Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 05 Қазан 2018

Қазалылықтар жолдаумен жақын танысты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.10.2018 16:44

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған дәстүрлі Жолдауын жариялағаны белгілі. Көпшілік ел өміріндегі айтулы оқиғаның бірі санап, жағымды жаңалық күтетін аталмыш Жолдауды қазалылықтар да асыға тосқан болатын. Аудан әкімдігінің мәжіліс залына лық толған жұртшылық көгілдір экраннан берілген осынау оқиғаны сүйсіне тамашалады. Жолдауда айтылған «2019 жылдың қаңтарынан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілмекші. Бұл үшін келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетін болады. Учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтеріледі. Сонымен қатар, әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылып, жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту көзделуде» деген сөздер баршаның көңілінен табылды.

Сондай-ақ, Елбасы өзінің Жолдауында халықтың экономикалық белсенді әрі әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға баса назар аударғаны мәлім. Осы орайда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Үкіметке келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе арттыруды тапсырды. Осылайша мұғалімдер мен дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс органдары қызметкерлерінің жалақысы 35%-ке көтерілетін болады. Сондай-ақ, балабақша тәрбиешілері, өзге де қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі қайта қаралмақшы. Алдағы жылы «Педагогтердің мәртебесі» туралы Заң қабылданатын болды. Жастар өкілдеріне де Жолдау керемет жаңалық сыйлағанын атап кеткен жөн. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы, ауқымды шаралар ұйымдастыруды әкімдіктерге тапсыруы, «Жастардың отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» деп қадап айтуы жалын жігерлі жастардың ертеңгі күнге деген сенімін еселей түсті. Ауыл шаруашылығы саласын онан әрі жандандыру, отандық өнімдерге басымдық беру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризмді өркендету, өзге де тақырыптар туралы жан-жақты қамтылған. Оған қоса «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын. Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет. Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымыз керек. Мұнда жазалаушы ғана емес, бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн. Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады» деген сөздер де көпшіліктің оясынан шыққандай.

Басқосу соңында Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев жұдырықша жұмылған, ауызбіршілігі мол ағайынның Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыруға бір кісідей атсалысатындығына сенім білдірді.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Мешіттегілер екі жүз адамға түскі ас берді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.10.2018 14:48

ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдігінің бастамасы жəне Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ерекше қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Мұқтаждың мұңын тыңдап, қиналғанның қасынан табылу - əрбір мұсылманға тəн сипат. Бұл шара қала мерекесі аясында халыққа мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау мақсатында өткізілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы мен қалалық "Сұлтан" мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев арнайы қатысып, қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, арнайы əзірленген түскі ас тағамын табыстады.

Сонымен қатар, шарапаты мол игі шараға мешіт жамағаттары, жергілікті кәсіпкер азаматтар мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бір үйдің баласындай атсалысып, қаламыздың түрлі жерлерін аралап жүріп, еңбек етіп жатқан 200 адамға мерекелік түскі асты тарту етті.

 


"МҰҢЫН ОЙЛА МҰҚТАЖДЫҢ!" PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.10.2018 14:43

Осы тақырыппен Қызылорда қалалық "Сұлтан" мешітінде қайырымдылық шара өтті. Оған шаһардағы шынайы мұқтаж деп табылған 20 отбасы шақырылып, мешіт ауласында азық-түліктей көмек көрсетілді. Бас имам Қайырбек Отызбаев Ислам дініндегі жақсылық жасаудың сауабы жəне қазіргі мұхаррам айындағы игі амал жөнінде уағыз-насихат жасады. Мұнан соң тізім аясында азық-түліктер мұқтаж кісəлерге табысталды. Мешіттен көмек алған кісілер қамқор жандарға шексіз ризашылығын білдіріп, дұға-тілектерін жеткізді. "Мұңын ойла мұқтаждың!" қайырымдылық пакетіне ұн, күріш, рожки, қант, май, шай, ас тұзы, ыстық нан жəне тағы басқа қажетті заттар салынды.

Айта кетейік, сауапты іске қайырымды жандар, мешіт жамағаттары мен өңірімізде игі іске ұйытқы болып жүрген "Шын жүректен" еріктілер тобы атсалысты. Алла баршасына разы болып, мол сауаптан жазсын!

 


Рәміздер – елдігімнің белгісі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.10.2018 14:40

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандык комиссия отырысында хабарлама жасаған аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов келтірген деректер кейбір кемшіліктің басын ашқандай.

Баяндамашының сөзінен ұққанымыз, аудан көлемінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және құрметтеуге шақыру бағытында атқарылған іс-шаралар баршылық. Оған қоса БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндерілмелік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, стандартқа сай қолданылуы мен орнатылуы Ғани Темірбаев басшылық жасайтын аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан ерекше бақылауға алынған. Ағымдағы жылы ауданға Астанадан келген арнайы республикалық инспекциялық топ аудандағы мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау шараларына жүргізген тексеру нәтижесінде айтылған ескертулерден қорытынды шыққанын атап кету ләзім. «Жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік рәміздедің жай-күйі, пайдалануына талдау жасаған болатын. Талдау барысында аудандағы кейбір мемлекеттік мекемелер тарапынан әлі де болса Конституциялық заң талаптарының толық орындалмай отырғаны анықталды» деген хабарламашы аталған олқылықтарды ортаға салды.

Мәселен, Сарбұлақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының сыртындағы мемлекеттік ту жыртылған, кіреберістегі ауылдың төлқұжаты құлап қалған болса, ауыл ішіндегі көрнекі үгіт-насихат құралының орны бос тұр екен. Мұндай кемшілік Алға ауылдық округінде де кездеседі. Ауылдық округ ғимаратының сыртындағы мемлекеттік ту жыртылып, әкімнің қызметтік бөлмесіндегі ту тұғырдың ұшы сыныпты. Бір қызығы, ауыл ішіндегі алаңда орналасқан Наурыз мерекесіне арналған билбордтың арада қаншама уақыт өтсе де, әлі күнге неге ауыстырылмағаны жиынға қатысушыларға да түсініксіз көрінді. Ал ауылдық округтердегі клубтардағы мінберлерде елтаңба орналастырылмаған. Құлазыған көңіл «Қарашеңгел, Мұратбаев, Сарыкөл, Арықбалық ауылдық округтеріндегі кітапханалардың төлқұжаттары талапқа сай» дегенде серпіліп қалғандай. Жоғарыда аталған Сарбұлақ және Алға ауылдық округтерінің әкімдеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 458-бабына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті полиция қызметіне ұсыныс хат жолданыпты. Мұнан соң аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Олжас Ахметов белгіленген тақырыпта хабарлама жасады.

«Рәміздер – елдігіміздің белгісі. Мемлекеттік рәміздерге тиісті құрметтің көрсетілуі, жай-күйі қоғамдық бақылаушылар мен тұрғындардың назарындағы басты мәселе екендігін ұмытпауымыз керек. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев комиссия отырысын түйіндеді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 


6 млн теңге несие алып, кәсібін кеңейтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.10.2018 14:37

Бүгінгі кейіпкеріміз - «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі мен «Халық Банк» АҚ арасында қабылданған Меморандумның игілігін көріп отырған жан.

Жерлесіміз Жанна Ахметова - бизнестегі қыз-келіншектерге жеңілдікпен беріліп жатқан несиеге қол жеткізген іскер жандардың бірі. Кәсіпкер өз бизнесін осыдан 10 жыл бұрын бастаған. Содан бері сән индустриясының дамуына өз үлесін қосып келеді. Іскер келіншек жақында ғана сән салонын кеңейту үшін «Халық Банкі» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 6 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.

«Қазіргі таңда әйелдер сұлу болуды, өз-өзіне сенімді болуды қалайды. Сондықтан сән үйлеріне жиі барады. Өзім де сән үйлерінде көп уақыт өткізетінмін. Осы кәсіп түрін ашу туралы да идея сол кезде келді. Осылайша 10 жыл бұрын алғашқы сән үйімді аштым. Енді сол бизнесімді кеңейткім келді. Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгіндім. Ол жақта маған іскер әйелдерге арналған жеңілдетілген несие бар екендігін, оны «Халық Банкі» арқылы алуға болатындығын түсіндірді. Аз ғана уақытта маған бизнес-жоспар жасауға көмектесті. Осы жақында ғана 6 млн. теңге несие алып, осы салонның ақшасын толығымен төледім», - дейді Жанна Ахметова.

Жыл сайын қалада сұлулық индустриясы қарқынды дамып келеді. Оған дәлел сән салондарының көптеп ашылуы. Бұл, әрине, сұлулық салондары арасындағы бәсекелестікті арттыруда. Сондықтан Жанна өзінің қызмет көрсету аясын кеңейтіп, тағы бір сән үйін ашуға қол жеткізді. «Мадлен» сән үйі бүгінде қыз-келіншектерге қажетті косметологияның барлық түрін ұсынады. Салонда жұмыс істейтін шеберлердің де еңбек өтілі жоғары. Шығармашылықпен жұмыс істейтін сән үйінің өз тұтынушылары қалыптасып үлгерген. 15 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер қайырымдылық акцияларымен де айналысады. Әр жұмада тегін нан таратады, ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Аз қамтылған отбасыларына да көмек қолын созуды ұмытпайды.

Айта кету керек, Астана қаласында өткен «Атамекен» ҰКП-ның V съезі аясында республикалық Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасаған болатын. Нәтижесінде Халық банк осы жылдың өзіне қыз-келіншектер кәсіпкерлігін қаржыландыруға алғашында 1 млрд.теңге бөлсе, жақында қосымша тағы да 1 млрд.теңге қарастырылғандығын хабарлады. Бұл қаржы да жыл соңынп дейін игерілуге жатады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қызылордалық тәртіп сақшылары спорттық шеберліктерін көрсетті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.10.2018 14:33

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы және Криминалдық полиция басқармасының 100 жылдығына орай ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30-ы күні «Динамо» спорт кешенінде Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасының жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футбол, арқан тарту және қол күрес сайыстары өткізілді.

Аталмыш сайыс басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, олардың кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық, психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманың барлық қызмет салаларынан барлығы 160 қызметкерден 10 команда құрылып, олар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Сонымен қатар, аталған командалар арасында мини-футбол ойыны бойынша тартымды әрі бәсекелі ойын өткізіліп, нәтижесінде басқарманың тергеу бөлімінің командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға басқарманың Штаб бөлімінің командасы ие болса, үшінші орынды басқарманың Криминалды полиция бөлімінің командасы иеленді.

Ал арқан тартыс сайысы бойынша Ақсай және Тасбөгет полиция бөлімінен құралған құрама команда бірінші орынды иеленді. Екінші орынды басқарманың Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары командасы иеленсе, үшінші орынды басқарманың криминалдық полиция бөлімінің командасы иеленді.

Қол күрес сайысында басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Әлімжан Әлімбетов өзіне деген қарсыластарды шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша басқарма қызметкерлері арасында өткізілген саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шаралар полиция қызметкерлерінің дайындықтарының деңгейін арттырып, төзімділік пен сенімділіктерін нығайта түсуде.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары