Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 08 Қазан 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.10.2018 09:25

Облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активінің жиынында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін жүзеге асыру жайын айтты.

Іс-шараға онлайн режимінде облыс аудандарының активтері қатысты.

Жиында әр саланың өкілдері жолдауға қатысты пікірлерін білдірді. Олардың қатарында «Сыр маржаны» ЖШС бас директоры Мінажадин Утеев, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов, облыстық медицина орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұридин Амитов, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры Бақытжан Сайлыбаев және Санкт-Петербург университетінің түлегі, «СКЗ-U» зауытының инженер-технологы Жазира Смайылова ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Аймақ басшысы атап өткендей, тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарып, жаңа мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мүмкіндігі туды. Қазақстанның халықаралық беделі артып, оның геосаяси рөлінің күшеюіне қол жетті.

«Бүгінгі актив жиыны Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша алдағы міндеттерді айқындауға арналады. Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылуы – заңдылық. Осы ретте, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Рухани сілкініске жол көрсетуші бағдар ретінде жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Сондықтан, бұл бастаманы әрі қарай жалғастыра отырып, оның аясын жаңа мазмұнмен және тың бағыттармен толықтыра беретін боламыз»,-деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысы Жолдаудағы «адами капиталды» дамыту жөніндегі пікірді ерекше атап өтті.

«Заманауи қоғамда әлеуметтік-экономикалық дамудың сандық емес, сапалық сипаттамалары бірінші орынға қойылады. Қазіргі таңда экономикалық өсімнің және бар құндылықтың негізгі қозғаушы күші - адам, оның білімі мен дағдысы болуы керек. Оның өнімді еңбек әрекеттері біліміне, дағдысына, тәжірибесіне байланысты болады. Осылайша экономикалық өсімнің де жоғары сапасы қамтамасыз етіледі», - деді Қырымбек Елеуұлы.

Мемлекет басшысы бизнесті өркендетудің маңыздылығын тағы да атап өтіп, қазақстандықтардың басым бөлігін табыспен қамтамасыз етуде оның тиімділігінің зор екенін айтты. Биылғы жылды өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Осы жұмыстардың оң нәтиже беруіне орай 2018-2020 жылдарды өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп қайта жарияланды. Осы ретте, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша жыл басынан бері өңірлер арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр.

9 айдың қорытындысымен кәсіпкерлік саласында 101 жобаға несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мақұлданды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес несиесі бойынша 52 жобаға кепілдік ұсынылды, гранттық қаржыландыруға 200 млн. теңге бөлініп, облыстың 224 кәсіпкерінің жобасы қолдау тапты. Бұдан басқа, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен микрокредиттер беру үшін 3489 млн. теңге және облыстық бюджеттен микрокредиттерді ұлғайту үшін 1 млрд. теңге бөлінді.

Аймақ басшысы өңірдің басқа да жетістіктерін, әрі қарай шешілуі тиіс мәселелерін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қорытындылай келе, облыс әкімі Қ.Көшербаев әріптестерін  Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға шақырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Бастау»: мал шаруашылығын қолға алған қыз PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.10.2018 17:18

Бүгінде жастардың көбі мал баққанды бейнетті кәсіп санайды. Оның қиындығынан қашады. Алайда мал шаруашылығымен шұғылданып жүрген жастар да жоқ емес. Сондай жастардың бірі – «Бастау» жобасының түлегі Карина Шыныбаева. Ол отбасылық кәсіпті өрістетіп, жылқы малын бордақылауды кәсіп ете бастағанына аз ғана уақыт болды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндіктерді қолдана отырып, шаруашылығыңды дамытсаң, мал шаруашылығы бизнесі тиімді әрі пайдасы мол кәсіп болып отыр. Карина өз ойын жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, кеңес алады. Бизнес-біліктілігін де шыңдайды. «Бастау» жобасына қатысып, бизнестің әліппесін үйренеді. Осылайша Оспановтар әулетінің жас келіні отбасымен айналыса келе ең дұрыс шешім – жылқы малын өсірумен айналысқанды жөн санайды. Бизнес-жоспар жасайды, жоспары мақұлданып, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 10 млн. теңге несие алуға қол жеткізеді. «Оған «Бастау» жобасынан алған білімім кәдеге асты»,- дейді жас кәсіпкер.

«Отбасымызбен келісе отырып біз өз кәсібімізді аштық. Жазда Кәсіпкерлер палатасына бардым. Бизнес курсы туралы естіп, жазылдым. Отыз күн оқыдым. Өзімнің бизнес-жоспарымды көрсеттім. Жоспарымды мақұлдап, несие алдым. Қазір маған отбасым көмектесуде. Әзірге пайдаға шыққанымыз жоқ, бірақ болашақта жақсы нәтиже болады деп сенеміз», - дейді Карина Шыныбаева.

Әрине, жас болған соң білгенінен білмегені көп Каринаға отбасында ата-енесі, жолдасы көмекші әрі ақылшы. Отбасылық бизнесін бастаған кәсіп иесі өз қаражатына қорасын салған, сол маңнан өздері тұратын үйді де тұрғызып, жарықты да әкелген. Ал несиеге алған қаражатына 29 бас жылқы малын сатып алған. Жылқы жем-шөпті көп керек етеді және оның бағасы да қымбаттау болып тұр екен. Бүгінде жас кәсіп иесі жылқыларын бордақылап, үйрек, тауық, қояндарын қоса асырап отыр. Одан басқа қорада бақшалық өнімдері де бар.

«Биыл жер тың болған соң өнім де бітік шықты»,- дейді Карина.

«Мал баққанға бітеді» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған жас кәсіпкер үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Болашақта мал басын әлі де көбейтіп, жаңа жұмыс қолдарын аламыз деп өз қарекетін жасауда.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Үздік ұстаз көлік мінді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.10.2018 12:48

Арал ауданындағы мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында аудан әкімі тарапынан биыл 5-ші мәрте үздіксіз пән олимпиадасы ұйымдастырылды.

Биылғы оқу жылында дәстүрлі олимпиада физика пәні мұғалімдерінің арасында өткізілді. Ауданнан 63 мұғалім қатысып, II турға 13 мұғалім өткен болатын.

Аудан орталығында олимпиада қорытындысы жарияланып, жеңімпаз атанған және жүлдегер ұстаздар марапатталды.

Жүлдегер атанған барша ұстаздарға арнайы сыйақы табыс етілді. Ал бас жүлде иеленген №14 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Елена Сарсенбаеваға автокөлік кілті табысталды.

Айта кетейік, пән олимпиадасының жеңімпазын жеңіл автокөлікпен қамтуға Ақтөбе өңіріндегі жерлесіміз, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегері, «Қыдыр ата» атымен халық арасында кеңінен танымал меценат Жанарыс Еңсепов демеушілік жасады.

 


Хат тасушыларға жағдай жасалып келеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.10.2018 12:14

Күніне бірнеше шақырымды жүріп, газет-журнал тарататын хат тасушылардың еңбегі орасан. Олар күннің ыстық, суығына қарамай әр үйге уақытылы басылымдар мен хаттарды апарып береді. Бірі жұмыстың бұл түріне шыдаса, екіншісі аяққа көп күш түсетіндіктен, көпке бармай жатады. Осындайда қызметкерлерінің жағдайын ойлаған пошта басшылығы олардың бұл мәселесін шешуді қолға алыпты.

– Қазіргі таңда хат тасушылар күніне қаншама көше аралайтын және қолдарында ауыр заттар ұстайтын болғандықтан, біз оларға дөңгелегі бар арнайы сөмкелер алып бердік. Сондай-ақ, көп жүретіндіктен, салмақ аяқкиімге түсуіне байланысты ай сайын тегін аяқкиімдермен қамтамасыз етіп отырамыз. Сонымен қатар, ол кісілерге жолпұл төленеді және қазіргі күні 50-ден аса велосипедтер пайдалануға берілді, - дейді «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева ағымдағы жылдың 8 айын қорытындылаған брифинг барысында.

Иә, соңғы кезде ұлттық пошта операторы айналасында оң өзгерістер көп. Ең алдымен, бұрынғыдай касса алдында үйіліп тұратын кезек жойылды. Халық бүгінде пошта қызметтерін тік тұрып емес, жайлы орындыққа отырып-ақ алады. Оны күнделікті пошта мекемелеріне барғанда анық байқауға болады. Төлем терминалдар желісінің пайда болуы да айтарлықтай жаңалық. Уақытты зая кетірмеудің тиімді тәсілі. Әрі зейнетақасын барып алуға жағдайы келмейтін қарияларға үйіне әкеліп беру мәселесі де оңтайлы шешілген. Бұл жасы 80-нен асқан қарт кісілерге автоматты түрде жасалынса (егер ол кісі осы қызмет түрін өзі қаласа. – ред.), өзге зейнеткерлер зейнетақыларын үйлеріне әкеліп бергенін қаласа, ай сайынғы 200 теңге төлемақысын төлеуі қажет. Аида Ибрагимқызының айтуынша, бүгінде облыс бойынша 2800-дей зейнеткер қаржылық қызметтің осы түрін пайдаланып келеді екен.

Бүгінгі таңда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының 238564 клиенті бар. Олардың ең көбін, яғни 100263-ін зейнетақы мен жәрдемақы алушылар құрайды. Тағы 364 компания жалақы алуға, 1134 компания есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге шарт жасасқан. Мұнан бөлек 485 компания төлем қабылдау үшін келісімшартқа отырыпты.

ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры болғанымен, әлі күнге дейін газет-журналдарға деген сұраныс жоқ емес. Мысалы, бір ғана «Қазпоштаның» облыстық филиалы арқылы ағымдағы жылдың 8 айында 15 720 533 газет-журнал таратылған. Сонда орта есеппен тәулігіне 60-70 мың мерзімді басылым жөнелтіліп тұр. Олардың уақытылы көрсетілген мекенжайға жеткізілуіне де тікелей пошта жауапты. А.Әбибуллаева түнгі сағат 11-ден таңғы 05.00-ке дейін сұрыптаушылар жұмысының қызатынын айтады. Өйткені таңғы 05.00-те арнайы көліктер сұрыпталған басылымдарды аудандарға алып кетуі қажет. Ал аудандардағы сұрыптау бөлімшелеріне түске дейін жеткізілген газет-журналдар тұрғындардың қолына сол күні-ақ тиетін көрінеді. Осы тұста филиал директоры азаматтарға өз ұсынысын жеткізді.

Біздің қызметкерлер үй-үйді аралаған сәтте көп кедергілерге кездесіп жатады. Ең алдымен, көпшілігінде үй нөмірлері көрсетілмегендіктен не дұрыс жазылмағандықтан, хат тасушылар нақты мекенжайды табамыз деп көп уақыттарын жоғалтып алады. Тіпті, атаулары көрсетілмеген көшелер де бар. Және бір үлкен мәселе ол – пошта жәшігі. Көпшілігінде арнайы жәшіктің болмауынан қызметкерлеріміз хат, басылымдарды дарбазаларға қыстырып кетуге, қандай да бір жерге қоюға мәжбүр болып жатады. Бұл ол заттың желмен ұшып кетуіне не бүлінуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар өз үйлеріне пошта жәшіктерін орнатса екен деген ұсынысымыз бар. Бұдан бөлек халықтың тұрғылықты жерлері бойынша өздерінің индекстерін білмеуі де қиындық тудырып тұр. Біздегі арнайы жүйе кез келген хатты ондағы жазылған мекенжай бойынша емес, индекс бойынша оқиды. Сол себепті хат жазатын кісі міндетті түрде өзі тұратын аймағының индексін қатесіз толтырса дейміз. Себебі көбіне индекс дұрыс көрсетілмей, тұрғындардың жолдаған дүниелері өзге мекенжайға кетіп қалып жатады, - дейді А.Ибрагимқызы.

Айта кету керек, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы «Альфа», «Азия кредит», «Хоум кредит» банктерімен келісімшартқа отырғандықтан, сол банктің бар қызмет түрлерін көрсетеді. Тіпті, несие де береді. Ағымдағы жылдың 8 айының өзінде жалпы сомасы 290 млн теңгені құрайтын 350 несие беріліпті. Сондай-ақ, франчайзингтік қызмет түрін ұсынып келеді. Бұл – ақылы негізде басқа тұлғаға пайдалануға берілетін кәсіпкерлік қызмет. Қазіргі күні 100-ден астам заңды тұлға қызметтің осы түрін пайдалану үшін ниет білдірген. Тағы бір жағымды жаңалық, келер жылдан бастап пошта қызметіне дрондарды пайдалану жоспарланып отыр. Тек газет-журналдарды ғана емес, салмағы 5 килограмға дейінгі сәлемдемелерді жеткізуге қабілетті дрондар іске қосылса, хат-хабар шалғай жерлерге 4 сағаттың ішінде емес, аз уақытта жетуші еді. Бүгінде Қарағанды, Астана, Алматы облыстары осы дрондарды пайдалануда. Ал облысымызға 2019 жылы келеді деп жоспарлануда екен.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары