденің аптап ыстық күндерінде Сырдария, Жалағаш секілді Қармақшы ауданында да егін алқабына келетін аяқсу мәселесі күрделілік танытқанмен, үш ауданның әкімдері бір ымыраға келу арқылы сусыз қалу тығырығынан шыға білді. Алдағы уақытта егінге орақ түсетін науқан басталады. Күзгі егін жинау жұмыстарына 116 трактор, 80 комбайн, 84 жатка, 62 жүк көлігі, 94 трактор тіркемесі дайын, жанар-жағармай мәселесі де шешімін тапқан. Дала қостары мен астық қырмандары да толығымен жасақталған. Десек те биылғы орақ маусымы ауа райының құбылмалылығына байланысты сәл кешеуілдеуде.

Н.ҚАЗИ

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары