Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖАҢАРУЫ ТАРИФКЕ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.09.2018 11:53

Соңғы 10-15 жыл бұрынғы уақыттары жарық өшсе, білтелі немесе балауызшаммен отырып ауқаттану, сабақ оқуды қалыпты жағдай деп қабылдайтынбыз. Ал қазір жарық жалп ете қалса, уақыт өткізбестен жауапты мекемеге хабарласамыз. Ақысын төлеп отырғанымызды ескертіп, электр  энергиясымен үздіксіз  қамтамасыз  етуін талап  етеміз. Өйткені тәуір, дайын  дүниеге  үйреніп қалдық. Бүгінде жарықшамның түр-түрі шықпаса, өшу дегенді ұмытқанымыз  рас. Өтірік айтпай-ақ қояйық, арасында  жарықтың сөну факторы  болатыны  рас, онда  да  жөндеу жұмыстары жүргізіліп  жатқанда ғана тұрғындар жарықтан уақытша  ажыратылады.

Дәл бүгіндері  қалада  осындай жағымды жаңалық  пен  жақсы  жұмыс  істеліп жатыр. Бұған ҚР ҰЭМ Табиғи моноплоияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «ҚЭТТК» АҚ-ның жөнделіп және жаңғыртудан өтіп жатқан электр энергетикалық нысандарын аралау барысында қанықтық.

Алғашқы нысан – Ғ.Мұратбаев пен Ф.Скатков көшелерінің қиылысында орналасқан №1 орталық тарату пункті.

- Қала көлемінде 35/10 электр желісін құрайтын 13 подстанция бар. Содан осы пунктке екі вольт келеді. Одан ары қарайғы вольттар тарай береді. Биыл қаладағы электр желілерін қайта құру және жаңғырту жұмыстарын жүргізуге ҚЭТТК мекемесі есебінен 215,9 млн теңге қаралды. Осы уақытқа дейін 200 млн теңгедей қаражат игерілді. Қалған қаржы қыркүйек айының аяғына дейін жоспарымен жұмсалады, - деді Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы АҚ-ның басқарма басшысы М.Кәрімбаев.

Қала тарихының қалыптасқанына екі ғасыр уақыт болды. Демек шаһарда тозығы жеткен немесе жарамсыз деп тануға жетеғабыл дүниелердің болуы – заңдылық. Өзге салаға қарағанда тұрғындар үшін газ, жылу, жарықтың орны ерекше. Өйткені заман ағымы адамды техникалық факторларға тәуелді етіп қойғанын мойындамасқа шара жоқ. Ал тозығы жеткен тауарлар сол тұрғындардың уақыты мен денсаулығын текке үгітіп жіберуі ықтимал. Осындай қауіп төндірудің алдында тұрған электр желілерінің бүгінде 72 пайызы тозып тұр. Бұл – қайта азайғаны. 80-90 пайыз тозығы жеткен ток сымдарымен де халыққа жарық таратқан кездер өткен. Сірә, жарық 2 сағат сайын жанып-өшіп тұратын кездер сол болса керек. Десек те жарамсыз деп есептеліп тұрған сымдар әзірше жоқ, болмайтын да шығар. Себебі, «2016-2020 жылдарға арналған кернеулігі 10/04 кВ электр желілеріне қайта құру және жаңғырту инвестициялық бағдарламасы» аясында шаһардағы «шатақ» сымдардың дені ауыстырылып жатыр. Жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты да белгілі, электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және жеткізіліп отырған электр энергиясының сапасын арттыру және нормативтік ысыраптарды азайту. Жоғарыда айтқан 215,9 млн теңгеге электр тарату пункттеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде бұл жұмыстардың нәтижесінде кернеулігі 0,4 кВ және одан жоғары әуе желілері мен ағымдағы жөндеу жұмыстары нәтижесінде трансформаторлық стансалардың 92-93 пайызының жағдайы жақсарған.

Екінші нысанда КБИ мөлтек ауданындағы жаңартылып жатқан электр желілерін қалай ауыстыратынының куәсі болдық. Көріп жүрген шығарсыздар, көшелердегі көп сымдар кір жаятын жіп секілді салбырап тұрады. Ал соңғы жөндеу жұмыстары бұл олқылықты баса назарға алса керек, бағана басында керіліп тұрған электр желілері өрмекшінің торындай тартылып тұр және сырты оқшауланған. Бұрынғы жалаң сымдардың барлығы осындай сырты оқшауланған сымдармен ауыстырылып, қауіпсіздікті сақтауға мол мүмкіндік туғызып отыр. Және бір-біріне тиіп, токтың қысқа тұйықталуына жол бермейді.

- Аталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында 2014 жылы «ҚЭТТК» АҚ мен ЕҚҚжДБ арасында 4,5 млрд теңгеге несиелік шарт жасасты, ал республикалық бюджет қайтарымсыз 600 млн теңге құйды. Мұның ішінде автоматтандырылған жарық есептегіш құралы да бар. Қазір ауыстырылып жатқан оқшауланған электр желісі Ресейден алынған. Жұмыстар сандық технологияға көшу барысында істеліп жатыр. Негізінде 239 шақырымды осылай ауыстыруды жоспарлағанбыз. Ал Еуразиялық қайта құру және даму банкінен алған несиемізді жабуға биыл 900 млн теңге жинақтаймыз деген жоспар бар, - деді М.Исмаилұлы.

Сондай-ақ, таяу болашақта үйіңіздің есігін қағып, жарық есептегіштің көрсеткішін жазып жүретін үй аралаушы мамандарды көрмейтін боласыз. Өйткені облыстың бас энергетигі тілге тиек еткен сандық технологияға көшу негізіндегі автоматтандырылған жарық есептегіш құрылғы енді қашықтан бақыланып отырады. Тұтынушылардың үй қабырғасындағы жапсырулы тұрған электр құрылғысы енді өзгереді. Ол үшін арнайы қаржы қарастырылуда, қалғаны модернизация арқылы жасалады. Сондықтан ол құрылғы жеке секторлардың барлығына тегін орнатылады. Ал бұл жұмыстардың ешқайсысы жарықтың құнын қымбаттатуға себеп емес. Тариф өз бағасында қалады. Ал пилоттық жобадағы жұмыстары «Наурыз» саяжайының 4000-нан астам тұтынушысының жарық есептегішінен басталады.

Баспасөз турындағы аралаған соңғы нысан – Қыдыров көшесінің бойындағы электр тарату пункті. Бұл жерге «Қызылордажылуэлектрорталығы» АҚ-дан №33, №34-інші екі электр желісі келеді. Ол 16 мың Квт-тық екі трансформатор арқылы 10 кВ құрылғы арқылы теміржолдан, «Ақмешіт», «Мерей», дарияның бойы, ІІІ ірілендірілген мөлтек ауданынан орталыққа дейінгі қала халқын электрмен қамтамасыз етіп отыр. Соңғы рет он жыл бұрын бюджет тарапынан бөлінген қаражат негізінде модернизациядан өткен. Бұл подстанцияның жағдайын салыстырмалы түрде жаңа деуге болады. Алдағы 20-30 жылдыққа дейін қалыпты жұмыс істейтін мүмкіндігі бар. Бүгінге дейін модернизациядан  6 подстанция өтті, әлі 7-8-інің ұсақ-түйек бөлшектерін ауыстыру қажет. Олар сонау 1960 жылдары салынғандықтан, ағымдағы жылы жобалау жұмыстары жасалып, алдағы уақытта бір шешімін табуға болады. Негізінде ең үлкен қондырғылар 25-30 жыл, күтіп, баптап ұстаса, 40-50 жылға дейін жұмыс істейді. Бүгінде қалада 40 жылдан асып тұрған трансформаторлар жоқ емес. ҚЖЭО-дағы 3 трансформатор бар, оның екеуі ауыстырылған, ал үшіншісіне 54 жыл толған. Бұл тозығы жетіп тұрған электр қондырғылары қала тұрғындарын кез келген уақытта жарықсыз қалдыруы мүмкін. Ал әрбірін ауыстыру үшін кем дегенде 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Мәселен, 2016 жылы Арал, Қазалы аудандарындағы 110 подстанцияның әрқайсысын ауыстыру үшін 1,3-1,4 млрд теңге қаржы жұмсалған. Бірақ ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары толық жаңарта алмайтыны түсінікті.

Айта кетейік, «2016-2020 жылдарға арналған кернеулігі 10/04 кВ электр желілеріне қайта құру және жаңғырту инвестициялық бағдарламасы облыс тұрғындарының электр энергиясын тұтынуының болжамды өсуіне сай келіп, жарықпен қамту сенімділігін арттырады. Кернеулігі 10/0,4 кВ әуе желілерінде қимасы үлкен сымдары мен техникалық ысыраптары төмен СИП-4 маркалы сымдарын қолдану және электр энергиясын коммерциялық есептеу автоматтандырылған жүйесін енгізу бірнеше жыл көлемінде толық өтелімділігімен экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2017-2020 жылдарға арналған иевестициялық бағдарламасын іске асыру барысында электр энергиясы ысыраптарының азаюы сағатына 36,3 млн квт деп күтіліп отыр. Жаңартудан өткен учаскелердің техникалық жағдайының жақсаруы, өткізу қабілетінің ұлғаюы – олардың реновациясының негізгі көзі. Осылайша аталмыш бағдарламаның аясында атқарылып жатқан жұмыстар 373,2 млн теңгеге ысыраптардың сатып алынуына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Ал электр желілерінің тозған бөлігі 9 пайызға азайып, тарату сапасы артады деп күтілуде.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


ТАБИҒИ ГАЗДАН АЖЫРАТЫЛҒАН КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР АЙДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2018 10:52

Қызылордадағы үш көпқабатты үйдің тұрғындары табиғи газдан ажыратылғандықтары туралы шағым білдірді. Мердігер-компания өкілдерінің айтуынша, үйлердегі табиғи газ заңсыз өткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Жібек жолы көшесіндегі 15 пәтерлік үш үйдің тұрғындары пәтерлеріне табиғи газ жүргізілгендігін хабарлады, бірақ көп ұзамай  бұл үйлерде газ беру тоқтатылған. Көгілдір отынды заңсыз кіргізгендіктері анықталды. Газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы Олжас Исмалаевтың айтуынша, компания қызметкері басшылықтың қолтаңбасы мен мөрін қолдан жасаған.

«Патсайы» ЖШС өкілінің айтуы бойынша, компания қызметкері басшының қолтаңбасы мен мөрін қолдан жасап, тұрғындармен заңсыз келісімшарт жасасқанын мойындап отыр. Осыған орай «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ заңсыз қосылған газ құбырларын тұрғын үйден ажыратқан. Қазіргі таңда заңды түрде көгілдір отынға қосу жұмыстары жедел жүргізілуде, айдың аяғына дейін бұл мәселе реттеледі»,-деді Олжас Исмалаев.

Сонымен қатар, қызметкер жұмыстан шығарылатынын, тұрғындарға өз қаржысы есебінен шығындарының өтемақысын төлеп және бастаған газдандыру жұмысын соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді.

 


Ардагерлер сыбайлас жемқорлықпен күресуге атсалыспақ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2018 10:26

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері ардагерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресуге шақырды.

Агенттіктің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин Қызылорда облысы, Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерді талқыға салды.

Департамент директоры А.Бердалин өз сөзінде еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстарды айта келіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қазыналы қарттардың орындарының ерекше екендігін жеткізді.

Қазалылық ардагерлер кездесу барысында өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен күресуге үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Б.Әбдіқадыров

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.09.2018 10:24

Кеше қаламыздағы күріш өсіретін шаруашылық құрылымдары жетекшілерінің басын қосып, қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Ыбырай Жахаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында күрішке алғашқы орақ салу рәсімі ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан қала әкімі Н.Нәлібаев диқандар қауымын биылғы жылдың басты мерейтойлары Астана қаласының 20 жылдығы және Сыр елінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен құттықтап, ақ күріштен тау тұрғызған еңбеккерлерге ризашылығы мен зор алғысын жеткізді.

- Бүгінгі шараны осы мерейтойлардың аясында, дала еңбеккерлерінің туған жеріне тартуы деп қабыл алыңыздар. Міне, бүгін осындай еңбектің жемісіндей қаламыздағы күріш өсіретін шаруашылық құрылымдары жетекшілерінің басын қосып, қамбамызды қазынаға толтырып, «Ақ алтындай» тербелген егіс даласына алғашқы орақ салынуда», - деген қала әкімі, арнайы дайындалған көрмені аралап, аграрлық сала мен агроөнеркәсіп кешенінің айтулы жетістіктермен танысты.

Көрмеде «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бидай, арпа, 3 түрлі күріштің және жоңышқаның жаңа сортымен таныстырылса, «Үміт» ШҚ-ның өсірілген «невский», «латунь» сортты картоптары ұсынылды.

Сонымен қатар, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Сейілов биылғы егін жинау науқанына дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Жалпы, соңғы жылдары Сыр өңірі диқандары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, негізгі дақыл, күріштен рекордтық өнім жинап келеді. Соның ішінде, саннан бұрын сапаға ынта қоя бастаған қала диқандары да айтарлықтай табысты көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.

2018 жылы қала бойынша барлығы 7 мың 686 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар 4109 гектарды (3743 га күріш, гектар жаздық бидай, 143 гектар жаздық арпа және 12 гектар сұлы), малазықтық дақылдар 1044 гектарды (223 га жаңа жоңышқа, 821 га ескі жоңышқа), картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2533 гектарды (800 га картоп, 943 га көкөніс, 790 га бақша) құрап отыр. Негізгі дақыл күріштің көлемі 3743 гектарға егілді.

Нақты егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдері жыл басындағы межеленген егіс негізгі дақыл күріштің көлемі 741 гектарға артып отыр.
Сонымен бірге, осы уақытқа дейін тек қана үй іргелік жерлерде егіліп келген бақшалық дақылдарды ірі шаруашылық құрылымдары өндірістік негізде егуді қолға ала бастады.
Атап айтқанда, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты «Үміт» шаруа қожалығы өткен жылдан бастап 15 гектарға дейін механикаландырылған тәсілмен картоп дақылын егуді қолға алып отыр.
Бұған дейін, ауыл шаруашылығы құрылымдарында «ақ» егісті (жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы) жинау толық аяқталды. 
Егін жинау жұмыстарына барлығы 795 тонна дизель отыны, 159 тонна бензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етіліп отыр.
Егін жинау науқанына қатысатын 22 дана жаткалар, 24 дана комбайндар, 58 дана тракторлар, 19 дана трактор тіркемелері, 22 астық тазалағыштар мен 12 дана жүк көліктері 100 пайызға ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізілді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі,

Суретті түсірген Б.Алмусаев

 


Жұртшылықпен жүздесті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2018 20:30

Аудан басшыларының ел ішін аралап, тұрғындармен жүздесуі құптарлық жайт екені белгілі. Мұның өзі «әкім бол, халқыңа жақын бол» қағидасымен үндесетіні анық. Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағановтың төрағалығымен ұйымдасқан арнайы жұмыс тобы Басықара, Құмжиек ауылдық округтерін аралауынан осындай ой түйген едік.

Жұмыс тобының құрамында аудандағы ірі салалардың басшылары болуы кездесуге қатысушылардың жиынға қатысуға деген құштарлығын арттыра түскендей. Жүздесуде тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыл мектептеріндегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар төңірегенде сөз қозғалды. Кездесу барысында аудандағы білім беру саласының жағдайы туралы білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының жүргізілуі туралы Қазалы аудандық орталық ауруханасының педиатр-дәрігері Фатима Мұстафаева, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар жайлы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өтепәлі Өміртай, бейресми жұмыспен қамту,«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының Қазалы ауданында жүзеге асырылуы тұрғысында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мұрат Бекмамбетов түсіндірме жасады.

Мұнан соң ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарын жолдап, қажетті кеңестер алды. Екі ауылдағы жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Салауаттылық салтын сақтағандар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.09.2018 17:22

«Тәні саудың – жаны сау». Қазалыда салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамыту тұрғысында түрлі спорттық шаралардың жиі өткізіліп тұратыны осы ғибратты нұсқағандай. Спортқа деген қызығушылықтың артуы осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған шаралардың жемісі екені анық. Ал дәстүрлі түрде әуесқойлар арасында веложарыс өтуі көпшіліктің ықыласына бөленуде. Жуырда «Ұлт саулығы» идеясын насихаттау барысында аудан орталығында өткізілген «Tur de Qazaly 2018» веложарысына 15-30 жас аралығындағы 50-ден астам спортшы қатысты. Жарыс болған соң жеңімпаздардың анықталуы – заңдылық.

Айта кетерлігі, жеңімпаздарды марапаттау 3 санатқа бөлінген болатын. «А» санаты бойынша І орынды Ырысбек Әбубәкір, «В» санатымен Бауыржан Орынбасаров, «С» санатында бойынша Ақтілек Әбілғазы жеңімпаз атанды. Велоспортты дамыту мақсатында өткізілген абсолюттік біріншілікте 18 шақырымдық жарыс жолында топ жарған спортшыларды марапаттау салтанатында Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев пен «Заң заңғары» компаниясының өкілі Рауан Есбергенов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары