Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 24 Қыркүйек 2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің санасын өзгерту қолға алынады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2018 09:24

Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Өзгерістерді өзіңнен баста!» тақырыбында кездесулер өткізілуде.

Кездесулер барысында Департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының мақсаты мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын назарларына жеткізуде.

Жыл басынан бері кіші бағдарламада айқындалған мақсаттар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдарда жауапты қызметкерлер бекітіліп, галстуксыз бейресми кездесулер өтуде. Кездесулерде нақты реформаларды сезіну үшін әрбір қызметкер жұмыс барысында туындайтын мәселелерді ұжыммен талқылауға ынталандырылуда.

«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, идеяларыңызбен бөлісіп және «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын», - деді А. Сәлімжан.

Алдағы уақытта «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстар ары қарай мемлекеттік органдарда өз жалғасын табатын болады.

Б.Әбдіқадыров

 


Мектеп директорлығына үміткерлерді жан-жақты тексеру ескертілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2018 09:12

Қызылордада қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстағы жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мектептердің, балабақшалардың басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның арқауы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген конференция барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының себептерін жою бойынша сұрақтар талқыланды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес, облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры А.Жүнісов, осы университеттің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаева, білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, білім саласының құрметті ардагері Г.Қалмұратовалар хабарлама жасады.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов өз хабарламасында«Қалалық және аудандық білім бөлімдері мектеп басшыларын тағайындау барысында олардың соттылығын тексерумен ғана шектеледі. Облыста білім беру саласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды мемлекеттік мекеме басшысына тағайындау фактілері кездесуде. Жыл басынан осындай екі факті анықталып отыр. Осыған орай, ҚР ӘҚТбК-нің 681-бабымен, яғни бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін Арал және Жалағаш аудандық білім бөлімдерінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік істер қозғалып, айыппұлдар салынды», - деді.

Конференция қорытындысымен Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев білім саласында заңсыз ақша жинау фактілерін жоюды қатаң ескертіп, білім бөлімдерінің басшылары оқушылар арасында мәжбүрлі түрде ақылы тестілеу өткізуді болдырмауды және мектеп директорлығына тағайындау кезінде тек соттылық туралы анықтама талап етумен шектеліп қалмай, сыбайлас жемқорлық қылмыстылығына жан-жақты толық тексеруді бақылауға алуды тапсырды.

Б.ӘБДІҚАДЫРОВ

 


АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.09.2018 14:10

Облыс әкімдігінің аппараттық отырысында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Медет Усаин жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жылу беру маусымына дайындық бойынша облыстық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараларға сәйкес жүргізілуде. Оның ішінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның №6, 9 бу қазандықтарына, №3, 6 газ турбиналық қондырғыларына, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалы мен «Қазалы Теміржолжылу» қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 90%-ға орындалды. «Нұрлы жол» бағдарламасымен 8 жоба бойынша 7 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары 87%-ға аяқталды. Барлық жұмыстар 1 қазанға дейін толық бітеді»,-деді Медет Усаин.

Сонымен қатар, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» филиалының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары 80 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 10 қазанында аяқталады. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр желілері мен трансформаторлық станцияларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 94%-ға орындалды.

«КазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын толығымен орындады. «Қызылорда Су жүйесі» МКК-де жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 жоба бойынша су құбыры мен кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын 92%-ға жеткізді.

Жылу беру маусымына дайындық бойынша әлеуметтік нысандардың 100 пайызына және кіші қазандықтардың 97 пайызына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің 96%-ы жылу маусымына дайын (743 үйдің 713-і, қалған 30 көпқабатты тұрғын үйдің өжірілерін жылу жүйелеріне қосуға дайындау керек).

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мәселесін ерекше назарға алуды тапсырды. Атап өтейік, алдағы жылу беру маусымында әлеуметтік-мәдени нысандарға 28 мың тонна көмір мен 25 мың тонна сұйық отын қажет болса, жергілікті тұрғындардың қажеттілігі 207 мың тоннаны құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары