Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Жұма, 07 Қыркүйек 2018

Жабықтырған сананы, Майдакөлдегі «Тағзым алаңы» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.09.2018 17:49

Көрмейін десем, көзім бар...

«Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер". Қазақтың алып ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз айтпақшы, «Тағзым алаңы» өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік ұғымды сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін қасиетті орындардың бірі екені ешқандай дау туындатпасы анық. Оған қоса «өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас атады» деген қазақы ұстанымды жаттап өскен ұрпақпыз. Расында Тағзым алаңының өскелең өрендерге тигізер өнегесі көп. Ең бірінші ол – Отан үшін от кешкен аталарымыздың рухына тағзым етудің һәм оларға құрметтің нышаны. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған ұлтымызды рухани жаңғырту жолында да ескерткіш, кесенелермен бірге тағзым алаңдарының алатын орны ерекше. Соған орай, жер-жерде «Тағзым алаңы» бой көтеріп, ел құрмет тұтар орын деп есептелетіні әмбеге аян. Әрине, бұл өте құптарлық жайт. Алайда бес саусақтың бірдей еместігі сияқты, кейбір өзіміз көрген келеңсіз көріністер көңілге қаяу түсіргенін атап кетсек.

Сонымен, 5 қыркүйек күні Ақжона ауылдық округінің орталығы Майдакөл елді мекеніне іссапармен барған болатынбыз. Баруын бардық. Әкімдіктің маңайынан көзіміз шалған кей әріптері "скотчпен" жапсырылған "Тағзым алаңы" деген жазу бізге ерсі көрінді. Десе де, маңдайшаға қарап, ой қорытпайық деп саябақтың ішіне кіріп, көргіміз келді. Қақпасын аша беруіміз мұң екен "сені кім шақырды" дегендей жөндеу жұмыстарын жүргізгенде пайдаланатын ағаш тұғырдың (мұны ауыл арасында "ешек" деп атайды) жолымызда кесе-көлденеңінен жатқанын байқадық. Келушілерге арналып төселген тротуардың бойы қаулап, бейберекет өскен шөптен көрінбейді. Батыр ата-бабаларымыздың есімі қашалып жазылған тақтайшадағы жазулардың да оңып тұрғаны шамалы. Шеті сынған жазулар, алаңының қақ ортасында жайқала өскен арамшөп күтімі олқы екенін айтқызбай білдіреді. Ескерткіш алдындағы гүл Жеңіс күні мерекесі кезінде қойылған болуы керек, жұтаң тартып кетіпті. Мұны көргенде «Тағзым алаңы» тек 9 мамыр күні ғана қажет пе?» деген ой санамызға оралды. Бір-екі сырадан босаған бөтелкелер мұнда адам аяғы көп баса бермейтінін нұсқағандай. Көңіліміз орта түсіп, тілдесетін жауапты адамдарды іздедік.

«Тағзым алаңы» мен әкімдік ғимараты қатар орналасқан екен. Әкімдіктің алдындағы тақтайшаларға жапсырылған жарнама қағаздарына қарап, кәсіпкерлік нысаны шығар деп ойлап қалғанымызды да айта кетейік. Айтпақшы, осы маңайдағы жасанды спорт алаңы (газон) да тозып тұр. Қазынаның қаржысына салынған есіл дүниенің аңғал-саңғал, көріксіз кейпі қарныңды аштырады. Ал өзіміз тілдескендер әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылып тұрғанын, келесі келгенімізде мұндай мәселелердің болмайтындығын айтты. Ол да дұрыс шығар. Бірақ, ауыл орталығында дәл әкімдік ғимаратының жанында орналасқан нысандардың күтімін қарау соншалықты қиын шаруа ма?! «Тазалықтың табалдырықтан басталатынын» ұмытпайық! Әрбірден соң, бұл көрініс арқылы елді мекеннің тыныс-тіршілігіне жауапты ауыл әкімдігінің Отан үшін жанын пида еткен қаһарман аталарымызға деген құрметін байқауға болатын секілді...

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ,

Қазалы ауданы

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 75 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.09.2018 17:38

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 75 жобаның 29-ы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында мәлімдеді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Іссапар барысында олар Сыр өңіріндегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.

Денсаулық сақтау және білім беру саласының мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты мәселелеріне арналған отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен  мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өңірде 75 жоба жүзеге асырылуда. Басым бөлігі денсаулық сақтау саласы бойынша, яғни 75 жобаның 29-ы немесе 39 пайызы осы салаға тиесілі. Сондай-ақ, спорт, білім беру, цифрландыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жобалар да іске асуда», - деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, Қызылорда облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша еліміздегі бес үздік аймақтың бірі болып табылады және жүзеге асырылатын жобалар экономиканың барлық салаларын қамтиды. Мысалы, денсаулық сақтау саласында 29 жоба; Дене шынықтыру және спорт саласында 12 жоба; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 10 жоба; Білім беру саласында 8 жоба; Цифрландыру саласында 7 жоба; Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 5 жоба, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп және экология салаларында бір жобадан жүзеге асуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аймақта 18 МЖӘ келісімшарты жасалған. Оның ішінде 10 медициналық диспансер құрылысы, 4 спорттық-сауықтыру кешенін жалға беру және қызмет көрсету, Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 400 келушіге қызмет көрсете алатын  емхана ашу, Жалағаш ауданы Тан ауылдық округінде балабақша салу, Қызылорда қаласындағы № 101 орта мектепте арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кішігірім үй салу және қазандығын жаңғырту (газ жылыту жүйесіне көшіру) жұмыстары жүргізіледі.

Аймақ басшысы жобаларды іске асыру МЖӘ жобаларын тиімді жоспарлау туралы жалпы түсінік қалыптастыруды талап ететінін атап өтті.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін нақты инвесторлар қызығушылық танытқан жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ғана пайдалану керек. Өйткені, жобаларды іске асыру инвестор үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекет тарапынан оларға төленетін өтемақы мөлшерін барынша азайтуға, қажетсіз шығындарды жоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Шарада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев, №2 «Нұр-Шұғыла» жекеменшік балабақшасының бастығы  БибіайшаТөлегенова сөз сөйледі.

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова кездесуді қорытындылады.

Бірғаным Әйтімова: «Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған бірқатар балабақшалардың, нысандардың жұмысымен таныстық. Әріптестерімізбен бірге Қызылорда облысындағы бұл тәжірибені үздік үлгі ретінде республика бойынша енгізу керек деп ойлаймыз», - деді.

Жұмыс сапары барысында Сенат депутаттары МЖӘ аясында жұмыс істейтін облыс орталығындағы жекеменшік балабақшаларын аралап көреді. Аймақта шамамен 400 жекеменшік балабақша бар, атап айтқанда мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген мектепке дейінгі білім мекемелерінің жалпы санының 75 пайызын құрайды. Бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіш.

Сонымен қатар, депутаттар 400 орындық емхананың, Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің, Тарлан фитнес-орталығының жұмысымен танысады. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушыларымен, көпбалалы отбасыларымен кездесіп, Сырдария, Қармақшы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласының әлеуметтік-мәдени нысандарын аралайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары