Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 11 Қыркүйек 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ МЕН ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ АЗАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.09.2018 17:53

2018 жылдың 7 айында Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының саны 7 пайызға, жол-көлік апатынан зардап шеккендердің саны 9 пайызға азайды. Бұл туралы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығының алдын алу мен мал ұрлығымен күресу мәселелері қарастырылды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу шараларының маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе үнемі ведомствоаралық комиссияның бақылауында болады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 162 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 27 мыңнан астам адам қаза болып, 211 мыңнан астам адам жарақат алды.

«Ағымдағы жылдың 7 айында аймақта жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендердің саны 9 пайызға, жазатайым оқиғалардың саны 25 пайызға азайған. Дегенмен, жалпы оң динамикаға қарамастан, кейбір өңірлерде және елдімекендерде жазатайым оқиғалар саны артып отыр», - деді аймақ басшысы.

Осыған байланысты облыс әкімі жергілікті полиция қызметіне облыстың елдімекендеріндегі жазатайым оқиғалардың себептерін анықтап талдауды, жолды кесіп өту кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша визуалды және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, отырыста мал ұрлығының алдын алу және мал ұрлығымен күрес жөніндегі шаралар қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ғани Төлебаев баяндады. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 айы ішінде 297 ұрлық дерегі тіркелген (2017 жылы - 379), яғни өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 21,6%-ға төмендеді, ал қылмыстарды анықтау деңгейі 28,6-дан 47,6% -ға, яғни 19 пайызға дейін артты.

Аймақ басшысы атап өткендей, бұл мәселе алғаш рет 2015 жылдың басында комиссия отырысында қаралып, сол кезден бастап ұрлық саны жыл сайын төмендеуде (2014 жылы - 783, 2015 жылы - 848, 2016 жылы - 667, 2017 жылы - 615, 2018 жылдың 7 айы - 297). Дегенмен, қылмысқа қарсы күрес қарқынын төмендетуге болмайды, деп атап өтті облыс басшысы.

«Мал ұрлаудың негізгі себептері - малға қадағалаудың жетіспеушілігі, құжаттары тексерілмеген арзан ет нүктелерінің болуы және ет сататын сауда нүктелеріне бақылаудың жоқтығы. Мал жайылымына жұмыссыз ауыл тұрғындары тартылса, ұрлықтың алдын-алуға және қылмыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, Н.Бекежанов ауылдық округінде соңғы 3-4 жыл ішінде мал ұрлығы туралы бірде-бір дерек тіркелмеген», - деді Ғани Төлебаев.

Н.Бекежанов ауылдық округінің әкімі Файзулла Ержанов мал жайылымын тиімді ұйымдастыра білгені үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды, Ержановтың мал ұрлығына қарсы күрестегі тәжірибесі басқа елдімекендерде қолданылмақшы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.09.2018 15:32

Александр Зайчиков, Алмас Өтешов, Дәулет Ниязбеков және басқа да чемпиондар оқыған Жалаңтас Бахадүр атындағы Қызылорда облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша студенттер даярлайтын мектеп-интернат-колледж мәртебесі берілді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев оқу орнының жұмысымен танысып, ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«2001 жылы Қызылорда облысында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болып тұңғыш рет ашылған бүгінгі мектеп-интернат-колледждің тарихы терең. Талай қазақ баласы білім алып, ел игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Білім мен тәрбие беру жолында есімдері елге танымал, Әлем, Азия чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері түлеп шықты. Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов, еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков, дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының қатысушысы Ғалымжан Өсербаев, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының қатысушысы Қуаныш Рахатов сынды спортшыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Игі бастамаларыңызға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен жеңістер, педагогикалық ізденіс, жаңа серпін тілеймін!», - деді аймақ басшысы.

Мектеп-интернаттың 5 сыныбында 200 оқушы оқиды, ал колледжде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 20 студент білім алуда.

Биылғы жылы оқу орнында 8 ҚР спорт шебері, 38 спорт шеберлігіне  үміткер даярланып, ұлттық құраманың қатарына 31 оқушы өтті. 2017-2018 оқу жылында мектеп-интернат оқушылары  ҚР чемпионаттарында 132 медаль иеленді.Нұрдәулет Аманқосов пен Құндыз Жылқыбай Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ, мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР 9-шы жазғы спартакиадасында мектеп-интернат оқушылары 28 алтын,  14 күміс, 15 қола жүлде жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазан айында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына мектеп-интернат оқушылары Диас Бахрадин, Эльнура Нурланова байдарка және каноэден есу  бойынша, ал Ерасыл Ергенбай мен Есенгелді Сәпи ауыр атлетикадан қатысады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс спортшылары ҚР чемпионатында 1044 медаль (350 алтын, 321 күміс және 373 қола медаль), Азия және Әлем чемпионаттарында 80 медаль (30 алтын, 29 күміс, 21 қола) иеленді. Олардың қатарында 1 спортшы - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 40 спорт шебері, 878 спорт шебері кандидаты мен 1-ші дәрежелі спортшылар бар. Қазақстан Республикасының құрама командасына аймақтың 470 спортшысы қосылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары