Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 27 Қыркүйек 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК САБАҚТАСТЫҒЫ БЕСІНШІ ФОРУМЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.09.2018 15:48

Қызылорда қаласында еңбек күні мерекесі қарсаңында «Ата кәсіп - алтын мұра» атты V облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бұл форумның 2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

«Елбасының Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесін биыл бесінші рет атап өтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасыларды облыста ғана емес, республика көлемінде таныта білдік. Біздің бүгінгі жас ұрпағымыз атакәсіпті жалғастырып, оның қыр-сырын отбасынан үйренсе, әрі қарай жалғастырса, мұның өзі бір тәрбие мектебі емес пе? Соның нәтижесінде өздеріңіз сияқты еңбек әулеттері қалыптасып жатса, бұл да бір ұлтымыздың рухани жаңғыруы болмақ»,-деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, форум аясында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары, кәсіподақ ұйымдарының үздік жас мамандары және әртүрлі саладағы жастардың үздік тәлімгерлері белгілі болды. Атап өтейік, аймақтың үздік еңбек әулеттері салалар бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Білім беру саласы бойынша Қазалы ауданы Сексенбаевтар отбасы үздік деп танылды. Отбасының жалпы жұмыс өтілі - 305 жыл.

Мал шаруашылығы саласының үздігі - Жалағаш ауданының Ойнаровтар әулеті. Саладағы еңбек өтілдері 142 жылды құрайды. Әулеттің үлкені Ойнаров Сайлаудың осы саладағы еңбек өтілі - 40 жыл. Бүгінде ол кісі - Аққыр ауылының өркендеуіне зор үлес қосқан құрметті ауыл ақсақалы.

Сырдария ауданының Сәдуақасовтар әулеті мәдениет саласы бойынша үздік шықты. Өнерлі отбасының жалпы еңбек өтілі 166 жылды құрайды. Отбасының 7 өнерпазы музыка мамандары болып табылады. Әулеттің үлкені Сансызбай Сәдуақасов - осы салада 50 жыл еңбек еткен өнер иесі.

Ауыл шаруашылығы саласында Арал ауданының Бердімағанбетовтер әулеті жеңімпаз атанды. Отбасының жалпы еңбек өтілі 257 жылды құраса, әулеттің үлкені Төрехан Бердімағанбетов осы салада 35 жыл еңбек еткен.

Егін шаруашылығы саласының үздігі – Жаңақорған ауданының Көкетовтер әулеті. Отбасындағы 6 адамның сала бойынша еңбек өтілі - 58 жыл. Әулеттің үлкені Балғынбай Көкетовтың өз еңбек өтілі 22 жылды құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 1000 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.09.2018 15:31

Қызылордада қала күні мерекесіне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасының аясында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 1000 отбасы азық-түлікпен қамтылды. Сонымен қатар, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің аумағында акция шеңберінде қаржылай көмек көрсеткісі келетіндерге арнайы жәшік қойылды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шараға атсалысқан Сыр жұртшылығына алғыс білдіре отырып,  Қала күні мерекесімен құттықтады.

«Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шара жасау - халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі» екенін атай отырып, «Мемлекет пен бизнес экономикалық ғана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де әріптес болуы тиіс» деген болатын. Биыл Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында арнайы бір күннің «Жүрек жылуы» атауымен қайырымдылыққа арналуының негізі осында», - деді аймақ басшысы.

Атап өтейік, қайырымдылық шараларын өткізу аймақтың игі дәстүріне айналған. Өткен жылы 800 отбасыға көмек көрсетілген еді. Жыл басынан бері Наурыз, Ораза айт және Құрбан айт мерекелерінде аймақтағы мыңдаған отбасыға көмек берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАНТ НЕГЕ ҚАТ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
27.09.2018 15:19

Тағы да маусымдық қымбат­шылық алқымнан алып тұр. Егін әлі толық орылып бітпесе де, астық қоры жиналмаса да, жоқшылық пен жетіспеушіліктің жүгені сүйреп барады.­ Кейде осындай бассыз есептеулер мен қисынсыз көрсет­кіштер халықтың ойын бытырадай шашыратып жіберетіні рас. Қазір қыстың қамына кіріскен халық тосап­ пен дәм-тұздарын қайнатып, қысқы азығын жинап алуда. Сол себептен қантқа деген сұраныс артып­-ақ тұр. Базар мен дүкендерде­ қант бағасы бұрынғыға қарағанда өскен. Бұл сыбысты естімей қалған дүкендер 230-240 теңгеден, ал гу-гу әңгіменің ошағында жүргендер 250 теңгеден жоғары, тіпті кейбірі 280 теңгеден саудалауда. Оған себеп­ елімізде қант қоры түгесілуге жақын. Бұл мәселеге көзжұмбайлықпен қарай алмаған ауыл шаруашылығы министрлігінің маман­дары желмен жарыса тараған қауе­сеттің «аузына» қақпақ қойды. Олардың сөзіне сенсек, қанттың қоры  таусылуға  жақын  деген әңгіме – құр дақпырт. Статистика да бұлбұлдай сайрап тұр. Жыл басы­нан бері 138 мың тонна қант өнді­рілген, оның 50 мың тоннасы экспортқа кетсе, 121 мың тонна құмшекер импортталған, ал тұтынған мөлшеріміз небәрі 209 мың тонна ғана.

Қант өндіруші компанияның бүкіл халықты дүрліктіріп отырған ақпарына Ұлттық экономика министрлігі де үнсіз қалмады. Көздері көріп, құлақтары естіп отырған соң тілсіз  отырғанды  жөн санамады ма, әйтеуір, қысқа да нұсқа жауап қатты. Жауапта өндірушілер 2010 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одақ аясында шикізатты баж салығынсыз алып келгендігі, биыл­ғы жылдың 27 шілдесінен бастап аталған жеңілдіктер алынып тас­талғандығы және бұл жағдай баға­ның­ қымбаттап, тапшылық туғызу­ға негіз болмайтындығы анық айтылғ­ан. Сонда тәттіні «жұ­тып», одан тапшылық туындатып отырған  кімдер? Әлде күз­гі  бағаны тағы да көтеру­дің тәсілі ме?

Бұған дейін де қымбатшылық туралы­ қауесет тарап, оның соңы шындыққа ұласқан болатын. Яғни, көктің бүршік жарып, жер-анадан қуат  алар  шағында  нарықтағы  тұтын­у бағаларының өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар баға­сының өсуіне себеп болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға өсті. Оның ішінде көкөніс, жарма, жұмыртқа, құс еті бағалары маусымдық факторға ие болса, бағалардың өсуі қант, қой еті, жылқы еті, алкогольдік сусындар, сүт өнімдері үшін байқалды. Бұл жолы да құмшекердің құны туралы әңгіме отыз рулы елге тарап, елу құлақ естіп болған соң Үкіметке жетті. Сөйтіп барып ғана тілге тиек етілді. Әйтпесе «қант тапшыл­ығы болады» дегенді естіп алған алыпсатарлар мен өндірушілер, одан қалды, саудагерлер бағаны көкке «іліп» қоюшы еді.

- Халық еш уайымдамауы керек, себебі, біріншіден, бізде теңгерім, қант көлемі, экспорт және импорт бойынша есептер бар. Қазақстанда отандық қант өндірісі артып келеді. 2011 жылы қант қызылшасынан алынғ­ан  қант  мөлшері  200 мың  тоннаны  құраса, биыл 460 мың  тоннадан астам болады деп жоспарланып отыр, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары А.Евниев.

Қазіргі күннің өзінде Қазақстанның тұрақтандыру қорларында  15 мың тоннаға жуық қант бар, сондай­-ақ қажетті қант көлемін сатып­ алуға арналған арнайы қаражат  та жеткілікті. Сондықтан ха­лықты алаңдатудың еш қажеті жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, әлемдік нарық­та қанттың артық өндірілгені байқалады. Бұл адамдардың көп­шілігінің пайдалы тағам жеуді арт­тыр­ып, қант тұтынуды азайтып, жеміс-жидек, бал секілді тағам түр­лерін тұтынуымен байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстанда қант қызылшасы Ақсу, Көксу және Меркі қант зауыттарында өңделеді. Атал­ған кәсіпорындар жылына жалпы қуаты 630 мың тонна жүк­темемен жұмыс істейді. Зауыт өкіл­дерінің  айтуынша, барлық зауыттар егін жинал­ған сәттен бастап өз жұмысын бастайды. Биыл қант қызылшасының егістік алқабы 19,6  мың  гек­тарды  құрайды, ол  тәтті түбірден  59 мың тонна қант өндіріледі. Ал шикі құрақ қантты өңдейтін Меркі мен Тараздағы зауыт­тарда осы уақытқа дейін шамамен­ 140 мың тонна қант өндірілген. Бұл жұмыстардың бар­лы­ғы тәттінің таусыла қоймай­тын­дығынан хабар  береді. Ал экспорт  пен импорттың аяғы­нан шалып тұрған кедендік баж салы­ғына тоқталар  болсақ, үкімет­тің  қаулысы  қабылданды. Тамыз  айынан баста­п ЕАЭО бойынша серік­тестермен  уағдаластықтар аясында үшінші  елдерде­н Қазақстанға құрақ қантының бажсыз жеткізілуі шек­телді­. Яғни, аталған топтамаларға баж салығы­  340 доллар көлемінде болады­. Бұл шара отандық өндірісті дамыту  мақсатында  қабылданған.

- Үкімет деңгейінде оперативті шаралар кешені талқыланып, іске асырылып жатыр. Еуразия қант қауымдастығымен   уағдаластық  бар. Алдағы уақыттағы қант жеткізу мүмкіндіктерін растау және бекіту үшін Қазақстанға келеді, яғни өнім көлемі  мен  жеткізу бағасын бекітеді, - деді ҚР АШМ бірінші вице-министрі.­

Ал Қазақстан кондитерлер қауымдастығының  президенті  Әлихан­  Талғатбек:

- Бізде үшінші  мемлекеттерден қант  тасымалдайтын  5-6  кәсіп­орын бар! Солардың екеуі қазір шығынға батқалы отыр. Өйткені, олардың  6 тоннадай қанты әлі шекарадан өтпеді. Ал, қаулы болса күшіне еніп қойған! Енді олар 2 млн доллар алым төлеуге  міндетті  болып  отыр, - деп шырылдап  отыр.

Түсіндірейік, кедендік баж салығын төлеу туралы Үкімет қаулысы қабылданғанға дейін жеке компа­ниялар елге 10 мың тоннаға жуық қант импорттап үлгерген. Бірақ, бұл тауардың барлығы да кедендік тазартуд­ан өтпегендіктен, жаңа тәртіп бойынша кедендік баж са­лығын төлеу мәселесі туындады. Қазіргі  таңда осы  жеткізуші  кәсіп­орындарға нөлдік мөлшерлеме бойынш­а  кедендік  тазартуға  рұқсат беретін шешім әзірленуде. Оның нақты­ жауабы әзірге белгісіз. Белгілісі  сол,  үшінші  елдерден қант әкелудің  баламасы  ЕАЭО  аумағында өндіріледі, оның шикізаты кеденді­к бажсыз әкелуге жатады. Дегенме­н, қантты шикізат ретінде пайдаланатын кондитерлік өн­діруші­лер ортақ одақ аумағында өндірілген  қантты  тұтынуға  көш­кен. Әр аймақтың тұрақтандыру қорларында  2,6 мың тонна шамасында қант сақталған. Бұл қант бағасы­н  тұрақтандыруды қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшер екенін түсінген жөн.

«Қант тапшылығын» туындатып отырған жайт Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы қант зауытының ағымдағы жылдың сәуірінен бастап тоқтап қалуына байланысты болуы да бек мүмкін.

- Бұрын біздің компанияларда таңда­у болатын. Олар Ресейдің қантын­ ала ма, жоқ Еуропа ма, өздері білетін. Енді бізде ондай таңдау жоқ! Белоруссияда қант өндіретін ірі бір зауыт бар, Ресейде 4-5 кәсіпорын, Қырғызстанда  ірісі – біреу. Бұл нені білдіреді? Енді біз осы 7-8 өндіріс орныны­ң  қабағына  қарап  отырамыз. Олар ертең  300-400 теңге болады дей ме қант бағасы, ол солай болады! Біз қандай баға қоймасын, сол бағаға аламыз. Байланып қалдық! - деп мәлімдеді  Ә.Талғатбек.

Десек те, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөздің түп-төркінінде де астарлы мән жатса керек. Өйткені отандық қант өндірушілер елдегі жалпы нарықтың 10%-ын қамтамасыз етуге қауқарлы. Онда да Алматы мен Жамбыл об­лыстарында  ғана  өндіріледі. Ал  сала мамандарының айтуынша, қант өндіруге қажетті барлық мүмкін­діктер Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында бар. Болашақта осы бағытта инвестициялық жобалар іске асырылады деп күтілуде.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


ҚЫЗЫЛОРДА атауын өзгерткен жөн бе? PDF Print Email
Жаңалықтар - Ой-талқы
27.09.2018 14:59

Тарих диірменнің тасы секілді. Уақытқа бағынған оқиғалар сырғып қағаз бетіне түседі де, ал дәуір айналып, жаңа нәтижесін көрсетеді. Оған ай мен күн, одан қалды, жұмыр жер де куәгер. Ұлан-ғайыр атырапқа созылып жатқан сайын дала – алақанға сыймайтын кең дүние. Осыдан болса керек, қазақтың елі, қазақтың  жері шапқан тұлпардың тұяғы мұқалып, ұшқан құстың қанаты талатын ұшы-қиыры жоқ далаға бағаланады. Адуынды мінезімен бүкіл қазақ хандығын ұршықша иіріп басқарған хан Абылай да «Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік Ата жұрты. Әгәрәки, кімде-кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына­ өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде  малымыз  қосылған. Қай көршімізге де айтарымыз – осы! Дос бол­ғанға­ құшағы  ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!!!» деп бекер айтпаса­ керек.

Осындай рухыңды көтерер айбынды сөздерден дәлел іздеп, қазақ жерінің абыройын қорғауға қазақтың тарихы да, шежіресі де том-том. Осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекет басшысының өзі халықаралық конферен­ция барысы­нда «Біз «Ұлы Дала елі» деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін «аспанасты елі», ал кейбірі «Күншығыс елі» деп атайды. Біз – ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. «Қазақстан» деген атаумен қатар, «Ұлы Дала елі»  атауы да  қолданыл­са­  дұрыс болады деп ойлаймын» деп өз ойын айтқан еді. Бұл ұсынысты қолдамаған адам болмады. Бүгінде осы атау қоса айтылып жүргенін­е  де біраз болды. Мәселе, елдің атауын­ түгелімен өзгертіп жіберуде емес, Отанды қас­терл­еп, оны  бағалай  білуде.

Осы секілді балама атаулар Қызыл­орда облысында да бар. Оны да Елбасының өзі «Сыр – Алаштың анасы» деп нақтылап берген. Бүгінде «Сыр елі», «Алаштың анасы атанған өңір», «Жырдың­ елі» деген секілді бірнеше атаумен атап үйреніп кеттік. Ал Қызыл­орда атауы кейбіріне ұнаса, кейбіріне ұнай бермейді. Өйткені онда «қызыл» деген негізгі түбір бар. 1938 жылдан бастап­ облыс орталығы болып келе жатқ­ан қаланың да ресми атауы – Қызыло­рда. Жалпы, бұл сөз – қызыл және орда сөздерінің бірігуінен жасал­ған атау. Орда сөзі қазақ, жалпы түркі тілдерінде «орта ғасырдағы көшпелі елде­рдің әкімшілік-саяси басқару орталы­ғы, ел билеушілер тұрағы, сарай»­, моңғол тілінде орда «үй», «сарай»­  деген  мағынаны  білдіреді. Осы сөздердің  жалпы  мағынасы мен ондағы қызыл сөзінің түбір болып тұруына қарсы топ та жоқ емес. Тіпті атауды өзгерту туралы ұсыныстың бір емес, бірнеше рет жасалғанын ұмытқан жоқпыз.­ 2011 жылы көпшілік кейбір тарихш­ылардың сілтеуімен «Қызыл­орда сөзіне қарағанда «Ақмешіт» деген атау әдемі естіледі» деп сілкініп алғаны есте. Одан кейін аймаққа әкім болып Қ.Көшербаев тағайындалғаннан бір жылдан кейін әлеуметтік желілер мен баспа беттерін облыс әкімінің назарына­ бағытталған «Ашық хаттар» қаулап кетті. Қала тұрғыны Әбілхан Еңсегенов деген азамат аймақ басшысының назарын­а хат жолдады. Содан қысқаша келтір­ейік. Бұл – 2014 жыл.

- Әрине, қазақы ұғымға салсақ, «қызыл» мен «орда» сөзінен біріккен қала атауының ешқандай сөкеттігі жоқ секілді. Алайда баз баяғы жылдарда келмес­ке кеткен қызылдардың кезеңін бірден еске түсіретін Қызылорда ата­уын әлі күнге дейін сақтап отыру ешқандай қисынға келмейді. Оған қарсы пікір айтқа­ндар  қала атауының  қазақтың қос сөзінен бірігіп тұрғанын көл­денең тартады. Менің ойым­ша, Қызылорда атауы бүгінгі күннің талаптарына ешқандай сәйкес келмейді. Бұдан бұрын да қала атауын өзгерту жөнінде ұсыныс айтып  келе­мін. Оған себепші болат­ын жағдайлар жөнінде тоқтала кеткеніміздің артықтығы болмас. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз ел ретінд­е өмір сүріп  отыр. Қызылдардың, большевиктердің  кезеңі әлдеқашан келмеске  кеткен. Соған қарамас­тан біз Қызылорда атауына жармасып, оны алмас­тыру  жөнінде  ешқандай­ әрекет жасай­ алмай жүрген жайымыз бар. Қызыл сөзіне қарсылығымыз  жайында тағы да бір дәлелді деректерді алға тарта кетелік. Жалпы, біздің халқ­ымыз Кеңес одағының тепері­шін аз көрген жоқ. Қазақтар аштықққа ұшырап, басын сауғалап, жан-жаққа бытырауға мәжбүр болды. Одан бергі уақытта қазақтың қаншама жақсы мен жайсаңы жазықсыз қудалауға ұшырап, олардың кейбірі солақай саясаттың әмірімен ажал құш­ты. Айналып келгенде, осының барлығы біз үшін қызыл сөзінің қаншама қасіретті болып отырғанын дәлелдей түседі. Ендеше, біз бүгінгі егемендікке қол жеткізген ел ретінде Қызылорданы жаңаша атауға мән бергеніміз жөн деп санаймын. Қызылорда қаласын жаңаш­а қалай атау жөнінде арнайы референдум өткізу керек.­ Көп болып келісу ар­қылы жұрттың көңілінен шыға­тын жаңаша атау пайда­ болады. Ал менің жеке ұсынысым – қаланың жаңаша атауы Сырдарияға байланысты қойыл­са деймін. Өйткені, Орта Азия құрлығын қақ жарып ағып жатқан ұлы өзеннің басым бөлігі Сыр өлкесінде­ жатыр. Сол өзен арқылы жергілікті жұрт несібесін теріп, берекелі тіршіліктің қазанын қайнатып отыр. Облыс пен қаланың атауын Сыр­дария деп атасақ та артық емес. Сондай-ақ, елдің аузында жүрген Алашорда, Сырорда секілді атаулар жөнінде де ойласқ­анымыз  жөн, - делінген Ә.Еңсеге­новтің   хатында.

Одан бері жұмыр Жер көктегі Күнді төрт мәрте айналып шықты. Ұсыныс-пікірлер сарапталып, сұрыпталып жатқан­ да шығар. Бірақ сан мың емес, санаулы ұсыныстарды елеп-ескеріп жатқа­н жанды байқамадық. Биыл Қызылорда облысының құрылғанына 80, ал қала тарихы 200 жылды еңсеріп отыр. Жуырда танымал журналист, ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызме­тінің жетекшісі Әділбек Қаба қызу талқығ­а түскен тақырыптың «жарасына» «тұз септі».

«Қызылорда» атауын өзгертетін кез келді»  деген тақырыппен әлеуметтік желіге жазба жариялады. Мәтіні мынадай­:

«Неге Қызылорда? Қазақтың тари­хына етене Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда атауларын да келмеске кетірсек те Қызылорда атына неге жабыстық та қалдық? «Қызыл» атауы кешегі күшпен коллективтендіру жасап, малын тартып алып, қазақтың тең жартысын аштан  қырған, одан қала берді қазақтың бетке ұстарларын атып, асып, қудалауға салған Кеңес үкіметімен, қызылдар партиясымен байланысты екенін біле тұра неге бұл атауды өзгертуге талпынбаймыз? Әлде, баяғыда күй­реген Кеңес үкіметінен қалған үрей мен құлдық сана жібермей тұр ма? Осы орайда қаланы және облысты қалай атауға болады деген ой туары анық.

Тарихқа үңілсек, Қызылорданың байыр­ғы атауы – Қамысқала. Кейін Ақмешіт атанды. Бұл аймақта ертеде Ордакент, Сығанақ қалалары болған. Бұлар да қала атын иеленуге лайық. Жалпы,­ Қызылорда облысы Арал  теңізі­нің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі  ағысында және Тұран ойпатында орналасқан. Сондықтан, Сыр бойы – алты Алаштың анасы, түркі дүниесінің түп  тамыры екенін тағы бір бекіте түсу үшін Қызылорданы Сырдария облысы, Тұран қаласы деп өзгертуді ұсынамын. Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Әбділда Тәжібаев, Сабыр Шәріпов, Қалмахан Әбдіқадыров, Асқар Тоқмаған­бетов тәрізді қазақ зиялыларының ізі қалған, Алаштың анасы атанған киелі мекенді шынымен құрмет тұтсақ, ұлт­тық сананы жаңғыртқымыз келсе, тарихи­ әділетсіздіктерден ел тарихын арашалап алғымыз келсе, өзгерту керек. Білеміз, оған біршама қаражат кетеді. Алайда ұлттық рух, намыс одан да биік әрі қымбат­».

Жүздеген жылдардың мұғдарында түзілген облыс пен қала тарихының парағына өзгерту енгізу қандай өзгерістер әкеледі? Аймақ атауын өзгерткен жағдайда оған рухани, тарихи-қоғамдық және қаржылық тұрғыдан дайынбыз ба? Хал-қадіріміздің жеткен­інше  ғылым  жолында жүрген  азаматтардың  пікірін жинастырдық.

Өткенің – тарих, бүгінің – шежіре, ертеңін – болашақ. Тәуелсіздік алғанымы­зға ширек ғасырдан астам уақыт болды. Түйіні тарқа­тылған немесе­ шиеленіскен мәселелер де осы жыл­дардың астарында қалғаны рас. Мақала соңын фольклортанушы Берік Жүсі­повтың  мына  сөзімен  түйіндегенді  жөн  көрдік.

«Көне  түркі  календары бойынша бес мүшелдің жиынтығын (13, 25, 37, 49, 63) бір жас деп есептеген. Алпысқа толмай өлген адамды «екі жастың біріне келмей кетті» дейтіні содан болса керек­. Осы циклмен есептегенде Түркі календарына шамамен 16 мың жыл. Бұл – Ислам, христи­ан календарларының бірімен салысты­руға келмейтін көне жүйе. Әр мүшелдің өз түсі (ақ, қара, қызыл, сары, көк немесе жасыл) болады. Көшпенділер үшін қызыл мен жасыл­ түс – жастықтың  белгісі. Демек, Қызыл Орда – ең жас Орда дегенді білдіреді! Сөйтіп бір замандар­да Қызылор­да  қаласының  ғажап аты отарла­ушылардың көшпелі тұр­мыстан бейхабарлығынан сақталып қалып еді. Олай болса көне Түркіге тән қызыл түстен қашып, қала атын ауыстыруға бола  ма?

Бұл – азуын Айға білеген Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Ақ Орда мен Көк Орда сияқты ұлы Ордалардың Совет дәуірі тұсында қайта жаңғыртылып қойған­ атауы. Еуропалықтардың ұғымында Орда – «басы бірігіп ұйым­даспаған  қыруар  адамдардың  тобыры». Ал, көшпелі түркі-моңғол халық­тарында «әскери-әкімшілік ұйым, көшпелілер тұрағы» деген мағынаны білдірсе, орта ғасырларда «билік жасауш­ылар тұрағы, мемлекет бас­қарушылардың астанасы» деген ұғымдар­ды  біл­дірген. Түсі  «қызыл»  болса­ да, әзірге көнеден жеткен ұлы Ордаң – осы!».

 

Нұрбике  ҚАЗИҚЫЗЫ

 


 

Тастанбек СӘТБАЙ, тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры:

- Біріншіден, Қызылорда облысының атауын өзгертетін өзгеріске өзімді дайынмын деп айта алмаймын. Екіншіден, қарсымын. Ондай әуесшілдік әрекетті доғару керек. Тарихтың өзінің қалыптасқан атаулары бар. Қызылорда қаласы жүз жыл бойы тарихымызбен біте қайнасқан аймақ. «Орда» деген өте жақсы сөз, оның «қызыл» деген сөзінен саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Біздің зиялылардың қойған атауы және ғасырға жуық уақыт осы атаумен келе жатырмыз. Сондықтан бұл пікірмен келіспеймін. Одан да бар күшімізді қазақ халқының ішкі қасиеттерін ашып, әлеуетін арттыруға жұмсауымыз керек деп есептеймін.

 

Қазыбай Құдайбергенов,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры,  экономика ғылымдарының кандидаты:

- Біздің соңғы 80 жылғы тарихымыз осы Қызылорда атауымен тығыз байланысты. «Қызыл»  деген сөзді сонау Кеңес үкіметі кезін­дегі қызыл жалау, қызыл армия деген сөзбен байланыстырады. Ол сөзде тұрған ешқандай әбестік жоқ, қазақтың сөзі, қызыл алма, қызыл гүл, тіпті қыздың да әдемісін қызыл гүлге теңеп­ жатамыз. Өткен жолы осы облыс пен қала атауы­на қатысты мәселе сөз болды. Әркімнің өз пікірі – өзіне, мен түбегейлі қарсымын.

Өткенде біреулер хабарласып, Ақмешіт қояйық деді, оған біздің идеологиямыз сәйкес келмейді. Одан кейін тағы біреу Тұран деп өзгерту туралы пікірімді сұрады. Тұран деген ол – ойпат. Олай қойса, тұрандар қаласы болып­ шыға келеді. Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл болды, «Туған қалам – Қызылордам», «Менің қалам – Қызылорда» деп қаншама ақын жырына арқау етті. Ол еңбектің барлығын  бір сәтте жоққа шығарып, ойпаттың атын қоя салу ақылға сыймайды. Бұл – бір.

Екіншіден, кез келген өзгеріс қаржылай қажеттілікті арттырады. Бір ғана жазу, бол­маса бір ғана атау емес бүкіл құжат, мемлекеттік іс­қағаздардың түбіріне дейін өзгеріске ұшырайды. Мұның барлығы әрине, бюджетке салмақ.

Үшіншіден, Қызылорда облысы – бүгінде әлемдік нарықта экспортқа шығып отырған аймақ. Сырдың күріші, балығы ТМД мемлекеттеріне таратылып жатыр. Қай жақтың өнімі дегенде марқайып тұрып Қызылорда деп айтып­ жүрміз. Жақында шынысы мен цементі өндіріледі, ол да сыртқы нарыққа жол тартса, тағы да абырой емес пе?! Ауызша айтқанда оңай, сыртқа тасымалдау деген, оның қаншама­ құжаттық тұрғыдағы машақаты, келісімшарт бар, тауардың сертификаты, аймақтың экономикасы, ахуалы, барлығы да құжаттық негіз­демеге жатады. Ал олардың өзін өзгерту қыруар­ қаржыны талап етеді. Бір ауыз сөздің артында дүйім жұрттың тағдыры, бүкіл елдің тарихы жатыр­.  Сондықтан Қызылорда Қызылорда болып­  қалуы  тиіс.

 

Баймырза  ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ кафедра меңгерушісі,  философия ғылымдарының докторы, профессор:

- Қызылорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс бірінші рет беріліп тұрған жоқ. Кейбіреулер ескі атауы Ақмешітке оралайық десе, біреулері Сығанақ деп атағанды құптады. Жалпы, Қызылорда болып тарихта қалыптасқан соң солай қалғаны дұрыс. Бұл атаудан ешкімге ешқандай зиян көріп тұрғаным жоқ. Бұл атаудың өзін Алаш ардақтылары салмақтап, ара-жігін ажыратып барып қойған. Солардың ішінде Сұлтанбек Қожановтың еңбегі зор болған. «Орда» деген сөз – қазақтың ең жақсы сөздерінің бірі. Оның «қызыл» деген сөзіне бола бүкіл ел-жұрттың тағдырын шешіп, облыстың «тонын» шешіп алуға болмайды. Ол сөзді саясиландырмау керек, көп жерде қызыл болса, баяғы большевиктер, кеңес дәуірін аңсағандық деп айтып жатады. Менің пікірімше, бұл – қате түсінік. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы деп аталып тұрғанының өзі үлкен мақтаныш. Сырдария өзенінің жағасында орналасқандықтан солай атағанды жөн көрген шығар, десек те Сырдария облысы Өзбекстанда бар. Сондықтан аймақ пен қала атауының өзгеруін құптай алмаймын.

 


ТҰРҒЫНДАР ИЕЛІГІНДЕГІ ЖЕРГЕ НЕГЕ ЖОЛАМАЙДЫ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
27.09.2018 14:41

Осыдан екі жыл бұрын қала шетінен «Бәйтерек» ықшам ауданының ашылғаны есіңізде болар? Сол уақытта үйсіз, күйсіз жүрген азаматтар қуанып, ұлтарақтай «шаршы­ метрден» үміттенді. Сенім алдаған  жоқ, он жылдан кейінгі он  сотық  қуанышы көптеген қызылордалықты бүгінде  «Бәйтеректің» тұрғынына айналдырды. Алайда  көбісі  қағаз  жүзінде  ғана...

Қазір онда бара қалсаңыз, іргетасы бар, шатыры жоқ, төбесі бар, терезесі жоқ, үй бар, үй иесі жоқ қаңыраған мекенге тап боласыз. Барлығы емес, әрине. Нарық екі өкпеден қысқан бүгінгідей заманда үй салу, жер алудың өзі – машақаты мол мәселе. Мемлекет берген тегін жер телімі музей экспонаттары емес. Ендеше, иелігін­дегі жерді игермей, сары майдай сақтаудың қажеті не? Айтпақшы, үкіметтен алған жерлерін сатып, қалтаны қампайт­қысы келген «алыпсатарлар» да бар екен. Оны интернет желі­сіндегі олх.kz-тен көрдік. Жарнама сайтын сүзіп қарай бастағанымызда «Бәйтерек» ықшам ауданында бір емес, бірнеше жердің сатылымға шығары­лғанына куә болдық. Сонда мұндай пысықайларға заң  жоқ  па?

Біз бұл туралы тиісті орындардан сұрадық. Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас ма­ман­ы Бақытжан Амангелдиев көтерілген түйткілге қатысты:

- «Қызылорда – Жезқазған» трассасының бойында орналасқан, аумағы 980 гектарды құрайтын жерді «Бәйтерек» деп атап, 2016 жылдың маусым айынан бастап жер учаскелерін беру басталды. Ол жақ 5112 учаскеге есептелген, яғни осынша адамды жермен қамтиды. Соның ішінде біз осы уақытқа дейін бөлімге өткізген құжаттарына байланысты 4866 адамға құжат бердік. Жер комиссиясы ары қарай жұмыс істеп, қаулы шығар­у үшін қорытындысын ұсындық. Оның ішінде игеріп отырғаны, (биылғы 4 қыр­күйекке дейінгі мәлімет) тек іргетасын құйғаны бар, барлы­ғы 1281 адам ғана жерін пайдаланып жатыр. Ол кісілерге тұрғын үй құрылысын салуға уа­қытша ғана беріледі. Алғаш 3 жылға, яғни 2019 жылға  дейін. Заңда көрсетілгендей, егер 3 жыл көлемінде игеріл­месе, жер  учаскесі  мемлекетке­  қайтарылады, - дейді.

Сонымен, мөлтек ауданда қазір  бар  болғаны 169  үй толық бітсе, оның ішінде 68-іне адам қоныстанған. Сондай-ақ, тұр­ғын үйінің құрылысы енді басталғ­ан жер учаскелерінің саны – 185, тек іргетасы қаланғандары – 385, құрылыс жұмыс­тарына дайындалғаны 542-ні құрап отыр. Суы да, жарығы­ да қамтылған. Тұр­ғындар толықтай орналасса, көгілдір  отыннан да таршылық көрмейді, барып тұр. Жол жүргізілген, асфальт салу үшін жер иелері толықтай қоныс­тануы  керек. Инфрақұры­лым­ға  байланысты  алаңдауға негіз жоқ. Тек кезінде осы аймақтан жер алған кісілер өз меншігіне «оралса» болғаны. Ол үшін де жұмыс жүргізіліп жатыр. Бақытжан Амангелдиевтің сө­зінше, қалалық жер қатынас­тары бөлімі мен құрылыс бөлі­мінен әр аптаға кесте қойыл­ған. Сол кесте бойынша аталмыш бөлім мамандары аптаның әр күні аралау жұмыс­тарын жүргізіп, ескертпе жасап жүр. Баннер ілініп, БАҚ-та жерді заңда белгіленген уа­қытта игермесе, қайтарып алынат­ындығы  жөнінде түсін­дірме жұмыстары да жүргізіл­ген. Десе де, санаулы уақыты қалған­ тұрғындар жеріне қо­ныста­нуға асығар емес. Осының салдарынан ұры-қары­ларға  «жұмыс  табыл­ды». «Бәй­терек-4»-тің кейбір жерлерінде кабельдер ұрланғанын аталмыш бөлімнің бас маманы Б.Амангелдиев раста­ды. Ал «Бәйтеректің»  жерін  сатқысы келіп  жүргендердің  «кәсі­біне» байланысты:

- Заң  бойынша  жер  учаскелері  жекеменшікке беріл­мейін­ше сатылмайды. Шек­теуде тұр. Оны Әділет департаменті де, нотариус те біледі. Екінші адамның атына өт­пей­ді. Ертең сатып алған адам бос­қа­ шығындалып қалуы мүмкін. Өйткені ол туралы ешқандай мәміле  жасал­май­ды, - деді.

Жер – күтіп баптағанға – азық, бағалай білгенге – баспана. Құбыладан құлан далаға созылған ұлан-ғайыр атыраптың иесіміз. Бізге артылар жауап­кершілік жүгі жоғары. Бабаларымыз білектің күші­мен, найзаның ұшымен қор­ғаған жерге салғырт қарау – елді­гімізге, адамдығымызға сын. «Басымда баспана жоқ, баспана  салатын  жер  жоқ» деп, үкіметтен жер телімін сұраймыз. Кезекте жерге шын мұқ­таж өзіміздей мыңдаған адам бар. Ал оны алғаннан кейін, игілігіне  жаратпай, құр сақтап  немесе  сатып  жіберу­дің сал­дары  қалай  болмақ?

 

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


БІЗ ҚАЙДА БАРА ЖАТЫРМЫЗ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
27.09.2018 12:45

Қоғам дамыған сайын әлеуметтік-тұрмыстық жағдай оңала берері сөзсіз. Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, қазір  тірлік  жасасаң, жұрт қатарлы өмір сүруге мүмкіншілік бар. Көз тартар қабат-қабат үйлер тұрғызып, астарына қос-қос шетелдік қымбат көлік мініп, «ертең не ішемін, не киемін» деген уайымн­ан ада жүрген жандар аз емес және олардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Болсын, біз оған қуанамыз, өмір сүріп жатқан қоғам сондай. Халықтың бәрі осындай дәрежеге қол жеткізcе ғой деген арманымыз да жоқ емес. Бірақ, бес саусақ бірдей емес, біреу аттылы, біреу жаяу дегендей өмір жалғасып жатыр. Бір қуанарымыз – нан бар, заман тыныш. Жалқаулыққа салынб­аған жанға «екі қолға – бір күрек»  табылады. Бір сөзбен  тән азығы шешілген десек, қателесе қоймаспыз. Оған дәлел, қашаннан көңілі дарқан  қазағымның  той-томалағының көбеймесе, азаймағаны.

Қатардан қалмау­ға тырысатын, намысқой халық­тың ұрпағы емеспіз бе, мұндайда нар тәуекелге барып қарыздансақ та, дастарқаннан аянып қалуды жөн көрмейміз. Тырбанамыз, тыраштанамыз. Әйтеуір барымызды шашамыз. Хош дейік, бұл күнде көріп жүрген көрініс ғой...

Бізді ойландыратыны – жан азығының жайы. Адамзат баласына ғана қа­жетті рухани азық тура­лы. Тап қазір матер­иалдық  байлық пен сана байлығының арасында сәйкессіздік орын алып бара жатқан сыңайлы. Адамдар қалайда тән азығының қамын ойлап, жан дүниесінің қарекетіне мән бермей­тіндей. Жұмысбастылық отбасы тәр­биесіне де көңіл аудартпайтындай ма?! Оның үстіне бүгіндері жекемен­шік құрылымдар басым­ болғандықтан, жұмыс беруші, баяғы біз бастан өткерген қоғамдағы басшылардай  бәріне жауап бермейді. Олардан жалдап отырған жұмысшы-қызметкердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, ұрпақ тәр­биесі сұралмайды. Балаларының тәлім-тәрбиесіне, тәрті­біне басшының еш қатысы жоқ. Тек еткен еңбегі үшін ақша тауып бере алса, жақсы. Бәрі сонымен бітті. Мұндай жеке құрылымдарда кә­сіподақ деген ұйым болмайды. Халықтың бірталай бөлігі нақ осындай мекемелерде, серіктес­тіктерде еңбек еткендіктен, кімнен не сұрауға болады? Егер ұрпақ тәрбиесі отбасы, мектеп және қоғамның өзара бірлесе отырып, ынтымақтаса жұмыс жүргізуі арқылы жолға қойы­латынын ескерсек, жіптің ұшы өз-өзінен  шығады.

БАҚ өкілі болғандықтан, кейде жеке мекеменің басшыларымен де кездесіп қаламыз.

- Қызметкерлеріңіздің мер­зімді баспасөзге жазылуына қалай қарайсыз?, - деп сұрай қалыңызшы. Ілуде  біреуі  болмаса, көпшілігі:

- Жалақыларын банкоматқа аударып беріп отырмын, газет-журналға жазыл деп айта алмаймын, ол – өздерінің еркі, - дегендей жауап естисіз.

- Ау, сіз басшы емессіз бе, рухани азық ғой бұл, ықпал жасаса­ңызшы, - десең, «айтарымды айттым, сізбен сөз біт­ті»  дегендей  кейіп  танытады.

Атын айтып, түрін түстемей-ақ қояйын, бір жолы үлкен бір  жеке  мекеменің басшысына телефон шалып:

- Осындай-осындай газет-журнал бар дегенімде, ол:

- Бәрі интернетте тұрған жоқ па, газет-журналдың не қажеті  бар? - деді.

Басшы осылай десе, қосшы қайтсін?! Міне, бүгінгі қоғамдағы баспасөзге деген жеке құрылым басшыларының көп­шілігінің көзқарасы осындай.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, көп ұзамай өмірге келген ұрпақпыз. Біздің балалық шағым­ыз бүгінгідей болған жоқ. Тұрмыс жеңіл емес, бірақ аш емес едік, десе де киер киім тапшы, оқу құралдарының біразына қол жете бермейтін. Жазғы каникулға шыққаннан бастап, тиын-тебен жинап жүреміз. Тамыз туса, ауылдағы жалғыз  дүкенді  аңдимыз. Өйт­кені дүкен арқылы сатылу­ға оқулықтар келеді. Дүкенге кітап түскен күн ең бақытты күніміз болатын. Таласа-тармаса сатып алған жаңа кітап­тарымызды қуанғаннан қойнымызға қысып алып, үйге жеткен­ше  жүгіретін  едік-ау...

Ол кезде мектепте кітап­хана деген болмайды, ұжымшардың кітапханасына барып, жаз­дырып алып кітап оқимыз. Батыр­лар жыры, ертегілерді өзіміз оқып ғана қоймай, үйдегі үлкендерге дауыстап, мәнерлеп оқып беретінбіз. Кітапқа деген құштарлық жоғары­ сыныпқа келген кезі­мізде тіпті күшейді. Енді әдеби шығармаларға ден қойық. Жаңа кітаптар сатып алу үшін аудан орталығына да әдейілеп барған кездеріміз есте тұр. «Жұлдыз», «Жалын» журналдарына ата-анамызды қоярда-қоймай жаздыртатынбыз. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын», Сәбит Мұқановтың «Ботак­өзін», Ғабит Мүсірепов­тің «Қазақ солдатын», Ғабиден Мұстафиннің «Миллио­нерін» ерте оқып бітірдік. Жазу­шылар  Сафуан Шаймерденовтың «Қарғаш», «Инеш», Мәлік  Ғабдуллиннің  «Кестелі орамал», Тахауи Ақтановтың «Махаб­бат мұңы», Мағзом Сүндетовтің «Күтем сені, Дидар­», Нәсірәдин  Сералиев­тің «Ақ қайың», т.б. ақын-жазушы­лардың әдеби-көркем шығармалары біздің бозбала дәуренімізге тұспа-тұс келген. Бертінірек, Әбдіжәмілдің «Қан мен терін», Есенберлиннің «Көшпенділерін» парақт­адық. Біздің замандас­тарымыз содан жаман болды ма? Адами құндылықтардың бір парасын осылайша бойға жинадық емес пе? Ал, қазір ше? Мен атаған жазушылар мен олардың шығармаларын оқымағаны былай тұрсын, «қандай кітап оқыдың?» деген сұраққа жауап таппай қина­латындар тіптен көп. Теледидардағы көрсетіліп жатқан түрік пен үндінің біздің тәр­биемізге жат, ұзын-шұбақ таусылмайтын сериалсымақтары жайлы сұрасаң, сайрап кете­тіндерін қайтерсің?! Ал, интернеттегі қажет емес оқиғалар мен іс-әрекеттер, өсек-аяңдар мен алыпқашпа пікірлер жастар санасын жаулап барады. Бұған ұялы телефон деген жалық­тырмайтын құралды қосыңыз... Газет-журнал жаздырып алмасақ, кітап оқы­масақ, театрға бармасақ, келешегіміз не болады, біз осы қайда бара жатырмыз? Ал білімділердің алдын «орап» кететін «жолы болғыштарды» айтсақ  ше?

Екі сөздің басын құрап өз ана тілінде сөйлей алмайтындардың біразы жоғарғы эшелонда  отыр. Екі қазақ отырып орысша сөйлеседі. Бұл жайлы айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ «қыңқ» етпейді, «баяғы жартас – бір жартас». Ана тілімізде оқып, білім ал­ған  жастардың  көбісінің сөз­дік қоры жұтаң, келелі ой қо­рытып, оны  қарапайым тілмен жеткізуге орашолақ... Өйткені олар біз жоғарыда айтып кеткендей газет-журналдарды, әдеби кітаптарды оқымайды. Ол, ол ма, жастарда инабаттылық, сыпайылық, үлкенді сыйлау жағы кемшін. Мен бұл жерде­  барлығы  да  осындай деп отырғам жоқ, бірақ көбісін көзбен  көріп жүрген соң, айтып  отырмын. Міне, осыдан да  жас­та­рдың бойына адам­гершілікке нәр берер жан азығын көбірек сіңіру кезек күт­тір­мейтін міндет сияқты көрінеді. Өйткені қай кезде де қоғамдық сана қоғам дамуынан артта қалып қоймауы керек шығар?!

Қолға келген тәуелсіздіктің мүмкіншілігін  баз  біреулер тек өз пайдасына ғана жаратып, оның артын қанағатсыздыққа ұластырып, заманның құтын қашыруда. Бабаларымыз айт­қан «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» деген кезге келдік пе? Ортақ қазынаға қол сұғып, одан ала-жұла қашушылар жойылған жоқ. Қоғамды дендеген сыбайластық пен парақ­орлықтың қашан, қалай тыйыларын кім білген? Жағымпаздық деген «бәле» және қаулап барады. Рушылдық пен жершілдік, тамыр-таныстық жоқ деуге аузымыз бармайды. Адам айтса сенгісіз қатыгез­діктер ше? Мұның барлығы – түптеп келгенде адами құндылықтардың әлсіреуі, рухани әлеміміздің таза еместігінен туындаған  дерт... Осыларды аға  буын  өкілдері біз айтпасақ, кім  айтады? Қаншама жерден­ жамандауға, жоққа шығару­ға бейім тұрғанымызбен, сонау кеңес заманындағы идеологияның пәрменін еске сала  кетсек, артық  етпес.

Есімізді біліп, етегімізді жапқаннан октябрят, одан пио­нер, одан комсомол қатарына өттік. Бұлардың бәрі тәрбие ортасы еді. Өскелең ұрпақ  өзін-өзі  басқаруға жастай дағдыланатын. Жұмыс, қызмет деген төменнен жоғары­ қарай жүретін. Аталмыш ұйымдарға мүшелікке тартыла отырып, адал, шыншыл, әдепті болып өстік, есейдік. Еңбек пен қызметте шыңдалғандардың ең саналыларын Коммунистік партия қатарына тартты. Бірыңғай талап пен тәртіп бізді шыңдады. Отанды, елді сүю адамгершілік тәрбие берудің басында тұрды. Жан дүние­міз таза болды. «Бәріміз бірі­міз үшін, біріміз бәріміз үшін»  деген  қағида  жүрегі­мізге терең бойлаған сол ке­зең­де адам­дар­ға деген қамқорлық пен қайырымдылық бауыр­малдыққа ұласты. Ол өз жемі­сін берді де...

Қазіргі таңда төменгі бас­тауыш ұйымнан басталып, респуб­ликалық ұйымға дейін сатылап құрылатын еліміздегі 15-30 жас аралығындағы барлық жастардың басын бір орталы­ққа  біріктіретін,  өзінің дербес бағдарламасы мен жар­ғы­сы, мүшелік билеті мен айыры­м белгісі бар әлеуетті ұйым керек сыңайлы. Бұл ұйым жылдан-жылға өркен жайып, халық сеніміне енген «Нұр Отан» партиясының сенімді көмекшісі, Қазақстанды өрге тартар  әлеуетті күш болар еді...

Көршіміз, алып Қытай елі қоғамдық қатынастарда капитализмнің де, социализмнің де артық тұстарын ала отырып, қалай тез дамып кетті? Оны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал біз кейде өткенге топырақ шашам­ыз. Сол кезеңнің тәуір жағын пайдаланып қалудың орнына, көз жұма қараймыз. Екінші жағынан алғанда ол біздің жүріп өткен жолымыз емес пе? Ол – тарих, ал тарихты­ неге ұмытады екенбіз?

Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан кейін облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар өмірге келді. Сөз жоқ, мәслихаттар қызметі жүйеленді. Тіпті, билік жүргізіп отырғандардың есебін тыңдап, әкім­дердің тағайындалуына келісім береді, парламентке депутаттар сайлайды. Өз кезегінде мәслихат депутаттарының халық үшін жасап жатқан қызметі де аз емес. Осындайда көкейде жүрген бір сұрақ мазалайды. Неге ауылдық мәслихат жоқ? Қазақтың «алтын бесігі» аталған ауылда халық билігін қамтамасыз еткен ауылдық кеңес­ бұрын болған, оның онда­ған депутаттарын сайлаушылар  өздері елге сыйлы еңбек адамдарынан, қарымды қызметкерлерден 4-5 жылда бір сайлап алып отырған. Егер сонау­ жетпісінші, сексенінші жылдары ауылдар кереметтей гүлденсе, бұған ауылдық кеңес депутаттарының айтарлықтай үлесі бар болатын. Ендігі жерде бүгінгі ауылдың келбетін, мәдени-әлеуметтік жағдайын көтереміз десек, оларға рухани қолдау жасағымыз келсе, ауылдық мәслихат керек сияқты. Өз кезегінде сол елдің төрағасы мен әкімі халық сайлаған ауылдың өкілетті өкілдері алдында есеп берсе, қолынан іс келетін азаматты әкім етіп тағайындауға ауылдық мәслихат ұсыныс жасап отырса, ұтыламыз ба? Бұл – менің жеке пікірім.

Білім мен тәрбиенің негізі мектепте қаланатыны белгілі. Олай болса, мұғалімдер даярлау – мемлекеттік мәні зор түбірлі мәселенің бірі. Егер мектепте мұғалімдер білікті де білімді болса, оқушылар да соған­ сәйкес оқу мен тәрбиені қатар іледі. Бүгінгі таңда мектептегі мұмғалімдердің 90 па­йыздан астамы – қыз-келіншектер. Егер тәрбиені білім­нен  бөліп қарамайтын болсақ, ер балалар тәрбиесіне ер мұғалімдер керек. Бұл жағдаймен Білім және ғылым министр­лігінің нақты айналысатын мезгілі жетті. Мектептердегі ер балалар арасында тәртіпсіз­діктің орын алмауы үшін мектепке полиция қызметкерін емес, көбірек ер мұғалімдер тарту керек. Қазақстанда егемендік алғалы қаншама білім мининистрлері ауысса да, біз әлі білім беру жүйесінде көздеген мақсаттарға қол жеткізе алмай­ келеміз. Оның негізгі себебі­ мұғалім кадрларының сапасында жатыр. Менің түсі­нігімде болашақ мұғалімдер тек педагогикалық институттар мен педагогикалық колледждерде ғана оқып, бітіріп шығу керек. Ал бізде арнаулы орта және жоғары білім беретін техник­алық немесе экономи­калық, басқа да кәсіптік мамандық беретін оқу орындары мұғалім кадрларын «қоса даярлап» шығаруда. (Бұл әсіресе жекеменшік оқу орындарына тән). Көптеген жылдар мектепте басшы қызметтер атқарған соң, көргеніміз бар: күн­тіз­бе жоспарын былай қойғанда, күнделікті сабақ жоспарын қалай жазуды білмейтін жас кадрлар кездесті және олар бірлі-жарым емес. Бұдан шығатын қорытынды: олар студент  кездерінде педагогикалық практикадан дұрыс өтпеген. Ал мұғалім болу үшін әдіс­керлерінің бақылауында жүріп кемінде екі рет (оның біреуі мемлекеттік практика болуы тиіс) педпрактикада  тәжірибе жинақтау  қажет  еді...

Айтпақшы, республиканың барлық облыстарында дербес мемлекеттік педагогикалық институттар бар. Қызылордада неге жоқ? Бұл шешімін күтіп тұрған мәселе емес пе?

Мақалада біз адамзат баласы­на  ғана  тән  сана,  рухани  байлықтар жайлы, оған жетер­ жолдағы  кейбір  көкейде жүр­ген ойларымызды қоз­ғадық. Жеке пікір болғандықтан, артық-кемі болуы әбден мүм­кін. Келіңіз, ой қосайық, сіз не дейсіз, құрметті оқырман?

 

Темірбек  ЕСЖАНОВ,

Қазақстан  Республикасы білім  беру  ісінің

құрметті  қызметкері,

Қазақстан  Журналистер Одағының  мүшесі

 


ТҮСІНЕ БІЛЕТІН БОЛСА, БИЛІККЕ КӨП НӘРСЕ АЙТТЫМ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
27.09.2018 12:20

 

Оңталап  НҰРМАХАНОВ,

ақын, режиссер, сценарист:

 

“Ел руханиятына қызмет етіп жүрген ағаларды жағалап тұратыным бар. Арнайы сәлем беріп, әңгімесін тыңдап қайтқан ұнайды” деп бастадым ақын, режиссер, сценарист Оңталап Нұрмаханов ағамды жұмыс орнына іздей барып. Құшағын кең ашып, төрін ұсынып, “ниетің жақсы екен” деген сөзімен бойымды жылытып, төбемді көкке көтеріп тастады.

 

Автордың алдында ұятқа қалмас үшін “Қорқыт-қобыз” атты жыр жинағын оқып барғанмын. Сұхбат барысында оның да көмегі көлдей болды. “Менің бір өлеңімде “Адамзат өзгерді әуелгі нұсқадан” деп келетін сөздер бар. Иә, біз өзгеріп кеттік. Құдай бізді келіп көрсе, танымай қалуы мүмкін” деп қалды ағамыз өз сөзінде. Расында, ойланарлық жағдай. “Үлкеннің ойындағысы кішіге ой салса, ол да олжа емес пе?” деген пікірмен сұхбатты бастадық.

- Аға, дана  халқымыз  алпысты тал түс деп жатады ғой. Тал түске аяқ басқаныңыз құтты болсын!  Алды-артыңызға қарайлау басталған  болар...

- Кішкентайымыздан өнер деген өлкеге келдік. Қиындығын көрдік, шығатын биікке шықтық, құладық, тұрдық. Соның ішінде осы өнер саласы қызықтырды. Мардан­ Байділдаев секілді ағаларымыздың соңына еріп, тәлімін алдық. Осының бәрі өнерге алып келді ғой. Негізгі мамандығым – режиссер. Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық  драма  театрында  ұзақ жылдар­ бойы қоюшы режиссер болып қызмет­  атқар­дым. Одан кейін Қызылорда қалалық “Жастар театрын” өз қолыммен аштым, оны зиялы қауымға көрсетіп, ұжыммен бірігіп  дәлелдедік. Біздің спектакльді көрген соң, штат беріп, қазір жұмыс істеп жатырм­ыз. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдени­ет үйін­де құрылдық. Бұл жерден М.Әуезов­ атындағы театр шыққан, бұл сарайдың сахнасынан балалар­, жасөспірімдер театры және корей театры­ шыққан. Ізін қуып, біз де еріп келеміз­. Бұл  ұлттық  театр  руханиятының заңды жалғасындай деп білемін. Жалпы, өнер, қазақтың болмысы, руханияты үшін оқу  керек.

- Ақынсыз, режиссерсіз, сценаристсіз. Сізді айтыс ақыны ретінде де жақсы танимыз. Бөле жарып “бұлардың қайсысы жаңыңыз­ға жақын?” деп сұрау да ыңғайсыз болар. Бізге қызығы, мұнша мамандықты қалай  еңсеріп  жүргеніңізде  болып  отыр.

- Өнердің пұшпақтары көп. Өнер деген сөзге әлемнің руханияты сыйып кетеді. Өз биігімізде, өз үнімізді жеткізгіміз келеді. Мен қызметті киномеханик болып бастағанмын. Одан кейін айтыс ақыны болдым, Әділхан Маханов деген ағамыздың ықпалы­ көп тиді. Ол кезде өлең шығара алатын бала­ларды айтысқа тартатын. Бір бөлмеге қамап қойып домбыра үйреткені бар. Құдай қондырмағаннан кейін адамның илеуіне көнбедік пе әйтеуір, домбыраны дұрыс үйренбедік. Бірақ, менің бір сөзім бар.

“Домбыраны тартпаймын білегіммен,

Домбыраны тартамын жүрегіммен,

Жүрегіммен домбырам қосылса егер,

Құдіретті жұрты бар білемін мен.

Домбыраны тартасың білегіңмен,

Неге ғана тартпайсың жүрегіңмен,

Жырларың таяз жатыр, саяз жатыр

Көрініп тұр ғой бала түр, өңіңнен”, - деген. Айтыста өзіңнің әлсіз тұсыңа дайын­далып жүресің ғой. Біздің кезіміздегі айтыс­ той-думан, қыдырыс еді, қазір – кәсіби өнер. Қазір айтыстың деңгейі әлдеқайда шыңдалып, өсіп кеткен. Ол кезде көшенің жамандығын, ауданның кемшілігін, газеттен алған материалдарды айтатынбыз. Қазір біздің ми қатпарымызға келмейтін ойларды айтып жүр. Бұл айтыс деңгейінің өскені деп білемін. Десе де, тыр-тырлап, шүу-шүулеп, ықылап айтысты бастаған біз болатынбыз. Біздің  алдымыздағы ағаларымызды, айтыс ақындарын жақсы білесіздер. Айтысқа келу керек болды, кел­дік. Ал,  оқығаннан адам сценарист болмайды­ дер едім. Адамның қанында­ көру, сезу, түйсіну секілді қасиеттер болуы керек, яғни оны сезініп, біліп, түсініп отырмасаң, бұл құр сүйкей салатын мамандық емес. Менің “Мәдениетім – мәртебем” деген­ кітабым шықты. 10 томдық етуге де болар  еді, мен 1 ғана кітап етіп шығардым. Жас сценаристтерге үлгі болсын, керегін алсын, пайдасына жаратсын деген оймен. Содан кейінгісі – Құдай берген қасиет өлең жазу. Кішкентай кезімнен “Пионер” газетіне өлеңдерім шығып тұратын. “Толқынға” алғаш өлеңім шығып, Серік Сейтмағам­бетов, Толыбай Абылаев сияқты ақындар мен туралы жазғанда төбем көкке екі елі жетпей қалып, өзімді ақын санаған жайым­ бар. Жұрттар “ақын бала келе жатыр” дей­тін. Қазір әлемге басқаша көзбен қарап, тал­таң басып, шалқайып, шаттанып жүретін кезден  өттік. Сол өлең қыр соңымнан қалмады, мен де маңдайынан итеріп, кет деп айт­падым. “Келсең келші, дос болсақ, дос болайы­қ” деп жүрегімнің төріне шақырдым. Содан бері жолдаспыз. Одан кейін театр, режиссерлік өнер барлығын бірге алып келемін. Уақытында оқуын оқыдық. Қазақстандағы осы саладағы мамандармен тығыз байланыстамын. Облыстық театрда, жастар театрындағы жұмысым туралы жақсы  білесің. Біз қазір театрдың алғашқы іргетасын қалау дәуіріндеміз, кезеңіндеміз. Ол  жақсы  қаланды  деп те ойлаймын. Енді оны дамыту – біздің  міндетіміз. Және сол жолда жұмыс істеп жүрміз.

- Сіз туралы сөз болғанда “Қорқыт-қобыз” өлеңіңіз міндетті түрде айтылады. Ол өлеңінің шығу тарихы турасында бір жерден оқығаным бар еді. Осыны өз аузыңыздан­  естісек.­

- Белгілі композитор Рамазан Тайманов пианинода бір ән орындап берген еді, “Оңеке, осыған бір сөз жазу керек” деп. Музыканы тыңдап отырып “Қорқыт” деген­ дауысты естідім. Соны үйге барып жазып әкеліп  бердім. Ол “Қорқытың не?” дейді. Әнге орай басқаша жазуға болады ғой. Мысалы, “махаббатым өзің” деген секілді етіп. Содан не керек, ол өлең бір жылдай керексіз  жағдайда  тартпада  жатты. Келе­сі жылы Қорқыт жылы болып белгіленді. Қорқытқа өлең, ән керек болды. Сонда әлгі өлең есімізге түсті. Ән сәтті шығып, әлемді аралап  кетті. Шетелде де айтылып жүр дегенді­  естідім. “Азия дауысынан” бірінші орын алды. Ақын, композитор, әнші үшеумізге де бәйге берді. Жалпы, Қорқыт әлемі жаныма жақын. Шығармашылық адамының формалық жеке сөздері болады. Менікі – күн мен түн, Қорқыт пен теңіз. Осы төртеуі өлеңдерімде тоғыса береді.

- “...Ақын өлең жарасын таңып отыр.

Сана – соғыс,

Ми – майдан даласында”, - деп жырлайсыз. Жалпы, ақын деген кім, өлең деген не? Әрине, сіздің нұсқаңызда.

- Ақын – жауынгер, өлең – найза. Яғни, бес қару. Найза деген сол жауынгер­дің махаббаты да, жеңісі де, жеңілісі де болады­. Жауынгердің қайғы-қасіреті, көз қуанышы да. Ақынды болмыс десек, оның жаны, сезімі, қаны, тіршілік тұяғы өлең болса керек. Әлемге, досыңа, дұшпаныңа айтылатын санадағы сөз – өлең. Өлеңнен пайда болу керек. Қаржылай емес, рухани­. Оқырман өлеңнің қаймағын, дәмін татып, жақсылыққа бастаса, ақынның мерейі ғой.

- “Жер  жөргек” атты  өлеңіңізде “...Ақыл ойың  айдан  асып  кетсе  де, Жер адамға  бола алмайды тәуелді” дей келе, “...Сатам деген түйсігіңе  түкірдім, Қайт райдан, қара жерге қонақсың” деп  аяқтайсыз. Мен мұны кешегі жер  дауына  қатысты айтылып  жат­қан­  өткір  сөздердің  қатарына жатқызар едім. Жалпы, елде болып жатқан саяси жаңалық­тарға қаншалы­қты  үн  қосасыз?

- Жер деген жалғыз сенікі не менікі емес. Ол – ұрпақтыкі, мәңгіліктікі. Ол – анаң, ол – әкең. Біз неге қосылмаймыз, біз неге айтпаймыз? Мен айғайлап, біреуге қамшы үйіріп, біреуді кінәлап, тозақтап, азаптап айтқанды жек көремін. Маған өлеңнің тілінде жеткізген әлдеқайда ыңғайлы, өтімді. Екі  араға жік салып, мәселенің астарын, саясатын білмей тұрып, құзғындап жататын қасиетіміз бар халықпыз ғой. Біріншіден, қаны бар кез келген қазақ жерге­  ие болуы тиіс. Ол ата-бабаларымыздың қандай ерлігі, қан қайғысы, жан қайғысы бар екенін білгендіктен, ұлтарақтай жердің басқаның табанында, басқаның тырнағының ұшында кетпесін деген ой ғой. Бұл әр қазақ баласының ойында бар. Сөйлей алмайтын баланың да қанында, тегінде, бойында  бар қасиет. Мен сцена­рий­ арқылы да, спектакль арқылы да саясатты  айтамын. Бірақ, әлгінде сөзге қосқа­нымдай айғайлап­, бетін тырнап айтпаймын. Ол өнер емес. Түсіне білетін болса, билікке көп нәрсе айттым деп ойлаймын.

- “...Бір нөлді көрдім кеше мен, Билік басын­а беттеген” ой орамыңыздан да көңіл  толмаушылықты  байқадық.

- “Өлтіре алмайсың оқпенен, Тағдырлас орда, тақпенен. Бір нөлді көрдім кеше мен, Билік басына беттеген” деген ғой. Рас, билікте әріп танымайтын адамдар да отыр. Жазуды қойшы, жөнді оқи алмайды. Жаппай­ сауатсыздық жайлады. Оқуды ақшамен бітіреді, ақшамен жұмысқа тұрады­. Қойылымның иісі мұрнына бармайтын адамдар бізге ақыл айтады. “Мына­ны өйтсек қалай, бүйтсек қалай?” дегендей. Олардың кәсіби маманның жұмысына түкіргені бар. Қайтесің енді?

- Сіздіңше,  автор  оқырманмен санасуы­  керек  пе?

- Кітап не үшін жазылады? Оқырманның білімін, қызығушылығын арттыру үшін. Сол сияқты, көрерменнің деңгейімен жұмыс істеу – қателік. Қабатовтың сайқы­мазақ қимылдарына, сөздеріне күлеміз, негізі оған жылау керек. Өнерді соның деңгей­іне апарып тығып қоюға бола ма? Өнер көрерменнен бір саты жоғары тұруы тиіс. Көрермен өнерге ұмтылуы керек, қазір өнер көрерменге ұмтылып жатыр. Өнерге құлқын деген қара айғыр иелік етіп қалды. Ұлттық руханият, жад жаңғыртуды неге айтып жатырмыз? Мықты сценарий жазылса,­ ол бағаланбауы мүмкін. Ал, дауы­сын жазып­ алған екі әнші келіп миллиондап  ақша алып кетіп жатыр. Өнерде болып­ жатқан саясатқа­ миың жетпейді. Өнер – саясаттың құралы. Саясат өнерді ұлттық қажеттілігіне  ғана емес, болмысына бағыт­таса  дейміз. Өнері бар жігіттер той жағалап кетті, біреудің есігін қарап жүр. Осы­лар­ды біз айтпасақ, сіз жазбасаңыз, “неге?” деген­ сауалды ортаға қоймасақ, ешкімге қажет  болмағаны.

- Енді бір сәт тақырып аясын театрға бұрсақ. Жастар театрының бүгінгі жай-күйі туралы  айта  кетсеңіз.

- Қызылорда қалалық “Жастар театры” деген атаумен ашылдық. Репертурарымызда 3 спектакль бар. Төртіншісі – Ерсайын Төлеубайдың “Томирис” атты қойылымы. Ол сақтардың патшайымы, осы өзен бойын­ жағалай өмір сүрген, парсыларға қарсылық­ көрсетіп, әлемге бет алған жалпы түркіге ортақ тұлға ғой. Осы спектакльді бастап қойғанбыз, киіміне, декорациясына миллиондаған қаражат керек болып, тоқтап тұрмыз. Барлығы бірден болмайды ғой. Театр­ өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Осы уақытта өз көрермендеріміз қалып­тасып үлгерді. Жастарды тәрбиелеп, көр­ген-білгенімізді үйретіп, жұмысының алдығ­а  басуы үшін  қызмет қыламыз.

- Сыр бойының жас жазушылары драма­тургия­  саласында  жемісті  еңбек етіп  жүр  дей  аламыз  ба?

- Білмеймін, танымаймын. Өз басым, жастарға “жазыңдар” деп үнемі айтып жүремін. Бірақ, олар “жазайын, ойланып көрейін” дегеннен асып кете алмауда. Бұл жер – Қалтай Мұхамеджанов, Әбділдә Тәжі­баев, Асқар Тоқмағамбетов, Асқар Кіребаев, Қомшабай Сүйеніш, Қуаныш Жиенбайлар туған топырақ. Ол кісілер драматургия саласында жемісті еңбек етті. Ал, қазір шығармасын әкеліп, жазып, танылып, “мен драматургпін” деп театрдың табалдырығын тоздырып жүрген жанды көр­медім. Алдағы уақытта көретін шығармыз. Тәуір өлең жазатын, жақсы әңгіме жазатын жігіттерді білемін, драматургтерді емес.

- Аға, қалай ойлайсыз, біздің қоғам таныма­лдықты мықтылық деп қабыл­дауды  қашан  қояды?

- Буын өзгеруі керек, ұрпақтар алмасуы қажет. Ұлттың мәдениет мәйегі ұлттың қажеттілігіне, өмір сүру қажеттілігіне айнал­ғанда ұрпақ өзгеруі мүмкін. Спектакльге келмейді, жанды дауыста айтылмайтын концерттерге барады. Солай, бүгін не  ертең өзгереді деп айта алмаймын. Мен көре алмайтын шығармын, балаларым көрсе  де...

- Өз-өзіңізге  баға  бере  аласыз  ба?

- Мен әу баста журналист боламын деп ойлағанмын. КазГУ-ге тапсырып, түсе алмай­ қалғанмын. Шүкір, бүгінде бір журналистен кем емеспін. Бұл жылдар мен тәжірибеге  байланысты нәрсе ғой. Сырдың, қазақтың абыз жырауы Алмас Алматов айтады “Біз өнерге бір күнде келген жоқпыз және бір күнге келген жоқпыз” деп. Ол кісінің еңбегі, шығармашылығы терең ғой. Мен ол кісіге “Өз-өзіңе ескерткіш салып жатқан адамсың ғой” дегенмін. Өзіме көңілім толмайды. Енді аз-кем жұмыс істедік, ұрпақ тәрбиеледік дегендей. Міне, осылай өзімізді жұбатамыз.

- Уақыт  бөлгеніңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан  Рыскелді   ЖАХМАН

 


ТАСБӨГЕТТЕГІ ТАРТЫМДЫ ТОЙ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
27.09.2018 12:03

Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Прези­диумы 1948 жылы арнайы қарар қабылдап, плотина салынып жатқан “Қызылордаплотинастрой” қыстағынан қала типтес жұмысшы поселкесін бастауды, оны Қызылорда қалалық кеңесінің бағынысына беріп, поселкені “Тасбөгет” деп атауды ұсынған болатын. Бұл – осыдан тура 70 жыл бұрын­ғы оқиға. Қазіргі күні Тасбөгет кенті – облыс орталығының оңтүстігімен тұтасып жатқан үлкен аймағының бірі. Іргеде ғана орналасқан Тас­бөгеттің ізгі, игі істері көп-ақ. Биыл Қызылорда қаласының құрылғанына 200 жыл болса, кенттің бой көтергеніне  70 жыл толып отыр. Шүкір, бүгінде бірлігіміз жарасып, бейбіт жағдайда өмір сүріп жатыр­мыз. “Тобығы меңді ат мініп, Тобылғы сапты қамшы алып, Той тойлаған өкінбес” дегендей, мейрам-думан арылмай, азан-қазан, мәре-сәре болы­п  күн  кешудеміз.

Сырдария өзенінен салынған су тоспасы басты себеп болып­, ұлы дариядан нәр алған Тасбөгеттің тойы қала күні қарсаңында дүркіреп өтті. Шара басында КСРО мәдени ағарту ісінің үздігі, ҚР мәдениет қайраткері Т.Бек­арыстановтың сөзіне жазылған, композитор, ҚР Мәдениет сала­сының үздігі Сәбит Ұлықпанның “Тасбөгет – киелі мекен­” атты жаңа әні орындалды. Салтанатты мерекелік ша­ран­ы Қызылорда қа­ласының әкімі Нұр­лыбек Машбек­ұлы ашып  берді.

Қала күнінің бастауы болған салтанатты шарада шаһар басшысы қос мерейтойды қатар тойлауға жинал­ған жұртшылыққа өз құттық­тауын  жеткізді.

– Туған еліміздің даңқын асыру, оның өткенін ұлықтау – біз үшін парыз. Бүгінде екі ғасыр толып отырған қаламызға қарасты ауылдық округтер де кең қанат жайып келеді. Сондай елді мекеннің   бірі – Тасбөгет­ кенті. Кент қазіргі уақытта қалаға қа­расты елді мекендер арасында ең ірісі, ең әсемі. Әрі қалаға қа­рап  қарыштап  дамып келе жатқан құтты қоныс. 30 мыңнан астам халқы бар кент­тің көлемі жыл өткен сайын шығысқа қарай ұлғайып келеді. Бұл аумақта жаңа көшелер қалыптасып, тұрғындар табиғи газбен қамтамасыз етілді. Осыдан 70 жыл бұрын жұмысшылар қонысы болған шағын  елді мекен қазіргі күні қаламыздың іргелі, көрікті жерлер­інің  біріне  айналды, - деді  қала  әкімі.

Тағылымды тойда Қызыл­орда облысы әкімінің орын­басары Серік Қожаниязов, облы­стық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құт­тықожаев құттықтау сөз сөй­леді. Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Тасбөгет кентінің 70 жылдығының құрметіне орай азаматтарды марапаттау рәсімі өтіп, “Тас­бөгет кентіне 70 жыл” мереке­лік медалі табысталды. Салтанатты шараға тағы бір айтулы сыйлық тарихты қайта парақ­тауға жол ашқан “Тұран төрін­дегі Тасбөгет” атты жаңа кітаптың оқырманға жол тартуы болды­. Кітапта 70 жылдық белес­ке шыққан Тасбөгеттің ескі тарихы, ондағы атпал азамат­тардың еңбегі, кент ішіндегі жасалған игілікті істер баяндалған. Алматының “Аруна” баспасынан жарық көрген кітап кент әкімі Пахуатдин Шамұратов пен зерттеуші Қабдеш Шағыровтың бірлесуімен құрастырылып шыққан. Мерейтойға арнайылап жазыл­ған ән, тарихты түгендеген кітап Тасбөгет тұрғындарына қуаныш сыйлады. Одан кейінгі кезек сөз барымтасына берілді.

Айтыс  өнері – атадан  бала­ға мирас болып, қазақ халқымен біте қайнасып келе жатқан­ бекза­т өнеріміздің бірі. Бүгінгі ұрпақ санасынан өшпеген, қайта жылдан-жылға жаңара түскен ақындар айтысының куәсі болып жүрміз. Сөзімізді Тасбөгет кентінің 70 жылды­ғына орай ұйымдастырылған “Сұлу Сырдың егізіндей, Сүлейлердің лебізіндей – Тасбөгет” атты республикалық жас ақындар айтысы дәлелдей түседі.

Құлақтың құрышын қан­дырған жыр додасына “ат тұяғын тай басар” демекші, аға буын­ның салып берген сара жолымен келе жатқан жас ақындарымыз көптеп қатысты. Олардың қатарында Сырым Әділбек, Аян Ниязбеков, Нартай Тілеуқұл, Бекжан Ержігіт, Мөлдір Айтбай, Бек Шмат, Нұрмұхамед Байсүгіров, Дәурен Ысқақов, Ботакөз Мұхитдин, Ержеңіс Әбдиевтер болды. Сөзі мірдің оғындай, ауыздыға сөз бермейтін, аяқтыға жол бермейтін ақындар сайыс­та аймағымыздың өткені мен бүгіні турасында сөз қозғады. Тасбөгеттің терең тарихына көз жүгіртіп, кем-кетігі мен жетіс­тігін де назардан тыс қалдырмады. Қоғамдағы түйткілді мәселелерге де өздерінің үнде­рін қосып, ойларын жеткізді.

Айтысқа республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпа­зы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы төрелік етсе, эколог-ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мү­шесі Мұхамеджан Нұрханов және Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, Халық­аралық “Шабыт” фестивалінің жүлдегері Назгүл Бердіқожа қазылық  етті.

Аузымен  құс  тістеген  ақындар  саясаттан  айналып  өтпеді. Оған дәлел Бек Шматтың Нұрмұхаммед Байсүгіровке қарата айтқан  сөз  тіркестерінен байқауға болады. Ал, Нұр­мұхаммед болса, Тасбөгетке ыстық ықыласын білдіріп, дүбірлі тойымен құттықтады. “Қой үстінде бозторғай жұ­мыртқалап, Той үстінде тәтті күндер көп болса екен” деген тәтті сөзі жиналған қауымға еріксіз  қол  соқтырды.

Жыр додасы одан әрі қыза түсті. Себебі, Бекжан Ержігіт пен Ботакөз  Мұхитдиннің  қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысының тақырыбы бесене­ден белгілі. Алғашында көрерменді күлкіге қарық қылғанымен, кейіннен салмақты ой тастағандары отырғандарды ойландырып тастады. Бекжан Ержігіт кейбір билік басын­да­ғыларға тісін батырды. Бірақ, кент әкімінің мерейін үстем етті.

“...Тиынына тиіспей қору керек.

Ақын деген халықты көтеретін,­

Әкім деген осындай болу керек­”. Міне, осы жолдардан ақынның айтар ойы білініп-ақ жатты. Сондай-ақ, ол тілегін “Қанша жыл толса-дағы Сыр еліне, Халықтың жас толмасын жанарына” деген әдемі өлең өрнектерімен жеткізді. Соңғы қатары айтылғанда, көрермен­нің делебесі қозып, әр бұрыштан “жарайсың” деп жатты. Бірнеше сағатқа созылған айтыст­ың қорытындысын анықтау қазылар алқасына қиынға  соққандай.

Нәтижесінде Ержеңіс Әб­диев бас жүлдені иеленді. Дәурен Ысқақов жүлделі І орынды, Мөлдір Айтбай ІІ орынды қанағат тұтты. Ал, ІІІ орын Бота­көз Мұхитдинге бұйырды.

Мерекелік іс-шаралар легі айтыстан соң да жалғасын тапты.­ Қос мерейтой аясында Тасбөгет кентінің орталық алаңында қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды. 74 кг жоғары салмақ дәрежесінде “Түйе балуан” атағын Марат Баймаханов жеңіп алды. ІІ орынды Ержан Абдуллаев иемденсе, ІІІ орын Саламат Жұрқабаевқа бұйырды. Ал 74 келіге дейінгі салмақта белдесіп, кіл мық­тыны анықтауда Азамат Шайкөзов алдына жан салмады.  ІІ орынды Ержан Жақсыбеков алса, ІІІ орынға Нұрдәулет Жақсылық лайық деп танылды.

Ал, кешкілік қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен “Сырдың әрі, жырдың нәрі – Тасбөгет” атты гала концерт өтті. Мерекелік кеште Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары “Азия” тобы, Ернар­ Айдар, Жанболат пен Жазира, Мұхтар Ханзада және Қызылорда қаласының танымал әншілері өнер көрсетті. Шара соңы мерекелік отшашуға  ұласты.

Маржан   ӘШІРАПБАЕВА,

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 


Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары