Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Жұма, 14 Қыркүйек 2018

РАХЫМ ШЕГЕБАЕВТЫҢ КӨРМЕСІ МЕН «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.09.2018 16:41

Қызылордалық суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Рахым Шегебаев шығармашылығының 45 жылдығына арналған жеке көрмесінде «Тәуелсіздікке тарту» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қылқалам шеберін құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

«Адамзат өркениетімен бірге жасап келе жатқан, өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды. Әрбір суретшінің, әрбір картинаның өзіндік алған бағасы, өзіндік тарихи мәні, ұрпақ қажеттілігіне жаратарлық құндылығы бар. Соның бір дәлелі - Рахым Шегебаевтың шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал, Канада, АҚШ, Португалия, Венгрияда да қойылған»,-деді аймақ басшысы.

Рахым Шегебаев – реалистік көркемсурет мектебінің өкілі. Оның шығармашылығы Түркі әлемінің абызы Қорқыт ата және Сыр өңірінің табиғатымен үндес болып келеді.

Естеріңізге салайық, тұңғыш Бүкілқазақстандық республикалық көрме 1926 жылы және Қазақстан суретшілерінің тұңғыш көшпелі көрмесі 1928 жылы Қызылорда қаласында өткен болатын.

2014 жылдың қараша айында аймақта тарихи және мәдени маңызы бар жергілікті ескерткіш бұрынғы облыстық әскери комитеттің ғимаратында көркемсурет галереясы ашылған болатын. Содан бері  галереяда жергілікті және сырттан келетін қылқалам шеберлерінің көрмелері, бейнелеу өнері сабақтары өткізіліп келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары