Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 20 Қыркүйек 2018

«Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.09.2018 09:15

Осы тақырыпта Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған тарихи кеш ұйымдастырды. Мақсаты - Темірбек Жүргеновтың өмір жолы мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегін насихаттау.

Қазақ халқының қоғамдық өміріне етене араласқан Темірбек Жүргеновтың Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу, халық ағарту жұмыстарына, алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесі мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегі тарихи кештің негізгі тақырыбына айналды. Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы Тарих, филология және өнер ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенов, «Болашақ» университетінің филология ғылымдарының кандидаты Тасболат Медетбаев, ақын, журналист Ғазиза Әбілдаева, кітапханамыздың тұрақты, белсенді оқырманы, «Кездесу» клубының мүшесі Бекжан Маханбетов қатысып, тарихи деректерге шолу жасап, қайраткер жайында естеліктермен бөлісті.

Шара соңында Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарих. Тағдыр. Тұлға» атты деректі фильмі көрсетіліп, кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.

 


Қызылордада «Студент» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2018 15:29

Жаңа оқу жылы басталуына орай, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, колледж және орта мектептердің қабырғаларында кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамда теріс пікір тудыратын түрлі заңға қайшы әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қою мақсатында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айының 20-сы мен 22-сі күндері аралығында облыс көлемінде «Студент» атты жедел профилактикалық іс-шарасы  өткізіледі.

Іс-шара барысында облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау, өзімен бірге суық қаруларды алып жүретін студенттер мен оқушыларды, кәмелетке толмағандарға теріс тәрбие беретін ата-аналар мен ересектерді анықтау, сонымен қатар қоғам назарынан тыс қалған қолайсыз отбасыларды анықтап, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қою, кәмелетке толмаған балаларына қатыгездік көрсететін, олардың тәрбиесімен айналыспайтын отбасыларды анықтау  бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2018 15:23

Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесті.

Кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Алматы және Шымкент қалаларындағы, Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы аумақтық департаменттердің басшылары, этно-қауымдастықтардың өкілдері, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен өңір тұрғындары қатысты.

Алик Шпекбаев факторлы-балдық жүйесы мен  бонустар негізіндегі мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесіне баса назар аударды.

Ол қызметкерлердің жалақысын екі есеге арттыру және орталық пен өңірлер арасындағы жалақы айырмасын 70%-дан 10%-ға дейін төмендетудің оң нәтижесін атап өтті. Оның нәтижесінде , бір орынға конкурс 3 есе артқан. Бүгінгі күні бір бос мемлекеттік лауазымға екі үміткердің орнына алты адам келетін болған.

Агенттік төрағасы жоғары тиімділік көрсеткіштері бар қызметкерлер жыл сайынғы жалақы мөлшерінде сыйақыға үміттене алады және бұл өз кезегінде ипотеканы рәсімдеуге немесе автокөлік сатып алу үшін жақсы мүмкіндік екендігін атап өтті.

«Өзгерісті өзіңнен баста» принципі бойынша, бүгінгі күні Агенттік мемлекеттік аппаратта оңтайландыру процесінің драйвері болып табылады.

Мысалы, егер біз барлық мемлекеттік органдардың кадрлық процестерін орталықтандыратын болсақ, болжамды оңтайландыру жылына 5,5 млрд. теңге үнемдейтін шамамен 4 600 бірлікті қамтиды», - деді ол.

Алик Шпекбаев қосалқы қызметтерді орталықтандыру және кадрлық құжатайналым бойынша Ортақ қызмет көрсету орталығын құру тәжірибесі туралы әңгімеледі.

«Қазір біздің персоналды басқару қызметкеріміз 14 есе тиімді. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің арқасында ол 30 адамның орнына 400-ден астам адамға қызмет етеді. Жылдың соңына дейін орталыққа жалақыны есептеу функциясы беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар мен заң қызметтері орталықтандырылған», - деді ол.

Агенттік Төрағасы Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросын оңтайландыруды мысал ретінде келтірді.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, Президенттік сыйақыны және оңтайландыруды ескере отырып, Ұлттық Бюро орталық аппаратының офицерлері 232 мың теңге орнына 410 мың теңге, ал аумақтық департаменттер - 152 орнына 350 мыңға жуық еңбекақы алатын болады.

«Біз басқарушылық лауазымдарды екі есеге қысқарттық, бұл атқарушы билікті 25% нығайтты.

Артық құрылымдарды қысқарттық, оның ішінде ауданаралық басқармалардың үштен екі бөлігін қоса алғанда. 26 басқарма бөлімдерге, 34 бөлім топтарға өзгертілді.

Орталық басқаруды күшейте отырып, ішкі қауіпсіздік аумақтық департаменттерін оңтайландырдық.

Осы шаралардың кешені басшылардың орындаушыларға ара қатынастарын өзгертті. Егер бұрын бұл көрсеткіш 1: 2 болса, онда оңтайландырудан кейін - 1: 7, бұл бізді халықаралық менеджмент стандарттарына жақындатады», - деді ол.

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына бірінші басшыларға мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу үшін жұмыстан босатылған қаражатты пайдалану жөніндегі қызметкерлердің санын және ағымдағы әкімшілік шығыстарын оңтайландыруға құқық беретін қаулы енгізілгендігін айтты.

«Әріптестер, мен сіздерге Агенттік пен Ұлттық бюроны оңтайландыру туралы егжей-тегжейлі айтуым жайдан-жай емес. Жаңа жалақы жүйесіне көшу - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады дегенді айқын түсіну керек.

Болашақта Жамбыл облысының әкімдігімен қоса әрбір мемлекеттік орган тексерілген тәсілдерді енгізе алады. Ол үшін сізде қажетті резервтер бар, бос орындар бар», - деді Алик Шпекбаев қатысушылар алдында.

Қазіргі уақытта Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 1 қазаннан бастап жаңа жүйеге ішкі резервтер есебінен өтуге дайын екендігін білдірді.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы айта отырып, олардың электрондық форматқа тездете аудару ¾-ке тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік берді.

«Ақпараттық жүйелердің интеграциясына келетін болсақ, ол қазірдің өзінде 30%-дан асады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлескен жұмысымыздың 8 айында 2,5 есеге деректер базасы  интеграцияланды(соңғы 10 жылмен салыстырғанда).

Біздің басты мақсатымыз – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі факторы ретінде онлайн қызметтерге толық көшу», - деді Алик Шпекбаев.

Сонымен бірге, Агенттік Төрағасы Жамбыл облысында бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша жобаны табысты іске асырылып жатқандығын атап өтті.

Жиналысқа қатысқан Жамбыл облысына салынған инвестициялар және Агенттікке деген сенімдері үшін бизнесмендерге алғысын білдіре отырып, ол Агенттіктің аумақтық департаменттеріне және Ұлттық Бюроға инвесторларды қолдау, көмек көрсету және қорғау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Жамбыл облысында 160 млрд теңгені құрайтын 4 жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде.

Біздің жобаларымыздың әрқайсысы өңірлердегі кәсіпкерлердің заңды құқықтарын тиімді қорғауы керек. Бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау - инвестицияларды тартудағы біздің еліміздің «қызығушылық тударытаны құралына» айналуы тиіс», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова және «Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобалық бөлімінің басшысы Гүлмира Қабиева сөз сөйледі.

Жұмыс сапары аясында Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу рәсіміне қатысып, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті және шетелдік инвесторлармен, бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

 


«Өз үйім» бағдарламасы бойынша мөлшерлемелер төмендеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.09.2018 15:22

«Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша азаматтар жылдық мөлшерлемесі 7% заем ала алады.

Сондай-ақ, банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін ең төменгі бастапқы жарна да төмендетілді. Бұдан былай Өз үйім» бағдарламасының аясында алдын ала тұрғын үй займын алу үшін шотта үй бағасының 20%-на тең соманың басын құрау жеткілікті болмақ.

Бұған дейін «Өз үйім» бағдарламасының аясындағы несиелердің пайыздық мөлшерлемесі жинақ сомасына тәуелді еді. Шотында үй құнының 30%-ын құрайтын бастапқы жарнасы бар салымшы жылдық мөлшерлемесі 9,5% алдын ала займнан үміткер атанатын. Ал депозитінде баспана бағасының 50%-ын жинаған клиент 7,5-8,5% аралығындағы мөлшерлемемен несие алуға құқылы болатын.

3,5-5% мөлшерлемемен берілетін тұрғын үй займдарының шарттары өзгерген жоқ. Мұндай несиені ресімдеу үшін бұрынғыша клиентке «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкіндегі шотына үй құнының 50%-ын кемінде 3 жыл ішінде жинап, қажет бағалау көрсеткішіне қол жеткізу керек.

Несиелендірудің ең жоғарғы мерзімі – 25 жыл. Ол таңдалған займ түріне байланысты анықталады.

- «Өз үйім» бағдарламасын «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламаларға қолдау ретінде іске қосқан болатын. Қызылорда бұл жоба іске қосылған алғашқы қала болды. «Өз үйім» банк салымшыларына құрылыс салушылар ұсынатын жаңа тұрғын үйді нарықтық бағадан төмен құнмен сатып алуға мүмкіндік береді. Банктің міндеті – бастапқы жарна ретінде 20% жинақтаған клиенттерге қолжетімді үй иесі атануға, олардың жаңа, жайлы және бағасы қымбат емес пәтерлерге орналасуына көмектесу, - деп түсіндіріп өтті «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің Қызылорда облыстық филиалы директоры Әділжан Саудабаев.

Ол 2018 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Қызылордада «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдана бастайтынын хабарлады. 60 пәтерден тұратын жаңа тұрғын үй СПМК-70/3 ауданында Қараша көшесі №1Д үй мекенжайында орналасқан. 1 шаршы метрдің бағасы 130 000 теңгені құрайды.

Өтінішті 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында беріп үлгеру керек. Мұнда тұрғын үйден үміткер нысан туралы толық дерек алып, ұнаған пәтерді таңдай алады.

«Өз үйім» бағдарламасына «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің барлық клиенттері қатыса алады. Бұл – бағдарламаның артықшылығы. Мұнда қандай да бір қалада тұрақты тіркеуде тұру туралы талап жоқ. Сондай-ақ, үміткердің атында тұрғын үйдің бар-жоқтығы бойынша да ешқандай шектеу қойылмаған.

 

 

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары