Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 25 Қыркүйек 2018

АУДАН ӘКІМІ "ЖАЛАҒАШ ҚҰРАМАСЫ" ЖАЙДАРМАН ТОБЫН ҚАБЫЛДАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.09.2018 11:35

Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Әубәкірұлы бүгін "Жалағаш құрамасы" жайдарман тобын қабылдады.

Әкім топтың мүшелерімен ашық сұхбат құрып, бұдан әрі қарай ауданда жайдарман ойындарын дамыту, жастарды тәрбиелеу жайында әңгімелесті.

- Ауданда болашақтың тірегі жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Білім, өнер, спорт саласында аудан жастары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, түрлі байқауларда, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Соның бір дәлелі ретінде жаңадан құрылған "Жалағаш жастары" жайдарман құрамасының жетістігін айта аламыз, - дей келе жастарға ұтымды әзілмен, сүбелі сөзбен xалықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде жайдарманшылар аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, сенім үдесінен шығуға уәде берді.

Айта кетейік, "Жалағаш құрамасы" жайдарман тобы "Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ Қызылорда облыстық филиалының шешімімен 2017-2018 жылғы Жайдарман маусымының ойындарының "Үздік аудандық лига" номинациясымен, "Ақмешіт жастары" газетінің 5 жылдығына арналған кубоктың иегері, Жайдарман маусымашарында өнер көрсетіп, облыстық жоғары лига ойындарына жолдама алған болатын.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2018 14:49

Бултанов Дидар Қымызбайұлы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Д.Бултанов 1976 жылы туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» және «Фемида» заң академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығының инженер-математигі лауазымында бастады.

2002-2012 жылдары жеке және квазимемлекеттік секторларда жауапты қызметтер атқарған.

2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің прокуроры, аға прокуроры.

2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде Ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.

 


«Жыр» болған жолдар «иесін» тапты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.09.2018 12:17

«Сақалды құрылысқа» айналған Арал қаласындағы бұрынғы музей ғимаратының «тағдыры» сұрақ белгісі боп тұр. Біздің басылым бұл мәселені бұған дейін де көтерген. Дегенмен, «баяғы жартас – сол жартас». Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлының сөзіне сенсек, аталмыш нысан бүгінге дейін жергілікті әкімдіктің теңгеріміне өтпеген. Құжаттары жоқ. Былайынша айтқанда, иесіз қалған. Сондықтан оны аудан меншігіне беру тек соттың шешімі арқылы ғана жүзеге аспақ.

Апта басында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев 2018 жылдың алғашқы 8 айында атқарған жұмыстарымен таныстырды. Соңғы жылдары солтүстік өңірде құрылыс саласы қарқын алды. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 10958 шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Осы ретте айта кетейік, биылғы жылдың 17 наурызында Арал ауданындағы Т.Жароков көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта төтенше жағдай орын алған еді. Кеше ғана аудандағы 2 апатты үйдегі 27 отбасыға баспана кілті табысталы. Бүгінгі таңда құрылыс саласында барлығы 10 жобаны іске асыруға 4,5 млрд теңге қаржы қаралған. Оның ішінде, аудан орталығындағы №14 мектептің қосымша құрылысы, 150 орындық орталық аурухана, 2 қабатты әкімшілік ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

– Ақбасты және Тоқабай-Абай елді мекендерінің ауызсу жүйесінің, Шөміш елді мекенінің ішкі су желісін кеңейту мен қайта жаңғырту, Ақшатау елді мекеніне 20 орындық балабақша мен 50 орындық мектептің жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Автомобиль жолдарына биыл 1445585 мың теңге қаржы бөлінді. (Республикалық бюджеттен – 966681 мың, облыстық бюджеттен – 324499 мың, аудандық бюджеттен – 154405 мың теңге). «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» (15-70,6 шақырым), Арал қаласына кіреберіс – 9,3 шақырым, «Жаңақұрылыс-Бекарыстан би» (23 шақырым) автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деді М.Әуесұлы.

Сонымен қатар аудан басшысы Қызылжар елді мекеніне кіреберіс – 0,9 шақырым, «Бөген-Ақлақ», «Ақлақ-Қаратерең», «Қаратерең-Жаңақұрылыс» бағытындағы жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бөген-Қарашалаң-Қаратерең-Жаңақұрылыс бағытындағы жолдар «Қазсушар» РМК теңгерімінде еді. Жақында аталмыш жолдар аудан балансына өтіпті.

Арал ауданы – облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркелген өңір. Нақтырақ айтқанда, 2018 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 9 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға көбейген. Мәселен, «Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» МКК-нің директоры А.Жалғасбаев ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 35 мың теңге параның 70 еселенген сомасы мөлшерінде (2 млн 450 мың теңге) айыппұл жазасына тағайындалған.

 

– Аудандық аппарат отырысында бұл мәселеге міндетті түрде тоқталамыз. Сыбайластыққа жол бермеу жөнінде үнемі айтылады. Меніңше, аталған түйткілмен қоғам болып күресуіміз тиіс,- деп атап өтті Мұхтар Әуесұлы.

Солтүстік өңірде білім саласында алға жылжу байқалады. Биылғы ҰБТ-да Арал ауданы 85,19 орташа балмен Қызылорда қаласы мен аудандар арасында үшінші орынға ие болды.

Баспасөз брифингі барысында аудан әкімі белгілі журналист, абыз ақсақал Шәкірат Дәрмағанбетовтың 90 жылдығын мен жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жылдығын атап өту жоспарланғанын жеткізді.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары