Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018

Аңыздардан үзінді PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
06.09.2018 11:58

Құдықта жатқан ҚҰЛАНға,

Шағуға келген жылан да.

Құлағына құрбақа,

Үйір болған бұл аңға...

***

Қартайып қалған ҚЫРАНға,

Қарақұс, қарға, ұлар да,

Шоқып оны жан-жақтан,

Шошытпақ болған бұлар да...

***

ЖОЛБАРЫСқа жаралы,

Қарақұс көктен қарады.

Саңғып кетіп үстіне,

Жақпақ болған қараны...

***

Осындайда жай аң да,

Құрт, құмырсқа, шаян да...

Жабылады жұтынып,

Қарап қалмай қай аң да...

Көреген  КЕМЕҢГЕРҰЛЫ

 


САТИРАМЕН СЫРЛАСУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
06.09.2018 11:50

Осы  ақындар  жазған  өлеңімен сырласады деп  естиміз. Муза дей ме, әйтеуір бірдеңесі бар. Емшілер де ата-бабасының рухымен тілдеседі. Маған бір ой келді. Сатирамен оңаша сыр шертіп, ішімдегі  жан дүниемді ақтарып, шынайы сезіммен  сөйлесуге  бел будым. Демалыс күні кеш бата есіктің алдына шығып аспанға қарап айқайладым.

- Оо, Сатира, қайдасың? Сатира деймін, жауап берші. Мен бұл өмірде сенсіз өзіңді жалғыз сезінемін. Бірдеңе жазар болсам біреулер жатып алып ренжиді. Не істеймін? Сатира, маған көмек берші. Мен жетіммін. Жалғызбын... Сатира, мені естіп тұрсың ба?

Сәлден кейін дыбыс естілді.

- Не болып қалды?

- Сатирамысың?

- Иә.

- О, Тәңірім саған мың алғыс! Сенімен үйдің артында сырласамын деп ойладым ба? Сатира, шынымды айтсам мен саған студент кезімнен бері  ғашықпын.

- Рас  айтып  тұрсың  ба?

- Әрине, саған деген ыстық сезімім әлі күнге дейін суыған емес. Бұрқырап қайнап тұр. Осы уақытқа  дейін  сенімен  тілдесем  деп  ойламадым. Өйткені, сенбедім. Не деген құдірет? Мен саған енді сенемін, Сатира!

- Мына айтқандарың қызық болды-ау.

- Сізге қызық болса, маған сізбен тілдесу арман ғой. Тап қазір төбем көкке сәл жетпей тұр. Әттең, сенің қасыңа барып, сатираны бұрқыра­тып  жазсам  ғой.

- Не  жазам  дейсіз?

- Сатира, сен туралы жаза бергім келеді. Бірақ, жазған сайын басшыларым ренжіп, жақтырмай қалады.

- Жындысың  ба? Неменге жазасың? Ұят емес пе?

- Қалай жазбаймын? Сатира, мен саған өлер­дей ғашықпын. Түсінші, бір күн қолыма қалам алмасам ауырып, мына дүниеге сыймай кетемін.

- Біреу-міреу естіп қалмасын.

- Естігені жақсы, әйтпесе мына жұрт маған сенбейді. Шіркін-ай, тап осы кездесуімізді бүкіл әлем білсе ғой. Дәрежем өсер еді. Хит боламын.

- Не айтып кеттіңіз? Ыңғайсыз ғой.

- О,Сатира саған деген махаббатым одан сайын ашылып, балқып барамын, - дей беріп едім, басымнан біреу темір шелекпен бір қойды. Екі көзім жарқ етті. Дем арасында Сатираға деген сезімдерімді жоғалтып алдым. Әйелім екен.

- Қайыршы, не айтып тұрсың?

- Шаруаң болмасын, мен Сатирамен тілдесіп жатырмын. Сен оны үркітіп жібердің ғой.

- Қайдағы Сатира? Сен манадан бері көршінің әйелі Қатирамен әңгімені бөсіп тұрсың ғой.

- Қатира!..

- Иә.

- Қой, мүмкін емес, ол – Сатира.

- Атаңның басы Сатира, - деп, түйенің жарты етіндей әйелім желкемнен қысып алып үйге қарай лақтырды. - Міне, саған Сатира, - деп, басымнан тағы бір рет шелекпен сарт еткізді.

-Ее, Сатира, сені жазсам үкіметтен, оңаша тілдессем қатынымнан таяқ жеймін...

Нұрлыбек   ЖҰБАТҚАН,

ҚР  Мәдениет  қайраткері,

Ақтөбе  қаласы

 


ЖАУАП (Әзіл әңгіме) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
06.09.2018 11:46

Үйленіп азамат қатарына қосыла бастаған шағымда – табиғаттың жаратылысы ма, әлде жүре пайда болатын таланттың құдіреті ме, әйтеуір бір дүлей күш тыным бермей тыпыршытқаны бар. “Қой, бұл жүрісім бола қоймас. Көзін ашпақ “бұла бұлақты” бітеп тастап обал жасармын. Ерік берейін, айдауына көнейін – мүмкін ел зәру –  шипалы сусын “менде жатқан болар тұншығып”, – деген пиғылмен, тұқымда жоқ кәсіптің тұтқа­сына  жармасқаным  бар.

Бірер айда бірнеше “бірде­ме” жазып тастаған болдым. Жазғандарымды жай жатқыз­бай, тиесілі деген жеріне жө­нелтіп те жібердім.

Алғаш жауап алғандағы қуанышымды көрсең! Балаша балбыраған сиқыма қарап, үйдегі кісі әңгімелерім баспа жүзінде жарияланған екен деп қалыпты.

Әрі нұсқа, әрі қысқа, сал­мақты да салиқалы жазылған жауапты күніне пәлен мәрте қайталап, онда көрсетілген кемшілікті келесі жазар дүниемде қайталамауға серт беріп, серттесіп  жүргенімде:

“Құрметті Тәлек! Сіздің бізге жіберген материалыңыз­ды алдық. Талабыңыз қуанта­ды. Көркем шығармаға ең қа­жеттісі – тіл. Айтар ойдың ай­қын болып, оқушы қауым кө­кейінен шыға білгені абзал. Әлі де шеберлігіңізді шыңдай түсі­ңіз. Сәлеммен, әдебиет бөлімі­нің  меңгерушісі  Ж.Шарт­баев”, - деп жазылған екінші хат та келіп жетті.

Қанша салыстырсам да екі хаттан еш өзгеріс болмай, ең аяғы мәні бір болғанмен, берілу сәні бөлек сөз кездестіре алма­ғаным қызық болды. Екі әңгі­мем бір мезгілде, бір деммен жазыл­ғандықтан – бойында кеткен кемшілігі де бірдей бо­лып, соның кесірінен сұрауы­на орай, жауабы да егіздің сыңары бола қалған ғой деп, көңілге кірбің жуытпағанымыз  бар.

Хатта  көрсетілген  кемшілікті бойтұмардай бойда ұстап, тағы да бірнеше “бірнәрселер” жазып, сиясын кептірген бойда үйрен­шікті жерге жөнелтейін.

Көп кешікпеді, тағы да жауап алдым. Сол баяғы жауап... ой­пыр-ай-ей, құрығанда сөз өзге­ріп, сөйлем ауысып та кетпейді екен. Тек хаттың жазылған күні, айы, жылы өзгеше болғанына шүкіршілік  еттім.

Не керек, әр жазған дүниеме із суытпай сол баяғы басында келген мазмұн-мәннен бір өзгер­мей хат келе берген соң, шаршап барып, жазуды тоқтаттым...

***

Қарап жатпадық, қалай болар екен деген бір қитұрқы ойдың жетегімен «қылмысқа» барып, әлгі сабазға – кезінде одақтық жүлдені жеңіп алған аға жазушы­мыздың бір әңгімесін өз қолтаң­баммен көшіріп алып, жібере қойдым. Оған да: “Құрметті Тәлек! Сіздің бізге жіберген материалыңызды алдық. Тала­быңыз қуантады. Көркем шығар­маға ең қажеттісі – тіл. Айтар ойдың айқын болып, оқушы қауым көкейінен шыға білгені абзал. Әлі де шеберлігіңізді шыңдай түсіңіз. Сәлеммен, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ж.Шартбаев”, - деген жауап алған соң біз де “Құрметті Ж.Шартбаев” деп бастап, өтініш хат  жазғанымыз  бар.

“Құрметті Ж.Шартбаев! Сізге өкпем қара қазандай. “Тіреп  тұрғаның  болса, тастап жібер”, - деуіңіз  әбден  мүмкін, бірақ ондай іске бара қояр көзсізіңіз біз емес. Үмітім зор, талабым таудай еді, қайтейін, бәрі де құрдымға құйылып, суша сіңіп жоқ болды емес пе. Мүмкін дер шағымда, алдыңғы әңгімемнен бастап шын ние­тіңізбен ағалық ақылыңыз­ды айтқанда, бәлкім, ендігі жазуға төселіп, бұрқыратпас па едім мен де ел құсап... не сол мезет: “Сіздің мынауыңыздан бола­шақ бұрауыңызды байқап тұрмын. Әдебиет – ардың ісі, осыңыз алғашқыңыз да, соң­ғыңыз да болсын, айтар ақы­лым осы”, - десең, бөтегең түсер ме еді.

Хатымды о баста сыпайы сізден бастап едім, енді міне, тілім де тиіп, тықыршып отыр­мын. Адам  жанына батқан соң айтады  екен...

Анау сіздің инкубатордың балапанындай көшірме хатта­рыңыз менде сақ­таулы, алда-жалда керек боп жатса ай­ты­ңыз, салып жібе­ремін, өзі бар болғаны он шақ­ты ғана...

Қазіргі белгілі қаламге­рі­міздің бәйгеде жүлде алған әңгімесін өз атымнан өзіңізге жолдаған әбес қылығыма кеші­рім өтіне­мін. Бар шығар­маңа бір-бірінен айнымайтын жауап келіп жатса, әй, сіз де сөйтер едіңіз-ау! Бұл жағдайды елге айтып,  дүрліктірмей-ақ екеу­ара қалдыра  қоялық...

Әлі де болса жазғанда­рым­ды жолдасам деген үміттемін. Сондықтан да сөз соңында өзіңізге  айтар  өтінішім – соған адал көңілмен, шын ниетіңізбен пікір білдіріп, ақыл  айтсаңыз.

Сәлеммен, алыс ауылдағы көп авторларыңыздың бірі – Тәлек”.

Көп кешікпей-ақ бұл хаты­ма да жауап алдым:

“Құрметті Тәлек! Сіздің бізге жіберген материа­лыңыз­ды алдық. Талабыңыз қуанта­ды. Көркем шығармаға ең қажеттісі – тіл. Айтар ойдың айқын болып, оқушы қауым көкейінен шыға білгені абзал. Әлі де шеберлігіңізді шыңдай түсіңіз. Сәлеммен, әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Ж.Шартбаев”.

Берік  САДЫР,

Астана

 


СЫР ҚАЗАҚТАРЫ АҚМЕШІТ ҚАМАЛЫНЫҢ БЕКТЕРІНЕ АЛЫМ-САЛЫҚ ТӨЛЕП ТҰРҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
06.09.2018 11:22

Ақмешіттегі атақты адамдар Датқа Палуанов, Төребай және басқал­ардан жазып алған төмендегі деректерім жергілікті қазақтардың Ақмешіт бектерінің тарапынан қандай алым, төлем, салықтарға түскенін көрсетеді:

1. Қазақтар Ақмешітке қыстау­ға келген кезінде бек олардан жасауы­лдары арқылы зекет жинайды:­ 20-40, 100 қойдан бір қой алады; ол үшін жасауылдар ауылға келіп қойларды өздері санап,­  сосын  зекетін  алады.

2. Осыдан 10 күн өткен соң бек жасауылдары арқылы сол қазақтардың  ауылының  мал қорасынан, мейлі  ауыл 15, 10, 6, тіпті 3 үй болсын, екі қойдан алады, бұл салық қора-башым (қора бас сайын дегені болар. - С.Ж.) деп аталып, бек әр ауылдың қорасынан мал жинайды.

3. Қазақтар нау­рыз түскен соң, 10 немесе 16 наурызда Ақ­мешіттің түбінен кө­ше бастаған кезде бек ке­тіп бара жат­қан әрбір үйден бір қойдан таңдап алып қалады, бұл салықты түтін басы деп атайды. 1853 жылы бектің жіберген жаса­уылдары 3500 қойды таңдап  алды.

Ақмешіт  бегі  Жақыпбек

Кейбір құрметті билер, мысалы, Жаппас руы­ның Қарагөз тармағынан Байқасын Самыратов, Қалқаман тармағынан Данеки Тоқтағұлов, Сумұрыннан Қыс­таубай Бурабаев, сұлтан Бабалы Мәтиев, Керейт руының Мамай тарма­ғынан Аманжол Қыстаубаев, Тоғым Ақханов және Алтын руынан Мұсылманқұл Наушин, Мүсіреп Құлов, Кішкенбай Мәжіғұлов өздері де, оларға қарасты 40-50 үйден тұратын ауылдары да жоғарыда аталған үш салықтан бекке ештеңе төлемейді. Бірақ оның орнына Ақмешітке қыстауға көшіп келген кез­дерінде бекке тоғыз нәр­седен тұратын сыйлық немесе тарту жасайды: ең басты сыйлық – бір өр­кешті түйе, нар немесе қос өркешті түйе, жарау ат немесе екі ат, екі мата шыт пен кірпіш шәй, үш немесе төрт пәміл (шығарушының аты-жөні жазылған (фамильный) шәй. - С. Ж.). Осы атал­ған  ордалықтардан Ба­ба­лы­ сұлтанның тарту сыйлығы: 4 түйе, 5 ат, 9 мата шыт және 9 бас қант, соның есесіне оған туыс келетін төрт, бес, жеті үйлерден  тұратын  4 ауы­лы және өзі зекетті де, басқа салықты да төлемейді. Бұл сұлтандардың ішіндегі ең мықтылары – Сарыбай Мәмбетәлиев, Жанәлі Мәмбетәлиев, бұлар – Әбілқайыр  ханның  тұқымдары.

4. Жоғарыда айтылған үш салықты төлейтіндерді қысты күні бек өзіне шақырып алып, әрбір қорадан 8 қой, оның біреуі ірі, жетеуі­ тоқты жинайды; бұл төлемді ол «менің салығым, менің жеке өзіме төлейтінің» дейді. Салық жинау кезінде «мен мұның бар­лы­ғын ханға жіберу үшін жинап жатыр­мын, себебі мен шығынға батып қалдым, қарызбын т.с.с.» деп жариялайды. Бұл қойларды  Ташкенттің бай көпес­те­рі  келіп, қолма-қол ақшаға сатып­ алады. Наурыздың қарсаңында, қазақ­тардың біздің жаққа шекараға көшерінің алдында  билерді­ шақырып алып оларға: «Сендер кетіп бара жатырсыңдар, біз жаздай осында маса мен сонаға таланы­п қаламыз, сондықтан бізге сауын қалдырыңдар» деп 500, кейд­е одан да көп мал қалдыруды  бұйы­ра­ды. Бұл салықтардың барлығы қыста Ақме­шіт­тің түбінде қыстайтын, жазда біз жаққа  жай­лау­ға көшетін Кіші жүздің Жаппас, Керейт және Алтын руларының қазақтарынан алынады. Нау­рыз түсіп, жылы күндер бастал­ғанда қазақтар көшуге­ дайындала бастайды, ол үшін алды­н ала бек барлық билерді шақырып алып, көшуге рұқсат беремі­н деп, осы жағдайға байланысты сойыс мал беруді талап етеді; билер­ әр қорадан тағы төрт қойдан береді. Мұн­дай қысымшылықты көріп отыр­ған жоғарыда аталған рудың қазақтарына бұл жаққа қыс кезінде көшіп келудің қажеті жоқ сияқты, бірақ олар мәжбүрліктен осылай жасайды, себебі терістік жақта қыстау­лар жоқ, шөбі де жоқ; жазды­ шөбі шұрайлы, жайылымы мол шекара жақта өткізіп, қысқа шөп дайындауды ойламайды, қыста малға жайлы Ақмешіттің түбіндегі Сырдың жағасында өткізіп, малын қыстан аман-есен алып шығады, қойлары  семіреді.

Ақмешіттің түбінде тұрақты мекендейтін егіншілерден келесі салықтар  жиналады:

1. Наурыз түсіп қыстауға келген қазақтар Ақмешіттен көше бас­таған кезде бек әрбір егіншінің үйінен түтін басы деп бір қойдан жинайды.

2. Мұндағы егіншілер рулық жағынан төртке бөлінеді: Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз және Қожалар.  Олардан жыл сайын 16 бұзаулы сиырдан жинайды. Бұқарбай бастаған Шөмішті-Табындар және басқалар бар кезде бек жыл сайын 32 сиыр алатын, Табындар өткен жылы көшіп кеткен­діктен, сиырлардың саны 16-ға  азайды.

3. Ораза айы келген кезде бек сойысқа деп жоғарыда аталған рулард­ан ораза кезіндегі дастар­қан үшін 100-ден, барлығы 400 қой жинайды.

4. Әуелі арпа, сосын бидай піскен кезде егінші оған орақ салуғ­а рұқсат сұрайды; бек бата-аяқ, яғни рұқсат дұғасы үшін аталған­ рулардан 20 қойдан алады. Астық­ты жинап болған соң, Ақмешітте­н келген жасауылдар оларды санап үшке бөледі: бір бөлігін бек үшін алады, оны харрадж деп атайды. Бек сонымен бірге, егіншіден  хатшыларым үшін деп өз алдына бөлек калямчим-кепесним деп атына жем үшін дән күйінде тағы алады. Тары піскен кезде бек әрбір үйден сары керсен, яғни әр үйден бір пұттан тары, соныме­н бірге аталған  әр  рудан 10  қойдан  алады.

Астық жинау біткен соң бектің қазақтардан салық жинау қыз­метімен айналысатын дуанбасы өзі үшін шаң басты салығын, яғни жинау-теру жұмыстарының аяқ­талғаны үшін әр рудан 4 қойдан жинайды.

Шөп шабу науқаны басталғанда, бек жоғарыда аталған руларға 60 мың бау қамыс пен ши салық салады; қазақ егіншілері бұл бау­ларды өз есебінен қыстауға көшіп келеті­н қазақтардың түйесімен жалдап алып келеді. Барлық шөп қа­малдың гарнизонына тараты­лады.

Жыңғылдан дайындалған отын шенеуніктер үшін, сексеуілдің отыны жай әскерге деп қамалға егінш­ілер өздері тасып жеткізеді, сонымен  бірге  сексеуілдің  көмі­рін  де  апарып  береді. Сондай-ақ, егін­шілер әр рудан 8-10 пұт сары май және балықтың желімі, т.б. жинайды.­

Қаратау жақтан Ақмешіттің түбіне көшіп келіп жатқан Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары аз; олар тамызда келіп, көктемде көк шыққа­н кезде  қайтып  кетеді. Олар да Ақмешіттің түбіне уақытша  келетін Кіші жүздің қазақтары сияқты  аталған  алым-салықтарды­  төлейді; бірақ  егіншілікпен  айна­лысатын Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтарының саны Кіші жүздің қазақтарымен салыстырғанда әжептәуір көп.

«Тілмәш  Іскендір  Батыршиннің В.А.Перовскийдің Ақмешітке  1853 жылы  жасаған жорығы кезіндегі­  қысқаша  күнделігінен».

С.ЖҮСІП

 


ТӨРТТІКТЕН ТОҒЫЗДЫҚҚА ДЕЙІН... PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
06.09.2018 10:58

XVIII Азия ойын­дары Қазақстан үшін сәтсіз өтті деуге әбден болады. Себебі, біздің спортшылар  тарихтағы ең төмен нәтижені көр­сетті. Бұған дейін Қазақстан әрдайым Азия мемлекет­терінің үздік бестігіне ілініп жүрген. Алайда биылғы Азиадада қоржынымызға түс­кен  алтын (15) мен күміс (17) медальдарының саны аз болып отыр. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен жаңартты. Осылайша, жалпы есепте Қазақстан бар болғаны 9-орынға жайғасты. Азия ойындары жаңалықтарын газетіміздің әр санында үзбей жариялап отырдық. Жарысқа қатысқан сырбойылық спортшылар туралы да мәліметтер уақытында берілді. Азия ойындарында бір ғана қызылордалық спортшы елге медальмен қайтты. Байдарка және каноэде есуден сын­ға түскен жерлесіміз Мерей Медетов қола жүлдені иеленіп, облыс мерейін үстем етті. Ол каноэ-екілік сайысында 200 метр қа­шықтықта бағын сынады. М.Медетов – ҚР халықаралық дәре­жедегі спорт шебер­і, Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013), әлем кубо­гының күміс жүлдегері (2017), Азия чемпионы (2017). Жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мерейді жарысқ­а Мұхитдин Миербеков дайындады.

ҚР Мәдениет және спорт минист­рі Арыстанбек Мұхамеди­ұлы Facebook желісіндегі парақ­шасында «Достарым, Индонезияда аяқ­талған 2018 жылғы Азия ойын­дарына қатысқан Қазақстан Ұлттық құрамасын шебер ойын көрсетуімен құттықтай отырып, ризашылығымды білдіргім келеді» дей келе, «Қазақстан тарихында тұңғыш рет элиталық және классикалык болып саналатын сем­серлесу, байдарка және каноэмен жүзу, маутинбайк сынды спорттың еуропалық түрлерінен алтын медаль жеңіп алдық. Ойындарға енді ғана енгізген джиу-джитсудан 2 алтын иелендік. Бұл – үлкен жетістік, достарым!» деп қуанышын  жеткізді.

Төртжылдықты түйіндейтін Азия құрлығының ауқымды жарысы­ осылайша өз мәресіне жетті. Жарыстан медальсіз қайт­қан­ мем­леке­ттер де бар. Сирия  46 елдің ішінде жалғыз қоласымен 37-орын­ға тұрақтады. Мұнан жалғы­з қоланың да салмағын бай­қауға болаты­н шығар. Ал, 132 алтын, 92 күміс, 65 қола медальға (289) иелік еткен Қытай 1-орынға жайғас­ты. Екінші орында –   74 алтын­ алған Жапония, үздік үштікті 49 алтынымен  Корея  түйіндеді.

Рас, биылғы Азия ойындары туралы жағымсыз ақпараттар әуелден-ақ желдей ескен-ді. Сын-пікірлерді естіген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздің неліктен үздік бестікке кіре алмағанын түсіндіріп берді. Сылтау деуге келмейтін министрдің «орынды уәжін» арнайы жариялағанды жөн көрдік.

 


ТӨРТТІКТЕН ТОҒЫЗДЫҚҚА ДЕЙІН... PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
06.09.2018 10:58

XVIII Азия ойын­дары Қазақстан үшін сәтсіз өтті деуге әбден болады. Себебі, біздің спортшылар  тарихтағы ең төмен нәтижені көр­сетті. Бұған дейін Қазақстан әрдайым Азия мемлекет­терінің үздік бестігіне ілініп жүрген. Алайда биылғы Азиадада қоржынымызға түс­кен  алтын (15) мен күміс (17) медальдарының саны аз болып отыр. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен жаңартты. Осылайша, жалпы есепте Қазақстан бар болғаны 9-орынға жайғасты.

Азия ойындары жаңалықтарын газетіміздің әр санында үзбей жариялап отырдық. Жарысқа қатысқан сырбойылық спортшылар туралы да мәліметтер уақытында берілді. Азия ойындарында бір ғана қызылордалық спортшы елге медальмен қайтты. Байдарка және каноэде есуден сын­ға түскен жерлесіміз Мерей Медетов қола жүлдені иеленіп, облыс мерейін үстем етті. Ол каноэ-екілік сайысында 200 метр қа­шықтықта бағын сынады. М.Медетов – ҚР халықаралық дәре­жедегі спорт шебер­і, Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013), әлем кубо­гының күміс жүлдегері (2017), Азия чемпионы (2017). Жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мерейді жарысқ­а Мұхитдин Миербеков дайындады.

ҚР Мәдениет және спорт минист­рі Арыстанбек Мұхамеди­ұлы Facebook желісіндегі парақ­шасында «Достарым, Индонезияда аяқ­талған 2018 жылғы Азия ойын­дарына қатысқан Қазақстан Ұлттық құрамасын шебер ойын көрсетуімен құттықтай отырып, ризашылығымды білдіргім келеді» дей келе, «Қазақстан тарихында тұңғыш рет элиталық және классикалык болып саналатын сем­серлесу, байдарка және каноэмен жүзу, маутинбайк сынды спорттың еуропалық түрлерінен алтын медаль жеңіп алдық. Ойындарға енді ғана енгізген джиу-джитсудан 2 алтын иелендік. Бұл – үлкен жетістік, достарым!» деп қуанышын  жеткізді.

Төртжылдықты түйіндейтін Азия құрлығының ауқымды жарысы­ осылайша өз мәресіне жетті. Жарыстан медальсіз қайт­қан­ мем­леке­ттер де бар. Сирия  46 елдің ішінде жалғыз қоласымен 37-орын­ға тұрақтады. Мұнан жалғы­з қоланың да салмағын бай­қауға болаты­н шығар. Ал, 132 алтын, 92 күміс, 65 қола медальға (289) иелік еткен Қытай 1-орынға жайғас­ты. Екінші орында –   74 алтын­ алған Жапония, үздік үштікті 49 алтынымен  Корея  түйіндеді.

Рас, биылғы Азия ойындары туралы жағымсыз ақпараттар әуелден-ақ желдей ескен-ді. Сын-пікірлерді естіген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздің неліктен үздік бестікке кіре алмағанын түсіндіріп берді. Сылтау деуге келмейтін министрдің «орынды уәжін» арнайы жариялағанды жөн көрдік.

 


 

 

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

БІЗДІҢ  СПОРТШЫЛАР  БАРЫН  САЛДЫ

Өкінішке қарай, кейбір объективті, көбінесе субъективті себептер біздің құраманың медаль есебінде жоғарыр­ақ орын алуына мүмкіндік бермеді. Осы себеп­терді бірге саралап, нәтижесі бойынша келешекте жағдайды жөндеуге бағытталған шешім іздеп көрелік.

1. Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы 2008 және 2012 жылдардағы допинг жанжалынан кейін ойындар­ға қатыстырылмады, дисквалификация мерзімі биыл 19 қазанда аяқталады. Құрамамыз бізге 4 медаль әкелер­ еді. Әйелдер – 2 (Зүлфия Чиншанло, Жазира Жапарқұл), ерлер – 2 (Ниджат Рахимов, Денис Уланов). Илья Ильин­ қатысса, жағдай басқа болар еді.

2. Бокс құрамасының сапы өзгеріп жатыр. Біраз боксшы­ларымыз кәсіпқойлыққа ауысты. Геннадий Головк­иннің үлгісімен Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Әли Ахмедов, Жанқош  Тұраров, Мейірім Нұрсұлтанов, т.б. кәсіпқой  боксқа  ауысып, жетістіктерге жетіп жүр. Мен жігіттерді мақтан тұтамын. Азиадада 91 келі, 91+ келі салмақ дәрежесін жарыстан алып тастады, ал біздің боксшыларымыз дәл осы салмақта мықты екені мәлім. Василий Левит, Антон Пинчук сынды­ боксшылар сайыстан тыс қалды. Халықаралық олимпиада комите­ттерінде Қазақстан өкілі жоқ екенін айтпасқа болмас. Өкінішке қарай, біз осы кемшілікті жіберіп алғаны­мызды мойындай отырып, келешекте осы мәсел­е бойынша жұмыс істейтін боламыз. АІВА Халықарал­ық бокс федерациясы президенті міндетін уақытша атқарып жүр, сайлау 2018 жылдың қарашасында  болмақ.

3. Азия ойындарының бағдарламасынан бокстағы үш салмақ дәрежесінен басқа каратэден 1 салмақ дәрежесі­н алып тастады. Алдыңғы Азиадада біз алтын иеленген оқ және стенд ату түрінен командалық жарыстар­ кірмеді.

4. Сонымен қатар, жазғы Азия ойындарына өзгеше спорт түрлері енді, мысалы кураш – өзбектің дәстүрлі күресі, Өзбекстан құрамасы бұл спорт түрінен 5 алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, пенчак-силат (индонезиялық жауынгерлік сайыс өнері), джетскай (гидроциклмен жарысу), спорттық бридж (ХОК мақұлдаған карта ойыны), сепактактрау (волейбол, футбол, тіпті гимнастика аралас спорт түрі, 90-жылдары қосылған).

5. Теннис. 21 тамыз - 9 қыркүйек аралығында АҚШ-та Open US өтеді. Бұл – Үлкен дулыға төрт турнирінің бірі болып табылатын теннистен АҚШ ашық чемпионаты. Өкінішке қарай, турнир мен Азиада мерзімдері бір уақытқа түскендіктен, біз «жұлдызды құрам» – Михаил Кукушкинді, Юлия Путинцеваны, Зарина Диас­ты жіберуге шешім қабылдадық. Бұл сайыс теннисші­леріміз үшін мүддесі жоғары болғандықтан осы шешімге келдік.

Қорыта келе айтайын дегенім, біз болжамды түрде жалпыкомандалық есепте төртінші немесе бесінші орын алатын едік. Жазғы Азия ойындарында көшті Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея бастайтыны белгілі, Қазақстан үшін төртінші орын үздік жетістік болып есептеледі. Азиада өткен Индонезия да алдыңғы қатарға­ шықты. Олар тек ұлттық спорт түрлерінен ғана 14 алтын медаль жеңіп алды.

Жалпы медаль саны бойынша біз бесінші орын­дамыз, тек жоғарыда аталған жағдайлар алтын медаль көрсеткішін төмендетті. Әрине, тарих шартты райды жақтырмайды, бірақ есептеп көрсек, жағдай келесідей болар еді.

Егер жеңіп алған 15 алтын медальға ауыр атлетика қосылса, кемінде 4 медаль иеленіп, алтын 19 болар еді. Бокстан да біз 3 медаль жоспарлап едік, егер жағдай басқаша болғанда, бізде 22 алтын болар еді, теннисшілеріміз қатысса, олар да кемінде 3 алтын ұтып, қоржынымызға 25 алтын түсер еді. Мықты дзюдошымыз Елдос­ Сметов жарақат алмағанда, алтын саны 26 болар еді.

Достарым, біздің спортшылар барын салды, Министрлік пен Ұлттық Олимпиада комитеті өзінің қолынан келгеннің бәрін жасады. Кейбір шешімдерді, мысалы теннисшілерімізге қатысты, саналы түрде қабылдадық, кей жағдайларға – ауыр атлеттердің дисквалификациясына біз әсер ете алмадық, ал спортшылардың жарақатын алдын ала болжау тіптен мүмкін емес.

Қазақстан Ұлттық құрамасының нәтижелері бойынш­а осы қысқа сараптама кейбір сәттерді айқындап, түсінікті етеді деген үміттемін.

Біздің спортшылар – нағыз батырлар, олар қолынан келгеннің бәрін жасады, оларға алғысымыз шексіз. Біз спортшыларымызды мақтан тұтамыз және Ұлттық құрама еңбегін жоққа шығаруға жол бермейміз. Спорт майталмандарын алда талай жарыстар, ал елімізді жеңісте­р күтіп тұр! Жұмысымызды жалғастырып, енді Олимпиада ойындарына дайындаламыз, достарым.

 


МӘЛІКТІҢ МЕРЕЙЛІ МЕЗЕТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
06.09.2018 10:53

Ақтан батыр ауылының тұрғындары егіс егу, бағбандық кәсіпке ертеден машықтанған. Кеңес өкіметінің тұсында ХХІІ партсъезд атындағы кеңшар­  аталған елді мекеннің атағы күріш егіп, мол өнім алумен аймаққа танылды. Ұзақ Оралбаев басшылық жасаған сол кезеңдерде Жұмағали Өтепбергенов, Социалистік Еңбек Ері Әбуша Дінис­ламов, басқа да ел ағалары ауыл даңқын шығаруға сүбелі  үлес  қосты. Сүйсінерлігі, осындай ізгі үрдіс қазірде  жалғасын табуда.

Осындай еңбегімен ерекшеленіп, бағбандық пен ұсталық кәсіпті тел меңгерген ауыл азаматының бірі – Мәлік Махамбет есімді отағасы. Мәліктің шеберлігі, шаруасына пісенттілігі, кез келгеннің қолынан келе бермейтін бағбандығы көрші ауылдарға да жақсы мәлім. Мәліктің ауласына  бас сұққаннан бойыңыз сергіп, жансара­йыңыз­ жеңілденіп сала береді. Жасыл желегі жайқа­лған жеміс ағаштары, алуан гүлдер, жапырағын самал тербеген саялы талдар, түрлі өскіндер бәрі табылады. Мәуесі араныңды ашқан жүзімнің, алманың көптеген сорты, алмұрт, шие, өрікті көргенде өзіңізді табиғаты қытымыр Қазалыда емес, теңіз жағалауындағы шипажайда жүргендей сезінетініңз анық. Аула ішіндегі Мәліктің шебер саусақтарымен  жасалған  қалың  жүзім  шоғырымен  жабылған­  киіз үйдің пішіні еріксіз таңдай қақтырады. Аузыңның дәмін кіргізер, төбеңнен төніп тұрған шырыны тіл үйіретін жемістерді қолыңды созып үзіп алғанда ертегілер еліне еніп кеткендей күй кешесің­.

Махамбет әулеті – осы ауылдағы іргелі шаңырақтың  бірі. Мәліктің өзі Ресейдің Магнитогорск қаласында дүниеге келіпті. Қалайша дейсіз бе?!. Айтайын. Өткен ғасырдың орта шенінде Мәліктің әкесі Балтабек пен анасы Набат апамыз туыстарының шақыртуымен осы қалаға қоныс аударыпты. Кейін атақоныстарына көштерін қайта бұрғанға ұқсайды. Біздің кейіпкеріміз болса осы ауылдағы мектепті бітіріп, әскери борышын Түрікменстанда өтепті. Еңбек жолын бірқатар құрдастарындай күрішші болып бастаған Мәлік нарық буған тұста көп абыржыған жоқ. Әрине, қиналған шағы да кездес­ті. Десе де, Балтабектің ұлдары «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» қағидасын ұстанды. Қиындыққа жігер-күштерін қарсы қойды. Ең бастысы, ауызбіршілік таныта білді. Осылайша ағайын­дылар  ұжымдасып, Жайықбай  жазығынан күнде­лікті халық тұтынатын дақыл екті. «Талаптыға нұр жауаты­ны»  рас екен. Алғашқы жылы бақшадан көл-көсір өнім жинады. Өздерінің ішім-жемінен ауысқан сәбіз, картоп, жуаны сатып, қыруар пайда тапты. Осы сәттілік бірнеше жылға созылды. «Ер еңбегіне тойсынды» бекерге айтты деймісіз?!. Кейбір отбасылар нарықтың қатал заңынан зардап шеккенде Балтабектің балалары тарыққан жоқ. Телегей тер төккен адал еңбектері, жер жайын, диқаншы­лық кәсіпті терең меңгергеннің арқа­сында  ағайындылар  сынақта  сыр  бермеді.

Қазіргі таңда Мәлік Балтабекұлы балаларымен бірге жеміс-жидек, көкөніс егіп, өнімін өткізіп, ризықтарын табуда. «Жігітке жеті өнер де аз» демек­ші, шебер жігіт ағасы түрлі бұйымдар жасап, жалға беруді кәсіп көзіне айналдырған. Ел арасында Мәлік қолдан жасаған «горелка» аталатын бұйым­ға (ас-тойда тамақ пісіруге, сойылған малдың бас-сирағын үйітуге арналған таптырмайтын дүние), әсем жабдықталған баспана (палатка), қазан-ошақ, титан, жер үстелдер, киіз үйлерге сұраныс өте көп.

Мәлік Махамбеттің ауласында жайқала өсіп тұрған қызыл, көк, қара түсті жүзім, қара өрік, сары өрік, алмұрт, жергілікті шағын алма, көк апорт, сары апорт, шабдалы, шие, жидек ағаштары алыстан  жанарыңды арбайды. Оны айтасыз, Қазалыда көп кездесе бермейтін бірнеше түп грек жаңғағы ағашы үй егесінің нағыз майталман бағбан екенін айғақтайды. Айтпақшы, аулада қалың өскен сіпсе де (сыпырғыш буылады) бар. Мәліктің өзі болса, «негізі шаңсорғыш (пылесос) егуді жөн санаған едім. Таныстарым ауылдық жерге сыпырғыш қажет деген соң, сіпсе ектім» деп қалжыңдайды екен. Несі бар?! Талабы таудай азамат не десе де орынды!­

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы,

Ақтан  батыр  ауылы

 


ЖҰМАҚТАН ЖАЙ ТАПҚАЙСЫҢ ҒАЗИЗ ЖАРЫМ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
06.09.2018 10:45

Күн орнында, ай орнында дегенмен, баламасы жоқ қимасыңнан айырылу ауыр екен. Әулетіміздің алтын діңгегі Қалыбаева Патшайы Бірдемқызының бұл фәнимен қоштас­қанына 100 күн бедерін салды. Содан бері құтты қара шаңырағымыз естелік ордасына айналды. Жабырқау жүзімізді сағыныш самалы желпіп жұбатуда.

Есімі қандай ерекше болса, болмысы да соншалықты бипаз еді. Жарты ғасырлық жұ­байлық жолында отбасына  деген  өз  ұстанымынан айнымай, бар-жоққа, жақсы-жаманға байыппен қарап, әулеттің ынтымағы мен  бірлігін  сақтауға  бар ықыласымен  әрекет етті.

Ол ата-енеге қалтқысыз қызметтің оқшау үлгісін көрсетті. Әкеміз Ердіхалық ақсақалды 100 жасқа таяған­ша бабынан тайдырмады. Зейнегүл анамызды 90-ға иек артқанша мәпелеп ардақтады. Әулет айбаты мен құтын қадірлегені сондай, 45 жаста зейнеткерлікке­ шықты. Қызмет істей жүріп өмірге алты бала әкелді. Ата-ененің қамы үшін қаланың қақ ортасында түйе сауып, дастарқанынан шұбаты мен ірімшік-құртын үзбеді. Ұстаздық еңбек өтілін әулет аманатына адалдық­пен толықтырды. Сүйікті мамандығынан отбасы­лық мерейді жоғары қойды.

«Ерін ер қылатын да – әйел, жер қылатын да – әйел» дегендей, азаматының мерейін көтеруге, кештеу болса да қалаған мамандығы бойынша түсіп оқуға құлшындыруы керемет еді. Азаматының абыройы үшін қазақтың танымал тұлғалары мен ел жайсаңдарына дас­тарқанын жайып, батасын алды. Жанұялық жүкте­меден  ләззат  тапты. Ағайын-жекжат  ынтымағына  ден қойды.

Жайма-шуақ өмір сүрдік, еркелеп ықтайтын панамыз болды. Сөйткен Патшайы сірә да естен кетер ме?! Әлі де баяғыша жымиған күйі сана терезесінен қадағалап жүргендей сезінеміз. Дұғамызбен аялап, рухына мінәжатымызбен  тағзым етеміз. 100 күндік садақасы 9 қыркүйекте, сағат 12-де (молдасы 8 қыркүйекте отбасында) Арал қаласындағы «Ақ босаға» мейрамханасында берілетінін барша тілеулестерге хабардар етеміз.

Ақ көгершін секілді орамалы,

Ақ мақтадай үлпілдек алақаны.

Бар жанға жүрегінен жылу сыйлап,

Мейірім төгетұғын ғазиз жаны!

Ғайыптан қарсы алды ма абыздарым,

Бейнеңді жүрегімде құндақтадым.

Өмірдің тәттілігін бірге татқан,

Жұмақтан жай тапқайсың ғазиз жарым!

 

Ердіхалықовтар  әулеті

 


БОЙКҮЙЕЗДІК ПЕ, БІЛІКСІЗДІК ПЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
06.09.2018 10:10

– Бетперде бар ма?

– Ол не тағы да?

– Тұмау тиіп жүр еді, апа.

– Тұмау тисе антигриппин бар, бетперд­есі  несі?

– Апа-ау, маска ғой, маска!

– Е, сөйдеп түсінікті ғып айтпайсың ба?

Бұл өзіміздің сүйікті қаламыздағы шағын дәріханалардың бірінде болған жайт еді. Бір қарағанда көбімізге уәж емес нәрсе болып көрінеді. Мұндайда кейбіреулер «мелоч қой, осыны да проб­лема деп тұрсың ба?» деп кейістік білдіріп те жатады. Теңгенің тиыннан құралатынын, теңіздің тамшыдан тұратынын ескерсек, тіліміздің жоғалтқанын бүтіндеудегі мәселелерді үлкенді-кішілі деп бөлуге болмайды. «Тіл – ұлттың жаны, тілі жойылған ұлттың өзі де жойылады» деген кемеңгер А.Бай­тұрсыновтың салмақты сөзі санамызға қаншалықты әсер етіп жүр? Көшедегі безендірілуі көз сүйсінерлік кейбір жарнамалар мен сілтемелердегі қате­ліктерді көргенде «е, мына жерде қате кетіпті ғой» деп күбір етеміз де, артынша «компьютерден кеткен қате шығар» деп өзімізі жұбатқандай болып жөні­мізге кетеміз.

Қаламызға газ құбырлары жүргізі­ліп, табиғи байлығымыздың игілігін көріп қуанып жатырмыз. Қаланың әр жерінен сары түске боялған, үйді-үйге тартылған газды реттеп тұратын қон­дырғылар қалада көгілдір отынның жүргізілгенін айғақтап тұр. Кез келген осындай қондырғыларда газдың адам өміріне, қоршаған ортаға қауіптілігі жөнінде жазылған ескертпелерде орыс тілінде «огнеопасно» деп жазылса, қазақ тіліндегі «өртке қауіпті» деген ескертпені өз басым дұрыс түсінбедім. Мысалға, қойға қасқыр қауіпті, тыш­қанға мысық қауіпті, себебі, қасқыр қойды, мысық тышқанды жояды. Сонда­ жанып жатқан өртті жоятын газ болғаны ма? Меніңше, бұл жерде ескерт­пе «от қауіпті» немесе «өрт қаупі жоғары» деген ұғымдағы сөз­дермен ауыстырылғаны дұрыс. Сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман?

Шоқан  ТӨЛЕПОВ,

Арал  қаласы

 


БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.09.2018 19:50

Жиында тұрғын үй құрылысы, газдандыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту, жолдар мен тұрғын үйлерді  жөндеу, ұзақ мерзімді даму бағдарламасы аясында қала тұрғындарына  жайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Байқоңыр қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлері, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, Байқоңыр қаласы, Төретам мен Ақай елдімекендерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері, мемлекеттік органдардың және қаржы институттарының басшылары, «Роскосмос» және «ЦЭНКИ» мемлекеттік корпорациялары бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қармақшы ауданына іссапары барысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Байқоңыр қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарын, атап айтқанда, құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйлер, газдандырылған әлеуметтік нысандар, Қазақстан азаматтары үшін медициналық ұйымдар мен  демалыс орнының жұмысымен  танысты.

«Мемлекет басшыларының тапсырмасын орындау барысында ғарыш айлағын және Байқоңыр қаласының дамуын қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі «Бәйтерек» бірлескен зымыран кешенін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Байқоңырға үшінші елдің инвестициясын тарту мақсатында Қазақстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктері «Союз» ғарыш орталығын жаңғырту арқылы  №1 алаңда ғарыш зымыран кешенін құру мәселесін шешу үшін бірлескен жұмыс тобын құрды», - деді кездесуді ашқан аймақ басшысы.

«Байқоңырды дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін бекітілген Ұзақ мерзімді даму бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы, газдандыру, сумен жабдықтау және кәріз  жүйелерін жаңғырту,  жолдар мен тұрғын үйлерді жөндеу, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасау жобаларын жүзеге асырылуда. Бүгін біз жоспарларымыз қалай жүзеге асырылып жатқанын, үкіметаралық комиссияның алдағы кездесуінде қандай мәселелерді қарастыратынымызды талқылау үшін жиналдық », - деді облыс әкімі.

Байқоңырда ұзақ мерзімді бағдарламаны іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын, дегенмен, қала бюджеті барлық мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін жеткіліксіз екенін аймақ басшысы атап өтті. Ресей Федерациясына қарасты деген қаланың заңнамалық ерекше мәртебесі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бермейді.

«Байқоңыр Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі болмағандықтан, қаланың даму шығындары облыстық бюджеттің негізгі шығындарына кірмейді. Бұл мәселенің маңыздылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттен айрықша жағдайларда біз тұрғын үй құрылысын дамытуға, сондай-ақ, қаланың су және кәріз желілерін жаңғырту мен қайта құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қаржы бөлдік. Қаланы дамыту үшін республикалық бюджеттен қаражат та бір рет бөлінеді», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Байқоңырдың үздіксіз дамуы үшін тұрақты қаржыландыру қажет. Сол себепті, қаланы абаттандыруды қаржыландырудың  негізгі көздерін анықтау қажеттігін облыс басшысы атап өтті.

Осыған орай, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Қаржы, Ұлттық экономика, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен Байқоңыр қаласының дамуын қаржыландыру үшін бөлек бюджеттік бағдарлама құру және ҚР-ның бюджетіне әлеуметтік-экономикалық салада ғарыш айлағын жалға алу үшін жыл сайын Ресей Федерациясынан төленетін қаражаттың бөлігін Байқоңыр қаласының, Төретам мен Ақай елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бөліп беру мәселесі бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

«Төретам мен Ақайдың дамуын қамтамасыз ету арқылы біз Байқоңыр қаласын дамытамыз, себебі, келешекте бұл елді мекендер қаланың шағын аудандарына айналады», - деді аймақ басшысы.

Еске салайық, ағымдағы жылдың шілде айындағы іссапар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мамин Д.О. Рогозинмен  ресейлік және қазақстандық тараптардың қаланы дамытуды қаржыландыру мәселесін нақтылау қажеттігі туралы мәселені көтерген болатын

«Байқоңыр» ғарыш айлағында бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыру туралы Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Данбаев сөз сөйледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшылары Байқоңыр қаласын абаттандыру, оның тұрғындарын жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Еске салайық, бірлескен «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей жобасы 2022 жылы жүзеге асырылады, қазіргі таңда қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Байқоңыр кешенінде медицина туралы келісімге өзгертулер енгізу, жер учаскелерін бизнес-жобаларды іске асыру үшін жалға беру және Төретам және Ақай елдімекендерін дамыту мәселелері бойынша хаттамаларға қол қойылды. Айта кетейік, қала әкімшілігі «Роскосмос» корпорациясының қолдауымен қала аумағын абаттандыру, жолдарды жөндеу, тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстарын бастады. Өз кезегінде облыс әкімдігі Үкіметтің қолдауымен 5 көп пәтерлі үйдің құрылысын бастады, су құбыры мен кәріз жүйесін коммуналдық меншікке қабылдап, оларды жетілдіруге байланысты техника-экономикалық негіздемелерін дайындап, қазақстандық мектептер мен емханаларды көгілдір отынмен жабдықтады. Сондай-ақ, осыған дейін Байқоңырдағы 5 мектеп бітірушілері ҰБТ-ны тапсыруда қиындықтар орын алмауы үшін қазақстандық білім беру стандартына көшкен болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Қармақшы ауданының әкімдігіне облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, Төретам және Ақай елдімекендерін, нақтырақ айтсақ, инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысын дамытуға, жолдарды жөндеуге, электрмен жабдықтауға, газдандыруға т.б. дамыту шараларына арналған Жол картасын әзірлеуді тапсырды.  Сондай-ақ бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мен жобаларды іске асыруды қолдау жөніндегі шараларды қарастыру жүктелді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары